Untitled

 avatar
unknown
plain_text
5 months ago
662 kB
2
Indexable
КӨҢІЛІ СУ СЕПКЕНДЕЙ БАСЫЛУ – кенеттен, аяқ астынан
көңілінің бұзылуы:
◊ Қазір де екі баласының шешінбестен екі жерде бүк түсіп жатқаны көз
алдына келе қалуы мұң екен шалқып отырған көңілі су сепкендей басылды
(Б. Нұржекеев).
◊ Кенеттен көз алдына Қанаты келіп, жалт бұрылды. Көңілі су сепкен-
дей басылды (Б. Иманғазина).
185
◊ Əлгінде ғана жерде емес, көкте самғап келе жатқан көпірме көңілі су
сепкендей басылды. Енді қорланған, жазықтан-жазықсыз зәбір шеккен
жандай бойын діріл біржолата билеп алған (М. Есламғалиев).
КӨҢІЛІ СУУ – бір нәрседен көңілі қалу деген мағынада:
◊ Əйтпесе жер-суымызды, еркіндігімізді қорғаймыз деп маңына топ-
талған бұқара елдің көңілі суи бастады (І. Есенберлин).
◊ Қыздарының қыңырайғанын көре-көре, төркін жағының да көңілі
суысын деді (Ə. Кекілбаев).
◊ Содан кейін Айбану көңілі де біртіндеп суиды. Ойы – жақын жерден
сыйласа білетін, терезесі тең құда табу. Осы жоспары басына мықтап ор-
нығып алған еді (Қ. Жойқынбеков).
КӨҢІЛІ СЫНЫҚ – ойында беймәлім бір реніш бар деген мағы-
нада:
◊ Трофим теке сасып келді. Тісінің қанғұрты қозған адамдай кіржиіп,
көңілі де сынық екен (Қ. Ысқақов).
◊ Сонымен бірге Байзақтың көңілі сынық екен. Қазіргі жайға разы
емес. Сынық көңілді кәрі батыр сынған найза сияқты омырылып қалыпты
(С. Бақбергенов).
◊ Ал, шын мәнінде, олардың бірі бойкүйез, ауқатты, салтанатшыл,
сұсты ауыл, бірі ұяң, жұпыны, адамдарының көңілі сынық көнбіс ауыл
(І. Жақанов).
КӨҢІЛІ ТОЛМАУ – ойындағысына, ісіне риза болмау деген мағы-
нада:
◊ Маналы бері дастарханды торуылдап жүрген үш-төрт шыбынның бірі
Шөмішбайдың алдындағы төгілген шайға тұмсығын тигізіп сәл кідірді де,
атқұмырсқадай жорғалап саусағына өрмеледі де, одан да көңілі толмаған
соң ұшы тістелген қантқа қонып, іздегенін енді тапқандай қадала қалды
(Д. Исабеков).
◊ Өзінің жарты ғасырдан астам қызметінде табысты еңбек етіп келе
жатқан Қазақ телевизиясының бағдарламаларына көпшіліктің көңілі тол-
май жатады (К. Қабылғазы).
◊ Алдына тартылған қойдың басына көңілі толмай, ақыры, ұстамай
қойыпты (Ж. Түменбаев).
КӨҢІЛІН КҮПТІ ЕТУ – күдігі бар, күмәнді деген мағынада:
◊ Неше күннен бері көңілін күпті етіп жүрген бір сорақы бар. (Ж. Кәрме-
нов).
◊ Бұл неғылған алаң? Неменеге сонша көңілім күпті? (Ə. Тарази).
◊ Осы жай Азамат көңілін күпті етіп мазасыздандыра берді. Азамат
жақсы біледі: мұндайда жетекшінің беделі керек (Қ. Жойқынбеков).
186
КӨҢІЛІНЕ КІДІ // СЕКЕМ АЛУ – күдіктену, сенбеу:
◊ Соншалық бұлар жаққа құлақ сап тұрғанын көңіліне кіді алып, қарт
үнсіз біресе бастыққа, біресе бұғалтырға жалтақ-жалтақ қарады (Б. Нұрже-
кеев)
◊ Енді мына дүңк ете қалуын неге жорырға білмей, көңіліне кіді алып
қалды (Т. Тілеуханов).
◊ «Тілеуі жаман неменің айналақтап кетпей жүргенін қарашы» деп ол
көңіліне секем алып қалды (Қ. Жұмаділов).
КӨҢІЛІНЕ ҚҰРТ ТҮСУ *ШОҚ ТАСТАУ – құмарту, қызығу:
◊ Сондай бір сапарында Верный қаласынан елу-ақ шақырым жердегі
осы Алмалыны көріп, көпестің көңіліне құрт түседі (Қ. Жұмаділов).
◊ Аққу мойын, қылыш қас, боталаған жанары қараған жанның көңіліне
шоқ тастайтын (Ə. Асқаров).
◊ Сондықтан да оның дербес билеуші сезінген көңіліне шоқ тастап,
айтқанын екі етпеуге тырысып бақты (Ə. Кекілбаев).
КӨПШІЛІКТІҢ // ТӘҢІРІНІҢ КӘРІНЕ ҰШЫРАУ – ел-жұрттың,
жүрген ортаның қарғысына ұшырау:
◊ Пайғамбар жасынан асқанда, көпшіліктің кәріне ұшырар жайым
жоқ (Б. Нұржекеев).
◊ Кейінше Досмағамбет түйеші айтады: ай, қызба, қыңыр неме
Қызылқұмның кәріне ұшырап мерт болып (Д. Досжан).
◊ Бәрін өзім істеймін, бермесін алам деп, тәңірінің кәріне ұшырап
қалып жүрмеңдер», – деп тәубеге шақырып еді (Ə. Нұрпейісов).
КӨРДЕН ШЫҚҚАНДАЙ – түрі өте ұсқынсыз, қорқынышты деген
мағынада:
◊ Əйтпесе басқа жұрт алба-жұлба, көрден шыққандай алқам-салқам
(Ш. Мұртаза).
◊ Асан көрден жаңа шыққандай, бір бұрыштан шыға келді (Халық
ертегісі).
◊ Жәдігөйдің түсі де көрден шыққандай екен. Жанардың орнындағы
жыртиған суағарды көргенде көз алдында баяғыда ұшты-күйлі жоқ болып
кеткен әкесі елестеді (Қ. Ысқақ).
КӨРЕР ТАҢДЫ КӨЗІМЕН АТҚЫЗУ – таң атқанға дейін ұйық-
тамау деген мағынада:
◊ Ай артынан ай, жыл артынан жыл жылжыған сайын, көрер таңды
көзімен атырар еді (О. Бөкей).
◊ Сағидолла көрер таңды көзімен атқызды. Түндегі салған уколдың
шипасы болды ма, кешегідей емес, жүрегінің шаншуы басылған. Бойы сер-
гек (Т. Сәукетаев).
187
◊ Түні бойы тұла бойы күйіп-жанып, бір жағынан жөтел қысып, көрер
таңды көзімен атқызды. Шықпаған шыбын жанды сүйретіп таң атқан соң
тағы қалтаңдап, ұнын арқалап, аяңдады (Ғ. Қалиев).
КӨРСЕ ҚЫЗАР – көрінген нәрсеге қызығу, ұрыну:
◊ Бұрын бөріге түспеген жастығы және бар, бірақ ашпа-жалап аштық-
пен көрсе қызар жауыздық жыртқыштығын қоздыра түскен (А. Алтай)
◊ Кебек батыр жатқан соң төсекке кеп,
Қыз мінезін ішінен қылады есеп:
«Танымаған қонаққа сыр білдірген
Көрсе қызар, жеңсік қой ұрғашы-ау», – деп. (Ш. Құдайбердиев).
◊ Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің
көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды
үйден жан тәтті» дейді (Абай).
КӨСЕГЕҢ КӨГЕРГІР – бір нәрсеге қатты риза болғанда айтыла-
тын алғыс:
◊ – Ой көсегең көгергір. Жақсы болды ғой. Ертең оның алдына асықты
жілік қой (Д. Исабеков).
◊ – Уһ, жетісіп қалдым ғой көсегең көгергірлер. Сіріңкем таусылып қап,
бағанадан қаңсып тұр едім (Б. Соқпақбаев).
◊ Айналайын! Көсегең көгерсін, көрпең ұлғайсын. Aқ пейілдің аты
арымас, тоны тозбас. Біздікі тақсірет те (Е. Тоқтасынов).
КӨШ БОЙЫ – бұрын, ертеде көшпелі қазақтың бір жерден келесі
қонысқа дейін жүру кезеңі:
◊ Əжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қо-
рығы» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш
бойы да Абай айтқыза беретін болды (М. Əуезов).
◊ Қалыңдығын алып қайтқан салтанатты топ көш бойы ойын-сауығы-
нан жазбады, жолдағы ауылдардың тұсынан ән шырқап өтті (М. Мағауин).
◊ Қазір де, міне, кішкентай Бағылашкүлден бастап, көш бойы кездес-
кен жанның бәріне қырғидай тиіп, қараңғы түн ішінде жыны ұстаған бақ-
сыдай бақырып-шақырып келеді (Б. Аққожаев).
КӨШ КӨРІМ ЖЕР – халықтық өлшем бойынша алыстан келе
жатқан көштің көзге шалыну, көріну сипаты:
◊ Даусыңыз әрең дегенде шығады, қос айдаған кісінің даусы көш көрім
шығушы еді ғой, – деді (Ертегілер).
◊ Екіншіден, инедей жердің тікенінен сақтасын. Бұларды көрсек көш
көрім жерден қашып жүреміз (Н. Ақыш).
◊ Немене? Көш көрім жерге кетіп қалған ба? – деп ол ойланып қалды
(М. Əуезов).
188
КӨШ КӨЛІКТІ БОЛСЫН – көшіп келе жатқан, бара жатқан көш
иелеріне көліктің мал-жаны көп, салтанатты болсын деген тілеу мағы-
нада:
◊ Бәрі де жақындай бере жүрістерін тежеп, төбе басындағы үлкендерге:
– Көш көлікті болсын, сардар аға! – Тәңір жар болсын! Шөп жұғымды, ақ
мол болсын! – десіп жамырай сәлем берісті (Қ. Жұмаділов).
◊ Көш көлікті болсын! Терезең тең болсын, Керегең кең болсын,
Қайда жүрсең аман бол! (Бата).
◊ Көш көлікті болсын! – деді Арыстан әкелген төрт атын арбаға бай-
лап жатып (Ғ. Мүсірепов).
КЕСІМДІ КҮН – келісілген, мерзімі белгіленген уақыт:
◊ Ақкөз ыңғай бермеді. – Ниеттеріңізге рақмет. Кесімді күн бүгін еді
(Ə. Сараев).
◊ Кесімді күн жақын қалды. Жөн таппасақ енді бір ай ішінде, қанжы-
ғада бөктерiлiп кетем ғой (Н. Əбутәлиев).
◊ Кесімді күн – кесілген ет емес пе? Адам кейде өзінің талқаны таусыл-
ғанын да сезбей ме деп қалдым (Н. Келімбетов).
КЕУДЕГЕ НAН ПІСУ – өзіне-өзі риза болып, қуанып, көңілін көте-
ріп жүру:
◊ Ə, осындай атақ-дәрежеміз бар, үкімет енді бізді өлтірмес деп, кеу-
демізге нан пісіріп жүрсек, онымыз бос әурешілік екен (Ж. Аймауытов).
◊ Фестиваль жүлдесін алғасын кеудесіне нан пісті (М. Қабанбаев).
◊ Жауды жалғыз өзі жеңгендей кеудесіне нан пісіп, өз-өзінен бұлда-
нып, өз-өзінен кергіп, боғын боталы түйеге балап жүрер Құмырай жалғыз
Ақанды ғана емес, осы жұлдыз аулының тамамын ер қашты қылушы еді
(О. Бөкей).
КЕУДЕСІН КӨТЕРУ // КЕУДЕ ҚАҒУ – менменсу, өзін жоғары
ұстау:
◊ Өз жерінде осылай кеудесін көтеріп жүрсе, несі айып (Р. Отарбаев)
◊ Тегі жазушы парасаттылығы жазған дүниесі жақсы болған сайын
шошаңдап, шоршаңдап, кеуде қағуда емес, сабырлы, салмақты бола түсуде
шығар (Ə. Нұршайықов).
◊ Демек, өз бойындағы мүмкіндікті асыра бағалаймын деп кеуде қағып
жүріп, адасуға, желбуаз жеңілдікке ұрынудан сақ болуларыңды қалар едім
(Е. Букетов).
КЕУДЕСІ // ӨЗЕГІ ҚУЫС ПЕНДЕ – таяз, даңғой, білімі аз деген
мағынада:
◊ Əрине, білімсіз қуыс кеуде пенделер әлі талай шырмауықша оралып,
біраз жерге дейін барар (З. Серікқалиев).
189
◊ Онсыз да қызмет дәрежесін зор мәртебе тұтып, көкірегіне нан пiсiп
шатқаяқтап жүрген кәдімгі қуыс кеуде даңғой (Р. Ниязбеков).
◊ Ет пен сүйектен жаралған өзегі қуыс пенде екенін есіне алып, ара-
тұра ол да әңгіме шертіп қояды (Н. Ақышев).
КҮДЕРІН ҮЗУ – үмітін, сенімін жоғалту, үзу:
◊ Соғыс бітіп, ел қатарымен оралмағасын күдеріңді үзген де шығарсың
менен, түсінем ғой (М. Айымбетов).
◊ Даржан құсағандар осы күннен күдерін үзіп, кетем деп қопаңдаса,
қызық көргісі кеп қасына еріп келгендер баласы мен атына өтірік мақтауды
үйіп-төгіп, етегіне жармасып, жік-жапар болады (Ə. Кекілбаев)
◊ Анненковтан да, басқасынан да күдерін үзді. Тіпті оның жер басып,
тірі жүргеніне күмәнді. Tipi болса қайда жүр? (Б. Мұқай).
КҮЙІП КЕТУ – қатты ашуланып жанып кететіндей деген мағы-
нада:
◊ Бұл хабарды естігенде Қыдырқожа тіпті күйіп кетті (І. Есенберлин).
◊ Тітіреп жұрттың жаны күйіп кетті, Атқызып отыра алмай аяулы
атын. Арғынның Алтайынан болса-дағы (І. Жансүгіров).
◊ Тап сол дүрілдеп тұрған кезде құдай ұрды, болар-болмастан, ұсақ-
түйектен күйіп кетті ерің (Ж. Шаштайұлы)
КҮЛ БОЛМAСA, БҰЛ/БҮЛ/БОЛУ – жаны ашымау, маған бәрібір
деген мағынада:
◊ Немене, сізге керек емес сырқаттар маған дәрі ме? Кабинетіңізге
иіріліп тұрғандарға өзіңіз жауап бересіз. Күл болмаса, бұл болсын! Мен
кеттім! (А. Қонарбаева).
◊ Мен кеткен соң, күл болмаса бұл болсын, қараң қалған иесіз дүние!
Онда шаруам жоқ. – Жігітім, олай деме! – деді шал енді даусын қатай-
тып (Т. Рахымжанов).
◊ Бәдігүл күл болмаса, бүл болсын – тұяғым қисаймайды менің (Ү. Шой-
беков).
КҮЛ-ПAРШAСЫН ШЫҒAРУ – қирату, жою, түгін қалдырмау:
◊ Бұлқан-талқан етіп, нәзіктіктің күл-паршасын шығарып, қанға, қып-
қызыл қанға бояйды қаламды (Р. Мұқанова).
◊ Көз жетер жердің бәрі бұрқ-сарқ; снаряд жарықшақтары терезе атау-
лының күл-паршасын шығарып, үйдің ішіне зуылдап кіреді (Қ. Қайсенов).
◊ Бұл жалт қарағанда, «болжағыштар» бейне көшенің қақ ортасында
келе жатып, қолдарындағы әлдебір асыл бұйымдарын жерге түсіріп, күл-
паршасын шығарып алғандай сасып қалды (М. Есламғалиев).
КҮЛІН КӨККЕ ҰШЫРУ – түгін қалдырмай жоқ қылу, тас-талқа-
нын шығару:
◊ Ақ Орданың күлін көкке ұшырып, уық-керегесін бұтарлай бөліп
алуға анталаған жақ аз ба? (І. Есенберлин).
190
◊ Он танкіге ерген автоматшылар құлама жардан өтіп, қос бүйірден
жотадағы дұшпанның күлін көкке ұшырды (Ғ. Жұматов).
◊ Екіншіден, Жантайға ессіз берілген нөкерлерінен қорқып, тәуекел ете
алмады. Əрі-сәрі болып, толқып жүргенде қызылдар оқыстан шабуыл жа-
сап, Жантай бандысының күлін көкке ұшырды (Б. Мұқай).
КҮН КЕШУ – көңілсіз тіршілік ету, жалғыздық:
◊ Орынбасар болуын болғанмен кімнің орнын, қашан басарын біле
алмай, күйбеңдеп, күмілжіп күн кешті (Ғ. Қабыш).
◊ Менің Атым Ақжонас, Қасымда тұр алғаным. Оқ, жарақтан айыры-
лып, Осы күн кешті арманым, Жаяу тұрмын мен деді (Батырлар жыры).
◊ Берік үшін бар достарынан, таныстарынан, құрбыларынан қол үзген
Ақмарал жападан-жалғыз торға түскен тоты құстай күн кешті (М. Мақпал).
*КҮН ТУУ – 1. Басына қиыншылық түсу, істі болу. 2. Көксеген
мезеті жету, дер кезеңі келу:
◊ Ертең әлдеқандай заман орнап, бастарына күн туғандай болса, ір-
гелес отырған қазақ елін пана тұтқысы келе ме, кім білсін қандай ойда
жүргенін (Қ. Жұмаділов).
◊ Өзіңнен болмай кетті хабар-ошар, Күн туды ақылынан жан адасар.
Құлындай ноқталаған кете бардым, Қыздан да бұл дүниеде бар ма осал?!
«Білемін құшағымды жайдым кімге, Алмаспын ақылшыға Ләйліні де, деп
едім (М. Əлімбай).
◊ Осы мезетте қолынан туы құлаған Домбауыл да алаша аттың ба-
уырына оңқасынан жығылды. Қарсы тұрған дұшпанның қабырғасын қақы-
ратқан қауырсын жүнді қу жебе, жауырынды қиғаштай салып, көктей атар
күн туды! (І. Есенберлин).
◊ Бүгіннен бастап сақтардың, тұрандықтардың үні өшті. Ұлы парсы-
лардың күні туды (К. Оразбекұлы)
КҮН НАЙЗA БОЙЫ КӨТЕРІЛУ – күннің ұясынан шығып, кө-
терілген шағы:
◊ Сонымен күн найза бойы көтеріле бергенде, Суық бұлақ пен Қар-
шығалы арасы қайнап сірескен қолға толып алды (М. Əуезов).
◊ Күн найза бойы көтерілген шақта, алыстан атылған зеңбірек даусы
да естілді. Бәріміз алдыңғы жаққа көз сала қарай қалдық (М. Ғадуллин).
◊ Күн найза бойы көтерілген кез. Басқа ауылдар ерте оянғанымен
орданың түндігі енді ғана ашылды (Ғ. Ахмедов).
*КҮНДЕЙ КҮРКІРЕУ – 1. Істің, жұмыстың ерекше қарқынмен
басталуы. 2. Даурығу, қатты сөйлеу, дауыстау, айғайлау:
◊ Тобылғы сапты қамшысын үйірген Шойынқұлақ күндей күркіреп
жұмыс көліктерін айдап келе жатқан Əуенге тап берді (А. Естенов).
191
◊ Асылы күндей күркіреп басталған Еркебұлан өмірінің ақыр аяғында
күрк-күрк жөтелмен бітсе оның несі жақсы дейсің, тәйірі (Р. Ниязбеков).
Əр тұстан «уралаған» дауыстар тағы да күндей күркіреді. Төбешіктен
қол пулеметі тағы да сартылдай оқ сеуіп барып, тына қалды. Енді төбешікке
тайсақтамай, батыл ұмтылдық (Ғ. Мүсірепов).
Жұрттың риза болғаны соншалық, айғаймен қоштаған дауыстары
күндей күркіреп көпке дейін басылмады («Мұқағали» №4. 2011. 45 б.).
КҮНДІЗ КҮЛКІДЕН, ТҮНДЕ ҰЙҚЫДАН АЙЫРЫЛУ – дегбірі қа-
шу, уайым-қайғыға салыну:
◊ «Солдат алмайтын болыпты» деп өтірік сүйінші сұрағандар олжаға
батты. «Сенің балаң алынады» дегенді естіген шал-кемпірдің жүрегі жары-
лып өлгендер болды. Жұрт сеңдей соғылды. Түнде ұйқыдан, күндіз күлкі-
ден айырылды («Ұлы тұлғалар»).
◊ Колхоз басқармасының іскерлігі көмегіне сүйене отырып, қоғамдық
малды ауыр қыстан аман алып шығу үшін күресудеміз. Сондықтан күндіз
күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық (Ж. Мусин).
◊ Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған. Ешкіммен тіс жарып
сөйлеспейді. Əшейінде тыныш тауып отыра алмай, үй шаруасынан қолы бір
босамаушы еді, енді мал тұрмақ, өз жайына қараудан да қалған («Арман
қанатында»).
КҮНДІЗ ЕСІНЕН, ТҮНДЕ ТҮСІНЕН ШЫҚПАУ – жақсы көру,
қызығу, құмарту:
◊ Сонда, кіші әйелінің көкірегіне жөн тауып, күндіз есінен, түнде тү-
сінен шықпастай боп жайлап алған еркек кім болғаны? (Ə. Кекілбаев).
◊ Соңғы күндері ендігі жалғыз ұлдары Бекмұхамбет күндіз есінен,
түнде түсінен шықпай қойды (Е. Бейсенбек).
◊ Өз көзімен көрмесе де Чжан Цянь мақтауын жеткізген Ферғана арғы-
мақтары Қытай патшасы У-дидің түнде түсінен, күндіз есінен шықпады.
(Б. Əбілдаұлы).
*КҮПТІ ҚЫЛУ // БОЛУ – 1. Дағдару, күдіктену. 2. Майлы тамаққа
күпті болу:
◊ Оның үстіне ел басқару ісіндегі Жәңгір енгізген жаңалықтар да ха-
лықтың көңілін күпті қылды. Əсіресе барлық билікті өз қолына алып, ру-
басылары мен старшындардың құқын шектеуi наразылықты күшейтті
(Ə. Сараев).
◊ «Аман болса әлдеқашан келер еді, бір пәлеге ұшырап қалмаса игі еді»
деген күдігім кеулімді күпті қылды. Əлде, уақыт кеш болған соң, қайтарда
адасып кетермін деп қонып қалды ма екен? (Т. Ахтанов).
◊ Əлде жануар жентке күпті болды ма, әлде жаңғақ дәні қосылған шо-
колад тіледі ме, біз түгіл, оны өзі де біле алмады. Əйтеуір, әлгі сірі маңдай
жануарлар шалқасынан түсіп, серейіп қала берді (К. Əмірбек).
192
◊ Түн ортасына дейін жеген майлы еті мен сорпасынан күпті болып,
таңертең шайға да қарай алмай, сүлесоқ отыр екен («Жетісу» 12.09.2008).
КҮШІК КҮЙЕУ – әйелінің әке-шешесінің қолында тұрған, қайын-
жұртында күн көріп жүрген жігіт туралы:
◊ Апа, мен сіздің мал-мүлкіңіздің иесі емес, күшік күйеу екенмін, – деп
бірден шамдана сөйледі (Ғ. Мүсірепов).
◊ Үшіншіден, «күшік күйеу» деп ауылдың ардақтаған жалғыз мұғалім-
ді қорлағың келді (Ə. Асқаров).
◊ Егер келіншекке күйеу болса, ол неге өз жұртымен емес, қайынжұр-
тымен көшіп жүр? О заман да бұ заман, бойына бес қаруын асынып, астына
тұлпар мінген тұрпатты жігітті қайын жұртын жағалаған қайынсақ, күшік
күйеу деуге аузың әсте бармайды (Т. Мыңжасар).
КІНДІК КЕСКЕН МЕКЕН – ата жұрты, туған жер:
◊ Сәлден соң барып: «Қиғашжан-ау, мынау не? Кіндік кескен мекенің.
Айнала ағайының. Аудан деген жеріңе біздің дәм-тұзымыз жараса қояр ма
екен», – деп шешесі майдалап бастап келе жатыр еді (Т. Нұрмағанбетов).
◊ Өне бойы қарға адым шықпай, итаршылып, өзінде жүрген соң шығар,
кіндік кескен жері жалықтырғандай да болатын (О. Бөкей).
◊ Оның «Жырым-сырым Баяным» атты бес өлеңі, «Жалғыз қайың»,
тағы сол тәрізді туындылары автордың кір жуып, кіндік кескен мекен
жайына бағышталған (С. Сейтов).
КІНДІК ҚAНЫ ТАМУ *КІНДІК КЕСІП, КІР ЖУҒАН ЖЕР – туып-
өскен жер:
◊ Кіндік қаны тамған туған жердің топырағы ыстық емес пе, біреудің
елінде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болғаным артық деп ол тыныш
өмір, ен байлыққа қарамастан жұртын сағынып, қайтудың қамын ойлайды
(Т. Мыңжасар).
◊ Ата-анасын, күйеуін жерлеген, балаларының кіндік қаны тамып, тер
иісі сіңген жерін тастап көшіп бара жатқанда, дәл бір ішін ит тырнағандай
болды (Ə. Нұрпейісов).
◊ Тау көрмедім Көкшенің биігіндей, Бауырында ойнап ем киігіндей,
Кіндік кесіп, кір жуған қайран жердің, Болмайды екен еш қайғы күйігін-
дей (С. Мұқанов).
◊ Қазақстанның қай түкпірі де өз отаның ғой, бірақ кіндік кесіп, кір
жуған жердің орны бөлек екен (А. Əшімов).
КІРЕРГЕ ТЕСІК ТAППAУ – өлердей, қатты ұялу:
◊ Одан рұқсатсыз отырмаймын деп қашып тұрып алғаным есіме түсіп,
кірерге тесік таба алмай өз-өзінен қысылған едім (Ə. Нұршайықов).
◊ Ақ патшаның алдындағы антымыз бұзылып, кірерге тесік таппай
отырмыз деді (Ə. Кекілбаев).
193
◊ Əскерге жарамай қайтып келгенін Мұраттың өзі қалай қабылдағанын
кім білсін, әкесі Қошман кірерге тесік таппай қиналған (Ə. Асқаров).
КІРПІДЕЙ ЖИЫРЫЛУ – жақтырмау, ұнатпау, менсінбеу:
◊ Бәрінің кірпідей жиырыла қалғанын айтамын-ау (Т. Нұрмағанбетов).
◊ Кезек-кезек өстіп кірпідей жиырылады да отырады (М. Қабанбаев).
◊ Азып-тозып сомдалған түрімді көріп, кірпідей жиырылғанның бірі –
халық, ешбір жерге сыймадым, сүйкімім кетті әбден (М. Айымбетов).
КІРПІК ІЛМЕУ – таңға дейін ұйықтамау, көз ілмеу:
◊ Қарекең ұзақ түнге кірпік ілмей, жиі-жиі күрсінумен болды (Д. Иса-
беков).
◊ Түн бойы кірпік ілмей таңға жақын көз шырымын алған Асқар күн
шықпай тағы оянып алды (Т. Əбдіков).
◊ Таң сыз бергенше адамдар кірпік ілмеді. Бульдозерлер мен « БелАЗ-
дардың» фарлары бір сөнген жоқ. Таңның қылаң бергенін жұрт қара түнек-
тің ақ түнекке айнала бастағанынан байқаған («Жұлдыз» №6. 1998. 122-б).
КІРПІК ҚАҒЫМ // ҚАҚҚАНША – өте жылдам, тез өтетін уақыт:
◊ «Олай болса кірпік қағымда өте шығатын қысқа өмірде жан сезімін,
ар-ұятты адал сақтай білгенге не жетсін!» деген едің бір хатыңда (С. Əлжі-
ков).
◊ Кірпік қағым арасындағы манағы арпалысым есіме оралып, жүрегім
ауызыма тығылып, аударылып түсіп шалқамнан жаттым. Сонда да тыны-
сым тарыла берген соң кереуетіме тұрып отырдым (Қ. Қараманұлы).
◊ Шешесінің ұрысқаны кірпік қаққанша көз алдынан тізбектеліп өтті.
(Ғ. Мүсірепов).
◊ Асыл аналары өстіп кірпік қаққанша Өмірзақтай асыл азаматы мен
буыны бекіп, қабырғасы қатпаған нәрестелерін тастап, найзағайдың жасы-
нынан аяқ асты мерт болады («АТ» 31.01.2013).
КІСІ КИІК БОЛУ – айналасынан, ортадан өзін бөлектеп ұстау:
◊ Кейде оның күн бойы үйден шықпай, апта бойы бала-шағасынан
басқа тірі адаммен сөйлеспей, кісі киік болып өткізетін шақтары да болушы
еді (Қ. Жұмаділов).
◊ Адамдармен тіл табысып кетуге жоқ едім, қазақ ондайды «кісі киік»
дейді ғой. Сол кісі киіктің нақ өзі болдым (Ə. Тарази).
◊ Мінезі тұйық, көпшілікпен араласа қоймайтын Алманың бұл кісі киік
мінезін өзгелер жақтыра қоймады (Қ. Жұмаділов).
КІСІДЕГІНІҢ КІЛТІ АСПАНДА – қолында жоқ болғандықтан
біреуге кіріптар, тәуелді болу:
◊ «Иә, кісідегінің кілті аспанда» деген әйтеуір, өлмеспіз... – деп аға-
сының қаттылығына біраз қамыққан болатын (Ж. Тәшенов).
194
◊ Қоңқа, «кісідегінің кілті аспанда» дегенді білесің ғой. Жалынып-
жалпайып сұрағанда аларың көп болса, он шақты көлік пішен шығар
(Қ. Тоқмырзин).
◊ Кісідегінің кілті аспанда. Үй сонікі ғой. Ызаға булығып кеттім. Мына
қорлықтан да өлген артық (Е. Қойбағаров).
КІРСЕ ШЫҚҚЫСЫЗ – үйдегі жылылық, берекелі, тұрмысы жақсы:
◊ Əжесі жарықтық ұқыпты келіндерін көңіліне жақпаған келіндеріне
үлгі қылып сөйлегенде мақтай айтатын кірсе шыққысыз үй осындай-ақ
болар (А. Нүсіп).
◊ Үш бөлмесі де жайнап тұр, кірсе шыққысыз, iшi ұядай жып-жылы:
қазан орнатқан пеш арқылы қатар тұрған екі бөлмені, ал үшіншісін, үстіңгі
жағын шойын плитамен жапқан қыздырмамен жылытады екен (Ө. Кана-
хин).
◊ Сөйтсе, кірсе шыққысыз: жастағыштар, аяқты сандықтар үстіне қа-
тар-қатар жүктер жиналыпты. Əрқайсысында сәтеннен тысталған көрпелер,
жастық-көпшіктер (Е. Домбаев).
КІРІПТАР ЕМЕС – өз күшіне, ісіне сенген, ешкімге тәуелді емес:
◊ Қазір бірсыпыра өнеркәсіп өнімдері жөнінен шетелдерге кіріптар
емес, ешкімге алақан жайып отырмайды, жеңіл автомобильдерді, телеви-
зор, велосипед, телефон, радиоқабылдағыш секілді бірталай дүниелерді өзі
жасайды («ЖА» 28.01.2020).
◊ Қой қораларының төбесіне жабатын тақтайлар жайында басқармамен
шәлкем-шалыс сөзге келіп қалған Бейсен, енді өзінің ешкімге кіріптар
емес екенін танытқысы келгендей, осының ертеңінде жанына жеті бірдей
адам ертіп алып, Айнакөлдің қалың қамысы мен талын шаптырып әкелген
(Ə. Нәбиев).
◊ Оның ұлылығы сонда – еш нәрсеге мұқтаж емес, ешкімге кіріптар
емес ( Р. Өтесінов).
195
– Қ –
ҚАБАҒЫН БАҒУ – көңілінен шығуға тырысу, ыңғайын байқау,
ыңғайына қарай әрекет ету:
◊ Бірақ Базаралы бұл келісінде Құнанбайдың қабағын бағайын деп
келген жоқ (М. Əуезов).
◊ Əйткенмен, оның есіл-дерті – оқу. Өзінен бес-алты жас үлкен адам-
ның қабағын бағып, оның кенже баласындай мүләйімсіп, өзгеше күйде тұр
(Ғ. Жұматов).
◊ Қасындағы екеудің біреуі – бұларға таныс жалпақ бет қара Бегәлі де,
екіншісі – жағына пышақ жанғандай тыриған, жылтыр көз, қара торы жігіт те
жуан сарының қас-қабағын баққандай сыңайы бар (М. Айымбетов).
ҚАБАҒЫН БЕРУ – тілектестік, мейірбандық таныту, жақсы, игі
ниеттілігін көрсету:
◊ Ең болмаса Қазақстандық шенеунік жандар тамағын бермесе де, қа-
бағын берсе қайтеді (Р. Отарбаев).
◊ Совхоз директоры бұларды алақанына салып қағып ала қоймағаны-
мен, оң қабағын беріп, жылы қабылдады (Ж. Түменбаев).
◊ Жақып «экстраның» аузын қайта ашып, қарттың алақанына бір шөкім
жаңғақ салған соң ғана оң қабағын беріп еді (Қ. Ысқақов).
ҚАБАҒЫН КҮЗЕТУ // ҚАРАУ – қас-қабағына қарау, көңілін ау-
лау, ренжітпеу:
◊ Мен тек жалғызымның қабағын күзеттім. Қиналса қиналдым, қуан-
са қуандым («ЕҚ» 28.10.2015).
◊ Қабағына қарап, жылы жұмсағымды аузына тосқаннан басқа менің
қолымнан не келсін (Ш. Құмарова).
◊ Əдемі гүл тәрізді күтіп, баптап, жан-жақты дамуына жағдай жасап,
қабағына қарап, көңіліне қаяу түсірмеуге тырысқан (Н. Келжанова).
ҚАБАҚ ҚАҚҚАНША – өте тез, демнің арасында, тым жылдам:
◊ Көп төбетке жетеді қайдан күшің,
Құтқара алмай адамды пысады ішің.
Қабағыңды қаққанша қас болады,
Жақыным деп болысып жүрген кісің (Шәкәрім).
◊ Мұны да қабақ қаққанның арасында ғана шалып қалды (Ғ. Мүсі-
репов).
◊ Күні бойы күтем бе деп ойлап еді, қабақ қаққанша жетіп келерін кім
білген («Айқын» 27.04.2012).
ҚАБАҒЫНА ҚАҚ ТҰРУ – қабағы түйілу, ашулы кейіп таныту, мұңаю:
◊ Баяғы қыр соңыңнан қалмай жүретін Қалмұхан қайда? – деді Майра.
Қалмұхан есімі аталғанда құрбысының ақ құба жүзі сұрланып сала берді.
Қабағына қақ тұрып, жүрегі шаншып кетті (С. Досанов).
196
◊ Əлдеқайдан сұрқайы ойлар келіп мазалаған сайын қабағына қақ
тұрып қала беретін (Н. Исабаев).
◊ Сыныпқа кіре бере дүрсе қоя берген мұғалімнің көптен бері қабағына
қақ тұрып жүрген еді (К. Сегізбаев).
ҚАБАҒЫН ШЫТУ // ТҮЮ – ашулану, ренжу, жақтырмау, кею:
◊ «Қабағына қар жауып, кірпігіне мұз қатып» жүрген Төкен көктем кү-
німен қоса күлімдеп, еркін бір дем алды. Ертеңіне хатты табыс етті. Хат
қолына тигеннен-ақ, конвертті ашқан бастық, қабағын шытып, көз жүгір-
тіп өтті (С. Адамбеков).
◊ Қабағын шытып, өңі бұзылады.
Сонымен тоқтатады домбыраны,
Күйші де әбден шаршап болдырады (І. Жансүгіров).
◊ – Е, не бұйрық? Немене тағы: ел көшті, жау жетті деп шетіңнен? –
деді де, қабағын түйіп, Қамысбайға ашумен қарады (М. Əуезов).
◊ Қабағын түйіп, қатулана сөйледі. – Жасың болса отыздың үшеуіне
келді, оқу сенің не теңің? Əукеш пен Хамза оқыса бір жөн (Ғ. Жұматов).
ҚАБАҒЫНА ҚАР ҚАТУ, КІРПІГІНЕ МҰЗ ҚАТУ – ашулану, қа-
һарына міну:
◊ Қырық мың үйлі қияттан
Қырық мың әскер қол алып,
Ақ қара бас ту алып,
Қызылбасқа жол алып,
Көшірем деп Қазанды
Бұл да күшті мол алып,
Қарамандай батырдың
Қабағына қар қатты,
Кірпігіне мұз қатты,
Қазанның естіп хабарын,
Ұйқы көрмей түн қатты («Қобыланды батыр»).
◊ Оның батырлығы да осал емес, қабағына қар қатқан, кірпігіне мұз
қатқан, соңында 40 мың қолы бар айтулы батырлардың бірі. Халық жыр-
шыларының ойлау жүйесінде жау батырларын осал етіп көрсету, тіпті де
кездеспейді (М. Тілеужанов).
ҚАБАҒЫНАН ҚАР ЖАУУ – ызалану, ызалы ашуға міну:
◊ Əлде ақыр заман болатындай, әлде күн бір жола бататындай, жұрттың
қабағынан қар жауып, нөсер алдындағы күндей, ішін тартып, булығып
тұрған мәнісі осы еді (Ж. Аймауытов).
◊ Жұмысының нәтижесіне қарай, кейде жайдары, кейде қабағынан қар
жауып түйіліп шығады (Қ. Жұмаділов).
◊ Үсті-басы шұбар темір, қабағынан қар жауған, алып тұлғалы құбы-
жық болар деген (М. Мағауин).
197
ҚАБАҒЫ САЛЫҢҚЫ – ұнжырғасы түсу, көңілсіз болу:
◊ Үйге кірген соң қабағы салыңқы апам екеумізді де біраз қуырып ал-
ды (С. Мұратбеков).
◊ Түсі суық, қабағы салыңқы қос түйе жетелеген жігіттің ақын бабасы-
ның сүйегін саудыратып қайдан, қашан жинап алғаны белгісіз, әйтеуір,
жерде жамбасы тесілмесін, аруағы риза болсын деп артынып Түркістанға
әкеле жатқаны (Д. Досжан).
◊ «Ызғар болады» деп мазасыздана күбірледі қарт. Жәй ызғар емес,
қарасуық болып қатырып тастауы да ғажап емес, күннің қабағы салыңқы
(Ə. Сараев).
ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЙЫСУ // СӨГІЛУ – жанына бату, қиналу, қатты
қайғыру, жаны ашу:
◊ Құнанбай бұған шейін ашумен, зілмен кеп, енді осы тұста күйзелген-
дік күй көрсетіп, осымен жиынның қабырғасын қайыстырғысы келген
(М. Əуезов).
◊ Жолдасының кенеттен қайтыс болғанын естігенде, қабырғасы қат-
ты қайысты. Үйіне барып, зайыбына көңіл айтты, қайғысына ортақтас-
тығын білдірді (Ж. Еділбаев).
◊ Тағы да жүздеген қазақ шаңырағы қара жамылатынын ойлағанда, Қа-
банбайдың қабырғасы сөгіліп, қатты қайғырды (Қ. Жұмаділов).
◊ Жолаушы қария ашық тұрған есіктен тысқа көз жіберіп, қабырғасы
сөгіле күрсінді. – Атығайдың боз даласын жайлаған елдің бір бұтағымыз
(А. Смаилов).
ҚАБЫРҒАСЫНА БАТУ – жанына бату, күйзелу, қатты қайғыру:
◊ Əсіресе Зейнептің өлімі жұрттың қабырғасына қатты батып отыр
(Д. Исабеков).
◊ Арттағы дәурен, алдағы көретініңнің толғантары осындайда, сезгені
де осы, қабырғасына батып отыр (Қ. Тоқмырзин).
◊ Əсіресе өлдім-талдым деп жұмысқа тұяғы жаңа іліккенде жоқ жерден
тойға шауып, себепсізден себепсіз төрт-бес күн қызметтен қалып қоюы –
бір жағынан сол ауыр күнәдай қабырғасына батып, іштен мұжып жеп
өлтіріп барады (Р. Ниязбеков).
ҚАБЫРҒАСЫМЕН КЕҢЕСУ – бір істі бастар алдында басқа жа-
нашыр кісілерімен келісу, ақылдасу:
◊ Сарғайтқаның жетті ғой. Қабырғаңа кеңес те, бір жауабын бер! – деп
жеңгесі кеткен (Ж. Аймауытов).
◊ Басыңа сол зобалаң қайта тумасын ойла. Қабырғаңмен кеңес (М. Ма-
ғауин).
◊ Əуелі қабырғасымен кеңесіп, одан кейін жақын-жанашыр ағайын-
дарымен кеңесіп бірер күн жүрдi де, аудан орталығына тартты (Т. Нұрма-
ғанбетов).
198
ҚАҒАНАҒЫ ҚАРҚ, САҒАНАҒЫ САРҚ БОЛУ – уайымсыз, қай-
ғысыз, жайбарақат бақытты күн кешу деген мағынада:
◊ Ол айтқанын істетіп, ән салудан құтылғанына мәз, ал мынау айнала-
сындағы біреулері көздерін сүртіп, біреулері іштерін ұстап, енді біреулері
бетін шымшып, қыран-топан боп қырыла күліп жатқан көп халықтың
неменеге қағанағы қарқ, сағанағы сарқ бола қалағанда оның шаруасы жоқ.
(Ə. Кекілбаев)
◊ Серігі қайтқалы бері, осы қағанағы қарқ, сағанағы сарқ дүниеде
қыбырлап жүрген тірінің өз сәскесі, өз бесіні, өз намазшасы боларын білетін
(А. Сүлейменов).
◊ Жаңа қарқын ала бастаған құрылыс пен кеніш жайында: «Ой, несін
айтасың, ондағы елдің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ боп жатқаны шама-
лы» деп, осында келуді ниет еткендерді айнытып баққандар аз емес еді
(Д. Қонаев).
ҚАДАЛҒАН ЖЕРДЕН ҚАН АЛУ – пысық, айтқанын орындата-
тын, дегеніне жететін адам деген мағынада:
◊ Əй, бір қадалған жеріңнен қан алмай, тынбайтын дауасыз екенсің
(Ж. Кәрменов).
◊ Баяғы Мақсұт екені рас болса, қадалған жерінен қан алмай қоймас
(Қ. Жұмаділов).
◊ Қайткенмен, Жәйза оған барудың ретін таппады, бәрі қалған со бо-
йынша. Қадалған жерден қан алатын кейбір пайдакүнем пысықтар қата-
рына ол жуықтамайтын (Ш. Құмарова).
ҚАДАМЫ ОҢ БОЛСЫН – сапарға шықанда, бір істі бастау кезінде
айтылатын игі тілек:
◊ Мейлі, қадамың оң болсын, қызым! Аман жүрсеңдер, анда-санда
келіп, осылай бізді қуантып кетіп тұрсаңдар жетеді (Т. Нұрмағанбетов).
◊ Ал, Əлия, қадамың оң болсын, мен жүрейін, – деп орнынан тұрды
(А. Бектұрғанов).
◊ Қадамың оң болсын, қалқам, – деп, мұны кәдімгідей кісі көріп, қол-
дасып амандасты (Ғ. Қайырбеков).
* ҚАЗА БОЛУ – 1. Дәм-тұзы таусылу, дүние салу. 2. Бір нәрсенің
мерзімі өтуі:
◊ Талайдан әлсіреп, солғындап келген дертті жүрек мынау ыстықты,
соқпа сүзектің ыстығын көтере алмай, бар-жоғы үш-ақ күннің ішінде батыр
жанды Базаралы өзі де қаза болған (М. Əуезов).
◊ Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы
болған. Хан қаза болса, оның өлiгiн арбаға салып ел аралатқан («Қазақтың
көне тарихы»).
◊ Қаза болса, намазы қаза болған,
Дастарқаны қазақтың таза болған.
199
Дәм-тұзымды келген жұрт қасиеттеп,
Иттік қылған жан болса жазаланған (Ө. Қожамұратов).
◊ Оның күнделікті ісі бала кезінен қалыптасқан дағдысы бойынша бәрі
ретімен істелуші еді, өгей әкесі келгелі бері бәрі быт-шыт болды. Шеше-
сінің «Уақытыңды қаза қылмай сабағыңды оқы, бала» дегені әдірем қалды
(М. Байғұт).
ҚАЗАН БҰЗАР – тентек, ерке, тәрбиеге көнбейтін деген мағынада:
◊ Əр ауылдың, әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі болады ғой (Ж. Айма-
уытов).
◊ Қазақ тентекті «қазан бұзар» десе, Абай да ел бұзғыштарды: Қал-
жыңы теріс, сөзі – ұрыс, Айтқан сөзге көнбейді, Өз тентегін көрмейді, Қазан
бұзар бір қырыс, – деп сипаттайды (С. Мұқанов).
◊ Бұл орынсыз еркелетудің аяғы қайда апарып соғатынын білесіз бе?
Егер осылайша бетінен қақпай, осы қалпында жібере берсеңіз, балаңыз ер-
теңгі күні от басының қазан бұзар тентегі болады да шығады (М. Иман-
жанов).
ҚАЙРАТЫН // НАМЫСЫН // ҚАЖЫРЫН // ЖІГЕРІН ҚАЙРАУ //
ЖАНУ – қуат, күш беру, шабыттандыру, намысын ояту, жігерлендіру:
◊ Бәлкім, өмір сыйлаған адамдардың сол тілегі талапты балаға қуат
берген шығар, қайраты мен намысын қайраған шығар (Б. Ахметова).
◊ Ұлы ду, жамырасқан жарлы халық,
Қайратты қайраған сол, жанды жанып.
Жарлы елдің жазын берген, нұрлы күннен,
Бір тамшы жүрегіме кеткен тамып (І. Жансүгіров).
◊ Осы бір жасын ойлар намысын жанып, қолына құрал-саймандарын
алып, жоғары көтеріліп бара жатыр еді, қасына екпіндей келіп, бір қызыл
фургон тоқтай қалды (А. Естенов).
◊ Қилы жарыстар мен қызықты ойындар өнерпаздар мен спортшылар-
дың намысын жанып, қабілеттерін шыңдауға себін тигізеді (Б. Сапаралы).
◊ Қызығынан бейнеті басым, қуанышынан азабы мол, жол қанша қа-
жытса да, жылқыдай қымбат түлік қажырды қайрап, жан түкпіріндегі нәп-
сісі сойқан бір сұңғыла сұмдықпен шабақтап, желік бітіріп, қатал қайрат
пен құмар қайсарлық тудыратын (А. Алтай).
◊ Тілі жұтаң туынды оқырманның ойын, сезімін қозғап, жан-дүниесін
баурап, жігерін жанып, көкірегін күйге бөлей алмайды (А. Мұсабаев).
ҚАЙҒЫ ЖҰТУ // ТАРТУ – қайғылану, қапалану, қайғыдан азап
шегу:
◊ Қарекең мен Бибінұр шешей қарап жатып қайғы жұтады (Д. Исабе-
ков).
◊ Күйігің сенің артады, Ата-анаң қайғы тартады (Ғашық-Наме).
200
◊ Қаншалықты қайғы жұтып қан құсып қинамақ та жалпы ортақ тәр-
тіпті бұзып, соғысты пайдаланып қалар сойқындыққа сотталып кетер сат-
қындыққа барғамыз жоқ (О. Бөкей).
ҚАЙМАҒЫ БҰЗЫЛМАУ – бірлік, татулықта, ынтымақты болу:
◊ Қаймағы бұзылмаған қайран жастар,
Қайда кетіп барады мың құбылып (М. Тазабеков).
◊ Ақсақалдары қаймағы бұзылмаған орта тудырды. Біздің халықтың
шалабы шайқалмағалы қашан… (А. Мекебаев).
◊ Əлі қаймағы бұзылмаған адал көңіл ондай ойдан аулақ еді ғой.
(С. Жүнісов).
ҚАЙНЫНА ҰРЫН БАРУ э т н о г р – күйеу жігіттің қалыңдығын
көруге баруы
◊ Қайнына барып, көңілінің жаңа сүйеніші – жас қалыңдығын қызық-
тау еді (М. Əуезов).
◊ Сондықтан күйеу әкесі қалыңмал төленіп бітісімен немесе төленуге
жақындаған кезден бастап баласын қайнына барып, қалыңдығын көріп
қайтуға дайындайды (Х. Арғынбаев).
◊ Бұл жайлау үстінде қайнына ұрын барып, келінді күзге қарай түсі-
реміз деп отырғанда, Мәрия аяқ астынан қайтыс болды (Қ. Жұмаділов).
ҚАЙТЫС БОЛУ – дүние салу, талқаны таусылу:
◊ Немен ауырғаны есінде жоқ, әйтеуір, ауруханада бір ай жатты да,
қайтыс болды (Қ. Жұмаділов).
◊ Индияны бағындырып патшалығының орталығы етіп Делиді белгілеп
алған соң Бабур өзі төрт жылдан кейін қайтыс болады (М. Əуезов).
◊ Бұл арада, марқұм Жүніс қажының бәйбішесі Бәтей сол жұртта қай-
тыс болды (Х. Оралтай).
*ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН – 1. Қуанышта айтылатын игі тілек. 2. Қа-
заға көңіл білдіру:
◊ Бұлар, бастығы Байсал боп кеп Құнанбаймен ашық, жарқын сәлем-
десіп: – Қоныс қайырлы болсын, мырза! – Қайыры ұзақ болсын!.. – Мекенің
қайырлы болсын!.. – десіп, жабырлап құттықтап жатыр (М. Əуезов).
◊ Жарайды, қайырлы болсын!.. Болары болып қойған шаруаға біз не
дейміз (Қ. Жұмаділов).
◊ Ерсайын жарқынымның дәм-тұзы таусылған жері осы болар. Арты
қайырлы болсын, жаны жаннатта болып, иманы жолдас болсын (Б. Мәдім-
қызы).
◊ Серімбек марқұмның алды иманды, арты қайырлы болсын. Топыра-
ғы торқа болсын. Иманды болғыр... обалы жібермесін. Енді көп жылап жаси
берме, берік бол, мына кішкене баланың қамын ойлауың керек (Б. Тілеге-
нов).
201
ҚАҚҚАН ҚАЗЫҚТАЙ – тапжылмау, бір орыннан қозғалмау, қи-
мылсыз болу:
◊ Төбелес көруге жиналған түркпендер қаққан қазықтай қатып қалған
екен (Ə. Тарази).
◊ Əрине, қой жайып, қаққан қазықтай қақиып тұрғаныңда қай-жай-
дағы қиялға беріліп, шала бүлінесің, бәрібір өз үйірің – өз ошағыңнан ас-
пайсың (О. Бөкей)
◊ Пеш түбінде қабаттап төселген көрпешенің үстінде қаққан қазықтай
қақшиып отырып есіктен кіре бергеннен-ақ Бошайдан көзін алмай қойды
(Т. Нұрмағанбетов).
ҚАҚҚАНДА ҚАНЫН, СОҚҚАНДА СӨЛІН АЛУ – қатты ұру,
азаптау, жанын көзіне көрсету:
◊ Қол-аяғы балғадай қара жігіт доминоны қаққанда қанын, соққанда
сөлін алардай пергілегенде басқалардың екпінін арықтатып жібереді. Ағаш
жарып жатқандай сермейді (О. Əубәкіров).
◊ Бұл қастық, әсіресе Самарқанд тағына Əбусейіт отырғаннан кейін
күшейе түскен. Бұл ұйғыр ханға жаға білді, қаққанда қанын, соққанда сө-
лін алды (І. Есенберлин)
◊ Қаншама жыл қаққанда қанын, соққанда сөлін алып келген кешегі
құлдарыңның алдында жауап беретін зауал шағың туды (Ж. Мусин).
ҚАЛПАҚТАЙ ҰШУ // ҰШЫРУ – біреуді бір сәтте көздеп ату, ұру,
соққыға жығу:
◊ Немістердің оқ жеткендері қалпақтай ұшып, құлаған жерінде тұра
алмай қалып жатыр (Б. Момышұлы).
◊ Тар қолтықтан тартып салды,
Қорасан қарақшының Қол мергені,
Қалпақтай ұшып түсіп, қалды қатып,
Ажалдың осы болды кез келгені (Б. Əлімжанов).
◊ Есеңгіреген байғұс-ау, қылышыңды несін іздейсің. Əлгі өзіңді бір
ұрып қалпақтай ұшырған біреу алды (Ағаш ат туралы).
ҚАЛТ ЕТКІЗБЕУ – ұйып тыңдау, ынтамен түсіну, мүлтіксіз бақы-
лау, дәлме-дәл тану, орындау:
◊ Сармолла осы сырттағы халық арасында болып, мешіт ішінде қарт
имам бастаған намаздың әр кезең «Тәрбир-Тәллімін» сыртта ұйыған сап-
тарға, ашық үнмен әсемдей естіртіп тұр: ... «әссәләмуғалайкүм уәрәхметол-
ла» деген ауыр-ауыр намаз бөлімдерін дауыстап, сырттағы қауымды, іштегі
михраптағы имамның намазына қалт еткізбей ұйытып тұрды (М. Əуезов).
◊ Оның екі аяқты мотоциклдің үстіне қонжиып алып, біздің әр қадамы-
мызды қалт еткізбей бақылап отырысы көрер көзге күдікті еді (Қ. Сарт-
қожаұлы).
202
◊ Тек қана алдағы кезде жүздеген жылдар бойы қалыптасқан өзіндік
мінезі бар үлкен өзеннің мінезін қалт еткізбей дәл танып отыра аламыз
ба?! (Р. Ниязбеков)
ҚАЛТАҒА БАСУ – біреудің үстінен пайда көру, жемқорлық:
◊ Жері бай ел болсаң да даласы тоқ,
Қалтаңа басқан пұлдың бағасы жоқ.
Шенділер шетелдерде емделеді.
Ауылда дәрі алатын шамасы жоқ (М. Тазабеков).
◊ Бір жылғы өнімнен алған пұлдан салыққа бір тиын татырмай қал-
тасына басып алған кәсіпкерлер де жоқ емес («ЖА» 09.08.2013).
◊ Көріп жүр, ана математикадан беретін мұғалім тапқан-таянғанын ала-
қанына қысып ұстап, қалтаға басып үйіне тартса, бұл қит етсе тарих пәніне
керекті көрнекі құрал аламын деп құлдыраңдап ауданға қарай асады екен
(Д. Досжан).
ҚАЛТАҒА ТҮСУ – ұрлық жасау, біреудің затына, дүниесіне қол сұғу:
◊ Бипаңның балалар үйінен қашып, қалтаға түсіп, жөлік боп кете
жаздаған жерінен бауырына басып, қатарға қосқан Тәйтік деген туысы бар
екен (Қ. Əбілов).
◊ Енді қалтаға түсіп тұрған қызметтен айырылып қалмау керек!
(Қ. Найманбаев).
◊ Жанармайлық бірдеме қалтаға түсіп тұрады, әйтеуір. – Оныңды тө-
лерміз, қайным! (Т. Иманбеков).
ҚАЛТАСЫ КӨТЕРЕ БЕРМЕУ // АЛМАУ – ақшаның жетпеуі, аз-
дығы деген мағынада:
◊ Оған көпшіліктің қалтасы көтере бермейді («ЕҚ» 12.08.2002).
◊ Ондай шығынды патша үкіметінің қалтасы көтере алмады (С. Мұ-
қанов)
◊ Фермер химиялық тыңайтқыштарсыз аяқ баса алмайды, ал оның қа-
уіпсіздігін қамтамасыз етуге қалтасы көтермейді (Б. Мұқай)
ҚАЛТАСЫ ҚАҒЫЛУ – ақшасыз, құр қалу:
◊ Жатып та, тұрып та ішеді. Қалтасы қағылғалы қашан (М. Рәш).
◊ Əлгі байғұстың қалтасы тағы қағылады. Сонымен не керек, күн-
дердің күнінде ол кісі жұмысында әлдеқандай сөзге ілігіп, табысының көзі
бітеліп қалыпты (Ж. Солтиева).
◊ Жігіттердің қалтасы қағылған еді. Кейбіреулерінен тиын ғана та-
былды (А. Жақсыбаев).
ҚАЛТАСЫ ҚАЛЫҢ – бай, ақшасы көп, қаражаты мол:
◊ Ал, қалтасы қалыңдар… жүр ғой талтаңдап. Жемқорлар, парақор-
лар… (Ш. Мұртаза).
203
◊ Қалтасы қалың азаматтар мұндай кезде үнемі қол ұшын бере бер-
мейтіні баршаға аян... (Ə. Асқаров).
◊ Қалтасы қалың кісінің жаны сірі, қалтасы жұқаның жаны жұқа
(Д. Досжан).
ҚАЛЫҢ МАЛ БЕРУ – салт бойынша қызға құда түскенде әке-ше-
шесіне төленетін мал, ақша:
◊ Мақыш алғашқы келген жолда Байсалбай қарғы бауын берді. Артынан
келген Мақыштың жақындарына қалың малын да беріп жатты (М. Əуезов).
◊ Зейнепті ауруы бар жігітке бермек, қалың мал алыпты деп Ержан
маған мәлімдеп отыр (М. Дулатұлы).
◊ Ал Исабектер заманы үшін қалың мал қырсығына қарсы, жалпы қа-
зақ әйелдерінің бас бостандығы мен еркіндік-теңдігiн жақтай жырлау аса
мәнді мәселе болды (Р. Нұрғалиев).
ҚАЛЫҢ ҚОЛ – әскер мен сарбаздардың көптігі:
◊ Ол немені қалың қол ертіп барып шауып алуға да болмайды. Сам-
саған сары қолмен көк желкеңе келіп шатыр тігіп жатып алған ата дұшпан-
дай бірден қол салмаса да, күн өткен сайын төбе құйқаңды шымырлатып,
сеніміңді сетінете түседі (Д. Досжан).
◊ Қарауыл төрт жағынан түгел қойып,
Қалың қол ат түйіскен қатарласып (И. Байзақов).
◊ Саржан мен Есенгелді оңтүстікке барып, Қоқан ханы мен Ташкент
күшбегінің қолдауымен со жақтағы қандастарымыздан қалың қол жинап
әкеп орыстарды қуып шығамыз дейді (Қ. Руспаев).
ҚАЛЫС ҚАЛУ – шеттету, шығып қалу, қосылмау:
◊ Қақпайлағанына, қалыс қалдыра бергенге жас адам қашанғы шыдай-
ды, бір күні болмаса бір күні сыр беріп қалады (Б. Нұржекеев).
◊ Сондықтан мені қалыс қалды деп есептеңіздер, – деді де, Демежан
қоштасып шығып кетті. Сол бетінде үйіне келді де, оқиғаның барысын
сырттай бақылап, тым-тырыс жатып алды (Қ. Жұмаділов).
◊ Қожықтың құрығынан Атығай, Қарауыл да қалыс қалып па еді?
(С. Мұқанов).
ҚАМШЫСЫНЫҢ ҰШЫНДА – әлдекімдерден оқыс таяқ жеу,
ұрынып қалу:
◊ Əй, біреудің қамшысының ұшында кетермін-ақ деп, үш күндей ас
үйден шыға алмады (Ғ. Мүсірепов).
◊ «Қанды мойын хазіреттің» қамшысының ұшында киіз доптай до-
маланып тұрып, өзінің осы халіне шүкірлік еткен мүскін кейпін есіркейді,
қанша күпілдегенмен тілектегі бір уыс күйкі екенін келеке қылады (З. Қаб-
долов).
204
◊ Селтеңдеген сол қамшының ұшында анау үшеуі тастап кеткен ызғар
бардай. Есік алдына шыққан ортаншы ағасы ұзап та кетпеді, қайырылып
кірмеді де (К. Жүнісов).
ҚАМШЫ БОЛУ – бір іске түрткі, себеп болу:
◊ Осындай көп себептер қамшы болып, көп ел соңына түсіп іздеген
соң, байларды босатып алған (М. Əуезов).
◊ Ерназар сөзі көпшілікке қамшы болды, тілсіз тосқауыл, бұзылды
(Ж. Тәшенов).
◊ Оның үстіне әке тәрбиесі қосымша болды ма, оныншы кластан әрі оқу
бітіріп диплом алатын еді, осы Жүзжасар кезікті, ата-анасының сөзi қамшы
болды (Д. Досжан).
ҚАМШЫНЫҢ САБЫНДАЙ – адам өмірінің өтпелі, тез өтетіндігі,
қысқа екендігі туралы:
◊ Қамшы сабындай қысқа, алмағайып пәниде оның балалық, жастық,
сақалық дәуренінің куәсі болған туған-туысқандарына, аға-іні, апа-қарын-
дастарына бақұл болсын айтады (Хан Кене).
◊ Бірақ та нағыз қазақ екендеріңіз, көздеріңізден-ақ көрініп тұр! – Е, –
деп әже басын шайқайды, – Туған жерімізге енді келіп тұрмыз, бір ғасырдай
уақыт өтті, өмір деген қамшының сабындай ғой! – деді тағы да терезеден
далаға қарап тұрып (А. Ақтаева).
◊ Ендеше, қамшының сабындай келте ғұмырда жол ортада
сергелдеңге түсіп, тұйыққа тіреген не нәрсе? (Ə. Асқаров).
*ҚАМШЫ САЛДЫРМАУ – 1. Қамшылатпай жүріп отыратын ат.
2. Іске пысық, дағдыланған, төселген:
◊ Семіздіктен еріккен жарау аттары түн салқыны мен тыныштығына
қызғандай. Бастарын шұлғып, қамшы салдырмай ығысады (М. Əуезов).
◊ Тақымын қалай мегзесе сол орайға бұрылады, қамшы салдырмайды,
тебінсең ғана болғаны. Арғымақтың осы жайларын Пестов өзі де талай
көрсеткен, бірер мініп көкпар қызығын көрген Күмісбек те баян еткен-дi
(Ғ. Сланов).
◊ Басқаларын қайдам, Қожакеевті сатып та ала алмайсың. Есімі бүкіл
Қазақстанның журналист қауымына белгілі ағамыздың тағы бір қасиеті әзіл-
қалжың десе қамшы салдырмайтын нағыз жорғаның өзі (Д. Тұрлыбек).
◊ Тілшілер, тексерушілер көп келіп әбден төселіп, алғандікі ме, жоқ әл-
де өз мінезі сондай ма кім білсін, әйтеуір «қамшы салдырмайды» лыпып
тұр. Жол-жөнекей самбырлай сөйлеп, жалпы жұмыс жайымен таныстырып
келеді (А. Естенов).
ҚАМШЫ ӨРІМІНДЕЙ – жымдасқан, тұтасқан, біріккен деген ма-
ғынада:
◊ Қамшының өріміндей жиырылып серіпкен сіңірлі күшті көк еттері-
нің, сандары мен білектерінің бұлшық еттерінің гимнастика қылғанда бұл-
тылдап, ойнап, жиырылып серіпкендеріне көңілденуші еді (С. Сейфуллин).
205
◊ Идеяны мейлінше анықтап алу, тақырыпты саралау, оқиғаларды ба-
рынша екшеу, мыңның ішінен оп-оңай тауып алатын адамдарды іріктеу,
қамшының өріміндей жымдасып келген көркем тіл – міне, Ғабеңнің кре-
досы (М. Бақбергенов).
◊ Ал бағы заманда да, бүгін де, ертең де іргесі ажырамай, қамшының
өріміндей жымдасып өмір сүретін бауырлас ұлттар үшін одан артық зауал
болмас еді (Т. Жұртбай).
ҚАМШЫСЫНАН // ҚЫЛЫШЫНАН ҚАН ТАМҒАН // СОРҒА-
ЛАҒАН – қатыгез, қатал, қаһарлы деген мағынада:
◊ Біреулер «қылышынан қан тамған кез» дейтінді Faбит «қамшы-
сынан қан сорғалаған кез» деп күшейтеді, Тұрлыбекті «Есенейдей ұрт
мінез, өр көкірек емес, заң шеңберінен шықпайтын, жегін аттай жортақы
адам еді» дейді («Жазушы және сөз мәдениеті»).
◊ Соның қылышынан қан тамған әскерлері көш-көштің астына алып,
елдің берекесін ұшырды. Содан тепкіге шыдай алмаған жұрт елін, жерін
тастап ауа көшті (А. Естенов).
◊ Ол жылдары қамшысынан қан сорғалаған дер кезі болса, қазір ал-
пысқа таяп қалды (Ғ. Мүсірепов).
◊ Қамшысынан қан сорғалаған уақыт оны аяған жоқ, төбесіне күй қаз-
ды. Үш күндік пәниді қиып кете алмай жанталасты (Б. Мұқаев).
ҚАМЫН ОЙЛАУ – ел-жұртына қамқор болу, қолдау көрсету:
◊ Жалғыз мен үшін ештеңенің керегі жоқ. Мен сендердің қамдарыңды
ойлап тұрмын (Д. Исабеков).
◊ Қай жерде жүрсе де туған елін, туған халқының қамын ойлады. Жү-
рек қағуы тоқтағанға дейін ел-жұртының тілеуін тілеп жатты емес пе?
(Б. Оңғарбаев).
◊ Өйткені мен өз қара басымды ойлаған емеспін. Мен бүкіл қазақ
халқының қамын ойлап жүрмін (Қ. Руспаев).
ҚАН ЖАЙЛАУ – жазда жайлаудың ең қызықты, қуанышты кезі:
◊ Шілде туғалы да бірнеше күн. Қан жайлаудың-ақ кезі (Б. Нұржекеев).
◊ Есілден кешіп өткенде қазақтың қан жайлауы басталатын (М. Мағауин).
◊ Кеше ғана балалығы мен жігіттік жастығының жасыл шөбі сарғаймас
алтын бесігіндей болса, сол қызықты қан жайлау қазір суық қабір ызға-
рындай, аяздап қырауытып тұрған тас табытындай (Р. Бердібаев).
ҚАН ЖҰТУ – ұрыс-соғыстан талан-таражға түсу, ойраны шығу:
◊ Апырай, жау бетінде тұрған біздің ауылдар тіпті ат тұяғының астында
қала жаздаған екен-ау! – деді Қабанбай, өңінен қобалжу білініп. – Бұл тағ-
дырдың тәлкегін қойсайшы. Ілені олай-бұлай кешіп мен жүрмін… Ал өзің-
нің ағайын жұртың қан жұтып, қауіп астында жатыр! (Қ. Жұмаділов).
206
◊ Артынан басқа пенделерді аузына қаратқан күні, оларды соңынан
қуып барып, ауылдарын шауып талапайға салып, қара қан жұтқызып
қайтты (Ə. Кекілбаев).
◊ Қан жұтқан қайран ел-жұрт (Б. Нұржекеев).
ҚАН ЖЫЛАУ – амалсыздан көну, көзінен сорасы ағып қайғыдан
зар илеу:
◊ Бөбегін шырылдатып ап кеткенде, ата-анам жылап-зарлап қалған еді.
Сорлы анам көкірегін көкке сауып, қан жылап менен бір ант алған еді. Ол
анты: «Елдің шетін, анаң бетін бір көрмей, қозым, ерге барма!» – деді
(М. Жұмабаев).
◊ Естумен қан жылады жұртың кейіп,
Жазылдың, көз жастарын тәңірім иіп.
«Ханзада жазылды» деп естіген соң,
Төбе үлкейіп, түрленді жер көркейіп.
Қайың, тал, қарағай мен көркейді арша,
Шұқанақтар көл болып өсті қанша (М.Ж. Көпеев).
◊ Қан жылап, майданға алынған жігіттер қайтып келе бастады. Бо-
лыстар, ауылнайлар орындарынан түсіп, билік ел қолына көше бастады
(М. Қозыбаев).
ҚАНЖАРДАЙ ҚАДАЛУ – ашулы, тесіліп, суық қарау:
◊ Үй іргесінде көлеңкелей отырған иесінің қара шалға қос жанары қан-
жардай қадалулы (А. Алтай)
◊ Қанжардай қадал, оқтай ат, ескілік дүниесі қансырап қалсын!
(Н. Төреқұлов).
◊ Бір бүйірден қабан қанжардай қадала түскен әлдеқандай суық сөзді
есітіп, мойнын ішке алған бойы жым болды (Р. Ниязбеков).
ҚАН ҚАҚСАУ – шыдатпай ауыру, жанына бату:
◊ Жарасы қан қақсап, әкетіп барады (Е. Мырзахметов).
◊ Жазықсыз жанын жарақаттап, кінәсіз жүрегiн ілмені ұстараның ұшы-
мен шерткендей, тіліп-тіліп жіберіп, қан қақсатты (Т. Жұртбай).
◊ Онан Ақбалаға үйленген азғана қуанышты күндері есіне түсіп, осы-
ның бәрі күні кеше ғaнa басынан кешкен азабы мол ауыр мехнаты сияқта-
нып, қайда бір қан қақсап ауырып жүрген жеріне тиіп жігіт жанын сыр-
қыратып жіберді (Ə. Нұрпейісов).
ҚАН ҚАҚСАТУ – ел-жұртты қатты қинау, зорлық көрсету, көре-
сіні көрсету:
◊ Соның бәрін Ыбырайдың өз соңына қаптатып салып, қан қақсату
менің де қолымнан келер (М. Əуезов).
◊ Əлгі қаладан келгендердің талайын қан қақсатушы еді сабазың
(З. Жәкенов).
207
◊ Омар деген шығып залым:
«Бунт шығарған осылар» деп,
Қан қақсатты елдің халын,
«Қапы қалып тосылар» деп.
– Жақыпбек пен Молдабек те
Оқ ойнатқан әкеп әскер («Жұлдыз» №7. 1993. 21-б).
ҚАН МАЙДАН – сұрапыл соғыс, ұрыс, шайқас:
◊ Қан майданда қас жауыңмен қарсы тұрып алысқан қиын ба, туысқан
ініңнің күнде бір тырысып, күнде бір шұқып қалғаны қиын ба? (Ғ. Мүсі-
репов).
◊ Қан майданда ерлікпен қаза тапқан азаматтардың ерен ерліктері
ешқашан ұмытылмайды («ҚƏ»).
◊ Сұрапыл соғыс, қан майдан,
Айналаң тұтас от пен оқ (Ғ. Мұтанов).
ҚАН СОРПА БОЛУ // ҚЫЛУ – ұзақ жүріс пен ұзақ шабыстан
кейінгі аттың шалдығу, болдыру көрінісі:
◊ Аттары қан сорпа боп, танау қаққан күйде ауылға кеп түсті (М. Əуе-
зов).
◊ Тұяқ түн ортасында астындағы қаншырдай қатқан қарагерді қан сор-
па қылып Бектас ауласына ат басын тіреді (С. Досанов).
◊ Сол күні кешкісін атын қан сорпа қылған күйі орталыққа келіп жетті.
Əуелде ешкім көрінбегенге мазасыздана бастап еді, әлден уақытта барып,
үйден біреу шыққанда, көңілі тыныштанғандай болды (Т. Нұрмағамбетов).
ҚАНДЫ КӨЙЛЕК ДОС // ЖОЛДАС – соғыста бірге болып, қиын-
шылық көрген дос-жаран:
◊ Жақсы көрген біреуің болса маған ұқсап, үркітіп алып, жүрме. Ал мен
болдым. Қанды көйлек досың Тәкең (Ə. Нұршайықов).
◊ Тауға келіп, өзінің қанды көйлек досы Ағынтай бабамызбен жолы-
ғып, мауқын басқан әруақты баба бір жылдан соң, яғни 1671 жылы 73 жа-
сында дүниеден өткен («Қарасай батыр»).
◊ Сол шайқаста талай қанды көйлек жолдастарынан айырылып, өзі
де ауыр жарақат алып, осы жылдың соңында Қарақалпақстанға қайта ора-
лады (І. Есенберлин).
◊ Бұл өзі қанды көйлек жолдасымен қосылып алып Ташкент асып,
Бұхар басып ала тақиялы ағайындардың майлы палауына саусақ малып,
аузын толтырып асар еді (Д. Досжан).
ҚАНДЫ ҚОЛ – ауыр қылмыс жасаған, залым, қаныпезер адам:
◊ Сол бір сәт қамаукөзге қарай қанды қол иесі де ұмтылушы еді
(А. Алтай).
208
◊ Қанды қол залым әлде басқа біреуді өлтірiп, генералша киіндіріп, та-
бытқа салып қойған жоқ па екен деп шүбәланды («Жұлдыз» №6. 2009. 91-б.).
◊ Қанды қол жасырынып жүрген шығар,
Қорадан қойды жарған көр қасқырдай (І. Жансүгіров).
ҚАНАТЫ ҚАЙЫРЫЛУ – қимасынан, қымбатынан айырылу
◊ Ербол Оралбайды әлі аяушы еді: – Бірақ соққыны дәмелі жасын, қыр-
шын жасын көріп қалды ғой. Қанаты қайырылды ғой! – деді (М. Əуезов).
◊ Жерімізді жау алып,
Елімізді қырды ғой,
Қанатымыз қайырылып,
Топшысынан сынды ғой (М. Мақатаев).
◊ Қанаты қайырылып шерменде боп жатқан жер қыранын аспан құ-
сының көзі шалған сияқты (Б. Тілегенов).
ҚАНАТТЫҒА ҚАҚТЫРМАЙ, ТҰМСЫҚТЫҒА ШОҚЫТТЫР-
МАЙ – жас күнінен баланы еркелетіп, қамқор болып, алақанына са-
лып өсіру:
◊ Қанаттыға қақтырмай,
Қамқоршым едің жем берер.
Айдында жүзген аққудай,
Қайдасың, қайран жеңгелер (М. Мақатаев).
◊ Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ешкімге
кеудесінен бастырмай өсірдім («ЕҚ» 15.07.1997).
◊ Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп, алақанына салған баласы.
Еш уақытта қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқан емес
(М. Əуезов).
ҚАНҒА БӨКТІРУ – қырып-жою, тас-талқанын шығарып түгін
қалдырмау:
◊ Бұл күнде әбден дандайсып, бетімен кеткен ойрат әскері Ташкент
төңірегіндегі «құрама» деп аталатын қазақ ауылдарын шауып, көздеріне
түскен мұсылман әулетін қанға бөктіріп жатқан көрінеді (Қ. Жұмаділов).
◊ Көпке топырақ шашам деп арпалысып, қалың жұртыңды қанға бөк-
тіру – әбестік! (М. Мағауин).
◊ Қапы қалу – қабырғаны сөктіру, өзіңді-өзің қызыл қанға бөктіру де-
ген сөз (Ə. Мейірбеков).
ҚАННЕН ҚАПЕРСІЗ – бейқам, алаңсыз, өзімен-өзі болу:
◊ Не болғанын қайтесіз? Сендер жатыңдар, қаннен қаперсіз, мен жү-
рейін шілденің күнінде шырылдап (Д. Исабеков).
◊ Қаннен қаперсіз ауыл, мәңгілік қозғалыстың – өлмейтіндей өр сер-
піген шаруаның дабылын қайта қақты да, қайғысыз қара суын сораптап
ұрттай бастаған (Ж. Сабыржанұлы).
209
◊ Тұманның темір татыған қара суынан күректей алақанымен көсіп-кө-
сіп алды да, қаннен-қаперсіз сұлап жатқан Трофимнің қасына қайтып келді
(Қ. Ысқақов).
ҚАНЫ БАСЫНА ШАБУ // ТЕБУ – ашуға булығу, қатты ашулану,
ызалану, күйіну:
◊ Білем кім ақымақ екенін... Ты сам дурак! Қозыбайдың қаны басына
шапты (Қ. Жұмаділов).
◊ Жандыбайдың өзінің тілшілік намысына тие, тістелей сөйлегеніне ши-
рығып, қаны басына теуіп тұрған Сәйдім шақ ете қалды (М. Айымбетов).
◊ Ендігі бір көген болар ақ ешкінің тұқымы-тұяғынан түсетін пайданы
шотқа қағып-қағып жібергенде, Əукеннің қаны басына шауып, екі көзі түк
көрмей қалды (Т. Сәукетаев).
ҚАНЫ ЖЕРГЕ ТАМБАУ – өте танымал, қадірлі, атақты болу:
◊ Осыған қарап мені бір қаны жерге тамбайтын керемет дарын иесі
деп қалмаңыз (Ғ. Қабышұлы)
◊ Сондайда қаны жерге тамбайтынның бірі – Қуантай, елпектеп, ел-
дің алдына түсе жөнеледі (Б. Нұржекеев).
◊ Əсіресе бас болып қазір қаны жерге тамбай тұрған, даңқы күндей
күркіреген – Заленов, Буянов, Шайтанов сияқты есаулдар келген-ді (Б. Ті-
легенов).
ҚАНЫ КЕБУ – тілі аузына сыймай қатты шөлдеу:
◊ Ашыма әкелдің ба? – Иә. – Бере ғой. Қаным кеуіп тұр еді (Д. Исабе-
ков).
◊ «Ағын суда арамдық жоқ, ішейін», – деп ойлады қаны кеуіп бара жат-
қан Уақас. Бұлақ мөп-мөлдір. Түбіндегі бұрқырай қайнап жатқан үлкенді-
кішілі көздері анық көрінеді (М. Мағауин).
◊ Сонсоң, бойына әл-қуат бітіп, сәл-пәл ес жинағандай болды. Ол тілі
аузына сыймай, түкірігі тамағыңа желімдей жабысып, қаны кеуіп, шөлдеп
тұрғанын аңғарды (Т. Рахымжанов).
ҚАНЫ ҚАЙНАУ // ҚАРАЮ – қатты ашуға булығу, ыза кернеу:
◊ Сайысқа ақын емес, ақша түсіп, жарыста талантты емес, таныстының
жолы болып жатса, қалайша қаның қайнап, қабырғаң қайыспайды?! («АТ»
15.06.2013).
◊ Зейнептің қаны қайнады. Ашуға булыққаннан үні шықпай кемсең-
деп, тiсi-тісіне тимей дiр-дір етті. «Бұл бір жетісіп тұрғандай жанын тырнап
ырылдауын көрдің бе?» Құйрықтан тартып-тартып жібермек болып қолын
көтере берді (Т. Сәукетаев).
◊ Намыстанып, анасының мына қылығы қанын қарайтып әкетіп ба-
рады (Р. Мұқанова).
210
◊ Төреханның шілде десе, шілденің қапырығы десе қаны қараятыны
да осы (А. Сүлейменов).
ҚАНЫ ҚАТУ // ҚАТЫП ҚАЛУ – өшпенділік, безеру, ызалану, кек-
тену:
◊ Бір жан тырп етпеді. Бибіжамал балаларын баурына қысып, балық-
шылардың арасында тапжылмай тұр. Кәлен қаны қатып алған. Үн жоқ
(Ə. Нұрпейісов).
◊ Бұған қаны қата қалған Қалмырза Ақылжанның көзін жоюға бекі-
ніп, жасырын жолдарын іздестіре бастап еді (Ш. Əбдірашидов).
◊ Ал ана жылы Аңырақай соғысынан кейін қазақ қолын бөлшектеп,
жоңғарға қарсы ұрыс даласын тастап кеткеннен бері оған мүлде қаным
қатып қалған... (Қ. Жұмаділов).
ҚАНЫ ҚАШУ – кектену, ызалану, сұрлану:
◊ Қаны қашып, аппақ сұр болған бетін төр жаққа, атасы жаққа бұрып,
қадала тыңдады (М. Əуезов).
◊ Кек қайнап, ыза кернеп, жауыққандай,
Қалып тұр қаны қашып, сүлдесі құр (І. Жансүгіров).
◊ Келеді ол аяғын әрең басып,
Буындары дірілдеп, қаны қашып.
Қанша өжет болғанмен жүрексінді,
Кіргізгенде сарайға есік ашып (Т. Əбдірахманова).
ҚАНЫН ІШІНЕ ТАРТУ – сұрлану, сазару, тас-түйін болу:
◊ Сол, қанын ішіне тартып, тас түйін, шешімтал кейіпте жоғары кө-
терілді (М. Мағауин).
◊ Шекесінен жылғаланып аққан қызыл қан көрінді. Алтынкүл оны да
елең қылмады. Қанын ішіне тартып, құп-қу боп сұрланып, бедірейген
қалпы сазарып тұра берді (Р. Ниязбеков).
◊ Темірбек қанын ішіне тартып алған екен (С. Мұқанов).
ҚАНЫН ІШУ – өлтіру, жоқ қылу, көзін жою:
◊ Ұялмай оны қостап өңшең күшік!
Жапырылып, ыңғайына ұшып түсіп.
Атың өшкір, ақылсыз Оспан ағам!
Мейірің қансын енді қанын ішіп! (С. Торайғыров).
◊ Төніп келіп қанішер құшырланып,
Қан ішуге тағы да құмарланған.
Неткен кеш сұмырайдың жолы болған?
Не ажал қамалған оңнан-солдан?
Өрт салып, бір адамның қанын ішіп,
Тағы да өлім күткен қос арудан (Б. Бұлқышев).
211
◊ Генрихтің қанын ішіп, көп epлiгiне тағы бір ерлік қосқан шоң мұрын,
қабасақал есаул ғана атын тыпыршытып топ алдында әлі ойқастап тұрған
(Ə. Сараев).
ҚАНЫНА СІҢУ – бойға сіңген, дағдыға айналған әдет, мінез, қа-
сиеттің сипаты:
◊ Күні бүгінге дейін бір шыбықпен айдап жұмсайтын қаттылығы қа-
нына сіңген әдеті емес, өзімсіген әкелік еркелігі еді (О. Бөкей).
◊ Əр елдің, ұлттың қанына сіңген өз наным-сенімдері, аңыз деректері
бар екендігі шындық (Д. Көкеева).
◊ Дала халықтарының ежелден қанына сіңген сенім бойынша, жерге
темір тигізу күнә (Ш. Мұртаза).
ҚАНДЫ // КӨМЕЙ // БАСЫҢ БЕРІ ТАРТ – 1. Аң аулау, құс салу
кезінде аңшы мен саятшының ішкі тілеуі. 2. Қауіпті сәттің жақын
қалуы:
◊ Ал ашқарақ сауысқан болса қос бірдей жемаяқ жұмыр басқа жұтына
қарап, «қанды көмей бері тарт» деп шақылықтап отыр (А. Алтай).
◊ «Қанды басың бері тарт!» – деді күбірлеп. – Сәт! Сәт! – дескен бек-
тер тегіс гуілдесіп, саятшы топқа жақындап қалған қаздар кенет қаңқылдаса
шалықтап, астынан жел көтергендей, жоғары өрлей берді (М. Мағауин).
◊ Қанды басың бері тарт деп бір қатердің таянғаны белгілі. «Қыл-
мыскерді жедел алып кетіңдер» (Д. Досжан).
ҚАҢҚУ СӨЗ – өсек-аяң, бос сөз:
◊ Шай үстінде қаңқу сөз қайта басталды (Т. Əбдіков).
◊ Еуропаны адам идеясына тастап шықты деген, менiңше, қаңқу сөз
(Ғ. Есім).
◊ Қаңқу сөз құлаққа жақсын, жақпасын, ауыздан шығып үлгірсе-ақ,
жел айдап ел құлағына жеткізе салатын әдет бұл ауылда да бар (А. Байта-
наев).
ҚАПТЫҢ // ЖҰРТТЫҢ // ТҮЙІННІҢ АУЗЫ ШЕШІЛУ – басылып
қалған, ұмытыла жаздаған әлде бір оқиға, әңгіменің сыртқа шығуы:
◊ Көк жасаңға алқа-қотан жайғасып, насыбай атысып отырған бір ша-
мада, әлі де әңгіме әсерінен шыға алмаған жас батыр Еспембет өзінің өжет
те өр мінезіне басып, Қабекеңнің қарсы алдына жүгініп отыра кетті де: – Ал
енді, сардар аға, бүгін бір ала қаптың аузы шешіліп, әңгіменің тиегі ағы-
тылатын күн ғой (Қ. Жұмаділов).
◊ Жұрттың аузы шешілді: «Мұндай итті, кесірді жермен-жексен қыл-
мас па?! Дұрыс, дұрыс! (М. Жұмабаев).
◊ Бір кездегі басына түскен қасіретпен ендігі көрер қуанышы қоса қа-
баттасып, жүрегіне шер боп байланған бір түйіннің аузы шешіліп кетердей
көңілі босап, көзіне лықсып жас тірелген (М. Əбдірахманов).
212
ҚАПЫ ҚАЛУ – бір нәрседен құр қалу, қолы жетпеу:
◊ Маған көпірткен құрғақ уәде емес, ту түбінде тұратын қарулы сарбаз
керек. Үш жыл бойы сауын айтып жүріп, өткен жылы үш түмен қолды зорға
жинағанымыз естеріңде бар ма? Ал биыл қапы қалып жүрмеңдер. Жоң-
ғардан босаған жаңа қоныстар тек қан төгіп, қайрат көрсеткен руларға
беріледі (Қ. Жұмаділов).
◊ Өлем деген ойда жоқ,
Күнәсі бар да, тәубе жоқ.
Қапы қалған жиырма бес (Б. Өтемісов).
◊ Іштей дайындалмағандығы болар, «дөкейдің иіс майымен шашымды
ретке келтіріп аламын» деген ойдың көкейіне берік орнап қалғандығынан
да болды ма, әйтеуір күмілжіп, кібіртіктей берді. Дәлірек айтқанда, қапы
қалды (Т. Нұрмағамбетов).
ҚАПЫ КЕТУ – қателесу, жеңілу, байқамау:
◊ Көпей бәйбішенің қай жерден қапы кетерін аңдып, ақырып қалуға
әзір отыр (Ғ. Мүсірепов).
◊ Бүгін келгендеріне үшінші күн: содан бері бұлардың құрметіне ала-
ман бәйге өтті, апайтөс, бура сан талай палуандар қапы кетіп құм қапты
(М. Есламғалиев).
◊ Тік құбырдың ішіне енгенде қоңызша қыбырлаған кісінің қары талса,
қапы кетіп текпішекті іздеген аяғының сіңірі тартылса, жарық дүниеге
қайыра тартып шығару қиын (Д. Досжан).
ҚАПЫСЫН ТАБУ – ретін келтіру, табу, ыңғайын жасау:
◊ – Жесірді жібермейміз, – деп қайрайды олар әкемді, – ақсақалдардың бі-
тіскеніне қарамаймыз, төркіннің қапысын тауып алып қашамыз! (А. Жүніс).
◊ Ханнан сыйға тон киген, жолда ұры жолдас боп, қапысын тауып то-
нын ұрлап кеткен момын адамның ұрыны іздеп шыққаны ... (Ə. Оспанұлы).
◊ Қапысын тауып басып қалу қажет. Ол үшін калайда төтенше коми-
тетке хабар жеткізбесе болмайды (У. Қалижанов).
ҚАР ТӨСЕНІП, МҰЗ ЖАСТАНУ – қолайсыз, суық күнде, аязда
қиындық көру деген мағынада:
◊ Олар қар төсеніп, мұз жастанып, белуардан батпақ пен су кешіп,
түн ұйқыны төрт бөліп күн өткізген адамдар (С. Омаров).
◊ Қар төсеніп, мұз жастанып дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін
болатын жерді ерте бастан есептеп білетін (М. Əуезов).
◊ Қар жастанып, мұз төсеніп дегендей, тау басынан ағаш кесіп арпа-
лыстық (Ə. Асқаров).
ҚАРА АСПАНДЫ ҚҰЛАТУ // ТӨНДІРУ – ойды, хабарды әсірелеп,
асырып айту:
◊ Қара аспанды құлатудан аулақпыз, бірақ … баяғы МТС сияқты стан-
циялар ашу керек еді… («АТ» 12.03.1992).
213
◊ Ой, сен қара аспанды төндіріп кеттің ғой, – деп, Смағұл теріс қара-
ды. ... Қара аспанның көкесін біздің әлгі болашақ күйеу баламен әңгімелес-
сең білер едің, – деді (Е. Домбаев).
◊ Естілсе, қолдап қолпаштау не қара аспанды төндіріп бәрін күйелеу.
Түйінді мәселелер төңірегінде байсалды пікірталас жүргізудің орнына
біз неге ылғи ұшқарылыққа ұрынамыз (Ə. Нысанбаев).
ҚАРА АСПАНДЫ СУҒА АЛДЫРУ // ЖАУДЫРУ – жаманшылық
шақыру, төндіру, қорқыта сөйлеу деген мағынада:
◊ Қалаға жету оп-оңай дейсіз бе? Ол мына Қамыстыдан емес есекпен
тыпыңдап екі сағатта жетіп баратын. Оның үстіне қыс ауасы, – деп қара
аспанды суға алдырды (Т. Нұрмағамбетов).
◊ Əдетінше қара аспанды суға алдырып төндіре сөйлей жөнеледі
(Ə. Сараев).
◊ Бұл от қайтып бықсымасын десең, жаудыра бер мынаның төбесіне
қара аспанды (М. Иманжанов).
ҚАРА // ЖЕКЕ БАСТЫҢ ҚАМЫ – өзімшіл, өз басын ғана ойлай-
тын адамдардың іс-әрекеті:
◊ Оның орнына олар жеке бастарының қамы үшiн арнайы самолеттер
жасақтайды, шетелдерге қаражаттарын аударып, қара бастарының қамымен
арпалысып жүр (Ғ. Есім).
◊ Олардың құшақтары кең, жүректері де үлкен, ойлары да биік. Ал
сенікі қара басыңның қамы (І. Есенберлин).
◊ Сонда бұл айналып келгенде «қара бастың қамы үшін» емес пе?
(Б. Ахметова).
◊ Неге? Бәрі де бір күндік уайымның құлақ кестi құлы. Қара бастың
қамы үшін ешкімді де аямайды (Б. Мұқай).
ҚАРА БАСУ – жаңылу, қателесу, мүлт кету:
◊ Ғимаратты сыйға тартып отырған бастыққа бір тостаған қаймақ
тауып бере алмай не қара басыпты бізді? (Ж. Мусин).
◊ – Қап, сорлы қылған Тәңір-ай, не қара басып еді?! – деді (М. Əуезов).
◊ Міне, екі күннен бері Нұрымның да жүні жатыңқы, иығы салбы-
райып, тәңір алғырды мүлдем қара басып кеткен (С. Тұрысбеков).
ҚАРА БАСЫ – жеке, дара, өзі:
◊ Арыстан жалғыз қара басына ауқатты қазақтың бірі болып қалды
(Ғ. Мүсірепов).
◊ Жігіттің көркі мал болар, Малың болса, қарағым, Қара басың хан
болар («Қыз Жібек»).
◊ Қаңырап, қара басы қалатындай.
Дауыстап, оятты ол балаларын,
Дабырлап, ойын бөлді даладағы үн (М. Айтқожина).
214
ҚАРА ЖАМЫЛУ – өлім, қазадан кейінгі қайғыға душар болу, қа-
ралы деген мағынада:
◊ Əсіресе Бұзаубақ қара жамылғандай болып отырды (С. Сейфуллин).
◊ Міне, осылайша екінші күйеуімді де қара жердің қойнына беріп, екін-
ші рет қара жамылып, қан жұтып жесір қалдым (О. Бөкей).
◊ Қасіреті мол жас зайып,
Қараңғы ұзын түндерде,
Үстіне қара жамылып,
Күрсініп жер жылайды (М. Жұмабаев).
*ҚАРА ЖАЯУ – 1. Бір нәрседен хабары бар. 2. Кедейлену. 3. Жаяу
адам:
◊ Үлкен бастықтары әнді, өнерді сүйетін өзі де қара жаяу емес, серілеу
адам екен (Қ. Найманбаев).
◊ Өзің де қара жаяу емес едің, ауылдың алты ауызын айтып жібер.
Домбыра кілт тыншыды. Күмбір-күмбір қоңыр әуен кеуделерде ғана
ұйып қалды (Т. Əлімқұлов).
◊ Бұл жолы тәркілеу тұлдыр қалдырмай кеткен де, әкеміз жүген ұстап,
қара жаяу қалған (Ш. Мұртаза).
◊ Міне, нақ осы «Үлкен Қоян» жылындағы жұтта Орта жүз руларының
бірі – Қарауыл елі, құрығын сүйретіп қара жаяу қалды (И. Салахов).
◊ Мен қыстайғы үйренген орысшамды айтып әуреленіп отырғанымда
Жантемір қыстауы жағынан «Сымтасты»' бөктерлеп бір қара жаяу келе
жатқанын көзім шалған (Д. Əбілов).
◊ Осының баршасынан хабардар Тәкібай қара жаяу боп келе жатыр.
Таудың іркес-тіркес тұсы түйе керуеніне ұқсайды, Ол Келіншек таудың
көркіне сүйсініп бара жатты (М. Байғұт).
ҚАРА // ҚАРАДАЙ ЖЕРГЕ КІРУ – ұялу, қорлану, қымсыну:
◊ Осы мезет есік сықыр етіп ашылып үстеріне көзі аларып басбух кіріп
келеді: шықпай қалған жаны cірі қайта, ұяттан қара жерге кіріп бара жатыр
еді (Д. Досжан).
◊ Бүгін ағаңмен жағаластың, ал ертең өздері-ақ татуласып кетеді. Сонда
қарадай жерге кіріп кетпейсің бе? (Д. Исабеков).
◊ Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан
үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кір-
гендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорла-
нады екен? (Абай).
ҚАРА ЖЕРДІ ҚАЙЫСТЫРУ – көп әскер, мол малдың кең, үлкен
жерді алып жатқан көрінісі:
◊ Өмір өтіп патшалықты билегенмен, қара жерді қайыстыра қол жи-
нап, жау жеңгенмен өзіне, өз жанына арашашы бола алмаған, өзі тамсанған
215
сұлулықты қондыра алмай, бойтұмар тұтқан қасиеттісіне ие бола алмай
күңіренген мұның жайын кім ұқпақ еді (Р. Отарбаев).
◊ Алайда Баутиан Елтебер бастаған қаңлының он мың жасағы арбалары
сықырлап, қара жерді қайыстырып келе жатқан қытай әскеріне қарсы
шығуы қажет еді (Т. Жұртбаев).
◊ Биыл қыстан мал да күйлі шығыпты, төлдің еруі де жаман емес: басқа –
бас, тұяққа – тұяқ қосылып, қара жерді қайыстырып жатыр (Қ. Жұмаділов).
ҚАРА ЖОЛ – кедергісіз, даңғыл, үлкен жол:
◊ Басқа жолмен, сайлары жоқ қара жолмен кеттік (Ш. Мұртаза).
◊ Артымда қазақ қалың ел,
Тақтақ жалғыз қара жол,
Кетіп бара жатыр ем.
Бейнетті, бітпес ұзын жол,
Отсыз, сусыз бетпақ шөл,
Мың мехнатқа батып ем ... (М. Жұмабаев).
◊ Ауылдан шыға берісімен сүрең қара жол тақыр үстімен батысқа
қарай созылып жатады, одан әрі жол кебіртең шаңдаққа шығады да, аржағы
жыңғылды, сексеуілді құм төбелердің арасымен Кемеcалғанға қарай тарта-
ды (Қ. Көпішев).
ҚАРА ЖҮРЕК – кісіге жылуы жоқ, арам, қатал, мейірімсіз:
◊ Сендердің ойларыңша, жер бетінде менен асқан қара жүрек, тас ба-
уыр әйел жоқ, солай ма? (Д. Исабеков).
◊ Перизат, ұртында уы бар жыланның ниетіне қарсы тұра білдің, деп
риза болдым. Бірақ Мырқалдың жеті кессе де кесірткелігі әлі бар. Қанқұйлы
істің иесі, арам, қара жүрек адам (Ш. Күмісбаев).
◊ Қырдағы қара сойыл бақандаған,
Қалада қара жүрек қаһарланған (І. Жансүгіров).
ҚАРА КӨЛЕҢКЕ – кеш бату, қараңғылық түскен мезгіл:
◊ Кеш батып, үйдің іші қара көлеңке тартқан кез еді (Ш. Мұртаза).
◊ Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас (М. Жұмабаев).
◊ Ғайыптан қашан жаралып, қалай келгені белгісіз, буалдыр ма, бұлың-
ғыр ма, түсініксіз қара көлеңке әлем ықтиярына қарамай зорлықпен құша-
ғына үйіріп әкеткелі неше ықылым заман өткен тәрізді (Б. Ыбырайымов).
ҚАРА ҚАҒАЗ – соғыс кезінде қайтыс болғандарды хабарлайтын хат:
◊ Қаралы қағаз келді деп, қара жамылып, жылап-сықтап жатып алған
ешкім жоқ, үш күн жоқтап, төртінші күні жұмысқа шығады (О. Бөкей).
216
◊ Ал ұлынан «өлді» деген қара қағаз келген (Ə. Нұршайықов).
◊ Көп өтпей-ақ, қырық бестің жазында майданнан «қара қағаз» алады
(Ə. Асқаров).
ҚАРА ҚАЗАНДАЙ ҚАЙНАУ – өкіну, шарасыз болу, іштей булығу:
◊ Өңмеңдеп жетіп барайын десе, өзі шыққалы тұрған көзді оқыс етіп
алам ба деп жаcқанады. Қалың малына қырық жетiнi қырқа матап, өлтіріге
бір дөнен, той малына ту бие өткізгенін ойлағанда, іші қара қазандай қай-
нап, қопақтап қалады (А. Жүнісов).
◊ Əбіләкімдікі ақ өлім бе, қара өлім бе, әйтеуір, марқұмның іші қара
қазандай қайнап келгені шындық қой (Т. Əлпейісов).
◊ Бәрінен де Жырғал сұмның сатып кеткеніне ішім қазандай қайнады
(Қ. Жұмаділов).
ҚАРА ҚҰРЫМ (-дай ) ҚАПТАУ – зор, өте көп, қалың, қаптаған:
◊ Сардиған сар даланың төсінде көң қотырдай қоңырайып көрінетін
қара құрым шаһарлар көзіне шалынса болды, қалың түмендер суға шапқан
киіктей жөңкіліп, лап қоятын (Ə. Кекілбаев).
◊ Күні кеше қара құрымдай қаптап жүретін аққу-қаз, шүрегей, үйрек
атаулы ата жұртынан біржола безді (Б. Мұқай).
◊ Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар қара құрымдай
қаптап келіп қоныстанады (Қазақстан тарихы).
ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРУ – әділетті, шыншыл болу:
◊ Сейітқұл өзінің қара қылды қақ жарған әділдігімен, дін жолындағы
адалдығымен тек осы жұртқа ғана емес, өзімен көршілес өзбек, қырғыз,
қарақалпақ, түрікмен жұрттарында да үлкен құрметке ие болады (Т. Мың-
жасар).
◊ Қара қылды қақ жара сөйлегенді жақсы көреді (Қ. Найманбаев).
◊ Осы күні оқырман кітаптан көңіл көтеретін күлкі емес, қара қылды
қақ жарған шындық іздейді (Б. Нұржекеев).
ҚАРА СУ – жәй ғана су:
◊ Бәлкім, қара қазанға қара су құйып, тас қайнатқаннан басқа ештеңесі жоқ
біздерге азық болған сол бүкір кемпірдің ұзақ әңгімесі шығар (Ш. Мұртаза).
◊ Сол күні шай қайнатып, тұз салып, құр қара суды ішкенің де анық
есімде, өйткені бар наныңды бізге беріп қойған едің (С. Мұратбеков).
◊ Ілуде бір жиын жасаған үй жол үстінде болған жағдайда ғана бір сәтке
кіріп, бір кесе қара су ішіп, бір үзім нан ауыз тиіп шығады екен (Қ. Жұма-
ділов).
ҚАРА СУДЫ ҚАЙНАТУ – босқа, бекерден-бекер әурелену
◊ Камал, мұның бәрін өзің де айтыпсың. Қара суды қайната бергеннен
май түспейді (Ш. Мұртаза).
217
◊ Əлімбала молда қара суды оқу арқылы қайнатып, қайта су қалпына
келтіргені анық (Қазақтың мифтік әңгімелері).
◊ Қараша ханша сөйлесе,
Қара басынан айырылар.
Қара аспанға табынған оң болады,
Қара суды қайнатқан сор болады.
Қатыныңa сенбесең жөн болады!» – деп толғады («Алтын шежіре»).
ҚАРА СУЫҚ – аязды, желді, қарлы болып келетін қатты тоңды-
ратын суық күн райы:
◊ Күздің қақаған қара суығында оппаға түсіп, жалаң аяқ, балтырын
түріп алып балшық иледі (Ш. Мұртаза).
◊ Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсізсің қара суық қырда
жүрсең (Абай).
◊ Күздігүні қара суық қараңғы түнде қайық мініп жолаушы келе жатыр
едік, айналма бір тұмсықтан бір жақсы шырайлы от жылт етіп көріне кетті
(Ə. Бөкейханов).
ҚАРА ТАНЫМАУ – түк сауаты жоқ, әріп танымайтын адам:
◊ Ары – малының садағасы еді. Қара танымайтын сауатсыз болды
(О. Бөкей).
◊ Əттең, қара танымай қор боп жүрсің-ау, әйтпесе мынадай зерек-
тігіңмен баяғыда Алматыда отыратын адамсың ғой (Ə. Асқаров).
◊ Өзі қара танымайды. Ескіше қаріп танитын адам да қалмады ауыл-
да. Фатих Жарықтықтың тірі кезінде жақсы еді (М. Сыздықов).
ҚАРА ТАСТАЙ БАСУ // БАТУ – сөздің, істің, оқиғаның адам жа-
нына қатты батуы:
◊ Түн әлі тастай қараңғы. Қарабайдың сөзі иықтарынан қара тастай
басып, тапжылтпай тастаған (І. Есенберлин).
◊ Басқаны былай қойғанда, дәл осы жағдай менің қабырғама қара тас-
тай батты (Т. Əлпейісов).
◊ Айдынның жанына қара тастай батқан қара күздің де ғұмыры аз
қалған сияқты (Т. Ахметжан).
ҚАРА ТЕРГЕ ТҮСУ – қатты шаршау, көп күш жұмсау:
◊ Шабдар құлын тулай-тулай қара терге түсті. Танадай көздері шаты-
нап, шарасынан шығып барады. Екі бүйірін ентіге соғып, қып-қызыл қос
танауынан ып-ыстық жалын атады (Ж. Тұрлыбаев).
◊ Қолын созып, саусақтары мен ұлының маңдайын сипап көріп еді,
қара терге түсті ( Р. Мұқанова).
◊ Соңғы күй аяқталғанда, жігіттің өзі де қара терге түсіп, қара дом-
быраның да бар сөлін сығып алғандай болды (Қ. Жұмаділов).
218
ҚАРА ТІЗІМГЕ ТІРКЕУ // ІЛІГУ – еріксіз, өзіне қатыссыз іске ду-
шар болу, ілініп кету, ішінде кету:
◊ Көпшілігін жуан деп, қара тізімге тіркеп, сайлау басына жуытпаған
(М. Əуезов).
◊ Дүние-мүлкі, тапқан-таянғаны түгел қатталып, тізімге ілініп өкімет-
ке өтетіндігі кешкі шай үстінде де әңгіме болды (Т. Мәмесейіт).
◊ Ақжан қара тізімге ілініп, осы Қылышбаевтардың қудалауына ұшы-
рағанда, шырылдап араға түскен де осы Нұркен болатын. Бірақ арашалап
қалуға оның шамасы жетпеді (Қ. Жұмаділов).
ҚАРА ҮЗІП ҚАЛУ – артта, соңында адасып қалу:
◊ Сөйтіп жүргенде Нұркен Созақ үстіндегі ағайындарына көшіп кетті
де, қыз жігіттен мүлде қара үзіп қалды. – Тағдыр соқпағы ол ауылға қарай
бұрылмағанын сезген Бибітай енді қайтып бұл жайды ойламауға, ұмытуға
тырысты (Б. Шаханов).
◊ Біраз жүйрік манағы шаңнан қаталап танауы бітіп, көзі қарайып, қара
үзіп қалып қойған (Д. Досжан).
◊ Сонымен, құрбысынан қара үзіп қалды. Кейінірек өмір бұрылуға
мұрша бермеді ғой, міне, енді соғыс даласында жүр. Жастықтың желігімен
ойнап-күліп жүретін кездері емес пе? (Ə. Оралбай).
*ҚАРА ШАҢЫРАҚ – 1. Атамекен, туған ел. 2. Әке-шеше отырған
үлкен үй:
◊ Ата жұртым – Алакөл де иек астында тиіп тұр… Мен жау таңдап жүр-
гем жоқ жауды жеңер жер таңдап отырмын. Қаратау – қара шаңырағың
болғанда, Түркістан – ту тіккен ордаң емес пе?! (Қ. Жұмаділов).
◊ Бәріміздің көкейімізде жалғыз-ақ тілек, жалғыз-ақ арман, жалғыз ғана
ой бар еді, ол ой – қара шаңырақ, қай мына жұртымызды енді қайтып көре
аламыз ба, жоқ па… (О. Бөкей).
◊ – Ой, тәйірі-ай! Баяғыда пәленшенің қара шаңырағы еді демесек, о
бір берекесіз адам ғой (Ж. Аймауытов).
◊ Əке қайтыс болған соң қара шаңырақ кiшi ұлға қалып, мұрагердiң
жасына қарамастан осы үйдiң барлық туысқандары үшiн әке үйi ретiнде
құрметке ие болады (Ж. Жеңіс).
ҚАРАҢ ҚАЛҒЫР (қарғыс) – иесіз қал, қаңырап қал деген мағы-
нада айтылады:
◊ Тамсанды да, аяғын екі-үш басып: – қараң қалғыр, қоясың ба, жоқ
па? – деп, тұра ұмтылды (С. Оспаов).
◊ Қараң қалсын, қараң қалғыр! – деп Несібай барлық үлкен денесі, өн
бойымен бір үлкен дағдарыс белгісін білдіріп, жалаң бас басын сол қолы-
мен сүйеп мелшиіп қалды (М. Əуезов).
◊ Қараң қалғыр, қартайғанде көзге мал бітеді деген рас екен. ...
219
Сенен билік сұраған бір құдайдың пендесі жоқ, – дейді Есіркеп одан
сайын безірейіп, – Қараң қалғыр, бұл жұрт Қуантайды сағынып барқадар
таппай зар жылап... (Д. Досжан).
ҚАРҒА АДЫМ – халықтық өлшем бойынша арасы өте жақын жер:
◊ Қарға адым келтірмей бір басуға, Қара суық қабынып тұр ма асуда?..
(«ҚƏ» 12.10.2000).
◊ Көл-көсір төгілген қиыршық қар, лезде арқанды көрсетпей басып қал-
ды, мұз боп тастай байланған шөпті Айтбай істік темірмен ұрғылап: –
апырым-ай, қарға адым жердің алыстап кеткені-ай! – дейді аяғын қардан
суырған ол (Л. Құрманаева).
◊ Жалғыз қарағайдың бүгінде ақтаңдақ болып, сортаңы шығып жатқан
даласын қаражондап, таспадай тіліп тастаған әйелдер, қарға адым жердегі
үйіне бара алмай, қос басында түнейтін (О. Бөкей.)
ҚАРҒА ТАМЫРЛЫ ҚАЗАҚ э т н о г р. – туысқандық жағынан те-
реңдеп кеткен қарым-қатынас:
◊ Жақсыда жаттық жоқ, шырағым қарға тамырлы қазақпыз деп қаз-
балай береміз (Т. Əбдіков).
◊ Қыс болса аяқталуға жақын, бірақ ел жақтан келетін соғым әлі жоқ,
тым-тырс, – деді Ерғали екі алақанын жайып, қарға тамырлы қазақ болған
соң жылқының етін былқытып, қазы-қартаны кертіп жемесең болмайды
екен (Д. Тұрлыбек).
◊ Аз ауыл Ырғызбайдың, кем қойса, басқа жиырма атаның ішінде айқыш-
ұйқыш, ілік-шатыс, қарға тамырлы тұзақ шырмауығы жатады (М. Əуезов).
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҚАНАТЫМЕН СУ ТАСУ // СЕБУ – бір нәрсеге
септігін тигізу, аз да болса жәрдем ету:
◊ Кеше емес, алдыңғы күні жиналыста сасып айтқанымыз да, тасып
айтқанымыз да аз болмады, қан көріп, жаны қарайған сол арыстарымызға
қарлығаштың қанатымен су тасығанындай септігіміз тисін десек, аян-
балық (Ə. Сарай).
◊ Қарлығаштың қанатымен су сепкендей Абайдың қалың кедейге
болысқаны және әділетті жақтағаны үшін одан өш алмақшы болған Оразбай
бастаған бір топ ел жуандары бірікті (Ғ. Жандыбаев).
◊ Əйтеуір қанатымен су сепкен қарлығаш болғандары хақ. Осылар-
дың арасынан Зейін Шашкин әдебиеттің қасиетті ордасына бет түзеген ерен
қимыл жасады (Ə. Сәрсенбаев).
ҚАС ПЕН КӨЗДІҢ АРАСЫНДА – өте, тез, жылдам, шұғыл деген
мағынада:
◊ Қас пен көздің арасында сап еткен қайғыны қуаныш қуып шығып
жатқан осындай абыр-сабыр кезде мен әкемнің тұңғыш рет аузынан шық-
қан «шырағым-ау» деген сөзді іштей қайталаумен болдым (Д. Исабеков).
220
◊ Оны да дәл жүретін күні қас пен көздің арасында істеді (Ə. Нұрпейісов).
◊ – Шұрқ етпе, бәйбіше. Шалың өзіне қызмет тауып қайтты.
– Қас пен көздің арасында не қылған қызмет ол далада жатқан?
(Қ. Жұмаділов).
ҚАС-ҚАБАҒЫ САЛБЫРАП – ашулану, көңілсіздену, ренжу:
◊ Аспанның қас-қабағы салбырап, алдындағы бар малынан айырылған
жылқышыдай ашулы (О. Бөкей).
◊ Мұқаш қабағы салбырап теріс қарады (Т. Сәукетаев).
◊ Ренжігені көрініп тұр, қабағы салбырап, түсіп кеткен (Б. Тілегенов).
ҚАС ҚАҒЫМ СӘТ – жылдам, шұғыл, тез:
◊ Қас-қағым сәтте санамнан жүгіріп өткен әлгі ойлар кімді жоғалт-
қанымды есіме түсіріп, жанымды шыжғырды (Ж. Кәрменов).
◊ Бірақ Тайсон өз дәстүрінен жаңылмайтындай еді. Матистің
үрей үптеген әлдебір қас-қағым сәтін дәл табуы-ақ мұң екен
мақсатына бірден жетті («ЕҚ» 17.12.1995).
◊ Екінші жақтан Еспембет те жанаса берген. Намжыл-Шерік найза сіл-
теп үлгермеді. Кенет Еспембеттің қолындағы алдаспан жарқ етті де, қал-
мақтың дулығалы басы допша домалап жерге үсті. Осының бәрі қас-қағым
сәтте, тым тез болғаны сонша екі жақ та ештеңенің байыбына бара алмай
аңырып қалды (Қ. Жұмаділов).
ҚАС ҚЫЛҒАНДА – істің реті, орайы келмеу:
◊ Бәрінен де ол бүгін азат анық…Көршілерін түгелдей таза танып…
Қас қылғанда бәрі де үй жанында, Бес минутта келеді алып («ЕҚ»
30.01.1998).
◊ Оларға қар аралас жаңбырдай өтірік-шыны аралас жауап беріп жат-
қанда, қас қылғандай обком хатшысы да қастарына кеп әңгімені ұйып тың-
дай қапты (Д. Исабеков).
◊ Қас қылғанда Жанар кешігіп, келе қоймады (Б. Тілегенов).
ҚАСІРЕТ ШЕГУ – уайым, қайғыдан азаптану:
◊ «Неге… неғып келмейді?.. Оған бір нәрсе болған ғой, құдай-ау!» –
деп іштей ашына, қасірет шеге бастады (Р. Мұқанова).
◊ Мынау құла далада, бір қас қағым ішінде ғажайып қылмыс жасал-
ғандай оның сезімтал жүрегі қасірет шекті. Тіпті жаңа данасын тауып-ақ
қойсын, сонда да ол Əнуардікі болмайды ғой енді (Ғ. Қайырбеков).
◊ Өз қайғысымен қан жұтып қасірет шегіп жүрген жұрт көрген жерде:
«Е, бейшара-ай!» – деп аяушылық білдіргені болмаса, онша мән бермейтін
(Т. Сәукетаев).
221
ҚАС-ҚАБАҒЫН АҢДУ // БАҒУ // ҚАРАУ – біреудің көңіліне, жай-
күйіне қарау:
◊ Ақынның қас-қабағын аңдып отырған жұрт жосықсыз қолпаштамай,
сабыр сақтап, әңгіменің соңын тосты (Ж. Кәрменов).
◊ Қасындағы екеудің біреуі – бұларға таныс жалпақ бет қара Бегәлі де,
екіншісі – жағына пышақ жанығандай тыриған, жылтыр көз, қара торы жігіт
те жуан сарының қас-қабағын баққан сыңайы бар (М. Айымбетов).
◊ Тіпті қас-қабағыңа қарап үндемейін десем де қоймадың ғой, өл де
маған (М. Əуезов).
ҚАСҚАЛДАҚТЫҢ ҚАНЫНДАЙ – мүлде мардымсыз, жетпейтін,
аз деген мағынада:
◊ Ең қиыны, Барақ та, Бөгенбай да жалғыз емес. Мұндайда өкпелеген
ағайын өзі ғана кетпейді, қазақ үшін қасқалдақтың қанындай бірер мың
сарбазды соңынан ерте кетеді. Береке-бірлігі жоқ, бәтуасыз елге хан болған
адамның да маңдайының соры бес елі… (Қ. Жұмаділов).
◊ Əуіт салып, тоған салып, бұлақтың суын жиып, «көлшіктеп», содан
қасықтап қана бөліп алатын қасқалдақтың қаны бұл (Ш. Мұртаза).
◊ Мұндай жерде о баста қасқалдақтың қанынан қадірлі ақшаның
уақыт өте келе, іші қыза келе суға айналатыны болады (А. Нүсіп).
ҚАСЫҚТАЙ ҚАНЫ ҚАЛҒАНША – бар жан-тәнімен, соңғы демі
қалғанша әрекет ету:
◊ «Қасықтай қаным қалғанша жаумен соғысам, Шошақ адырды жау-
ға қайтып бермеймін, антым осы» дедім мен өзіме-өзім (М. Ғабдуллин).
◊ Енді ескермегенді қойып, қасықтай қаны қалғанша айырылмауға
бекініп келеді ішінен. Кілттен айырылмаса биені бұлардың әкете алмай-
тынын аңқау басы енді түсінді (А. Жүнісов).
◊ Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы
аттану, қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп, дұш-
паннан Отанды қорғап алу халқын сүйген әрбір ер жігіттің азаматтық бо-
рышы (Қ. Исабаев).
ҚАТУ // СУЫҚ ҚАБАҚ – ұнатпау, жақтырмау, суық қарау
◊ Осы кездер ішінде Балcaяның Төлеутайға суық қабақ танытып, жақ-
тырмай қарағанына Азаматтың өзі де талай-талай куә (А. Мекебаев).
◊ Тағы да бір шешілмеген түйіндері бардай қату қабақ, түйіліп келіп
түсіп жатыр (Ғ. Мүсірепов).
◊ Күн қақтаған қара шалдың қатулы қабағының астында жатқан екі
бас та ессіз (А. Алтай).
ҚАУАҚ БАС – ақылы аз, жалқау, қазымыр адам туралы:
◊ …Алтыншы класты тауыса алмай қойған қауақ бас Жақанды қай
ауруына дерт қылсын («АТ» 16.05.2013).
222
◊ Aндағы отырған жеріңде не қылайын, сүйегіңді күл қып жіберейін бе
осы! Оңбаған, қауақ бас неме! (Е. Мырзахметов).
◊ Неге десеңіз, аупартком мен ауаткомда дайындалатын қағаздардың
бәрі, жоғарыға жіберілетін ақпарат, хабарламалардың дені ежелден-ақ осы
советтік кеңсенiң қазымыры қауақ бас шалдың қолынан өтетін (О. Сәрсен-
бай).
ҚАШПАҒАН СИЫРДЫҢ УЫЗЫ (-на) ҚАРАТУ– бола қоймайтын,
бұйыра қоймайтын нәрсеге үміттену, дәмелену:
◊ Бізге тек өз күшімізге сүйенуге тура келеді. Сырттағы көрші елдерден
көмек күту – қашпаған сиырдың уызы (Қ. Жұмаділов).
◊ Қашпаған қара сиырдың уызына қарайтын ақымағың біз емес. Бере-
рің болса, қазір бер! (Ж. Арыстанов).
◊ Асылы, сен мені қашпаған қара сиырдың уызына қаратпа (Е. Домбаев).
ҚАЯУ КІРУ // ТҮСУ – реніш, күдік, көңіліне алу деген мағынада:
◊ Жастардың өміріне бір қаяу кіргендей ойын-күлкі енді ерсі болғандай
болды (Ғ. Мүсірепов).
◊ Нетейін қанын жүктеп осы иттің деп, Анадай жерге лақтырып тастай-
ды енді. Басылып Қодар көңілі болды баяу, Бір сұмдық көңіліне кірді қаяу
(«Баян Сұлу-Қозы Көрпеш»).
◊ Бархан, міне, қырықтың бесеуіне келді – ертеңнен қара кешке дейін
тыным таппай қанша еңбектенсе де, буыны босап шаршаған да, көңіліне
қаяу түсіп жалыққан да емес (О. Бөкей).
ҚИҚУ СӨЗ – күмәнді, шындығы аз дақпырт, бос сөз:
◊ Бір-екі күнде қалаға қиқу сөз де тарап үлгерді (Р. Мұқанова).
◊ Сондықтан Сәбеңнің көзі тірі кезінде де, дүниеден өткен соң да басы-
нан қиқу сөз кетпей қойғаны (Т. Кәкішев).
◊ Өзі онша Құмар емес шулатқанға,
Қиқу жоқ сөз тыңдайтын құлақтарға,
Керегін Алдырады сырттан ептеп,
Айтқанын Орындатып дубактарға! (Б. Əлімжанов).
ҚИТЫҒЫНА ТИЮ – намысына тию, жеке басына тиісу:
◊ Ол қылығы қитығына тиіп, сары шал Өкеннің бетіне ұрсып таста-
ғысы келіп ежірейе қарады (Б. Нұржекеев).
◊ Қитығына тиіп нем бар ?-Бәле де қытықшыл емес (А. Сүлейменов).
◊ Бір мосқал мас кісі елдің қитығына тиіп, неше түрлі сөз айтып
келеді (С. Оспанов).
ҚИЯНАТ ЖАСАУ – зорлық, әлімжеттік жасау, басыну деген ма-
ғынада:
◊ Аяғын аттап басқан сайын әлдекімге қиянат жасағандай көңіліне әр
нәрсе бір сумаң етіп, орала береді (Р. Мұқанова).
223
◊ Ол кісіңіз әділетті емес, жұртқа қиянат жасады. Өмірзақ тағы да
шыдамсыздық көрсетті (Т. Тілеуханов).
◊ Өзінің соңынан ілесіп, аяғын алып желкілдеп жетіліп өсіп келе жат-
қан әне бір өндір жасты сабағынан қиып жібере жаздады: көрер көзге қия-
нат жасады (Д. Досжан).
ҚОЗЫ КӨШ ЖЕР – халықтық өлшем бойынша аса қашық емес,
жақын жер:
◊ Қара орманға қозы көш жер қалғанда соңдарынан өріп келе жатқан
жау танкілерін көрді. Соңында қаптаған автоматшылар. Бұларды байқама-
ған секілді. Олар сол араға бекініс жасап, танкілердің келуін күтті (Ғ. Жұма-
тов).
◊ Осыдан қозы көш жерде, теп-тегіс жасыл алаңқайда бір ұя қаздың
жұмыртқасындай болып үлкен ақ ауыл отыр (Қ. Жұмаділов).
◊ Жемнің аңғары қозы көш жерге дейін жыпырлаған өліктен көрінбей
кетті (М. Мағауин).
ҚОЗЫ КӨГЕНІНДЕЙ // ӨРІСІНДЕЙ – халықтық өлшем бойынша
өте жақын, таяу жер:
◊ Үйден қозы көгеніндей жер ұзап шыға берді де, «осы ештеңе ұмытқан
жоқпын ба?» – деп ойлап, аттың басын тартты (Ə. Нұрпейісов).
◊ Былайғы жұрт жарқыраған жазда жас қозының етін жеп, қымыз ішіп,
шалқып жүргенде, қол шалғымен бел жазбай істеп жатқанда тәтті ойын
қозы өрісіндей жерде, сары адырдан құлап келе жатқан көп жылқының тұяқ
дүбірі бұзып жіберді (Т. Рахымжанов).
◊ Жүз аттың алдында қозы өрісіндей жер жеке келді ғой (З. Ақышев).
ҚОЙ АУЗЫНАН ШӨП АЛМАУ– кең пейіл, момын, сыпайы, биязы:
◊ Əсілі, Əбілмәмбет жаугершілік заманда туып-өскенімен, кескілескен
тартыстың, ашық жаулықтың адамы емес-тұғын. Досқа да, дұшпанға да
алды кең, мінезі жұмсақ. Тар кезеңнің өзінде қазақтың баяғы қой аузынан
шөп алмас кең пейілдігіне тарта береді (Қ. Жұмаділов).
◊ Бәрі де бейкүнә, қой аузынан шөп алмас момын, сыпайы, – деп
ойлады Ережеп (Д. Исабеков).
◊ Байғұс балам-ай, қой аузынан шөп алмайтын бір биязы едің, менің
көзім жұмылған соң, қалай күн көрер екенсің? – деп әкесі қатты уайымдап
еді («ЕҚ» 28.08.1998).
ҚОЙ ҮСТІНЕ БОЗТОРҒАЙ ЖҰМЫРТҚАЛАУ – тыныш, бейбіт,
мамыражай өмір:
◊ Ел тыныш, қой үстіне боз торғай жұмыртқалап, ақ түйенің қарны
жарылып жатқаны мынау (Д. Исабеков).
224
◊ Сол себепті де ол патша өкіметінің жергілікті тоңмойындарына жаз-
ған хатында, қазақ руларына жолдаған үндеулерінде өзінің «ата жолынан
айнымайтынын», «Абылай атасына қараған жер-су үшін» жан аямай күре-
сетінін және «Абылай заманында қазақтардың емін-еркін, тыныш өмір сүр-
генін» олардың естеріне салып, сол қой үстінде бозторғай жұмыртқала-
ған заманды орнатқысы келетінін айтады (Хан Кене).
◊ Ас та-төк заман болып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, ит ба-
сына іркіт төгіліп жатса бір сәрі? («ЕҚ» 18.11.1998).
ҚОЙДАН ДА ЖУАС // ҚОҢЫР – ешкімге зияны жоқ, момын адам
деген мағынада:
◊ Алмас – қонақ, қойдан да жуас. Жалғыз-ақ Зипа батылы барып:
– Өлмес, балықты құртқан сенсің! – деді (М. Құмаров).
◊ Əй, болсайшы енді. Мына бала жігіт басымен кішірейіп алдыңа келіп,
иіліп, қойдан да жуас болып тұр (Т. Нұрмағамбетов).
◊ Қойдан қоңыр не қылған халық еді деп, Көз жасын қайтар еді тия
алмай-ақ. Есті Ақан ұзамай-ақ мынау ақ көңілділіктен құтылады. Бәленің
басы Петрбордағы «патша ағзамда» екенін біледі (М. Жұмабаев).
ҚОЙЫН ҚҰРТТАП, АЙРАНЫН ҰРТТАП – шаруасын істеп, өз
жанын өзі бағып жүрген деген мағынада:
◊ Енді бұл жолы жаны қалса сол Қазыбектің байлары сияқты қойын
құрттап, айранын ұрттап, қатын баласының қасында жан баққаннан
абзалы жоқ (Ж. Сәмитұлы).
◊ Мыңғырған мал өсіріп, қойын құрттап, айранын ұрттап көшіп-
қонып жүрген көшпелілер де пайдаланды (Х. Маданов).
◊ Жылағанның қасында, жығылғанның басында сен болмасаң әр сайда,
әр таудың қуысында қойын құрттап, айранын ұрттап шаруа баққан
ағайын қалмақ қайта шапқан күні қасқыр тиген қоралы қойдан тозатынын
біле бер («Қазақтың ата заңдары»).
ҚОҚАН-ЛОҚЫ ЖАСАУ – үркіту, күн бермеу, қорқыту:
◊ Дағдылы әдетпен қоқан-лоқы жасап қорқытып, жалындырып, арада
параға қалтаны толтыра жүріп, болыс, ояз чиновниктері мен тілмаштары
партия басшыларына: «Тез бітім табыңдар» – деп әмір етті (М. Əуезов).
◊ Алдап, арбап, оған көнбегесін қоқан-лоқы жасап қорқытты (С. Досанов).
◊ Əшейін қорқытып, қоқан-лоқы жасап тұрғанын түсініп еді Сабыр
(Е. Мырзахметов).
ҚОЛ-АЯҒЫН ЖЕРГЕ ТИГІЗБЕУ – тез арада, көп уақыт өткізбей
істі тындыру деген мағынада:
◊ Одан арада бірер жыл өтпестен, СМУ-дың бас инженері, одан қол-
аяғын жерге тигізбей басқарма бастығының жабдықтау жөніндегі орын-
басары етіп жоғарылатты (Қ. Жұмаділов).
225
◊ Қолма-қол поезға билет алғызып, қол-аяғын жерге тигізбей, салғы-
зып жіберіп едім (К. Жүнісова).
◊ Нұрбала: «Мен шаршап тұрмын», – деп үйіне қайтқысы кеп еді, жаңа
қойылымның буымен желігіп алған екі-үш желөкпе жігіттер оның қол-ая-
ғын жерге тигізбей, жеңіл машинаға сүңгітіп жіберді (Т. Рахымжанов).
ҚОЛ БАЙЛАУ БОЛУ– кедергі келтіру, жолына бөгет болу:
◊ Бұқарбай мен Наурызбай. Салар еді ойранды. Мінгесуі бір атқа,
Олардың қолын байлады (Хан Кене).
◊ Қоңыр өлеңмен қожайынның қолын байлап, Қалжыңмен қақпақыл-
дап ауыз ашытамыз (К. Əмірбек).
◊ Қу заманның қиян-кескі шым-шытырық кезек күттірмес мәселелері
қол байлау болды ма? (С. Зиманов).
ҚОЛ БОЛУ // ЖИНАУ – өз алдына әскер болу, көп адам, әскер жи-
нау:
◊ Кенесары ер болды, Ел ішінде бір болды. Қашқан, босқан жиылып,
Өз алдына қол болды (Хан Кене).
◊ Түркістан және далалық өзбектер тайпаларынан қайыспайтын садағы
бар сансыз және есепсіз қол жинады (Қ. Нұров).
◊ Райымбек он күн ішінде мыңнан аса қол жинады. Aбайлап қараған
адамға жиналған жігіттердің бұл жолғы түр-тұрпаттары да, көңіл-күйлері
де сонау «Ақтабан-шұбырынды» кездегіден өзгешелеу көрінді (Ж. Тұрлы-
баев).
ҚОЛ БҰЛҒАУ – қолдың қимылымен өзіне шақыру, назарын аудару:
◊ Кейде тіпті көкейіндегі әуенге осы Елес қол бұлғап, қолын селтеңде-
тіп, нотаның ұзақтығын, қысқа қайырымын көрсетіп әлек болды (Р. Мұқа-
нова).
◊ Бәрі маған күлімдеп, қол бұлғайды (Ғ. Мүсірепов).
◊ Осы кезде Жоңышқаға су беретін беларықтың үстінен біреу бұларға
қарай қол бұлғады (С. Адамбеков).
ҚОЛ ЖҰМСАУ – біреуді ұру, жәбірлеу, күш көрсету:
◊ Ұмыт болған қол жұмсау бәрін таң қалдырды (Ғ. Мүсірепов).
◊ Мұнда парторгке қол жұмсап, оған пышақ ала ұмтылған Семен
Петрович Шадров бригадирлік қызметінен алынып, ісі сотқа берілсін
(И. Салахов).
◊ Жарымжан кісіге қол жұмсап, масқара болар жай жоқ (Р. Өтесінов).
*ҚОЛ ҚУСЫРУ – 1. Кешірім сұрау. 2. Сәлем беру. 3. Босқа жүру,
отыру:
◊ Біраз жұрт Тәуекелдің алдына қол қусырып келіп кешірім сұрады
(Т. Нұрмағамбетов).
226
◊ Əудем жерден аттарын тастап, жаяулаған, көк күйменің баспалдағы-
нан қол қусырып, еңкеңдей көтерілген билер мен батырлар есіктен кіріп,
«Алла жар!» айтысымен, босағаға дейін жайылған көк ала сырмақ үстіне
сылқ түсіп, қылыштарының ұшы жер соға тегіс тізерлеген (М. Мағауин).
◊ Бір уақытта бұған биязы жымиған жас жігiт қол қусыра бас иеді.
Бұл аң-таң, Əлде баяғы өзі өрттен құтқарған бала ма екен, кім білсін?!
( Ə. Асылбеков).
◊ Жастардың көбі қол қусырып босқа жүруден жалығар емес. Оларға
біреу міне, мынау жұмыс деп әкеп беретіндей (Ж. Сабыржанұлы).
◊ Халел: – Онда қалай қол қусырып отырмақсыз? Асқар: – Мен қол
қусырып отырған жоқпын. Күнде сол шейхтен стадиондағы тұтқындарды
босат деп өтінемін. Бірақ ол көнбей тұр (Қ. Руспаев).
*ҚОЛ САЛУ – 1. Соғысу, күш көрсету. 2. Біреудің дүниесіне көз
тігу:
◊ Айнала беріп әккі жау, Жағаға қол салады, Жұлқып тартып қалады.
Шамырқанып, шамданды, Буырқанып, бұрсанды, Мұздай темір құрсанды
(«Ноғай жырлары»).
◊ Сонда тұрып Домбауыл, Қорамсаққа қол салды, Суырып алған қу же-
бе Көп Оғына жол салды, Кезегендей қалады ... ердің қасы деп, Қақ жүрек-
тің тұсы деп, Өлер жерің осы деп, Толғанып тұрған Тарғынды Толғап алып
салады («Батырлар жыры»).
◊ Мына пісіп қалған арпаға Қорғанбай қол салғанда, менікі не тұрыс
(Ш. Мұртаза).
ҚОЛ СОЗЫМ ЖЕР – жақын, тиіп тұрған жер:
◊ Ол жақын жерде, қол созым жерде үлкен қара ағаштың діңі бар, ең-
бектеп, шұбатылып соған жетсе, соған жетіп басын соқса қаттыға, тіл тарт-
пай кетсе (Ə. Тарази).
◊ Қол созымдағы есікке жеткенше кәрі жүрек лүпілдеп аузына тығыл-
ды (Б. Мұқаев).
◊ Сосын бұл қашан қасына барғанша тырп етпей тосып тұрды. Қол со-
зым жер қалғанда барып тіл қатты (Ə. Кекілбаев).
ҚОЛ ҮЗУ – бір нәрседен айырылып қалу деген мағынада:
◊ Есімім – Орынбасар. Атбасар жақтың қазағымын, соғыста алған
жарақат қайта қозып, Ленинградта оқып жүрген жерімнен қол үздім
(Ш. Құмарова).
◊ Еркіндіктен қол үзу қанша ауыр болғанмен, адам баласы бірте-бірте
бәріне де көндігеді екен (Қ. Жұмаділов).
◊ Əйтсе де поселкеден Омар қол үзіп кете қойған жоқ (С. Сейфуллин).
ҚОЛ ҰШЫН БЕРУ – жәрдем беру, көмектесу, демеу беру:
◊ Ол үшін қазақ ағайындар бізге қол ұшын беріп, ата мұрасын қайта-
рып алуымызға көмектесуі керек! –деді Əмірсана (Қ. Жұмаділов).
227
◊ Не де болса сырқат адамға қол ұшын беріп, қолтығынан демеп үйіне
апарып салайын деп, кеңсеге баса-көктеп кіріп бардым (Ə. Асқаров).
◊ Атырауда, Қарақалпақстанда, Өзбекстанда, Маңғыстауда, Орынбор-
да, Орскіде, Талдықорғанда тұратын шалқарлықтардың жан ұялары, кейбір
кәсіпорын ұжымдары қаржылай да, былай да үлес қосты, қол ұшын берді
(Т. Төреханов).
ҚОЛҒА ҚАРҒА ТЫШУ – пайдаға, олжаға кенелемін деп үміттену:
◊ Біздің қолға да қарға тышар, тұра-тұр, Түркістандағы қызым төркін-
деп келсін… деп қайсыбірі алда тұрған қуанышын айтып,… әзілдеп болса
да байқатып өтеді (Д. Исабеков).
◊ «Ауылыңда жаңалық көп, Құлып та бар, твист те бар, Отырмассың
қамалып, Ғайыптан лотореядан ұтарсың, «Қолыма қарға тышар» деп»
(Н. Хасенов).
ҚОЛДЫ БАЙЛАУ – істің жүзеге асуына кедергі болып тұрған нәр-
се деген мағынада:
◊ Бірақ қолды байлап жүрген бір пәле тағы бар (Ғ. Мүсірепов).
◊ Қолды байлап отырған бала жоқ, Əйдай кеп дәурен сүре берейік
(М. Мақатаев).
◊ Арқада орақ алды ұрар бұршақ, Aқ жаңбыр қолды байлап тұрар бір
сәт. Тауып көр, табиғатқа амал жасап (К. Мырзабеков).
ҚОЛДЫ БОЛУ – ұрлап алып кету деген мағынада:
◊ Оған таяуда ғана қолды болған министр көлігінің небәрі 9 күнде та-
былғандығын айтсақ та болады («ЕҚ» 29.11.2016).
◊ Жүк артқан КамАЗ-дардың тоналып, көліктердің толассыз қолды бо-
луы соның айғағы. Үптелетін де солардың жиһазды үйлері («АТ» 21.05.2012).
◊ Кәрімнің де баяғы қойшы кезіндегі он алтыншы мылтығы қолды
болып кете барды (Ə. Асқаров).
ҚОЛДЫ-АЯҚҚА ТҰРМАУ – шырылдап жылау, елпілдеп тұру, бір
орында тұрмау:
◊ Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, шыр
етіп, қолды-аяққа тұрмай безілдеп кетуші едің (Р. Мұқанова).
◊ Мұндайлар арыдан патша ағзамның, беріден кейінгінің аты-жөнін
әредік-әредік қыстырып қойып мұрнын жаңадан тескен тайлақша, қолды-
аяққа тұрмай елпілдей бермек (А. Сүлейменов).
◊ Қолды-аяққа тұрмайтын бейне бір құйын тәріздімін, бұзауды ба-
сып озып, жосылтып, о жағынан бір шығам, бұл жағынан бір шығам
(Б. Соқпақбаев).
228
ҚОЛҚА САЛУ – бір нәрсені алу үшін, білу үшін өтініш жасау, сұрау:
◊ Ефрейтор Иван екі шөлмекті еңсеріп алған соң тосын да жұмбақ
қолқа салған: – Сен барып жүретін әлгі… Кім еді?.. Молла Мұрат, әлгі…
он сегіз ұлы, он үш қызы бар… солармен мені таныстыршы (Ə. Тарази).
◊ Қолқам бар, Аллочка, салатын (Ғ. Мүсірепов).
◊ Сол себепті қазақ тілмашқа қолқасын салған (М. Əуезов).
ҚОЛҚАСЫ СУЫРЫЛУ – жан дүниесі, іші езіліп, қиналу:
◊ Шешесінен ап-анық айырылғанын, қолқасы суырылып, анасымен
бірге кетіп бара жатқанын енді аңғарғандай (Р. Мұқанова).
◊ Қостарды аралап, жай-жапсарға қаныққанда қолқасы суырылып, жү-
регі жидiп жүре берді («Шешендік сөздер»).
◊ Осы сөзден кейін бұл сап тыйылған, қайта қолқа салған жоқ, Азамат
екеуінің маңдайынан иіскеп, торы атына мініп, қайырылып қарамастан жел-
дірте жөнелгенде, қолқасы қоса суырылып бара жатқандай сүлесоқ тұра
берді (А. Смайылов).
ҚОЛМЕН ҚОЙҒАНДАЙ – анық, ашық, нақ, дәл деген мағынада:
◊ Жалпы адамдардың, оның ішінде Дарқан Тәжібаевич секілді қат-қа-
бат күрделі кісілердің мінез-құлқын қолмен қойғандай бірден айта салу
қиын (Қ. Жұмаділов).
◊ Ғабең генералға екі ойлы жүзбен тесіле қарап: – Тым қолмен қой-
ғандай екен. Бұл қай мәліметтен? – деп сұрады ішкі күдігін жасыра алмаған
ол (Т. Елеусізов).
◊ Сол күні оның қорасында қанша қой қамаулы тұрғанын, оларды кімге
сатқанын Мұхтар дейтін шофер қолмен қойғандай етіп дәлелдеп бере ала-
ды (Ж. Рахматуллаев).
ҚОЛТЫҒЫНА КІРУ – жеке басы, өзінің қамы үшін күн көру, бі-
реуді паналау:
◊… Кейбір ауылдар енді қара суықтан ықтаған көтерем қозы-лақтай
Қоңырқұлжаның қолтығына кіре түскен (І. Есенберлин).
◊ Табақтас Ықшылбай мен Жапар қалды. Орнына Жарқынбай боп
жаңаланды. Түлкідей Ықшекеңнің бұлаңы бар, Жақындап қолтығына кіріп
алды (І. Жансүгіров).
◊ Ал, Ханәлидің қолтығына кіріп алу үшін «Кәкішекең тап бүгін, тап
қазір, Асаталға тартады, одан Алматыға тартады, менің осы ақылым – ақыл!
(Ə. Тарази).
ҚОЛТЫҒЫНАН СҮЙЕУ – көмектесетін, жәрдемдесетін сүйеніші,
демеушісі бар деген мағынада:
◊ Жұмысқа кім алды екен өзін? Е, сенетін, қолтығынан сүйейтін
біреуі бар да (М. Рәш).
◊ Ондайда өзінен басқа қолтығынан сүйейтін бір жан жоқ. Ағасы
229
Орақ құм ішінде. Paсында да, кемпір-шалды келінді ғып, бір қуантып,
арқа-жарқа ғып тастағанның не айыбы бар? (Б. Алдамжаров).
◊ Ер жігіттің үш жұрты болса, оның бірі қолтығынан сүйейтін наға-
шы жұрты (Б. Сапаралы).
ҚОЛТЫҚҚА ДЫМ // СУ БҮРКУ – бір іске қайрау, көтермелеу,
мақтау деген мағынада:
◊ Кезінде даурықпа дақпырттың күшімен, қолтығына дым бүркіп,
дандайсытып алған жалған данышпандар мен шала классиктердің арасына
уақыт өз іріктеуін жүргізетіні сөзсіз (Р. Нұрғалиев).
◊ Батыр боп кімді мұқатып жүргенін кім білсін. Əйтеуір қолтыққа дым
беру ғой (М. Əуезов).
◊ Сағыздай созып қайтейін, айналасына қараулығымен аты шыққан қа-
рағымның қолтығына суды бүркіп жүріп, әупірімдеп ашып алдым ғой осы
газетті (С. Əлжіков).
ҚОЛЫ АУЗЫНА ЖЕТУ – ел қатарына іліну, жағдайы түзелу:
◊ Егер өз қолымыз өз аузымызға еркін жетсе, кісідегінің кілті аспанда
деп өзгеге жалтақтамас едік («ЕҚ» 7.06.1994).
◊ Мен үшін балалар тарықпаса, қолы аузына жетіп тұрса болғаны
(Т. Қаупынбаев).
◊ Iзiнен ерген тұяғы өз қолы өз аузына жетіп, ат жалын тартып мін-
генше жол көрсетіп, жүре тұру керек-ау, – деді (Б. Алдамжаров).
ҚОЛЫ ҚЫСҚА – кедей, тұрмысы, жағдайы төмен:
◊ Қолы қысқа көршіге үй салып беруге немесе егiнiн орысып, шөбін
шабысуға көп болып көмектесу ата-бабамыздан бері келе жатқан салтымыз
екенін білмейміз бе? («Жұлдыз» №12. 1998. 97).
◊ Бірақ шаруаның қолы қысқа, ен жатқан мырзалықтан жұрт қолын
тартқан да жоқ (Ғ. Мүсірепов).
◊ Менің балам қолының қысқалығына қарамай, анаған да, мынаған да
араласып, ертеңді-кеш қарап отырмай, сауда қылатын еді ғой (М. Əуезов).
ҚОЛЫ ТИМЕУ – жұмыстан, шаруаның көптігінен уақыты аз,
болмау:
◊ Менің қолым тимей жүргенін білмеймісің… (Ғ. Мүсірепов).
◊ Мелс шырағым, байқаймын шаруа басты боп қолың тимей жүрген
секілді (Ə. Асқаров).
◊ Əкесі Сәрсен Нұрбаевичтың мұнымен айналысуға қолы тие бермей-
тін (Қ. Жұмаділов).
ҚОЛЫ ҚҰТАЙМАУ – жолы болмау, ісі оңға баспайды деген мағы-
нада:
◊ Қанша тапса да, қолы құтаймады, алдына мал салмады (Қ. Найманбаев).
230
◊ Осы дүкенге-ақ жібі түзу адамның қолы құтаймады, – деп қиналды
қолқа салушы, – бірі олай, бірі бұлай (Ж. Түменбаев).
◊ Тек қолы құтаймай соның бәрі қазір қара жердің құшағында
(Ə. Нұрпейісов).
ҚОЛЫ ҰЗЫН – тамыр-танысы көп, дәулеті де бар, басқаларға
қарағанда мүмкіндігі мол деген мағынада:
◊ Малы бардың несі құриды. Қолы ұзынның өрісі де кең (М. Əуезов).
◊ Есік жаққа қараған Бижамал мен Мұстафа сақал-мұрты өсіп, бет ау-
зын жүн басып кеткен ұзын бойлы, ұсқынсыз біреуді көрді. Өзі ұзақ жыл
төсек тартып жатқан науқас кісідей. Тұлпарының барында Тұяқтың қолы
ұзын еді (С. Досанов).
◊ Қолы ұзындар ғана баласын оқытатын заман болды ғой бұл өзі.
Оқуың қалай? Үшің көп пе? – Екі сабақтан ғана төрт, қалғаны бес (Н. Қапал-
бекұлы).
ҚОЛЫМЕН ОТ КӨСЕУ – арандату, араға от салу арқылы өз пай-
дасын көздеу:
◊ Өйткені астыртын жылқыны егініне түсіріп отырған, ұрғызып отыр-
ған, бәрін-бәрін істеп, отты Құрманның қолымен көсеп отырған – Əбіш
байдың өзі (М. Əуезов).
◊ Өзге біреудің қолымен от көсеп, сыртынан ғайбат сөз айтып қара-
лаудың неше түрлі тәсілін меңгерген адамды қанша бүркемелесе де қара-
пайым көпшілік біледі (Ə. Асқаров).
◊ Идеологиялық мәселенің өзінде де басқаның қолымен от көсеу ар-
қылы әрекет ететін ысқаяқ отаршылдықтың жымысқы тәсілін сездіріп отыр
деген сөз (М. Мырзахметов).
ҚОЛЫН ҚАҚПАУ – қарсы келмеу, дегеніне көне беру:
◊ Осы Аманның да бетіне келіп қолын қақпай өсірді. (О. Бөкей).
◊ Қонақтың қолын қақпау ізетімен кеткендей болған (Т. Иманбеков).
◊ Өй, көбейіп кетті ғой, – деп қашқақтаған қонағының ықтиярына қара-
мады. Ол да Қайраттың бұл құбылысын өзінше түсініп, одан әрі көп қолын
қақпаған. Тап-таза мас болыпты (Қ. Түменбаев).
ҚОЛЫН ҚОЛ, БҰТЫН БҰТ ҚЫЛУ – быт-шытын, тас-талқанын
шығару, паршалап тастау:
◊ Қолын қол, бұтын бұт қып тартып алмасаң бұл енді менікі, – деді
ол тістеніп (У. Қалижанов).
◊ Шіркін-ай, аузыңды арандай ашып айқайласаң ғой, жер бауырлап жа-
та қалып жыласаң ғой, қолыңды қол, бұтыңды бұт қалпында жұлып-жұ-
лып алып, лақтырсаң ғой жан-жаққа, он саусақты шеңгелдеп салып жібе-
ріп, ішек-қарныңды қопарып алып шығып, шашып-шашып тастасаң ғой
(Ə. Тарази).
231
ҚОЛЫНА ТҮКІРУ – бір іске белсене, білек сыбанып кірісу:
◊ Осындай жағдайға жеткен Едіге енді тек Тоқтамыстың Ақсақ Темір,
не орыс князьдерімен соғысып, тағы бір таяқ жеген кезін күтіп, қолына
түкіріп дайындала берген (І. Есенберлин).
◊... Əлденге күйінгендей, әлде кек алатын кезек келіп, қолына түкіріп,
кіжінгендей пішіні бар еді ( Ж. Аймауытов).
◊ Штральзунд гарнизоны Гитлердің бұйрығын орындауға білек сыба-
нып, қолына түкіріп отыр (Қ. Исабаев).
ҚОЛЫНАН КЕЛСЕ, ҚОНЫШЫНАН БАСУ – қолында билік бар
кезде ойына келгенін істеу:
◊ Нағашы-еке, қолыңыздан келіп тұрғанда, қонышыңыздан басып
қалмайсыз ба? Ұзында кеткен өшіңіз, қысқада кеткен кегіңіз бар шығар,
басқан қадамдарыңызды көре алмайтын небір дұшпандарыңыз да бар шы-
ғар. Сіз де жұмыр басты пендесіз ғой (А. Қонарбаева).
◊ Директор қолынан келгенсін, қонышынан басып билеп тұр
(К. Əмірбеков).
◊ Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас дегендей, билікті қолына алған-
нан бергі екі-үш жыл ішінде жылмиып жүріп, жымысқы қулығын асырады.
Үндемей жүріп, үйдей пәле әзірлеп, қарсы шыққанның қабырғасын қауса-
тады (Ғ. Сапаев).
ҚОМ ЖАСАУ – семіру, ет алу, қоңдану:
◊…Қоспақ өркеш сары атан. Қом жасамас майдан соң (Бұқар жырау).
◊ Қом жасатқан түйеге, Алабота, Тарлау мен Қараойға біткен бетеге
(Т. Шонанұлы)
◊ Ел болар он екі ру, бірі – Шеркеш,
Қом жасап сары атанға бiтедi өркеш,
Бес-алты ауыз айтайын құлағың сал,
Баян мен ертеде өткен Қозы Көрпеш («Баян сұлу-Қозы көрпеш»).
ҚОНЫС ТЕБУ – көшіп келу, орналасу:
◊ Жоңғардың жықпыл-жықпылдарында шашылған тарыдай қысы-жа-
зы бытырап көшіп жүрген көшпелі жұрт жиырмасыншы жылдардың аяғын-
да әр тұсқа кеп, жиырма-отыз түтіннен бірігіп қоныс теуіп, артельдер құру-
да (М. Əуезов).
◊ Дәл осы жерге қоныс тебу себебіңізді сұрамақ едім (М. Мағауин).
◊ Бір күні келген машиналарды қабылдаса, екінші күні ән салып, төңі-
ректі думанға бөлеген эшалондарды қарсы алды, мінбеге көтеріліп, жас
өрендерге арнап жалынды сөз сөйледі, оларды тың жерге тезірек қоныс
тебуге үндеді (И. Салахов).
ҚОҢ ЕТІН ОЙЫП БЕРУ – шын пейілімен, адал көңілімен көмек-
тесуге дайын тұру:
◊ Ақтан қолдан келсе қоң етін ойып та беретіндігін айтты (Е. Мыр-
захметов).
232
◊ Ғалиямен екеуі бір-біріне махаббат, сүйдім-күйдім деген сөздерді
айтқан емес, орынсыз әбестік санайтын, бірақ бір-бірінен жан аямайтындай,
қоң етін кесіп берердей тату тұрды, әрдайым сағынысып көрісетін, оңаша
қалуға асығатын (Ə. Тарази).
◊ Біреуге иненің жасуындай жаманшылық ойлауды білмейді, өзім де-
ген кісіге қоң етін ойып беруге дайын тұрады (Б. Соқпақбаев).
ҚОҢЫР САЛҚЫН – жайлы, салқын самал жел:
◊ Жолаушылардың алдынан жұмсақ қана қоңыр салқын соғады
(М. Əуезов).
◊ Хош иісті, қоңыр салқын жел де майда (С. Мұқанов).
◊ Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі («Жұлдыз»).
ҚОҢЫР ТАРТУ – көңілге толмау, жүдеу тарту:
◊ Бата оқушылар сол кеште үнсіз, қоңыр тартып, жайлау-жайлауына
қайтысты (М. Əуезов).
◊ Ал бүгін олардың қай-қайсысы да қоңыр тартып, жүдеп тұр. Шол-
пан бір бұрышта томcырайған телевизорды токқа жалғады. Біртүрлі басы
ауыратын сияқты ма? («Арман қанатында»).
◊ Қойыртпақ сабақтан көңіліміз қоңыр тартып шықты. Ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі ұлты қазақ болған соң қазақ тілінен беріп жүрген көрінеді
(«АТ» 3.10.2011).
ҚОРЛЫҒЫ ҰШАН-ТЕҢІЗ – жасаған зорлығы мен қиянаты көп
деген мағынада:
◊ Тегінде Қазақтың баяғыдан бері аяқ астына басылып, көрген қорлы-
ғы, көрген зорлығы ұшан-теңіз (Ғ. Мұхамедханов).
◊ Құрбылас болғансып жүрсе де, Сәтбектің сұрқия, обыр мінезінен
Бекболдың өз басы мен үй іші көрген жоқшылық, қорлықтың өзі де ұшан-
теңіз еді ( М. Əуезов).
◊ Өзінің маған көрсеткен қорлығы ұшан-теңіз, – деп әңгімелеп береді
(«Алтын жүзік» ертегісі).
ҚОСАҚ АРАСЫНДА БОС КЕТУ – екі ортада жазықсыз ілініп, қо-
сылып кету:
◊ Ол – өткен жылы қоқандықтар салған өрт. Сол өртті дер кезінде өшір-
месе, Ұлы жүз рулары қырғынға ұшырап, қосақ арасында бос кетуі мүмкін
(Қ. Жұмаділов).
◊... Ие болмаса қосақ арасында бос кеткен кейбір орташа, кедей қа-
мауға алынғаннан босатылып шықты (К. Сегізбаев).
◊ Жалпы дүрмекпен солардың біреуіне еремін деп қосақ арасында бос
кетіп жүрме (Ө. Қанахин).
233
ҚОСАҒЫҢМЕН ҚОСА АҒАР – жаңадан үйленген қыз бен жігітке
айтылатын тілек, бата:
◊ Аға әнші, ұмытпас Біржан қастарына кеп, «қосағыңмен ағар» деп жігіт
батасын беріп, бар қиынға батыл бастап тұрғандай («Жұлдыз» №6.2011.69-б).
◊ Қойның кұтты болып, қосағыңмен қоса ағар! – деп шашуға арналған
ірімшік пен құртты жаудырды-ай келіп (Е. Домбаев).
◊ Бай милығына түскен қалпағын саусағымен көтеріп, Гүлназға сәл көз
тоқтатты. – Көп жаса, қарағым, қосағыңмен қоса ағар! – деді салқын ғана
(М. Қуанышбаев).
ҚОЯРҒА ЖЕР ТАППАУ – бір орында тұрмау, тыным таппау:
◊ Жолбарыстай тордағы ыдырынып, Бос уақытын қоярға жер таппай-
ды (Қ. Мырзалиев).
◊ Сол ит өзін қоярға жер таппады. Күшіктерінің жатқан орнын иіске-
лейді, бір ауық өзен жаққа барады, бір ауық қырға шығып ішегін бұрал-
тып ұлиды кеп, содан қайтып келіп ескі жұртын тіміскілеп қыңсылайды
(Т. Ахтанов).
◊ Ол кісі өзін қоярға жер таппай айқайлай берді (Б. Мәдімқызы).
ҚОЯН ЖҮРЕК – қорқақ, үрейленгіш, секем алғыш деген мағынада:
◊ Өй, өңшең ғана қоян жүрек қорқақтар! – деп, тісін шақыр-шұқыр от
шығара қайрады да, білегіндегі сағатын шешті ... (О. Бөкей).
◊ Қоян жүрек қорқақтығы үшін басына әйелдердің тіз киімін орап,
бетіне күйе жағып, ел алдында масқараға ұшырайды (Ə. Кекілбаев).
◊ – Мұндай қоян жүректі ұялмай ұлым деуден, апа сіз, жар деуден,
Биғайша сен, қалай жұрт бетіне қарамақсыңдар?! – деп мына келін екеу-
мізге бет бақтырсайшы! Өжет-ау, өжет! (З. Мұсаұлы).
ҚУ БАС – қартайған, баласыз, жалғыз өзі қалған адам деген мағы-
нада:
◊ Ал саудасы біткен қу басқа қартайған шағында бұл ие (А. Алтай).
◊ Алды-артында баласы жоқ, баянсыз тіршілікте қу бас атанғаннан ар-
тық қорлық жоқ-ау деп мүсіркеп қарады (С. Жүнісов).
◊ Көрсетті ғой анау қу бас (М. Мағауин).
ҚУ БАСТАН ҚУЫРДАҚ // ЕТ АЛУ // ШЫҒАРУ – сараң, қолы тар,
қу адам деген мағынада:
◊ – Қу бастан қуырдақ ет алатын жігіт. Нағыз солдат. – Ол қай бөлім-
шеде, жолдас аға сержант? (Ж. Тәшенов).
◊ Бұл да қу бастан қуырдақ шығарып үйренгеннің өзі екен, бір ширек
ет деген немене, оны биекем қайтсе де өндіріп берер деген үмітпен тұр екен
(Ұ. Доспанбетов).
234
◊ – Ə-ә, бұлар көзге ғана мүләйім! ...қу бастан қуырдақ шығаратын
ақыр заманның қулары емес пе?! (Қ. Ысқақов).
ҚУ ЖАНЫ ҚУЫРДАҚ БОЛУ – елпектеп, жаны қалмай, бәйек болу
деген мағынада:
◊ Өзі жанынан жақсы сөздер қосып, қу жаны қуырдақ болып жүрді
(Б. Қыдырбекұлы).
◊ Өзі де елпектеп тұрған бір жан, не болса соған ақылын тауысып, қу
жанын қуырдақ етеді де тұрады (Т. Қаупынбаев).
◊ Қандай көмек қажет екенін сұрап, қу жаны қуырдақ болып, елпең
қағып тұрушы еді (Б. Мұқай).
ҚУ МҮЙІЗ – көпті көрген, қиындықтан тез жол табатын, пысық:
◊ Ал әскер басындағы Сайын-Бөлек Ноян – мұндай қыспақтың болаты-
нын алдын ала біліп, жол тауып шыққан қу мүйіздің өзі (Қ. Жұмаділов).
◊ Колхоз құрылғалы бірге жасап келе жатқан қу мүйіз ескі кісі (М. Əуезов).
◊ Тіршіліктің зауалы – анау тұрған қу мүйіз (Қ. Ысқақов).
ҚУ ТІЗЕСІН ҚҰШАҚТАУ – ер адамның үйленбей жалғыз жүріп
қалуы:
◊ Сенің сонау жазыңды күтіп, қу тізесін құшақтап отыра бере ме ол?
(Ə. Нұршайықов).
◊ Бұл болса жалғыз қалды, қу тізесін құшақтап (Қ. Қайым).
◊ Кейде жанашыр құрдастары есік алдында жалғыз отырған Қарпыққа
аяушылық білдіріп: – Қарпық-ау, қу тізеңді құшақтап қашанға дейін
жалғыз отыра бермексің? (Ж. Шаханов).
ҚУ ҚҰЛҚЫННЫҢ ҚҰЛЫ БОЛУ – тек қарны тоқ болса, тірлігінде
алаңсыз жүре беру:
◊ Қу құлқынның құлы боп, қу нәпсінің тұтқыны боп күн кешіп келіпті
(А. Алтай).
◊ Əзім өзінің жастығы, аңқаулығы, тәжірибесіздігі арқасында құлқынның
құлы болған қу шалдың баю жолындағы құрбандығы болады (Қ. Жұмалиев).
◊ Қыбырлап қу құлқынның құлы боп ең,
Қуарған ойлап жалғыз бас қамыңды (Ө. Қожамұратов).
ҚУАНЫШЫ ҚОЙНЫНА СЫЙМАУ – қатты қуану, масайрау:
◊ Қуанышым қойныма сыймай үйреніп алған әріптерді шимайлап жа-
зумен болам (С. Мыңжасарова).
◊ Сонда басын кесіп алады да, өзі атқа мініп ап, қатты шапты қуанышы
қойнына сыймай, қалай болса солай шаба жөнелді («Қазақ ертегілері»).
◊ Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде, қуанышым қойныма сый-
мады (Б. Соқпақбаев).
235
ҚУАРҒАН ҚУ ШҮБЕРЕКТЕЙ – өңі тозған, бозарған, қурап қалған:
◊ Бірнеше заман өтті, әйел азып тозды, қураған қу шүберектей болды
(«Ертегілер»).
◊ Қан-сөл жоқ, қу шүберектей бозарып кеткен Лексейді көтеріп, аяқ-
қолын жинап қораның сыртына шығарысады (Ə. Асқаров).
◊ Күн көзіне мейлінше қақталған сырт жағы қураған, қу шүберектей .
– Егер шөп ойлағанымыздай болса, қалай жеткізер екенбіз? – деді бала-
лардың ең соңында келе жатқан Нұраш дабырлай сөйлеп (Қ. Жаркенов).
ҚУЛЫҒЫНА ҚҰРЫҚ БОЙЛАМАУ – өте қу, пәле, арам деген ма-
ғынада:
◊ Обалай мырза, кісі аты қулығына құрық бойламайтын арамзалар
мен желдей ескен өсекшілердің, ішегіне қыл айналмайтын іштарлар мен
қызмет десе әкесін де сатып кететін мансапқорлардың қаһарлы қаруына
айналып отырған осындай газетті ашу қайдан ғана ойыңызға келді?
(С. Əлжіков).
◊ Бәсе, Қаби екеуіңнің қулығыңа құрық бойлаушы ма еді? (Б. Нұрже-
кеев).
◊ Əлгі елдің хандары нағыз кәззап, қулығына құрық бойламайтын пә-
лелер, ыза баспайтын жырындылар көрінді (Д. Досжан).
ҚУЫС ҮЙДЕН ҚҰР ШЫҚПАУ – салт бойынша үйге кірген кісіге
нан ауыз тигізу, дәм таттыру:
◊ Бай бол, кедей бол, жарлы бол, жесір бол – диуанаға барыңды бересің,
қуыс үйден ол құр шықпауы керек…(Д. Исабеков).
◊ О, Неге? Қуыс үйден құр шықпа деп есік алдынан кеткенің ырымға
сұмдық емес пе?( К. Жүнісов).
◊ Қуыс үйден құр шықпа деген ата дәстүрімізде. Жүріңіздер? – деп
бәйек болған қария бiздi бастап ене берді (Ғ. Мағзұматов).
ҚУЫСТАНЫП ЖҮРУ – әр нәрседен өз-өзінен қысылып, алаңдап
жүру:
◊ Біреу сыртымнан аңдып-бақылап жүргендей өз-өзімнен қысылып,
қуыстанып жүретін болдым (Ж. Кәрменов).
◊ Сабақтан қайтар-ау немесе әлдеқайдан оралар-ау деген уақыттарда
үйін торып, өзіме көз тоқтата қараған адам атаулыдан қуыстанып жүрге-
нім (М. Мағауин).
◊ Сонда да кейінгі кезде қуыстанып жүрмін (А. Əлменбет).
ҚҰДА ТҮСІП, ҚОЛ ҰСТАУ – салт бойынша құда түсу кезінде жа-
салатын ырымдар:
◊ Жаз ортасында Шәмшидің қайнысы келеді, құда түсері, қол ұста-
тары қабат болады деген хабар естілді (Ж. Аймауытов).
236
◊ Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік
көре келу, қол ұстау деп те аталады (М. Əуезов).
◊ – Аялдасаң, қазір аттан. Артықбайға құда түсіп қайт. Неге шошып
кеттің… Ұлпанға Есенейдің көңілі ауып жүр де (Ғ. Мүсірепов).
ҚҰДАЙ БЕРУ – тілегі орындалу, ойлағаны болу:
◊ Жолда жымың-жымың етіп бетіме қарады, құдайың берді дегені ғой,
әрине (Б. Нұржекеев).
◊ Əулиең жарды жүректі, Құдайың берді тілекті (М. Көпеев).
◊ Е, құдайың берген екен деп ойладым (Ғ. Қабышұлы).
ҚҰДАЙ БІЛСІН – ешкім білмейді, белгісіз:
◊ Егінге түскен түспегенін құдай білсін! – деп келді (М. Əуезов).
◊ Менің бойымда ешқашан, ешкімге, тіпті бірге туған бауырыма мұн-
дай сезім болып көрген емес, құдай білсін, қалай болғанын. Бұл сезімді
анықтау үшін көп айтуға болар еді, бірақ сізді мақтау қажет пе? (Е. Буке-
тов).
◊ Мені іздеп, мені таба алмай жатқаныңызды бір құдай өзі біледі
(Б. Соқпақбаев).
ҚҰДАЙ БҰЙЫРСА – тілегі орындалса, ойлағаны болса деген ма-
ғынада:
◊ Тұрыңдар енді. Құдай бұйырса, бірдеме болар. Аруақ жар болып, оң
сапарын берсін, – деді. – Айтқаның келсін, қарағым. Құдай жолыңды бер-
сін! – Уа, оң сапарын бере гөр! (М. Əуезов).
◊ Құдай бұйырса, осы күзге қарай, елу жылдықтың қарсаңында жаңа
пәтерге көшетін шығармыз (Қ. Жұмаділов).
◊ Алланың рақметімен істі жалғастырсақ, сенен бір ауыз ғана жылы
сөз, көңіл тоқтатар уәде алсам, қажы онан соң қарап қалмас, құдай бұйырса
(Қ. Мұхамедханоав).
ҚҰДАЙ ҚОСЫП, ҚҰДА БОЛУ – тілеу, үміттену деген мағынада:
◊ Сөйткен ағайынның қарызынан қалай құтылуға болады. Əсіресе
Қубастай тұлпарға қолын жеткізген Боркеңнің – Боранбай бидің қызметін
қалай ұмытарсың?! Бүгін міне, ол да сенің қимасыңды сұрап отыр. Құдай
қосса құда болайық деп қиян шетке баласын жіберіп отырғаны анау…
(Қ. Жұмаділов).
◊ Боздақ бидің ойында «Құдай қосып, құда болғысы келіп жүр ме»
деген де бір үміт бар... (Ғ. Мүсірепов).
◊ Ал ары десең, ана Ақбас Жоңғарды жоталай тартып, Ақтұма, Ақтас-
тыны басып, Ақешкі асып, Сағабүйен, Тасбекет түссек, ат басын тіресең
ұялтпас, ежелден тереземіз тең түскен, құдай қосып, енді тағы да құда-
жекжат болсақ (Ж. Сәмитұлы).
237
ҚҰДАЙ ОҢДАУ – істің ілгері басуы, жолы болу, тілек орындалуы:
◊ Қайта, құдай оңдап біздің ауыл бүліктен аман отыр десейші, – деді
Дос көңілденіп (Ə. Нұрпейісов).
◊ Енді, міне, құдай оңдап, Мүнейдің әңгімесі шыққанда, Əлінің көктен
тілегенін жерден бергендей болды. Қалмаққа қашан аттанғанша жарғақ
құлағы жастыққа тимей, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылды (Қ. Жұма-
ділов).
◊ Сыбағаң өзімменен бірдей болсын, Құдай оңдап табылса бриллиант
тас, – деген сөз салады (Д. Досжан).
ҚҰДАЙ ТАС ТӨБЕДЕН ҰРУ // ҚҰДАЙ ҰРЫП – жолы болмау, сор-
лап қалу:
◊…Мені құдай тас төбеден ұрған екен ғой… (Р. Мұқанова).
◊ «Осы мені құдай қос қолдап тас төбеден ұрмаса игі», – деп іштей
тәубалады. ... (Д. Досжан).
◊ Əй, жатысың жаман осы сені құдай ұрып қалған жоқ па тағы да?
(Қ. Жұмаділов).
ҚҰДАЙ ҮШІН – басына іс түсу, кіріптар болғанда өтіну, сұрау жа-
лыну:
◊ «Құдай үшін айтып бер» деп мені ертіп әкелді! – деді (М. Əуезов).
◊ Онда сол атты құдай үшін, өздерің алыңдаршы, маған түкке керегі
жоқ (С. Жүнісов).
◊ Құдай үшін жіберіңізші, – деп жұлқынады. Жігіт майлы шектей ай-
налдырып айырылмайды (Т. Сәукетаев).
ҚҰДАЙ ҰРЫП ҚАЛУ – аяқ астынан, кенеттен бір нәрсеге ұшырып
қалу:
◊ Құдай ұрып, ұйықтап қалмаудың амалы барлығы. Енді ұйықтаса Сән-
диласы бар, Қарашашы бар мұның түбіне тірідей жетіп тынар («ҚƏ»
22.01.2001).
◊ Құдай ұрғанда жаңағы танып қалған кемпірлердің бірі мен жақсы
көрген қыздың шешесі болып шықпасы бар ма? (Ə. Нұршайықов).
◊ Шынымен-ақ, құдай ұрып қалғаны ма мұны да? (Қ. Жұмаділов).
ҚҰДАЙҒА ШҮКІР – риза болғанда, көңілі толғанда айтылады:
◊ Құдайға шүкір, Қамқаның білімі жетіп тұр: балаларын кітап бойын-
ша тамақтандырады, кітап бойынша киіндіреді («Жалын» №1.1998. 97-б).
◊ Құдайға шүкір, аманбыз. Жайша жүрмісің? Жоғары шық, – деп апай
құрақтарынан басын көтерді (Б. Мадимова).
◊ Құдайға шүкір, әзір аман жүр (М. Дулатов).
238
ҚҰДАЙДАЙ КӨРУ – табыну, ерекше құрметтеу, сыйлау мағына-
сында:
◊ Жетесіз неме екенсің, жәй айтқан әңгімесымағыма бола құдайдай
көріп, құлдық ұрғаныңа жыным келеді (Б. Кірісбаев).
◊... Мейлі кім болса да, құрақ ұшып қонақ етіп құдайдай көріп сыйлап
жіберуге дайын тұрады (Ə. Асқаров).
◊ Поэзияны, музыканы құдайдай көретін парсылардың арасында
Хырслан ақ қарға құсап көрінгісі келмеді (Р. Есенов).
ҚҰДАЙДЫҢ ЗАРЫН ҚЫЛУ – қатты ескерту, қоймай айта беру
деген мағынада:
◊ Ана сүмелек Есіркепке мылтық әкеп бер деп құдайдың зарын қыл-
ғаным қашан! (Д. Исабеков).
◊ Себебі ол тоғыз ай, тоғыз күн тербеген жөргегінде жата бергісі келіп,
бұдан басқа қызығыңның, жарық дүниеңнің керегі жоқ деп, азар да безер
болып, анасына құдайдың зарын қылатын көрінеді (А. Естенов).
◊ Соңғы хаттарында Ақтaрлан да, Сара да бұған оқуын бітісімен елге
қайт, осында да мектеп бар, қалаған жұмысыңды істейсің, деп құдайдың
зарын қылған (А. Байтанаев).
ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰТТЫ КҮНІ – күнде, әр күн сайын:
◊ Екі туысқан құдайдың құтты күні қырық пышақ (З. Ахметова).
◊ Алты ай жаздай қора күреп табыс таптырмады! Құдайдың құтты
күні не өзі, не жақынның ісін жібереді де отырады (М. Əуезов).
◊ Сәлім құдайдың құтты күні сәскеден кешке дейін Бөкейдің үйінде
болып, өз үйіне жатарда бір-ақ оралатын (Қ. Исабаев).
ҚҰДАЙДЫҢ ОҢ КӨЗІ ТҮСУ // ҚҰДАЙДЫҢ ОҢ КӨЗІНЕ ІЛІНУ –
жолы болу, жақсылыққа тап болу:
◊ Бізге де Құдайдың оң көзі түскен екен, бізді де іздейтін жанашыр бар
екен (Ш. Мұртаза).
◊ Он алтыншы жылдың дүрбелеңінен аман қалды. Құдайдың оң көзі
түсіп, бала-шағасымен шекара асып, арғы бетке өтіп кеткен (Б. Нұржекеев)
◊ Төңірек жарқ-жұрқ еткен алтын ... «Құдайдың оң көзіне ілінген»
жігіт екен, соның бәрінен аман қалып, жеңіс күніне жетті (Ж. Түменбаев).
ҚҰДАЙЫ БЕРУ д і н и – құдайға жалбаранып, тілек тілеп садақа беру:
◊ Көршілер мен қоса Мәлік те құдайы беріп жатқан Сәнияздың үйіне
бірге кіргені сол еді, босағада состиып тұрып қалды (Д. Досжанов).
◊ Елі жиналып, үлкен той думан жасап, жетім-жесірлерге құдайы бе-
ріп, сол құдайыны жеті жыл бойы тілеп шығып, бәріне беріп отырған («Қа-
зақтың мифтік әңгімелері»).
◊ Қой, сәрсенбіге Қуантайымның садағасы деп жеті нан құдайы беріп
жіберейін (Д. Досжан).
239
ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ – шақыртусыз, күтпеген жерден үйге келген бөтен
адам:
◊ Біздің елдің салтында құдайы қонақты ешкімге жәбірлетпейді
(Қ. Жұмаділов).
◊ Қуаныштары қойындарына сыймай құрақ ұшып жүрген олар әзір қаз-
ан көтеретіндерін айтып, құдайы қонақ болып тамақтанып кетуімізді өтініп
жатыр (Т. Мыңжасар).
◊ – Бұл қайсың, әй?! – Тарғылданып шығатын жуан дауысты, қапсағай
денелі біреу қолтығынан сүйей берді. – Құдайы қонақ. Құдайы-й-ы қо-нақ.
– Құдайы қонақ. Өлуге сәл-ақ қалыпсың, құдайы қонағым (Қ. Сыдықов).
ҚҰДАЙЫН ҰМЫТУ – тәкаппар, өзімшіл, өз бетімен кету:
◊ Есігімде жүрген ессіз құл, құдайыңды ұмытқан екенсің. Бес қара
бітті деп теріңе сыймай жүр екенсің ғой сен. Қаңғыртып, қоңыз тергізіп
жіберейін. Жылқымды қан сорпа қылып қуып, атымды барымта қылып
ұстайтын сен қандай әулиесің! (М. Əуезов).
◊ Баяғыда жарықтық Айғайша айтып отыратын: табиғат адамдардың
пейіліне тартады, апат келерде пенделер құдайын ұмытып, жөнсіз тәкап-
парсып, көзін бақырайтып, қолын тарбайтып, «өзіме-өзіме» деп дүние жи-
наудан өзгені ұмытып кетеді деп (Д. Досжан).
◊ Ер жетіп қалған балалардан ыңғайсызданып жүрсем, бұл бар ғой, құ-
дайын ұмытып, есірген екен (М. Қаниев).
ҚҰЙҚАСЫ ШЫМЫРЛАУ – уайымдау, шошу, қорқу:
◊ «Апыр-ай, жаман айтпай жақсы жоқ. Əлиманың сырқаты ұзақтап
барады. Күніміз не болады?» деп ойлағанда төбе құйқасы шымырлап кете-
ді (Л. Құрманева).
◊ Бейіттөбе түнеріп, төбесінен тас тастап жібергісі келгендей төніп тұр.
Мәжиттің төбе құйқасы шымырлап кетті де, іле жүрегінің тұсынан
әлдене қысып-қысып қалғандай болды (Ж. Мусин).
◊ Кісінің құйқасын шымырлатарлық шерлі үн (Қ. Ергөбек).
ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР ЖЕУ э т н о г р. – құдаласу кезінде жасалатын
ырым:
◊ Ата-анасы батасын айтып, қызын беруге ырза болған. Құйрық-бауыр
жесіп құда болғанбыз (М. Əуезов).
◊ Мына бір қызымды құтты жеріне қондырып, құйрық-бауыр жеп, ұя-
сына орналасқанын көрсем, Шаяхмет қайдасың деп тарта беруге де болар
деп ойлады (Т. Тілеуханов).
◊ Дегенмен Селеубайдың өршелене ұмтылуымен «Білемін, мақсатта-
pың Қуанышовтың қызын бізге бұйыртпау, құйрық-бауыр жеп төс қағыс-
тырған құдалық бәтуаны бұзу ғой (А. Мекебаев).
240
ҚҰЛАҒЫ ТҮРІК – әр нәрседен хабардар болып жүру:
ҚҰЛАҒЫ
◊ Тұқжиып қалса да құлағы түрік. Атекем айта түссе екен деген тілекті
құлай тыңдауымен аңғартып отыр (Ж. Мусин).
◊ Сөзге құлағы түрік, көзі ашық, көкірегі ояу азамат. Оңашада өлең де
кестелейтін сырлы сөзге құмарлығы тағы да бар (Т. Ахметжан).
◊ Бұл кезде саяси айқастарға құлағы түрік отыратын жұрт қана ақтан
келетін хабарларды азды-көпті көтеріп те жеткен, өзгертіп те әкеткен
(Ғ. Мүсірепов).
ҚҰЛАҒЫН ЖАРУ – қатты айғайдың естілу сипаты:
◊ Келсе, айдаһарлармен бүкіл тоғайлы жерді жыртып тастаған, екі ай-
даһар сусап, іштері біріне-бірі қабысып өкіріп құлағанда, дауыстары пат-
шаның құлағын жарып кетті («Қазақ ертегілері»).
◊ Баласының осы күлкісі Жадыраның құлағын жарып, бөлменің төбе-
сін сілкіп тастап, бүкіл қаланың үстінде бар дүниеге жар салып, қалқып бара
жатқандай болды! (К. Жүнісова).
◊ Күйеуі өлгелі соқтығyғa қара таппай, жындануға жақын жүрген кер-
ауыз, долы әйел «жауың мынау» деп көрсеткен соң аянсын ба, микро-
фонның алдында тұрып айғайға басқанда, жұрттың құлағын жарып жібере
жаздады (Қ. Жұмаділов).
ҚҰЛАҒЫНА АЛТЫН СЫРҒА – мәселені, оқиғаны естімесін деген
мағынада:
◊ Сергелдеңге түсіп, суға батып бара жатқан адамның күйін кешкен
басқа басылым басшыларының құлағына алтын сырға! (К. Əмірбек).
◊ Қазіргі бизнес тұтқасын ұстап жүргендердің құлағына алтын сырға,
сол сауда-саттықтың маңайындағылардың төрт құбыласы тең дегенге өзім
сене бермеймін (М. Сембай).
◊ Ондайлардың құлағына алтын сырға, мәселенің байыбына бармай
Жатып, мұрынды байқап-байқап шүйірмесе болмайды (К. Оразалин).
ҚҰЛАҒЫНА ІЛМЕУ – сөзге құлақ қоймау, тыңдамау:
◊ Алтынторы болған жайды баяндап, мәселенің мәнісін ұғындырмаққа
орнынан тұрып: – Жолдастар, жолдастар! – деп көріп еді, мұны ешкім құла-
ғына ілмеді. Сонан соң тағы да: – Жолдастар! Жолдастар, тынышталыңыз-
даршы! – деп тағы да айтты (С. Мұратбеков).
◊ Олардың сақтандырған ескертулерін құлағына ілмей орнынан атып
тұрған бойда ана «пәленің» «жалына» қайта жармаса кетіп заулата жөнелді
(Қ. Мұсахметов).
◊ Бригадир мұның сөзін құлағына ілмеді. «Қалқам, барды бүгіп қалмай-
мын, жоқты жерден қазбаймын, барымен базар етсейші» деді (Ə. Асқаров).
241
ҚҰЛАҒЫНА ҚҰЮ – ұмытпастай түсіндіріп, миына сіңіріп айту:
◊ Сенің айыбың, – деді директор Тұрарбекке. – Жақсылығымызды асы-
рып, құлағына құйып қоймайсың ба? (Қ. Найманбаев).
◊ Кәрі шешенің өмір бойы құлағына құйып келе жатқан үгіті Жәмешті
өкпесінен оқ тиген киіктей бір-ақ топ еткізді (М. Əуезов).
Бірақ баяғы-баяғы, басына ноқта симай-ақ кеткен әкесі Рысқұл деген
кісі титтей баласының құлағына құйып айтып қойған өсиеті бар ғой: Шал-
қайғанға – шалқай, пайғамбардың ұлы емес! Еңкейгенге – еңкей, Əкеңнен
қалған құл емес! (Ш. Мұртаза).
ҚҰЛАҒЫНА ТИЮ – хабарды, әңгімені есту:
◊ Қазір де Aтaбекке аттың хабары құлағына тиіп еді, табанына біреу
шоқ басқандай ышқынды (С. Сарғасқаев).
◊ Сол әңгіменің ұштығы Жәнібектің де құлағына тиді. Онда да осы ауыл-
ға келе жатып, Қалдыбай Тиышбектен естіпті. Əуелгіде әңгіменің шыққан жері
сенімсіздеу болғасын, Жәнібек онша сене қоймап еді (Б. Алдамжаров).
◊ Таныс дауыс осы маңға жуықтап қалған. Жарылқасынның да құла-
ғына тиіп, бір орынға шегелеп қойғандай кілт кідіртті (Ж. Мусин).
ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНУ – есту, бір нәрседен хабардар болу:
◊ Құдайдың құлағына шалынар құлшылығым, қалса, мінажат дұғам-
нан қалдырмаспын (М. Əбдірахманов).
◊ Бұл Қоқан бектерінің де құлағына шалынды және ұнамайды (Хан
Кене).
◊ Өзі жауап қата алмаса да, әлгі бір әзірдегі әйелінің сыңғырлаған үні-
нің құлағына шалынып қалғанына мәз (Б. Аққожаев).
ҚҰЛАҒЫНЫҢ ҚҰРЫШЫ ҚАНУ – рахаттанып тыңдау, дем алып
қалу:
◊ – Үйбай, қайтайық, – деді, ақ сұр келіншек әдейі орнынан естірте сөй-
лей тұрып, – құлағымыздың құрышы бір қанып қалды ғой (Б. Нұржекеев).
◊ Ең бір сүйікті әннің сазын тыңдағандай кәрі құлағының құрышы қа-
нып, құрысқан көңілінің бар тамыры балбырап қоя береді (Ə. Нұрпейісов).
◊ Түрмеде жүріп те талай сиқырлы әуендер келетін құлағының құ-
рышын қандырып, «Босап шыққан соң тек музыка жазуға отырамын», –
дейтін іштей қиялдап (Р. Мұқанова).
ҚҰЛАҚ ЕТІН ЖЕУ – қайт-қайта айта беру, сөйлей беру:
◊ Е, сонда «Шойынның баласы келіншек алып қашқанда сенің күйеу
жолдастыққа да жарамағаның ба, шіркін-ау», – деп демалысқа барғанда кө-
кем құлағымның құрт етін жемей ме? (Т. Нұрмағамбетов).
◊ Мұны көрген Асылқан былай шыға бере, менің құлақ етімді жейді
(Қ. Жұмаділов).
242
◊ Кермеқас дейтін үлкен қарасұр бәйбіше күйеуінің де құлақ етін
жеген (Ж. Ахмади).
ҚҰЛАҚ ҚАҒЫС ЕТУ – алдын ала бір нәрсені ескертіп қою:
◊ Бір жолы бастыққа кіріп «мыналарың маған күн беріңкіремей жүр»
деп құлақ қағыс етіп еді (Қ. Жұмаділов).
◊ Осымен сөз доғарылады да, қонақ ертерек жол жүретінін құлақ қағыс
етіп сыртқа шығады («Көкпар»).
◊ Мен сізге тура айтпасам да, құлақ қағыс етіп едім. Аңғармаған
болдыңыз ғой. – Анау үндемеді (М. Иманжанов).
ҚҰЛАҚ ҚАҚПАУ – тыңдамау, қаперіне алмау:
◊ Бір сайлауды дұрыс өткізе алатындай бізде де демократиялық шама
бар дегендей құлағымызды қақпай қойып ек. Тас бүркеніп жатып алу
саналылықтың белгісі емес («АТ» 12.06.1999).
◊ Қарашаштай мойнына бұршақ салып, құдайдан тілеп алған жалғыз
қызының аты аталғанда да, Сүкең «Күйеу балаң келді» деп Eлтайдың түсін
түстегенде де, құлақ қақпады. Осы үйдің күйініш-сүйінішінен бейхабар ...
(М. Қабанбай).
◊ Таласбай күліп жіберді. Өзгесі құлақ қақпады. Осы отырыстарын
жақсы бейнелегеніне риза пішінмен, Бәкеңе жылы ұшырай қарап, шалқалай
жатып, жастығының басында қабырғаға сүйеулі тұрған домбырасын қолы-
на алды (Е. Рахимов).
ҚҰЛАҚ АСПАУ – ден қоймау, айтқанды тыңдамау:
◊ Бұрынырақта жөнсіз пікірлерге құлақ аспай, өрiс-қонысты өзі басқа-
рушы еді. Қазір жасы алпыстан асқан соң, өйтiп кеуделей беруге жағдай
жоқ, ешкім мұның сөзіне құлақ аспайды, бар болғаны жылқышының кө-
мекшісі ғана (Т. Мәмесейітов).
◊ – Мұстафаның аруағы риза шығар, сені туған жеріне аунатып-қуна-
тып алдым, – деген үлкен тәтенің сөзіне бала құлақ асқысы келмеді
(Р. Мұқанова).
◊ Бертін келе жұбату айту да жаттанды әдетке айналып, оған ешкім құ-
лақ аспайтынды шығарды (Д. Исабеков).
ҚҰЛАҚ САЛУ // АСУ – санасу, тыңдау:
◊ Əзімбай сынды ханымыз. Ақылға диқан данамыз. Құлақ салып тың-
даңыз («Қамбар батыр»).
◊ Осы хатты алған соң қауіптеріңізді сейілтіп, менің алдыма келіп, сөзі-
ме құлақ асу рәсімін жасаңыздар да көңілдеріңізді жайландырыңыздар
(Е. Бекмаханов).
◊ Айтар арызымызға құлақ ассаңыздар екен… (Ғ. Мүсірепов).
◊ Несіпбай сөздеріне ойланып қалған Рақым, енді бұның жайына құлақ
салды (М. Əуезов).
243
ҚҰЛАҚ ТҮРУ – дауысты, дыбысты, сөзді тыңдау, көңіл аудару:
◊ Қала адамы деген әне сол, әлгі қабақ кіржіңінен ада, бірінің құлағын
бірі жұлып жеп, әңгімеге кірісіп кетіпті. Терезеге қарап сәл отырды да, ол
енді зерігіп келіншектердің сөзіне құлақ түрді (М. Сүндетов).
◊ Жастықтан басын көтеріп, сыртқа құлақ түрді. Анда-санда жағаға
ұрған мұхит толқынының үйреншіктi сарыны келеді. Басын көтеріңкіреп,
мұхит жаққа тағы құлақ түрді (Ж. Сахиев).
◊ Сөздеріне құлақ түріп, байқайыншы аужайларын (К. Əмірбек).
ҚҰЛАҚҚА // КӨҢІЛГЕ ТҮРПІДЕЙ ТИЮ – ұнатпау, көңілді алаң-
дату, үрейлендіру деген мағынада:
◊ Бидайың қайда? – деп, Жоламанға жол бастатты. Бидайың дегені
несі? Бұл сөз Жоламанның құлағына түрпідей тиді (М. Гумеров).
◊ «Жетім» деген сөз құлағына түрпідей тиді. Қайда барса да осы бір
сөз алдынан шығып, мезі етіп бітті (Т. Дәуренбеков).
◊ Құлаққа түрпідей тиіп, көңілге үрей індеткен осынау сұрқылтай,
суық сарынның тілі де Қапанға түсінікті (М. Қаниев).
◊ Жанашыр мейір жоқ суық жандар келген жерден-ақ, Абай көңіліне
түрпідей тиген (М. Əуезов).
ҚҰЛАҚҚА ІЛМЕУ – мүлде тыңдамау, айтқанға ден қоймау:
◊ Артынан еріп келе жатқан жаяу шұбырған Дәркембайларды бірде-
бірі құлаққа ілмейді (М. Əуезов).
◊ Орта жүз бұл талапты құлаққа ілмеді. Алайда Кіші жүзде Ералы,
Айшуақ, Нұралы және олардың төңірегіндегілер башқұрттарға қысым
көрсете бастады, қолға түскен башқұрттардың көбі байлар мен сұлтандарға
бөліп берілді (Қазақстан тарихы).
◊ – Бұл істеріңнің арты өкінішті болады, – деді Ноғайбек доңайбат көр-
сетпек болып. Артымда іздеуші, сұраушым барын естеріңнен шығармаң-
дар. Бірақ оның бұл сөзін ешкім құлаққа ілмеді (Б. Тоғысбаев).
ҚҰЛАҚҚА ҰРҒАН ТАНАДАЙ – жым-жырт, тыныштық:
◊ Ұрлана басып сыртқа шықса – шаңқай түс. Құлаққа ұрған танадай
дейтін тыныштық. Меңіреу әлем (Ə. Тарази).
◊ Басқа мұғалімнің сабағында шошаңдап отыратын немелер қазір
құлаққа ұрған танадай (Ш. Мұртаза).
◊ Бұған дейінгі түндерде, біздің ауылдың үсті сапырлысқан әскерлер-
дің қимылына тасыр-түсір, у-ду болып жатушы еді, бүгін құлаққа ұрған
танадай тып-тыныш (С. Мұқанов).
ҚҰЛАМА БЕСІН – халықтық өлшем бойынша түс ауған және кеш
мезгілінің арасы:
◊ Осымен, құлама бесін кезінде түстік ас піскен шақта, скрипка да кел-
ді. Мұсабайдың келіншегі мен Мағрипа да қастарына ерткен (М. Əуезов).
244
◊ Олар құлама бесін кезде аттың жіті аяңымен егiн-жайды аралап келе
жатты (М. Сүндетов).
◊ Соны екінтіге жеткізбей, құлама бесін кезінде қайта апарып тағы
алдына енгіздім-ау (Ж. Ахмади).
ҚҰЛАН ИЕКТЕУ – таң атып келе жатқан мезгілдің сипаты:
◊ Əлден уақытта шығыс жақ құлан иектеп, таң да белгі бере бастаған
(Қ. Жұмаділов).
◊ Құлан иектеніп атқан боз таңда солтүстікті бетке алып көш-керуен
моншақтай тізіліп көз ұшында жылжып барады (Р. Мұқанова).
◊ Бұрынғы өңі күннен-күнге оңып, құлан иектеніп атқан таң реңдес
түрге ауа бастады. Күзге ілінбей-ақ ол осы күнгі құла түсіне әбден еніп бол-
ған-ды. Телқұла деген меншік ат та оған сол күндерде қойылған (М. Сәрсеке).
ҚҰЛАННЫҢ ҚАСУЫНА, МЫЛТЫҚТЫҢ БАСУЫ – басталған
істің орайы, сәті келіп тұруы:
◊ «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дегендей қылдан қиқым із-
деп әдеттенген жұртқа осының өзі біраз уақытқа «азық» болды (Б. Мұқаев).
◊ Құланның қасуына, мылтықтың басуы кез келіп, Ыбырайымның
Кәмешке келуін жаратпайтын шеркес Қали қартаға келіп килiге кетті
(І. Жансүгіров).
◊ Ішкі істер бөлімінің бастығына барып: «Біздің колхоздың бастықтары
Қытайға қашуға дайындалып тұр дегені сол еді, құланның қасуына мыл-
тықтың басуы дегендей қауіп-қатерсіз мәз-мейрам отырғандар: – Ал
кеттік деп, өре түрегелді (Е. Рахимов).
ҚҰЛЫН-ТАЙДАЙ ТЕБІСУ – бала кезінен бірге жүріп, бірге өскен
деген мағынада:
◊ Бірі қуып, бірі қашып, құлын-тайдай тебісіп жүр (Ə. Тарази).
◊ Кеше ғана құлын-тайдай тебісіп бірге өскен құрбылары енді бүгін
бір-бірінің алдында етек-жеңін қымтасып, сөз кезегін күтіседі (Ж. Кәрме-
нов).
◊ Ақша беті албырап, екі көзі жауын шайған қарақаттай мөлдіреп тұр.
Өйткені Зипа бір жақтан ұзатылып келген жан емес, бұлар құлын-
тайдай тебісіп бір үйде өсті (Қ. Жұмаділов).
ҚҰМ ҚАПТЫРУ – алдап кету деген мағынада:
◊ Өзіне таныс Сарыбелге көтерілгенде, баяғы қырғыз жігіті Ерденмен
кезігетін ескі қыстау, түнделетіп барып Өлке-Жырғалды құм қаптыратын
сонау бір өзен бойы көз алдында мен мұндалап тұра қалды (Қ. Жұмаділов).
◊ Кей-кейде құм қаптырып кететін қатігез жандардың өзінен де мейі-
рімділік іздеу, ер адамның ездігінен түңіліп, парасатына бас ию, үңіле оқысақ,
екі ақында да махаббат мәселесі соншама көп сөз болмаған (М. Мақатаев).
245
◊ Ақылды, айлалы жігіт бұны қолына күлше ұстатқан жас баладай бұ-
ралқы сөздермен алдарқатып, әрдайым құм қаптырып кетеді (Т. Рахым-
жанов).
ҚҰМАЛАҚ АШУ – сәуегейлік, көріпкелдікпен алдын ала бір нәр-
сені болжау:
◊ Мен кездесетінімді біліп ем, – деді қыз. – Немене, құмалақ аштың
ба? (М. Мағауин).
◊ Кезінде құмалақ ашу мен бал ашу пайғамбардан мұра болып қалған
деседі (Ш. Уалиханов).
◊ Құмалақ ашып отырған балгердей. Хансұлу да, балалар да Дәу апа-
ның не істеп отырғанын түсінбеді (С. Елубаев).
ҚҰНАН ШАПТЫРЫМДАЙ ЖЕР – халықтық өлшем бойынша
арасы аса қашық емес, 10-12 шақырымдай жер:
◊ Өзені тұнық, бұлағы тастай суық, көгалы ұшан-теңіз, ұзыны мен көл-
денеңі бірдей, құнан шаптырымдай (М. Əуезов).
◊ Екі колхоздың арасы құнан шаптырым, ал айырмашылығы жер мен
көктей (Б. Тоғысбаев).
◊ Ақшоқыдан осы ауылдар қонып жатқан қоныс, құнан шаптырым-
дай жер еді. Төрде отырған әкесі Құнанбайға, Қаратайларға ғана көріспей,
солардың қатарынан төменірек жерден орын алып, үндемей жыласты
(«Абай жолы»).
ҚҰНЫ КӨК ТИЫН – түкке тұрғысыз, керек емес деген мағынада:
◊ Мысалы, Абайдың шығармаларын орыс тілінде оқығанда кейбір ау-
дармашылардың өңін айналдырған вариантын емес, Абайдың өзін оқып
отырмын деген сенім болуы керек емес пе? Əйтпесе ондай аударманың
құны көк тиын (А.Кеңшілікұлы).
◊ Сенің үш-төрт отар қойыңның, екі табын сиырыңның құны көк тиын
(Ə. Асқаров).
◊ Кітап үшін, дәлірек айтқанда, жазушы үшін, одан да дәлірек айтсақ,
ақша үшін көлем керек екені рас, ал әдебиетте кемшілігіңіздің құны көк
тиын (Б. Нұржекеев).
ҚҰР АЛАҚАН ҚАЛУ – құр қол, ештеңесіз қалу:
◊ Соғыстан түскен мал-жан олжасы анада, Маңырақ шайқасынан кейін-
ақ бөлініп берілген-ді. Құр алақан қалған ешкім жоқ (Қ. Жұмаділов).
◊ Бiлiмсiзiн жаратпай, білімдісін таба алмай, құр алақан қалып жүрме-
ңіздер...(М. Иманжанов).
◊ Біз әкімшілікпен ақылдаса келе, бір жұпқа төрт бөлмелі пәтер беріп
қалған үш жұпты құр алақан қалдырмай, төрт жұпқа төрт пәтер беруді
ұйғардық («АА» 23.05.2018).
246
*ҚҰР СҮЛДЕРІ КЕЛУ // ҚАЛУ – 1. Шаршау. 2. Әбден жүдеу, ауыру:
◊ Шаршағандықтан ат үстінде құр сүлдері. Қарабайдың сөзі оның жү-
регіне шаншудай қадалды (І. Есенберлин).
◊ Нияз өзімен-өзі арпалысып, құр сүлдері келеді (Р. Мұқанова).
◊ Біздің жаңағы науқасымыз әбден жүдеп, құр сүлдері қалыпты
(Б. Мәдімқызы).
◊ Тек малға қарап киер киім, ішер асты да сонан айырып отырған жұрт
онан айырылған соң қаңғып қалған. Aман-есен жүруге жарайтындары бір-
біріне таяна түскенде ғана құр сүлдері қалған тірі жан екенін аңғарды
(Б. Шаханов).
ҚҰРАҚ ҰШУ – бәйек болу, қызмет ету:
◊ Осы жағдай орта жүз сұлтандары мен батырларының арасында Жәні-
бектің беделін күрт түсіріп жіберген. Бұл жолы да оған бұрынғыдай құрақ
ұшқан ешкім болмады (Қ. Жұмаділов).
◊ Дәрігер қыз әлгінде қарсы алғандай емес, жалбақ қағып, алдарынан
есік ашып, құрақ ұша қалыпты (Б. Иманғазина).
◊ Оның Талпақ алдына, ала дорбаны сүйреп салып, кесесін әперіп, құ-
рақ ұша бастағаны жігітке бұрынғы келген бетінен көрі де молырақ нығыз-
дық бітіре бастады (М. Əуезов).
ҚҰРБАН ШАЛУ д і н и – табыну, құлышылық ету деген мағынада:
◊ Қаныңды сенің алуға, Құрбан қып мыңнан шалуға (Хан Кене).
◊ – Маған сатшы, әжеме құрбан шалдырайын (Б. Майлин).
◊ Мұхаммедті білмей тұрғанда да Алла мен Тәңірге бірдей табынып, мұ-
сылман әулиелерінің басына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де
сенді, Пайғамбар ұрпақтары қожаларды да құрмет тұтты (Ш. Уәлиханов).
ҚҰРБАН // ҚҰРБАНДЫҚ БОЛУ – өзін біреудің жолында мерт ету,
жанын беру:
◊ Мұндай символдар түркi, одан бертiнде қазақ халқында да болған,
соның бiр айшықты дәлелi – Қозы көрпеш-Баян сұлу мазары. Бұл тек бiр-
бiрiне ғашық болып, құрбан болған қыз бен жiгiтке арналмаған (Ғ. Есім).
◊ Жалғыздан қалған жалғызым-ау, жолыңа мен құрбандық! – деп,
Бәтжан күбір-күбір жалбарынады (Б. Нұржекеев).
◊ Қой мен ешкі бір адамға ғана жарамды, ал сиыр мен түйе бірден жеті
адамға шейін құрбандық бола алады (М. Бұлұтай).
ҚҰРДАЙ ЖОРҒАЛАУ – құрақ ұшу, бәйек болып қызмет ету:
◊ Күнту Ырғызбайлар келісімен-ақ, алдарында құрдай жорғалады
(М. Əуезов).
◊ Ауыл жігіттері сәлем беріп, алдынан шығып, атын ұстап, аттан түсі-
ріп алып, құрдай жорғалап, есік ашып енгізіп, күтіп жатыр (С. Сейфуллин).
247
◊ Бағынышты адам деген бастығының алдында құрдай жорғалап тұр-
майтын ба! (Ғ. Сапаев).
ҚҰРЫҒЫ ҰЗЫН – қолында билігі, күші бар:
◊ Құрығы ұзын сол немеден басқа қауіп жоқ-ты (А. Алтай).
◊ Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын (Ғ. Мұстафин).
◊ Құрығы ұзын ғой, бұлардың! Құрығы ұзын ғой!.. Келіншектің басы
иіліп барады (Ə. Нұрпейісов).
ҚҰСА БОЛУ – қайғыға, уайымға салыну:
◊ Көз алдынан ғайып болып, жылдар бойы баласынан тірідей айрылған
ана кеңсірігі қаңсып, аңсап үміттеніп, күн сайын жанары талып жол жиегіне
көз салса, ата-анаға деген іштегі өкпеден құса болып, хабар күткен тірі
жетім де әке-шешесінің жылы бауырын іздеп, ұйқысыз жәутең қағады
(Р. Мұқанова).
◊ Ойбай-ау, баяғыдан бері құса боп, күтіп жүргеніміз осы емес пе?
(Қ. Жұмаділов).
◊ Бірақ енді ол ақсақ болып қалатын шығар. ... «Аяғында содан іш құса
болып жынданып өліпті ғой!» деді (Ғ. Мүсірепов).
ҚҰСТАЙ ҰШУ – өте асығыс, жылдам, тез деген мағынада:
◊ Аталап, сәби бала, құстай ұшты,
Дайырдың жүрегін бұл қыса түсті,
Ауладан өте беріп, үйге жетпей,
Қурайға шалынысып мұрттай ұшты (Б. Əлімжанов).
◊ Əбіш осы кезде құстай ұшып барып, Сайқанның атының ауыздығы-
нан ала түсті (М. Əуезов).
◊ Енді міне, сол «дұшпан» ауылдың қызын іздеп безектеп, құстай
ұшып келе жатқанмын (А. Естенов).
ҚҰТ ҚОНУ – бақ қону, берекелі болу:
◊ От басына құт қонды (Ш. Мұртаза).
◊ Мен советтік дәуірде бақыт тапқан, балалардың қызығын көріп отыр-
ған ардақты апалардың бірімін, Құрманбаевтардың құт қонған үлкен үйін-
де бұл күндері де қуаныш толастамайды («АТ» 31.05.2000).
◊ Шіркін, Тарбағатай бөлінбей бүтін тұрса, құт қонған, береке дары-
ған, қасиетті-ақ жер ғой (Қ. Жұмаділов).
ҚҰТЫ ҚАШУ – берекесі қашу, қорқу:
◊ Жап-жарық айдың мысы басып жұлдыздардың құты қашып тұр екен
(Ə. Тарази).
◊ Əмірші өзіне жақындаған сайын құты қашты (Ə. Кекілбаев).
248
◊ Байғұс жүзіне әр кіріп, қан жүгіріп қапты. Кертөбел қашып барғанда
құты қашып, «Сұмдық! Сұмдық!» – дейді байғұсым (Ж. Сатаев).
ҚЫБЫ ҚАНУ – іштей риза болу, рахаттану деген мағынада:
◊ Нәзира әпкемнің өзіме осынша жалынып, жалбарынғанына қыбым
қанып, рақаттанып қалдым («Жұлдыз»).
◊ Mac есаулдың іште бой бермей, бақырып-шақырғанына қыбы қанып,
сойған түлкідей ыржың-ыржың етеді (Ə. Сараев).
◊ Iшкi пікірін ашып айтуға батылы бармайтын, ал зәузада жүрек жұтқан
біреу табылып, көкейіндегісін дөп басып айтып берсе, қыбы қанып, қызы-
ғына қарап отыруға дағдыланған қайран жұрт-ай десейші (Қ. Жұмаділов).
ҚЫЗ ОЙНАҚ – жастардың бөлектеніп ойын-сауық құруы
◊ Қыз ибасын бір қараша үй алып, қыз ойнақ қылды (Ж. Аймауытов).
◊ Бір күні қыз ойнаққа барып таң ата келе жатсам, ұйықтап қалған
екенмін (Б. Майлин).
◊ Қыздар да екеу-екеу әнге салған,
Жамандар жүрексінген айтпай қалған.
Қыз ойнақ, той тартысы бозбалаға (М. Сералин).
ҚЫЗ ҰЗАТУ – қыз күйеуге шығар кездегі ата-анасының той жасап,
шығарып салуы:
◊ Бұдан, әрине, қыз ұзату тойы қоңыр күзде, қыстыкүні, не жазғытұ-
рым еш уақытта өткізілмейді деген («Қазақ отбасы»).
◊ Бірде жалғыз өзі ұзақ сапардан аулына қайтып келе жатқанда, күн ба-
тар шақ па әлде іңір ме... бір кең сайда болып жатқан үлкен жиынның үсті-
нен түседі. Бұл қыз ұзату тойы екен (М. Жолдасбеков).
◊ Aз айт, көп айт, қашаннан көңілді күпті қылған қыз ұзату тойының
қарбалас-қамы мойын бұрғызбай дедектетер-дi (Д. Досжан).
ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ҚЫЗЫЛ ИТІ – көре алмау, қызғаншақ деген
мағынада:
◊ Маржан сәл мұңайса да, теріс қарап жатса да, жүрегінің түбінде
бұғып жатқан сол бір суреттегі қасқа маңдай жігітке деген қызғаныштың
қызыл иті басын көтере қоятын (Б. Иманғазина).
◊ Ел іші тыныш жата ма, салсері, жыршы, күйшісымақтар арасында
қызғаныштың қызыл иті үре бастапты (Ж. Дастан).
◊ Бірақ «Кос өзен аралығына қоныс тепкен Бөкейге хан атағы беріліпті»
деген хабар Нұралы ханның қызғаныштың қызыл иті балтырын қауып,
шекелері қызған өзге ұлдарының да құлақтарына жетеді (М. Əкім).
ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРҒАУ – ешкімді қасына жолатпай қорғап жүру:
◊ Қызғыштай қорғап, жеп-жеңіл сүйіктісін көтеріп алып, алысқа
кеткісі келді (Қ. Найманбаев).
249
◊ Осы уақытта дейін қызғыштай қорғап жүрген, дақ түсірмей келген
арымның, әлдекімнің былапыт сөзіне былғанғанына төзімім жетпейді, ұқ-
тыңдар ма? (Р. Мұқанова).
◊ Шөребектің Жарықбасқа ара түсіп, не себепті оны қызғыштай қор-
ғап, үстіне шық жуытпай отырғанын жіті түсінген Шернияз онымен одан
әрі сөз жарыстырып, босқа арам тер болғысы келмеді (Р. Ниязбеков).
ҚЫЗДЫРМАНЫҢ ҚЫЗЫЛ ТІЛІ – араларын шағыстыру, араздас-
тыру, от салу деген мағынада:
◊ Қыздырманың қызыл тілі,
Қызған отқа салар ол.
Кек сақтағыш кекекшіл,
Аямай қауіп алар ол (Ш. Құдайбердіұлы).
◊ Əу баста қыздырманың қызыл тіліне еріп, өзімді адам еткен басты-
ғымның артынан домалақ арыз айдау менің ісім бе еді? (З. Жәкенов).
◊ Қыздырманың қызыл тілі,
Сүйгеніңнен кетірер,
Біреу сөзін сатады,
Біреу бөзін сатады (Қазақтың би-шешендері).
ҚЫЗЫЛ КЕҢІРДЕК // ӨҢЕШ БОЛУ – дауласу, керісу, дау-дамай
болу:
◊ Бірін-бірі қағытып қалжыңдасып, мысқылдап күлісіп, кейде қызыл
кеңірдек болып, болымсызға дауласып кетеді ( М. Əуезов).
◊ Жанар екеуміз осы арада кәдімгідей қызыл кеңірдек болып қалдық
(Б. Соқпақбаев).
◊ Қырық жылдан бері бітпей келе жатқан дау-дамайларын қозғап, бір-
бірінің насырын шұқып, қызыл кеңірдек болысып біздің газеттің бетін
бермеді ғой. Біз де жырғап қалдық («ҚƏ» 12.05.2001).
◊ Аңысын аңдып екі арада майысқан бірен-саран болмаса, көпшілік
екіге жарылып қызыл өңеш дауға басты (Ə. Сарай).
ҚЫЗЫЛ КӨЗ (-ді) ПӘЛЕ – ел-жұрттың ортасында тыныштығын,
мазасын кетіретін, зиянын тигізетін біреу туралы айтылады:
◊ Неменеге қуандық, түге! Қызығым келді деп пе ең? Қызыл көз пәлең
келгенін білерсің! (М. Əуезов).
◊ Ағайын арасында аз үйлі Керей болғанымен, Айнабай деген бірді-
бірге соғып, екі елдің арасында от салып тұтандырып жүретін бір қызыл
көзді пәле бар (Б. Майлин).
◊ Менен жұрт сескенейін деді. Мен келе жатқанда қызыл көзді пәле
келе жатқандай атын, дүниесін тыққыштап, өп-өтірік жалпақтауды шығар-
ды (Ж. Аймауытов).
250
ҚЫЗЫЛ ҚАРЫН – тым жас, әлжуаз, әлі өспеген бала:
◊ Жер бетінен көзін жойғысы келмейтін, ілгері қауымға түптеп келген-
де, қызыл қарын жас баланың қамынан артық мұрат болмаса керек. Ол
жолда қамқор әке, қамқор ана неге пейіл болмаушы еді?! (Т. Əбдіков).
◊ Қара қи қалап, от жанса,
Жылынар бала жыбыршып,
Бүрсеңінен жазылар.
Қызыл қарын, бұты шыт (І. Жансүгіров).
◊ Салпы етек бөз көйлектің бір шалғайын жоғары көтеріп, ышқырлы-
ғына қыстыра салды да, қызыл қарын жас немересін алдына алып ыңқыл-
дап отырған қайын ененің қасына қол таяна тізе бүкті (Ə. Нұрпейісов).
ҚЫЗЫЛ ШҰНАҚ САРЫ АЯЗ – бетті қатты қарып, тоңдыратын,
шыдатпайтын аяздың сипаты:
◊ Күн көзіне бұлт ілінсе-ақ жапалақтап, қар жауып, іле ақ түтек боран
көтеріліп, оның соңы сақылдаған сары аязға ұласып, мың құбыла ысқырын-
ған қаңтар ... Мынандай қызыл шұнақ, аязда бекер адам жол тоспаса керек
еді! (О. Бөкей).
◊ Ақ десең түкірік жерге тимейтін бет жалаған қызыл шұнақ сары аяз
бен екі үйдің арасы көрінбес алай-түлей түтеген ақ боран – осы өлкенің
емшісі (С. Жүнісов.)
◊ Далада қызыл шұнақ аяз. Қолымыз бен бетімізді қарып барады
(Т. Нұрмағамбетов).
ҚЫЗЫЛ ТІЛ – дес бермей сөйлеу, тілге жүйрік шешендік:
◊ Сөзге келгенде қу бастан қуырдақтық ет алатын, қызы тілден бал та-
мызған небір шешендер бірінен соң бірі қамшы тастап, сөйлеп жатты
(Қ. Жұмаділов).
◊ Базаралыға бұрды да: – Қазаққа қызыл тілге дес бермегеніңмен, Ба-
зеке, сен де бұ жолғы дауды маған бер (М. Əуезов).
◊ Құрғамай бірге барар ақыретке. Жұбаттым, көңіл айттым екі мұнды,
Жұмсадым Тәңір берген қызыл тілді (М. Сералин).
ҚЫЗЫЛ ІҢІР – кеш батып, қас қарайған кез:
◊ Жиналыстың артынан кино көрсетіледі деген соң қызыл іңірден ке-
ліп, жайғасып бірден орын тепкен секілді, кейбірі қалғып-шұлғып әрең
отыр (О. Бөкей).
◊ Терістің ала шабдар ескі қары шатырға керіп тастаған ала қойдың
терісі сияқты, ескі-құсқысын жамылып алып тау қойнауы қызыл іңірден
қалғи бастапты (Қ. Ысқақов).
◊ Содан тысқа шықты. Қызыл іңірден жапалақтап жауған қар толаста-
ған (М. Қаниев).
251
*ҚЫЛ КӨПІР – 1. Діни ұғымдағы түсінік. 2. Қиыншылық, тар
кезеңге тап келу деген мағынада:
◊ Қияметте қыл көпір жол бар дейді, Ұзындығы мұның жылдық мол
бар дейді. Ұжмақтың есіктегі есіткенім, Бисмілла рахманы рахым, сол бар
дейді («Ел қазынасы»).
◊ Оның үстінде қыл көпір тартылыпты. Мына жаққа қараса, кілең
сүйектері ғана қалған, көздері шүңірейген, тірі әруақ сықылды біреулер
сыңсып кеп, әлгі қыл көпірден бір-бірлеп өтіп жатыр (Б. Алдамжаров).
◊ – Алла тағала қыл көпір аузында тағы кездестірді-ау. Сау-сәлемет
жүрмісің, жігітім! – Қашғарға сіздер орнатқан заң олай емес еді ғой. Бас
алмаушы ма едіңіздер, Нұр аға (С. Бақбергенов).
◊ Қандай қысылшаң жағдайға, қияметтің қыл көпіріне тап келсе де,
Кенесары ақыл-айламен жол тауып, аман құтылып отырды (Хан Кене).
ҚЫЛ ӨТПЕУ – жақын, өзара тату, дос деген мағынада:
◊ Қайта оған анадайдан сәлем беріп, отбасының амандығын сұрамай
өтпейді. Құдды бір арасынан қыл өтпеген тату адамы сияқты. Шынымды
айтсам, Жәміш апайдың тынымсыздығын жалғыз бастылығынан көріп жүр-
дім (Ө. Ахметов).
◊ Міне, Құрекеңмен екеуінің арасындағы қыл өтпес жақындық осылай
басталған (С. Əлжіков).
◊ Əп-сәтте төбедегі аттылар екі қанат боп тіпті шеті көрінбей, бәрі де
жау жарағын асынып, арасынан қыл өтпей қамал боп сіресті де қалды
(Т. Қасымбеков).
ҚЫЛШЫҒЫ ҚИСАЙМАУ – ешкімнің еш нәрсесі кетпеу, бәрібір
деген мағынада:
◊ Іленің арғы бетіндегі қазақтардың егiнiн, астығын, малын тартып
алып, қыстан қылшығы қисаймай шықты (Қазыбек Тауасарұлы).
◊ Осынау тірі өлік күйі – әлдеқайда озық, өле қалса әлемнің түгіл,
ауылдың да қылшығы қисаймайды (О. Бөкей).
◊ Қызық, Бектұрған өлді екен деп, ертеңгі күні осы ауылдың қылшығы
да қисаймайды (Ə. Асқаров).
ҚЫЛ ҮСТІНДЕ – аумалы-төкпелі шақ, қиын уақыт:
◊ Ақбас хирург адам өмірі қыл үстінде қылтылдап тұрғандай операция
кезінде мүлдем қатал (Е. Мырзахметов).
◊ Себебі қазір бар адамның жүрегі аузына тығылғандай болып, қыл
үстінде тұрған мезет (Ж. Ахмади).
◊ Мұны екеуі де жақсы біледі, қазір екеуі де қыл үстінде, күтуде сияқ-
ты (Ғ. Мүсірепов).
*ҚЫЛТАСЫНАН ҚИЫЛУ – 1. Жаралану. 2. Көзін жою, өлтіру:
◊ Содан қылтасы қиылған Шымырбай бір айдан соң бір аяғын сылтып
басып, Жетісудың бәлнiсiнен шыққан (А. Алтай).
252
◊ Үш жыл бойы денесіне дарымаған оқ ақыры қылтасын қиып өтті.
Қансырап балтыры ісініп кеткен Жасын ертеңінде ғана санбатқа жет-
кізілді. Жаралы ақын сандырақтап, қызуы көтерілді (М. Мағауин).
◊ Егер Айбынды Аббас шах батыр бабасы Исмайылдың аруағын сый-
ласа, бұл жолы да ортақ жаудың қылтасы қиылмақ (М. Мағауин).
◊ Көшім деп біл: қылтасынан қиылғаны рас, өз жұртынан қуылғаны
анық! Кейін Халық арасында бұл аңыздың жаңа нұсқалары ғана емес,
жаңаша түсініктемелері де пайда болмақ (М. Мағауин).
ҚЫЛШЫЛДАҒАН ЖІГІТ – күш-қуаты бойында тасып тұрған жас
жігіт:
◊ Бірақ ол қылшылдаған жігіт кезінде де қалтырауық еді (Ш. Мұртаза).
◊ Оның да Жанақ секілді қылшылдаған жігіт шағы. Тек айырмасы
салмақты. Мінезі ауыр (С. Сарғасқаев).
◊ Айдархан алғаш келгенде, осы Иван Кузьмич отыздың үстіне енді
шыққан, қылшылдаған жігіт еді (Қ. Жұмаділов).
ҚЫҢЫР СӨЙЛЕУ – ерегісіп, қырсығып сөйлеу:
◊ Шырағым-ай, тура отырып қыңыр сөйлеу әдет болды-ау саған
(Т. Əбдіков)
◊ Сонсын Саймасай ерегісетін де, қасақана қисық-қыңыр сөйлеп, сал-
ғыласа бастайтын (М. Гумеров).
◊ Жол серігім келгеннен-ақ қыңыр сөйлеп, менің кім екенімді, әсіресе
конфискация туралы өлең жазғанымды естігесін жауындай көріп, тіпті,
жиіркенгендей кескін білдіргені несі? (Б. Майлин).
ҚЫПША БЕЛ – нәзік, жіңішке бел деген мағынада:
◊ Сап-сары алтындай жалтылдаған ұзын шашы иығына түскен аспан
түстес көздері тұнжыраңқы көрінетін, мінсіз қыр мұрынды, қыпша белі тал
шыбықтай бұралған Тамара кинода ойнайтын актрисалардай кербез де сұлу
(Ə. Тарази).
◊ Артынша-ақ қыпша бел даяшы қыздар кіріп, иіліп тағзым етті де, үл-
кен ақ жібек дастарханды жайып жіберіп, алтын құтыларға құйған суларын
әкеле бастады (О. Сәрсенбаев).
◊ Мұндай тақырыпқа ата-бабаларымыз «Құралай көз, қолаң шаш, алма
мойын, қиғаш қас», «ажарың ашық екен атқан таңдай», немесе «қыпша бел,
сұңғақ бойлы» секілді өзіндік өлшем келтіреді («Қазақ әдебиеті»).
ҚЫР КӨРСЕТУ – қоқан-лоқы жасау, күш көрсету:
◊ Үлкен шалдың бұларға қыр көрсету үшін әшейін айта салған сөзі
шығар десек... (Қ. Жұмаділов).
◊ Кенесары мен қырғыз манаптары Орман-Жантайдың әлеуметтік мен-
мендігі, билікке таласушылығы, мәмілеге келе алмай, бір-біріне қыр көр-
сетіп, күш сынасуының аяғы нағыз орта ғасырлық феодалдық жанжалға
айналып кетеді (Хан Кене).
253
◊ Амандаса келген, қазаға басу айта келген Байсал, Құлыншақ дәл
бүгінгі күн, құр амандасу емес, Бөкенші, Барсаққа қыр көрсете келіп тұр
(М. Əуезов).
ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ КӨЗҚАРАСТА БОЛУ // ҚАРАСУ – тату емес, бе-
рекесіз, мәмілеге, келісімге келе алмау:
◊ Ызадан өңі бұзылып, түсі түтігіп қап-қара болып кетті. Қырғи-қа-
бақтық көзқарас бар екенін сезді (І. Есенберлин).
◊ Мен қала тұрғызуға қарсымын. Бір-бірімізбен қырғи қабақ болған-
ша, Абылай мен Үлкен патша арасында жасалған келісімге сай, тыныш
өмір сүрейік (Хан Кене).
◊ Бұрын Итбайдың да, Асқардың да бір-біріне бұлай қырғи-қабақ қа-
расқанын Байсалдың көзі шалған жоқ еді (С. Мұқанов).
ҚЫРШЫН ЖАС – өте жас кезі деген мағынада:
◊ Қартқожа ойлады: өңкей қылқан кескендей қыршын жасты әкет-
кенде, бала-шаға, шал-кемпір неге тұлға болады? (Ж. Аймауытов).
◊ Кәріп болды ғой қыршын жас (Ғ. Мүсірепов).
◊ Қыршын жас қаза тапты. Оның шешесін көрмесем де баланың көп
айтуынан көргендей болушы едім (Т. Ахтанов).
ҚЫРШЫНЫНАН ҚИЫЛУ – жастай өлу, опат болу:
◊ Өзі жоқта жалғыз жұбанышы – Төлеутайы аштыққа төзбей қыршы-
нынан қиылыпты (Қ. Жұмаділов).
◊ Соғыс болған соң, құрбандықсыз бола ма? Талай боздақ қыршыны-
нан қиылды (Т. Ыдырысов).
◊ Осының салдарынан талай нәресте, сәбилердің, жас балалардың қыр-
шыннан қиылып, жер астына түскенін медпунктегі жуан журналдан оқып-
білгенімде төбе шашым тік тұрды (Ө. Канахин).
ҚЫРЫҚ ПЫШАҚ – татулығы жоқ, берекесі кету деген мағынада:
◊ Дүние қырық пышақ қырсыққа түскен шақты Қазақстан Президен-
тінің ұлтына, тіліне, дініне қарап өз азаматтарын бөлшектемеген бағытына
қолдау білдіреді («ЕҚ» 29.04.2001).
◊ Өзара қырық пышақ боп қырылысқан Ауғанстанда Талиба қозғалы-
сының өкілдері жазға дейін елді толық бақылауға аламыз деп мәлімдеген
еді (С. Мақатұлы).
◊ Екі туысқан құдайдың құтты күні қырық пышақ (М. Əуезов).
ҚЫРЫНА АЛУ – жасыту, басыну, бағындыру:
◊ Сондықтан Мамозы ендігі жерде орайын тапса, Керімбекті қырына
алу жағына түрініп шыққан (Ж. Ахмади).
◊ Əбіш қырына алса, осы жақпен келеді ғой деп қауіп етеді Жақсылық
(М. Əуезов).
254
◊ «Бассыз үйдің иті осырақ» деп, аузыңа келгенді оттайсың. Бас ие та-
былмайды деп пе ең?! Мүйізі қарағайдай болып отырған Бөбек тасаға бұғып
жым болды. Оны жасыттым деп ұққан Ақкемпір енді өзгелерді қырына
алды (Ə. Сарай).
ҚЫСТЫҢ КӨЗІ ҚЫРАУДА – қыстың нақ суық, аязды кезі:
◊ Қыстың көзі қырауда, мұндай суыт жорықты күтпеген де болар,
бұлардың жолына кесе-көлденең тұрып, ашық қарсылық көрсеткен ешкім
болмапты (Қ. Жұмаділов).
◊ Мынадай қыстың көзі қырауда мені бүйтіп жер түбінен сабылтпаған
болар еді деңіз (Ə. Кекілбаев).
◊ Бұл жолы Нұралы ол үлестен де құр қалып, қыстың көзі қырауда
қора маңынан ұзап шығуы мұңға айналып, үй төңірегін талғажау етіп,
өлмес күнін көрді (Р. Ниязбеков).
ҚЫСЫР СӨЗ // ӘҢГІМЕ – қырсық, әдейі, кері сөйлеу:
◊ Құдай біледі, сен менің не сұрайтынымды біліп, соны айтқың келмей,
қысыр сөзге әдейі тұрсың (Б. Нұржекеев).
◊ Қысыр сөзге де, құрғақ қаулыға да, пәтуасыз уәдеге де кеңірдектен
келе тойып болдық. – Мансап үшін кейбір бастықтар бәріне баратын көрі-
неді... Қайдам – деп Нұрекең ауыр күрсінді (Ө. Қанахин).
◊ Екі дос бірін-бірі қажап мұқатқан осындай бос мылжың, қысыр әң-
гімемен тоғыз айды өткізді (Ə. Асқаров).
ҚЫСЫР КЕҢЕС – уақытты босқа кетіретін әңгіме, кеңес
◊ Енді сөз бітіп, жұрт қысыр кеңеске кететін тәрізді. Абайлар іске
асығып, тұрып кетісті (М. Əуезов).
◊ Бағана екі таудың айтысын қозғаған ақсақал сөзге араласып: – Қымыз
әңгімесі қысыр кеңес бола ма екен! – деп қалды (Ғ. Сланов).
◊ Ал өзің баяғыдағы бір тауансыз махаббат жайлы қысыр кеңес айтып
кеттiң (И. Салахов).
255
– Л –
ЛАҒЫНЕТ АЙТУ – қылмыс, күнә арқалағандарға айтылатын
қарғыс:
◊ Асыл баланы аздырған дәрігерге лағынет айтты, бұдан бұрын екі
қатын тастап, екі рет түрмеге отырып шыққан Жартыбайдың бойынан
толып жатқан абзал мінез, жақсы қасиет табысты (М. Мағауин).
◊ Ақыры ұлының қыршын өмірін қиған екі жетесізге лағынет айтты
(Т. Алпейісов.)
◊ Ел болып отбасына ойран салып, ұя бұзған қар қатынға лағынет
айтты, қарғап-сіледі. Мінезі тік, сертке берік, бірбеткей Ахметжанның қар
қатынның илеуіне көніп, айдағанына жүріп кеткенін оны білетіндер таң
қалысты (Т. Қажыбаев).
ЛӘББАЙ ТАҚСЫР – айтқанына бірден көну, ілтипат көрсету, айт-
қанын орындау:
◊ Күштінің ығынан, мықтының дегенінен шықпай «ләббай тақсыр-
мен» ғана өмір сүру қандай бейшаралық десеңші (А. Жақсыбаев).
◊ Сонда бұлардың Ақ үйге кіріп-шыққандарына мәз ана партократтар-
дан несі артық? Кешегі пленумда «бұл қалай?» деп айқайлап шыққан кім
бар? Бәрі ләббай тақсырлап бас шұлғысты (Ж. Шаштайұлы).
◊ Ләббай, тақсыр, – деді Томан, көк ала кесеге қол созып манадан то-
сылып отырған игі жақсылар да суатқа құлаған жылқыдай, тегіс жапырлай
қымызға бас қойған (М. Мағауин).
ЛӘМ-МИМ ДЕП ТІЛ ҚАТПАУ // ЛӘМ ДЕМЕУ – үндемеу, тіл қат-
пау, жақ ашпау:
◊ Ләм-мим деп тіл қатпастан тұрып жүре берді (Ə. Нұрпейісов).
◊ Қалай, қайтып аттанарларын білмей аңтарылып қалған жылқышылар,
ләм деместен бастары салбырап сұлқ отыр (О. Бөкей).
◊ Əбдісейіл сәл ғана езу тартып жымиды да, басқа ләм-мим демеді.
Табиғатында тарс кеткен жан емес (О. Иманәлиев).
ЛЫП ЕТУ – тез қимылмен орнынан тұру, жылдамдық:
◊ Лып етіп орнынан тұрды, – би кебеже қарын, құлжа мойын кәрі шал
емес, әлі қырыққа да ілінбеген кісі еді (М. Мағауин).
◊ Еңсесін жазған бойда-ақ лып етіп аяғы көтерілген, артынша Aзамат
біз тұмсық туфлидің ішіне сарт ете қалғанын аңғарды да, тынысы бір сәтке
үзіліп кетті (А. Мекебаев).
◊ Баржы иесі шоқынып алып, буы бұрқыраған темір крушкені аузына
апара бергенде, Жақау да айттырмай-ақ орнынан лып етті. Ахтан оны май
құйрықтан еркелетіп сипап үлгерді (Ə. Сарай).
256
ЛЫПЫЛ ҚАҒУ – тез, жылдам қимылдау
◊ Əлі де лыпыл қағып жүйткіп жүрген Баймағамбет қора жақты да тегіс
шарлап келді (М. Əуезов).
◊ Мұның қолы, ағаш үстінен жүргенде лыпыл қағып, қалқып жүрген
сияқтанады (М. Əуезов).
◊ Ақлима қолды-аяққа тұрмай лыпыл қағып, дастарқанын да жайды,
ара-арасында әңгімесін де гуілдетіп қойып, ілезде сақылдатып шайын да
жеткізді (Б. Тілегенов).
257
– М –
МАЗАСЫ КЕТУ // ҚАШУ – үрейлену, көңілінің тыныштығы бұзылу:
◊ – Неғып мазаң кетіп жүр, әкем? Бір жерің ауырған жоқ па?
(Б. Нұржекеев).
◊ Өлерінен бір күн бұрын менің мазам қашып өзімді біртүрлі сезініп
жүрдім, оған біреулер кірген секілді болды (С. Сматаев).
◊ Таң атқанша екі-үш тұрып, мазасы кетіп шыққаны жалған үрей се-
кілденіп, енді көңілі тыныштанғандай еді (Т. Иманбеков).
МАЗАСЫН АЛУ – тыныштық бермеу, ойын бөлу деген мағынада:
◊ Бірақ елес пен ой көз алдына кезек шауып, есіріп мазасын алды
(Р. Мұқанова).
◊ Жаяу жорықта жан қиналып, күндіз жау самолеттерінің төбеден ат-
қылаған оғы шинелімнің етегін шұрқ-шұрқ тескілеп, түнде ұйқы қаумалап,
буындарымды босатып, мазамды алып, есім шығып келе жатқанда да
сендер менің ойымнан кетпейсіңдер, арулар (Ə. Нұршайықов).
◊ Жеңіл ауыз қатындар Əбдірахман ауылына келсе «күйеу» деп маза-
сын алды (Б. Майлин).
*МАЙ ШЕЛПЕК // ЕТУ – 1. Тегін олжа. 2. Еңбегін пайдалану:
◊ Жұрттың көпшілігі көшіп, ауылда бірөңкей кемпір-шал қалған соң,
дүкенші қыз да әлгіндей пайдасы бар май шелпектен қағылып қалған
(Ə. Асқаров).
◊ Май шелпек деп осыны айт. Қаланың қу аяқтары арқылы жалғасқан-
нан гөрі, осыдан абзалы жоқ (Р. Рүстембекова).
◊ Əй, аяқ астынан табыла қалған бұл қайбір текке жатқан май шелпек
деп еңсесі түсіп, бұрылып кетуге бет алған еді. Есік шынжыры сылдыр етті,
сарт ашылды. Жүрегі атқақтай соқты (Д. Досжан).
◊ Сөйтіп, Оңбайдың қолындағы май шелпекті пайдалана қалудың еш
реті келмеді (Б. Кірісбаев).
МАЙДАЙ ЖАҒУ – жанына, көңіліне ұнау деген мағынада:
◊ Қыздардың күлкісі маған майдай жағады (Ə. Нұршайықов).
◊ Апамның жібергісі келмей қияс тартқанына ренжіп, жек көріп жатсам
да, мына мақтағаны жаныма майдай жағып барады (Т. Сәукетаев).
◊ Майдай жағып барады-ау!.. Көңіл жарасын қуғандай. Май сылаудай
дәрім ғой мынау! Дәрменім ғой!.. деп, Базаралы ынтыға тыңдап отыр
(М. Əуезов).
МАЙДА ЖҮРІСТІ – ақырын, жәй жүрудің көрінісі:
◊ Əрі құла дөнен майда жүрісті жануар болып шықты (Б. Сокпақбаев).
◊ Майда жүрісті ақ «Волга» қала ортасындағы сәулеттi орамдардың
біріне қарай бұрылды...(Н. Ақышев).
258
◊ Поездың ырғалған майда жүрісі тербеп, әлсін-әлсін қалғи берген
соң ортаңғы нарға шығып, костюмімді айқара жамылып жатқанмын
(К. Жүнісов).
МАЙЛЫ ІШЕКШЕ АЙНАЛДЫРУ – ішкі жоспарлаған мақсатына
жету үшін қасынан шықпай, сыр тарту, айналдыру:
◊ Көптен бері ана нұсқаушының майлы ішекше айналдырып кетуі жа-
ман еді (А. Сетенов).
◊ Інішек, сен өзің майлы ішекше айналдырып, қалай-қалай сөйлеп ба-
расың? (Е. Рахимов).
◊ Ертеңіне Жылқышыбекті майлы ішекше айналдырып, сыр тартып
көріп еді, ештеңе естімеген, білмеген болып шықты (А. Естенов).
МАЙЛЫ ҚАСЫҚТАЙ ЖЫЛПЫЛДАУ – қу, жағымпаз, өте пы-
сық, айлакер:
◊ Сол Есет бір-екі рет бұған майлы қасықтай жылпылдаған Ақпан-
нан бойын аулақ ұстауды ескерткен еді (Б. Иманғазина).
◊ Оралымсыз әзіліне үйренісе алмай жүргенде майлы қасықтай жыл-
пылдаған өзге жампоз жігіттер алдын орап кете беріпті (Д. Досжан).
◊ Таныстық. Жігіт қонағымыз жылтыңдаған майлы қасықтай су жұқ-
пас қу сияқты (Қ. Жаркенов).
МАЙЫН ТАМЫЗУ – асықпай, баппен, шебер сөйлеу:
◊ Майын тамызып байсалды сөйлейтін болыпты (Қ. Жұмаділов).
◊ Əлгі бастықтың аудан әкіміне деген өкпе-ренішін өзіміз майын та-
мызып тұрып жеткіздік (Н. Ақыш).
◊ – Қасеке, сіз өзіңізді телестудияда емес, өз кабинетіңізде, не үйіңізде
отырғандай емін-еркін сезініп, қысылып-қымтырылмай, әңгімеңізді майын
тамыза отыра айтасыз (Д. Əбіш).
МАҢДАЙ АЛДЫ – аты шыққан, озат, белгілі адам:
◊ Өйткені ондай қауіпті жерге маңдай алды адамды айдамайды
(С. Омаров).
◊ Мен бұл iске қатты қынжылдым, себебi аты жиi шығып жүрген
халқымыздың маңдай алды азаматының тым жас кезiнде қарақшылардың
қолынан қапылыста қаза болғаны, әрине, орны толмас қаза (Ғ. Есім).
◊ – Сен... мұқым ауданның маңдай алды механизаторысың, білдің бе?!
– Бiлдім, ағасы, білдім (О. Бөкей).
МАҢДАЙЫ ТАСҚА ТИГЕНДЕЙ БОЛУ // СОҒЫЛУ – жолы бол-
мау, сәтсіздікке ұшырау:
◊ Міне, екі жыл болды, атамекен деп аңқылдап келгенімізде маңдайы-
мыз тасқа тигендей сарсылып қалғандай жай бар (Ғ. Құрманұлы).
259
◊ Прорабқа өлердей жыны келіп, сақалды бастаған жігіттерді бір жағы
аяп отыр. «Оңай табыс тауып, олжаға батамыз», деп келген байғұстардың
маңдайы тасқа тиді. Енді құр қол қайтпақ (Қ. Найманбаев).
◊ Уылжып тұрған шағымда маңдайым тасқа соғылып, тауым шағыл-
ды да, ендігі өмірімді тек шығармашылққа арнауға, ешкіммен бас қоспауға
бекіндім (К. Жүнісова).
МАҢДАЙЫНА ЖАЗЫЛҒАН – өзгермейтін тағдыр деген мағынада:
◊ Шын болса, маңдайға жазылған бір өмір. Кетейін деп досыңның
бойын жазып, жұрт нанбайтын ертекке сенген бар ма? (Ө. Сәуірбаев).
◊ Маңдайына жазылғаны сол – өлсең де! (Ш. Смаханұлы).
◊ Сонда сағымның көрешегі – қорлық өмір, азапты өлім де,
Төкебайдың маңдайына жазылғаны – жазықсыз жас баланы атып өл-
тіру болғаны ма? – дедім өзіме-өзім (М. Мағауин).
МАҢДАЙЫНАН ШЕРТПЕУ – аялап, еркелетіп өсіру:
◊ Ал жалғыз інісі Ерасыл дегенде, шығарда жаны басқа, маңдайынан
шертпей, қатты еркелетуші еді (Қ. Жұмаділов).
◊ Мәди ауруханада жатқанда Сағиға: «Айжанға өмірбақи қарыздар-
мын, жазылып шықсам маңдайынан шертпей, айтқанын жасармын-ау»
депті (А. Əшімов).
◊ Балалары тегіс шетінеп, әйелі мен екеуі сопа бастары қалған
Қоңырбек Сырғашты маңдайынан шертпей-ақ өсірді (Б. Шаханов).
МАҢДАЙЫНЫҢ СОРЫ БЕС ЕЛІ – қайталана беретін сәтсіздік,
жолы болмау деген мағынада:
◊ Жанрлардың ішіндегі маңдайының соры бес елісі – проза (М. Қаназ).
◊ Əй-әй, Əшкеннің інісінің маңдайының соры бес елі екен! (К. Жүнісова).
◊ Барайын, барайын. Ой, сорлы-ай, маңдайының соры бес елі екен-ау...
(С. Мұратбеков).
МАРЖАНДАЙ ТІЗІЛУ – рет-ретімен келген, айқын, әдемі көрініс-
тің сипаты:
◊ Жүздері жайнап, дөңгелек үстелдің айналасында маржандай тізіліп
отыр (Қ. Жұмаділов).
◊ Ол дәптерінің беттерін парақтап ашқанда өткен лекциядан маржан-
дай тізілген айқын әріптермен шақпақ жолды үш бетке толтырып конспект
жазып алғанын көрдім (Ə. Нұршайықов).
◊ Іле жарқ етіп жанған экранда маржандай тізіле қалған сөз шумақ-
тары көрінді (С. Ғаббасов).
МЕДЕУ ТҰТУ – көңілге жұбаныш, тірек деген мағынада:
◊ Кейде адам баласы бір нәрседен көңілі қалып, жаны жүдеп жүргенде
алдынан қарсы кездескен мейірімді жанды өзіне жұбаныш көріп, көңіліне
медеу тұтып, соның бауырынан жылылық іздейді (Р. Мұқанова).
260
◊ Құдай маңдайымызға сондай шашы сербиген бір жаман қызды да
жазбады ғой, тескентаудан өтіп кетсе де пәлен жерде ұрқымыз бар деп
көңілге медеу тұтып жүретін (М. Мағауин).
◊ Затынан мақтан сүйгіш бөспе Шымырбай Серғазының бұрынғысы-
ның бәрін естен шығарып, сыртынан мәз болып, медеу тұтып, сүйеніш,
тірек санап, қарадай лепіріп, болып жүрді (Б. Тілегенов).
МЕЗІ ҚЫЛУ – әбден жалықтыру, ығырын шығару:
◊ Оның әңгімелері бұл маңайда талай айтылған, жұрт құлағын мезі
қылған әңгімелері болса да, тыңдаушы жұрт біріне-бірі қарап, жымиып
қойып, тағы да тыңдай берді (Ғ. Мүсірепов).
◊ Ақанның көзін ашып көргендері, бірақ ешқашан да мезі қылып жа-
лықтырған емес (О. Бөкей).
◊ Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын біл-
мейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, сот ма-
ңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын бол-
ған (М. Дулатұлы).
МЕРТ БОЛУ – кісі қолынан қаза болу:
◊ Ала қол құдай аңсатып жүріп берген жалғыз қыз бандылардың қолы-
нан мерт болды (Б. Мұқаев).
◊ Өзі тым алға шығып кетті ғой... Көзсіз батыр мерт болмаса игі еді!
(Қ. Жұмаділов).
◊ Жиналып келген көп адамды көргенде, дәу ашу көрсетіп, жерде өсіп
тұрған бір теректі тамырымен жұлып алып лақтырып еді, елу-алпыс адам
мерт болды («Қорқыт ата»).
МИ АЙНАЛЫП ЖЕРГЕ ТҮСУ – жаздың ең ыстық, күйіп тұрған
шағы:
◊ Шілдеде ми айналып жерге түсердей аптапта есік-терезені қараң-
ғылап кешке ыстық қайтқанша үйде жатамыз (М. Байғұт).
◊ Ми айналып жерге түсердей ыстықта ауыр жүк, қару-жарақ арқалап
жорықта кем жатқандай болып гимнастеркамның жеңімен мойынды,
маңдайымды, сипай бердім (Ə. Нұршайықов).
◊ Жүргеннен тұрған жаман екен, жаңа вагонда отырғанда байқамап еді,
ми айналып жерге түсердей күйіп тұр (А. Бектұрғанов).
МИ ҚАЙНАТАР ЫСТЫҚ – шілде айындағы ең ыстық күндер:
◊ Шіліңгір шілде биыл ми қайнатар ыстығымен бет қаратар емес
(Е. Айғалиұлы).
◊ Дегенмен ми қайнататын ыстыққа шыдайсың (Ш. Мұртаза).
◊ Шың, құз басына қонақтаған ақ қар, көк мұз етектегі ми қайнатар-
лық шіліңгір ыстықпен әлімсақтан қатты егес, қақтығыста (М. Қабанбаев).
261
МИДАЙ ДАЛА – кең, жазық жер:
◊ Айғырды, бұқаны, қошқарды, текені төртеуін алып мидай далаға
кетіп, үлкен шалқар көлдің басында төртеуін сойып жалбарынады («Дудар
қыз»).
◊ Алдымыз – еңіс ой, ар жағы мидай дала (М. Əуезов).
◊ Пісілді күрс-күрс етіп қара саба,
Даусына жаңғырықты мидай дала,
Құйылып сары қымыз сапырылып,
Шүпілдеп көбіктене толы шара (С. Мұқанов).
МИЫҒЫНА КҮЛКІ ҰЯЛАУ – түрі жылы адам деген мағынада:
◊ Өңі жылы, мінезі жақсы адамның миығында үнемі күлкі ұялап жү-
реді (Б. Ахметбек).
◊ Мұғалім Назар дейтін жуас, сүйкімді адам. Миығына күлкі ұялап
тұрғаны сырт көзге көрініп тұр (Б. Соқпақпаев).
◊ Əлжанның миығына күлкі ұялады (Б. Мұқаев).
МОЙНЫ ЖАР БЕРМЕУ – жалқаулану, мән бермеу, еріну:
◊ Қайсысы да дұрыс, бұрысы – Құбағұлдың әзірге семья-тұрмыс тау-
қыметін шегіп, «тозақ қамытын киюге мойнының жар бермеуі» емес, соған
өзінің икемінің, батылдығының жоқтығы (Ш. Құмарова).
◊ Мен отыз сегізге келсем де өйте алмайтын шығармын. Ештеңеге мой-
ным жар бермейді осы, – деп, қайта мұңайды Зайгүл (Ə. Нұршайықов).
◊ Көптен бері мойны жар бермей келген хатты отыра қалып жауып
тастаудың орнына, ол тағы да ызалана мырс етті: « – Тұра тұр ... әлі талай
шірітерсің!» (Ə. Нұрпейісов).
МОЙНЫ ЫРҒАЙДАЙ, БИТІ ТОРҒАЙДАЙ БОЛУ – әбден азып-
тозып жүдеу:
◊ ... Оның үстіне мойны ырғайдай, биті торғайдай боп тозып бара
жатқандай мендей журналист жиеніңіздің де сауабын алар едіңіз! (А. Қо-
нарова).
◊ Ал біздің мына Дүйсеке сорлы Түркістан барып осындай сөз теріп
қайтудың орнына, ондағы Қожа-молдаларға бір сиырдың ақшасын төлеп,
мойны ырғайдай, биті торғайдай болып, босқа таланып, әркімге жем бол-
ды (М. Байғұт).
◊ Есім «мойны ырғайдай, биті торғайдай» болып жүнжіп кеткен
анасын таниды, іші қыж-қыж қайнап, жүрегі намыс отынан күйіп кетердей
болады (Н. Қапалбекұлы).
МОЙНЫМЕН КӨТЕРУ // АЛУ– істеген ісін, кінәсін мойындау:
◊ Шешесі әлгі қателігін мойнымен көтере алмады, көтере алса, бөтен
пиғыл, сезімдерге жол бермес еді (Б. Ыбрайымов).
262
◊ Қандай жаза болса да мойнымен көтеруге дайын екендігін білдіріп,
басын төмен салбыратқан күйі әлі тұр (У. Қалижанов).
◊ Ал мына Ізбасаров бар қылмысты өз еркімен мойнына алып жанған
от үстіне май құйғысы келіп тұр емес пе? (А. Мекебаев).
◊ Кейде адамның шындықты айтуға да ... Не де болса, оның өзімен сөй-
лесіп көріп, мойнына алып жатса, жабулы қазанды жабулы күйінде қал-
дырмақ (М. Есламғалиев).
МОЙНЫНА БҰРШАҚ САЛУ – тілек тілеу, тәңірге жалбарыну:
◊ Мойнына бұршақ сап, құс қанаты күйгендей осы ыстықта жас сәбиін
... жетім лағын іздеп кеткісі келді (Ə. Нұрпейісов).
◊ Ертелі-кеш мойныма бұршақ салып, талай-талай зар тілегімді арнап
ем, естіген екенсің ғой! (Қ. Жұмаділов).
◊ Кемпір-шал айласы бітіп, әлі құрып, кәрі көздерінен улы жастарын
ағызып, мойындарына бұршақ салып тілеу тілейді (М. Əуезов).
МОЙНЫНА ҚҰРЫҚ САЛУ – жәбірлеу, зорлық көрсету, басыну:
◊ Осы қаралы төбедегілер, бір қызығы, біреу шындықты біліп, ақиқа-
тын айтса-ақ болды мойнына құрық салуға дайын (Р. Мұқанова).
◊ Түйенің өркешіне асып буындырып өлтіру, дүре соғу, тақымына қыл
бұрау салу, зынданға тастау, зинақор деп әйелдерді мойнына құрық салу,
қара сиырға мінгізіп, ауылды, зиратты айналдыру, тірідей адамның қоң етін
кесіп алу – озбырлықтың түрі еді (Ж. Бектұров).
МОЙНЫНА СУ ҚҰЮ // КЕТУ – мәжбүрлеу, мойындау деген мағы-
нада:
◊ Аяғында, мойнына су құйып: «Өзіңнен басқа сенерім жоқ», – деген
соң әлгі иттің малын іздеп кеткені ғой (М. Əуезов).
◊ Титығы таусылып, кім қарсы келсе жұлмалап тірідей жеп қойғысы
келіп, жынданып отыр еді, күйеу баласы мойнына су құйылғандай басы
салбырап, үй жақтан ұзап барады екен (Р. Мұқанова).
◊ Мойнына су кетіп, мойындағандай, күмілжіп отырғанда, мектепке
биыл барып жүрген ұлы: – Кеше біздің үйге зоотехник қонды, – деді, түйе-
ден түскендей (О. Бөкей).
МОЙЫН ҰСЫНУ – көндігу, келісу деген мағынада:
◊ Бұл оның алғаш рет басына іс түсіп, мынау өмірде жауапкершілік,
қиындық барын сезініп, жалпыға бірдей тәртіпке байланбаған асау құлын-
дай мойын ұсынған кезі еді... (Қ. Жұмаділов).
◊ Ұлпан басқа қыздардай: құдай қосты – мен көндім деп мәңгі мойын ұсы-
нып, мәңгі үн шығармай отырып қалатын жарға ұқсамайды (Ғ. Мүсірепов).
◊ Aзамат қаншама өзін-өзі ақылға келтіріп, өзін-өзі жігерлендіргенімен
іштей қой бағуды жалғастыруға мойын ұсынып тұрғанын ойлана бастаған
сәт еркінен тыс иықтарының селкілдеп бара жатқанын аңғарды (А. Мекебаев).
263
МҰҢЫН ШАҒУ – ішіндегі мұңын айту, жеткізу, бөлісу:
◊ Ойласам, не болғанымды білмей кетемін, – деп Дәулетхан бұған
мұңын шақты. Iшінде түйін болған ащы зардапты бұл ешкімге, соның
ішінде тіпті өзінің шешесіне де толық ашпаған еді (Ж. Жұмақанов).
◊ Жыңғыл милициядан торыққан соң басқармаға мұңын шағып хат
жазады: «...Ауылдас отырып тәртіпке әлі жауап алған жоқ, соның үшін
сіздерден сұраймын, осы жұмысты бақылап тезірек жүзеге шығарсаңыздар
екен»... (Б. Майлин).
◊ Сол кезде бұлардың тұсынан өтіп бара жатқан мысық мұңын естіп,
қастарына келеді де: – Неге сонша қайғырып тұрсыңдар? – деп жөн сұрап
құйрығын бұлғаңдатады. – Қайғырмай қайтейік, – дейді шал мұңын шағып
(«Қазақтың мифтік әңгімелері»).
МҰРНЫМДЫ КЕСІП БЕРЕЙІН – кекесін мағынада басқаны сен-
діру үшін ант-су ішу:
◊ Жаясының майы тап бір елі шықпаса, мұрнымды кесіп берейін
(М. Əуезов).
◊ Ертең осы телевизор сайрап тұрмаса – мұрнымды кесіп берейін
(Ə. Асқаров).
◊ Осы дөңнің астынан бір тас табылмайды десем өтірікші болам, бірақ
екі тас табылса, мына мұрнымды кесіп берейін, – деді Шулыған өзеуреп
(Е. Əкімқұлов).
МҰРНЫН // ТАНАУЫН КӨККЕ КӨТЕРУ – өзіне ешкімді тең, шақ
көрмеу, тәкаппар:
◊ Тіпті мұрныңды көкке көтеріп болар емессің ғой... (Б. Иманғазина).
◊ Кенжетайдың айтуынша, ол мұрнын көкке көтерген тәккаппар
(С. Мұқанов).
◊ Əлгі шірік қатыны мұқымсып мұрнын көкке көтеріп, үнді шайынан
басқаны татып алмайтын еді, енді бүкіл үйін кәнпескілегенде қайтер екен?
(Е. Домбаев).
◊ Бекбосын ауылға келгелі бір-екі рет кездестіріп қалғаны бар. Тана-
уын көкке көтеріп, тіпті менсінбей қарайды (Т. Мәмесейіттегі).
МҰРНЫН ТЕСКЕН ТАЙЛАҚТАЙ – көнбіс, жуасыту, ырқына
көндіру:
◊ Адам мәңгі орындалмайтын мақсат-мұраттарды қуып, үміттің жете-
гінде мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп жүрмей ме ... (О. Бөкей).
◊ Мұрнын тескен тайлақтай болып, істеріңнің ақ екенін де айта ал-
май, қор боп кете барған екенсіңдер-ау, айдауда! – деп Бекей де күйзеліп
кетті (Е. Бейсенбек).
◊ Ол қу жалғызды мұрнын тескен тайлақтай етемін, көр де тұр!
Əпкесі түлкі ішігін киіп, белбеумен белін мықтап буды (Л. Құрма-
наева).
264
МҰРНЫН ШҮЙІРУ – өзінше менсінбеу, жақтырмау:
◊ Қыз бала болған соң, атын атап, түсін түстемей, жай ғана сынаған
болып сипай қамшылап едім, қызару қайда «пішту» дегендей бетіме қарап,
мұрнын шүйірді (Т. Сәукетаев).
◊ – Есіз қалғыр, пригаттығын әлдеқандай көреді-ау, қойса, қатын екен
демей атқарамын, – деп өзінше мұрнын шүйіре сөйлеп, Əлібекті жарат-
паған шырай танытты (Т. Нұрмағамбетов).
◊ «Осы жаман шалды қойшы» деп мұрнын шүйіріп жүргендерге, көп-
тің жиналған жерінде әй, бір сауап болды-ау! (Қ. Найманбаев).
МҰРНЫНАН ТІЗУ – дәлел-дәйектерді нақты келтіру, айту, жет-
кізу:
◊ Деректерді мұрнынан тізіп бірінен соң бірін талайын келтіруге бо-
лады (Ə. Асылбеков).
◊ Мынау «A», мынау «Б» деп әріптерді мұрнынан тізіп айта бастайды
да, аздан соң кідіріп, кейбіреуін қалдырып кетеді (М. Иманжанов).
◊ Соларды «мұрнынан тізіп» айтып шыға алсақ, көп жайдың сыры
өзінен өзі ашылып, қысастықпен өрекпіген, тарихи негізге сүйенбеген
пиғылдардың әшкере болары сөзсіз (Т. Кәкішев).
*МҰРТТАЙ ҰШУ – 1. Құлау, жығылу. 2. Ауыру, сырқаттану:
◊ Айтса айтқандай, Тасбет мұрттай ұшып құлайды (Ш. Мұртаза).
◊ Табалдырықтан аттай бере мұрттай ұшып жығылам, сілем қатып.
(М. Əуезов).
◊ Кіндік жұртына барып келген күні сыралғы болған сырқаты қайта
қозып, мұрттай ұшты (Б. Мұқаев).
◊ Мына Бақытжан қызылшамен ауырып мұрттай ұшты. Ойбо-Оой,
аурудың алғашқы беті өте қатты екен (З. Ахметова).
МҰРТЫ СЫНБАУ – бір нәрсенің өзгермеуі, сол қалпында қалуы:
◊ Алғаш апарылған үйме табақ ет мұрты сынбай сол қалпында тұрды.
Өздерінің өтініштері бойынша бір бақыраш, бір шелек су қойылған. Бұлар
негізгі күшті сол суға салып жатыр (Е. Домбаев).
◊ Қаратайдың мұрты да сынбады. Патшаның бұл әрекетіне қасарыс-
қан Қаратай 1809 жылы Жантөрені өлтіріп тынды. Жантөренің өлімінен
қорқып, көптеген билер мен батырлар одан енді бойды аулақ салды (Ə. Сарай).
◊ Студенттер арызын шығыс тілдері факультетінің деканы да қолдай-
ды. Бірақ ол кез – бюрократизмнің мұрты сынбаған, тон мойын кезі еді
(Ө. Күмісбаев).
МҰРТЫН БАЛТА ШАППАУ // КЕСПЕУ – ісі, тіршілігі мығым,
мықты, өзіне-өзі көңілі толу деген мағынада:
◊ Жоқ, мықтының да мұртын балта шабады екен (Б. Кірісбаев).
◊ Соның көңілін тапса, мұртын балта шаппайды (Б. Мұқаев).
265
◊ Моғолстанда бір тірегім болса, мұртымды балта кеспейді деп ой-
лады Жәнібек (І. Есенберлин).
МҰРТЫНАН КҮЛУ – өзіне сенімді, риза болып күлу:
◊ Сондықтан Қабыштың сөзіне мұртынан күліп, жымиып: Жәмеш
бүгінге дейін сандалып адасудан айыққан жоқ... – деді (М. Əуезов).
◊ Жарқын амандықтан соң, сұлу мұртының астынан мырс етіп күлген
Сыбанбек: – Малтеке-ау, әлгі ел-жұртты жинап, о дүниеге аттанбақ болға-
ның қайда? (Е. Рахимов).
◊ Арқа-басы кеңейген жер мұртынан күліп, барын киіп жасанатын
(О. Бөкей).
МҰРЫНДЫҚ БОЛУ // БОЛМАУ – бір нәрсені, істі жүзеге асыруға
себепші болу, болмау:
◊ ... Əкесінің өз қолымен жазған хатын оқыған соң, көші-қонға Мү-
кейдің өзі мұрындық боп, туыстарын бастап әкеліпті (Қ. Жұмаділов).
◊ Уақыт иірімі қатты, шапшаң заманда ескі жүйемен жәйлап қимылдап,
артта қалуымызға мұрындық болуда (Т. Сапарұлы).
◊ Құнанбай жарға Жұмайды Сүйіндік пен Сүйірлерге жіберіп: «Ана
Қарауыл-Балпаң, Талшоқы бойынан таңдаған қоныстарын алсын! Бірақ
көпке мұрындық болмай, тез барып орнықсын деген (М. Əуезов).
◊ Үй иесі әңгімеге мұрындық болмай, қашқақтап қанша жалтарса да,
полицай оны қыбына да қыстырмай, дүңкілдеп әлі сөйлеп отыр (Т. Ахтанов).
МҰРШАСЫ КЕЛМЕУ – қолы тимеу, шаршау, шамасы келмеу:
◊ Меңіреу далада мал табудан басқа ермегі жоқ кісіге ұзақ жыл әйелсіз
тұру қиын болатынын білсе де, жүрер алдында оны ойлауға мұршасы кел-
меді (Ə. Нұрпейісов).
◊ Галина сөйлеуге мұршасы келмей, қайтадан қисайып жантая кетті.
Əлден уақытта ұйықтап кеткендей болды (Б. Тілегенов).
◊ Бүтін тамағын, кеңірдегін үзіп жіберсе керек, Қалтабай «ыңқ» деуге
мұршасы келмей, тіл тартпай кетті (М. Сүндетов).
МҮЙІЗІ ШЫҚПАУ – ешкімнен ерекше, артық емес деген мағы-
нада:
◊ Адам басына бір бөлме иеленіп отырғандардың да мүйізі шығып жат-
қан жоқ, – деп күледі Валентина, төрге шәйімен тысталған көрпелерді
жайып жатып. – Енемнің көзі, қайным! (Қ. Тоқмырзин).
◊ Əбіл шал тұншыға жөтеліп, сақалын бір сипап алды да: – Бернияз
шырағым, ақылды жігіт емессің бе, арыз деген пәлеңді айтпа. Арыз жазған
қай қазақтың мүйізі шығып еді (Т. Сәукетаев).
◊ Қоймасында қап-қап ұны бар, сөреде жайылған еті бар, Тұрысбектің
қарны тоқ болса да, ешкімнен артық емес, мүйізі шыққанын көрген емеспіз
(А. Қонарбаева).
266
МЫЗҒЫП АЛУ – сәл ғана ұйықтап, көз шырымын алу:
◊ ...Таң алдында тоқтап қалжыраған кісілер аз ғана мызғып алды
(Ə. Нұрпейісов).
◊ Таң алдында талықсып барып азғана мызғып алды. Біреу түрткендей
селк етіп oянып, орнынан ерте тұрды (А. Жақсыбаев).
◊ Ерен қолбасшылар бір-ақ сағат мызғып алып, ұлы айқастардың та-
лайын жеңіп шыққан (Р. Сейсенбаев).
МІЗ БАҚПАУ – қозғалмау, қимылсыз қалу:
◊ Əбекең айбалтаны былай бір ырғады, балта міз бақпады, алай бір ыр-
ғады, міз бақпады. Қайта, мұның әр қимылымен балтаның сабына дейін
тақырға сіңіп бара жатқандай екен (С. Елубаев).
◊ Қойшы шүңірек көзінің қырымен міз бақпай қадала қарады (О. Бөкей).
◊ Сонда әлгі аспанды нұсқаған құрық саусағы бар төмпешікті орындық
қып міз бақпай жалаңбас жайғасқан (О. Бөкей).
МІРДІҢ ОҒЫНДАЙ – жанға бату, ауыр тию деген мағынада:
◊ Суық ауа мірдің оғындай арғы-бергісінен өтіп, қарып түсердей бол-
ған соң киізді қайта жаба қойды (Д. Исабеков).
◊ Əр сөзі мірдің оғындай (Б. Соқпақбаев).
◊ Отыр! – деген мірдің оғындай жалғыз ауыз сөз шықты. Сайдалы қал-
балақтап қайта отырды. – Үйіңде қонағың бар емес пе? (Е. Домбаев).
МІСЕ ТҰТУ – барға қанағат ету, шүкірлік:
◊ Нәтижесінде Əлихан ғылымды сыйлайтын Мәскеуді паналаса, Ахмет
елде қарапайым оқытушылықты місе тұтты (Д. Қамзабекұлы).
◊ 2004 жылы Афинаның ақырғы күні күміс пен мысты місе тұтып
мысымыз құрып тұрғанда, Олимптің басынан алтын шашақты күнге жана-
рымызды қарықтырған Бақтияр батыр ғой бұл! («Айқын» 07.08.2005).
◊ Жастығы ма екен місе тұтып, мән бермепті. Мұны елең еткізгені –
жау санап, сақтықпен қарайтын көшпенді түріктердің тарту еткен бағалы
тәжi (Р. Мұқанова).
267
– Н –
НАЙЗА БОЙЛАМАУ – залым, арам, өтірікші деген мағынада:
◊ Сенің зәлімдігіңе найза бойламайды, деп, тәтем маған зілденіп кетті
(Б. Нұржекеев).
◊ Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен
сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады (З. Қабдолов).
◊ Орысша, қазақшаға бірдей, өтірігіне найза бойламайды, талай қызды
алып қашып, тастаған, қатын алу, тастау – оған тымақ ауыстырғанмен бір-
дей (С. Қирабаев).
НАЙЗА БОЙЫ КӨТЕРІЛУ – халықтық өлшем бойынша күннің
көтерілу биіктігінің салыстыра айтылуы:
◊ Сонымен, күн найза бойы көтерілгенде, Жігітек қонысы, Саркөл мен
Бөкенші қонысы Шалқар арасы, Суықбұлақ пен Қаршығалы арасы қайнап
сірескен қолға толып алды (М. Əуезов).
◊ Күн найза бойы көтерілместен бай келіп, жаман жер төсекте жатқан
жалшыны тұрғызды (Ж. Сәмитұлы).
◊ Күн найза бойы көтеріле бергенде жау жағында бір дүрбіліс бас-
талды (Ғ. Мүсірепов).
НАМАЗЫ ҚАЗА БОЛУ – уақытында намаздың оқылмауы сияқты
жұмыстың бітпей қалуы:
◊ Қыстауға қонса, бата оқу болса, мал өлсе, құрбандық берсе, бас пен
жамбас молданың алдына тартылатын, сүттің уызын, қымыздың тұнығын
молдаға таттыратын, молда жоқ болса, намазы қаза болғандай, келіндер де
«молданы шақыр» деп отыратын (Ə. Кекілбаев).
◊ Бәтшағар бірауық қазақша шүйіркелессе намазы қаза болар ма?
(Т. Сәукетаев).
◊ Ендеше, бір күн атқа тақым салмай үйінде отырса, намазы қаза бол-
ғандай тықыршып бітетін қу аяқ қой (Ғ. Мүсрепов).
НӘР СЫЗБАУ // ТАТПАУ – мүлдем тамақ ішпеу:
◊ Таң қаларлығы оның өзі түк оқымаған, сауатсыз адам әрі неміс
тілінде нәр сызбайтын жан екен (Қ. Əуесбай).
◊ Бұлардың нәр татпағанына алтыншы күн болып барады (Ғ. Мүсі-
репов).
◊ Мен олардың нәр сызбағанын сездім және жуық арада қолдарына
қасық ұстай қоймайтындары да белгілі (Д. Исабеков.)
НЕ ҚАЙЫР, НЕ ҮМІТ – ешқандай, ешкімге пайдасы жоқ, босқа
жүргендер туралы:
◊ Тек бүгінімен өмір сүретін, өз пайдасын ғана ойлайтындардан не
қайыр, не үміт? (М. Құлкенов).
268
◊ Ал мына Қарапұшық Иваннан не қайыр, не үміт, өзі маған ала көз-
деу, мені жау қолына беріп, бекіністі тастай қашудан да тайынбас (І. Есен-
берлин).
◊ Алайда ата-анадан не қайыр не үміт, егер де олар жын шайтанның
жолында жүрсе?! (Н. Абылай).
НОҚТА АҒАСЫ э т н о г р.– ел ағасы, ру басы:
◊ Осы жолғы еркек тоқты – құрбандық мен болайын. Оның үстіне Ар-
ғынның ноқта ағасы деген атым бар, – деп ырыққа көнбей тұр (Қ. Жұма-
ділов).
◊ Қария сөздерінде Тарақтының есейе келе, Арғынның «ноқта ағасы»
атануының бір қисыны да осыдан (Р. Каренов).
◊ Сондай-ақ Орта жүз қазақтары тарақтыны ноқта ағамыз, десе, Ұлы
жүз қазақтары жалайырды «ноқта ағасы» деп дұрыс таныған (Т. Қалила-
ханов).
НУ ОРМАН – өте қалың, ағашы көп жер
◊ Мұңды Мыңбұлақта баяғы Түрік халқының заманындағыдай аң ау-
лайтын ну орман жоқ (Ш. Мұртаза).
◊ Ну орманның қала жақ беті қысқы көрпесін қалың жамылған жазық
дала, бүгін бетіне қорасан шыққандай шұп-шұбар (Ғ. Мүсірепов).
◊ Үш жағын ну орман қоршап тұрған алаңқай. Алаңқайдың орта тұ-
сында «тырна» құдық бар (Қ. Руспаев).
НЫСАП ЖОҚ – ешнәрсені қанағат, місе тұтпайтын деген мағы-
нада:
◊ Нысап жоқ сендерде! Немене, бір қауын атаңның құны ма? Бар, бала,
бара бер! – деді ол Жомартты итермелеп (Т. Дауренбеков).
◊ «Пенде шіркінде нысап бар ма? Нысап жоқ қой. Болмаса адамға
жеткізбейді екен... Көрінбейді екен... (Т. Нұрмағанбетов).
◊ ...Тіпті бар ғой ше, шіркінде ұят та жоқ, нысап та жоқ, тойым да жоқ
көрінеді (Б. Аққожаев)
269
– О –
О ДҮНИЕГЕ ӨТУ // АТТАНУ – жер қойнына ену, дәм-тұзы тау-
сылу:
◊ Жоғары жақта көкті тіреген көкем болмақ түгілі, ауылдағы аюдай
ақырған әкемнің өзі баяғыда о дүниеден өтіп кеткен-ді (А. Қонарова).
◊ «Атақ деген атаңа нәлет осы екен ғой» деп мәз болған Кәуікбай
шалқасынан түсіпті де сол күйі о дүниеге өтіп кетіпті (О. Əубәкіров).
◊ Күміс, жаным, уақытым аз, о дүниеге аттанатын кезім келді
(А. Ақтаева).
О ЗАМАНДА БҰ ЗАМАН – бұрын да, қазір де деген мағынада:
◊ Е, тәуекел. О заманда бұ заман бүйтіп жүрегі дүрсілдеп, өкпесі ау-
зына тығылған емес (Ш. Құмарова).
◊ Дәстүр бұзған, ата-ананың батасын аттап кеткен кісінің о заман да,
бұ заман оңғаны бар ма? (Р. Нұрғалиев).
◊ О заманда бұ заман есi бар адам өз үйiн өзi тонап, өз ата-аналары мен
өз балаларынан өзi ұрлай ма? (Ғ. Есім).
ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗУ – ойланып, толғанып, нәтижеге келу:
◊ Болған жағдайды ой елегінен өткізді (Б. Мұқаев).
◊ Алғашқы наным-сенімдер, халықтың ауыз әдебиеті мен қазіргі қа-
бырғалы діндердің қағидаларын ой елегінен өткізіп байқаңыз (А. Нысан-
баев).
◊ Енді осылардың бәрін ой елегінен өткізіп, Фурманов Колосовпен
бірнеше рет әңгімелескенін де есіне ала келіп, күнделігіне мынадай түйін-
дерін жазды (Ж. Арыстанов).
ОЙНАҚ САЛУ – думандату, көңілдену сәтінің көрінісі:
◊ Жансыз жатқан құр сүлдер санама думан салып, көңілімді көркейтті.
Кек алу арқылы ләззат алдым. Ойнақ салып әлдекіммен алыса түскім ке-
леді… (Р. Мұқанова).
◊ Ой-қырдан орғып-қарғып еріккенде, Алтайда ойнақ салып жүрген
аңдай. Сол күнде бір ер бопты алты алашта, Қаны бір қалың елмен, жаны –
басқа (М. Жұмабаев).
◊ Түбіне теңге тастаса көрінетін мөлдір судан екеуі мүлде шыққысы
жоқ. Олар біресе сүңгіді, біресе жүзді, біріне бірі су шашты, алысты, ойла-
рына не келсе соны істеп ойнақ салды. Бір кезде бір тұстан ду-ду күлкі ес-
тілді (І. Жақанов).
ОЙЫ ОНҒА, АҚЫЛЫ АЛТЫҒА БӨЛІНУ – ойы бөліну, әурелену,
шешімін таппай қиналу:
◊ Екеуміз кеңесте шешетін нәрсе болмағандықтан, ойым онға, ақылым
алтыға бөлініп, пәлен етейін деп айта алмай отырғаным (Д. Исабеков).
270
◊ Сөйтіп, ойы онға, ақылы алтыға бөлініп әуреленіп жүрген кезінде
Ахметтен тағы мынадай хат алды: «Қалқам-ай, қапа қылдың жауап
бермей, Жүр ме екен қолың тиіп, реті келмей?» (С. Торайғыров).
◊ Бар ма осы қалада? – Е, келеді. Жер ауып кетті деймісің ол немені?
Айтқан: «мені біреу іздесе үйге келсін, күтіп отырсын» деп... Енді
Қиярдың ойы онға, ақылы алтыға бөлінді (Б. Шаханов).
ОЙЫН ӘР САҚҚА ЖҮГІРТУ – әртүрлі нәрсені ойлау, ыңғайын
таппау деген мағынада:
◊ Мына қыздың бұралып отырып, үнсіз егіле жылағаны Тайцзуннің
ойын әр саққа жүгіртіп, көңілінің берекесін кетірді (Р. Мұқанова).
◊ Сондай өмірге қайтсем жетем, бұл бейнеттен құтыламын деп қамы-
ғып, ойын әр саққа жүгіртеді (Ш. Құсайынов.)
◊ Сейсенғали өз ойын әр саққа жүгіртті. Ыңғайын таппады. Шанаға
тиеп жиырма шақты бала жабылса қайтер еді (Қ. Жаркенов).
ОЙЫНДА ЕШТЕҢЕ // ДӘНЕҢЕ ЖОҚ – қамсыз, жайбарақат жүру:
◊ Бір күні, ойында ештеңе жоқ, түскі ыстыққа өзен жағасына барып,
белуарына дейін шешініп тастап, жуынып жатқан-ды (Қ. Жұмаділов).
◊ Кадрлер бөліміне беттеген Ақмаралдың ойында ештеңе жоқ еді.
Бөлімнің алдында екі жігіт тұр екен. – Ақмарал сізсіз бе? – деп сұраған жі-
гіттің көріктілеуі төс қалтасынан қызыл түсті құжатын көрсетіп, өзінің аты-
жөнін көрсетті (М. Мақпал).
◊ «Тамаша, өмір тамаша» көпке ұзамады, кемпірде жазық жоқ, осқы-
рынған Елтай тұнық суға қара тас лақтырды. Кезекті шай ішісте қызара ...
нанды бұрап асаған Елтайдың ойында дәнеңе жоқ, «Иә, апа!» – деп қояды
(М. Қабанбай).
ОҚ АТЫМ/ЖЕТЕТІН/ ЖЕР – халықтық өлшем бойынша оқ жетер
қашықтық:
◊ Əскерлеріңіз оқ атым жерде айнала қоршап тұрсын (Ж. Тәшенов).
◊ Ала таңнан тұрып, электр сымдарын тартумен жүрген Тұрап та екі
шалдың оқ атым жердегі айғайға бергісіз әңгімесін естіп, іші жылып
қалып еді (Е. Мырзахметов).
◊ Оқ жететін жерге жақындамады (Ə. Нұрпейісов).
ОҚ БОЙЫ – қашықтық өлшемі, алда жүру:
◊ Күн ұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған
(М. Əуезов).
◊ Малға жарлы болса да қабiлет-қарымы Келменбеттi өзгелерден оқ
бойы озық етедi. Құралайды көзге атқан мерген, жауырыны жерге тимеген
балуан, шабандоз болған (Т. Мыңжасар).
◊ Ол оқ бойы ұзап кетіп бара жатып, өз-өзіне ерік беріп, өксіп-өксіп
жылап келеді (Қ. Медет).
271
ОҚҚА ҰШУ – оқыста жазым болу:
◊ Наурызбайдың жүз жасауылының 95-і қаза тапты, олардың ішінде
Кенесарының сүйікті батыры Байтабын да бар еді, ол ұзақ атысып, қатты
қарсылық көрсетті, ең соңында оны батпаққа тықсырып, қоршауға алған
кезде оққа ұшты (Хан Кене).
◊ Инозеленцев оққа ұшса, атылар кезек әкесіне келмек емес (А. Сүлей-
менов).
◊ Жүрсе де әр кез алда ұшып, Үйірінің амандығы жолында. Кей кезде
кетер жер құшып, Алдынан тосқан оққа ұшып (Ғ. Мұтанов).
ОҚТЫ КӨЗІМЕН АТА ҚАРАУ – ашуланып, жек көре қарау:
◊ Сау болыңдар, өңкей жындының ауылы!.. – деп бастық пен Орман-
тайға оқты көзімен соңғы рет ата қарап, есікті сарт жапты (Д. Исабеков).
◊ Оған әйел беті бір көгеріп, бір бозарып оқты көзімен ата қарап, тағы
да әлдене дейді. Сосын бір-біріне көздерін алартып, дауыстары қатты-қатты
шығып, әңгімелерін жалғастыра береді, жалғастыра береді (Т. Əбдіков).
◊ Ол Бақанның кемпіріне шаншыла, оқты көзімен ата қарағанын
аңдамады, қозғалақтай түсіп терезеге бұрылды да: – Е, біраз бопты ғой, –
деді (М. Сүндетов).
ОН ЕКІДЕ БІР ГҮЛІ АШЫЛМАҒАН – жас, балғын қыз бала деген
мағынада:
◊ Бір талы он екіде ашылмаған,
Жас гүлдей, қызым, бақсың жасың маған.
Қаймаққа қан құйғандай балғын ажар,
Орнықты, желікпеген, тасынбаған («ҚƏ» 10.01.1995 ).
◊ Он екіде бір гүлі ашылмай жатып тіршіліктің сірне-сірне қамытын
киді (Б. Мұқаев).
◊ Қарғадай қыздың он екіде бір гүлі ашылмай жатып, осыншалық қа-
сіретке ұшырағаны, менің өмірге деген бұған дейінгі салқындау көзқара-
сымды қатайтқан еді (О. Бөкей).
ОН ОЙЛАНЫП, ЖҮЗ ТОЛҒАНУ – ұзақ ойланып, асықпай іске
кірісу:
◊… Бұрынғы бүкіл байтақ еліміздің болашағы белгісіз болып отырғаны
сияқты. Сондықтан да тап қазір шешімдер қабылдау кезінде мейлінше бай-
қас болуымыздың он ойланып, жүз толғануымыздың маңызы зор
(М. Жолдасбеков).
◊ Ойпырмай, он күн ойланып, жүз күн толғанса, ойға келмейтін оңай-
да олжалы нәрсені қалай ойлап таптыңыздар? (Н. Исабаев).
◊ Исатай не істесе де ойлап істейтін. Əрбір ісін он ойланып, жүз тол-
ғанып шешетін, содан кейін ғана нақты шешімге келетін («Қазақстан һәм
қазақтар хақында»).
272
ОН ТӨРТІНШІ ТУҒАН АЙДАЙ – жүзі ерекше нұрлану, туған ай-
дай толықсу:
◊ Нұрланып он төртінші туған айдай, Науанды алшын, жаппас келіп
көрді (Хан Кене).
◊ Жүзі болып он төртінші туған айдай, Құдайдың кім тілеген берген
баққа (Батырлық дастандар).
◊ Қызылжар үйден шықсам жолы оңай,
Бас, сәулем, аяғыңды бұраңдамай.
Біреудің мен де өзіңдей боздағымын,
Сен болсаң он төртінші туған айдай.
Кілтпенен алтын сандық ашқым келді,
Көңілді ауытқыған басқым келді («Қазақ әндері»).
ОҢ МЕН СОЛЫН ТАНУ – жақсы мен жаманды айыратын жасқа
жетіп қалу деген мағынада:
◊ «Неге асықтың? Жалғыз ұлыңды жеткізбей, қатарға қосып оң-со-
лын танытпай, неге тастап кеттің» деп балалық базынасын білдіреді
(Б. Мәжитұлы)
◊ Біздің қасымызда жүре бергенде не аласың, аларыңды алдың, оң мен
солыңды таныдың (Ш. Құмарова).
◊ Бұл, қарап тұрсаң, сол жылы жарық дүниеге келген нәрестенің оңы-
солын тани бастайтын уақыт! Бірақ қазақ халқы оңы-солын танып білген
жоқ (Б. Алдамжар).
ОҢАЙ ОЛЖА БОЛУ – аяқ астынан, қиындықсыз келген пайда:
◊ Ол жолы көзжендет құсқа қамаукөз құлжа тіптен оңай олжа болған.
(А. Алтай).
◊ Осыған жылау түгіл, қуанған бар,
Көретін оңай олжа өлген малды.
Қарғалар қарқылдасып хабар салды,
Күшіген қызыл көрген аспанды алды (І. Жансүгіров).
◊ Ой, қашан сол бидай шығады деп жүргенше, әзiргi мынау оңай олжа
дұрыс қой, – дейді (Б. Майлин).
ОҢ ҚАБАҚ ТАНЫТУ // БЕРУ – жылы шыраймен, дұрыс көңілмен
мінез таныту:
◊ Əшейіндегі қатты райынан қайтып, қазір көбінесе күйеуіне оң қаба-
ғын беретін болды (Ə. Нұрпейісов).
◊ Алла тағала жар болып соңғы жылдары ел-жұртқа оң қабақ таны-
туда. Қысы қарлы, жазы қарталы («Əйтеке би»).
◊ Кіші ауылда қонақ барын естіп-біліп отырса керек, жас жігіттерді ол-
қысынбай, оң қабақ танытып, жылы шыраймен қарсы алды (Қ. Жұма-
ділов).
273
ОПА ТАБУ – ешқандай пайдасы жоқ, босқа әуре болу деген мағы-
нада:
◊ Ана немерелеріңді тірі жетім етіп өсіргенде не опа табасың (Р. Мұқа-
нова).
◊ Ондайда айырыңды ұстап, алдынан шыққаның жөн, кіммен ұрысып
опа табасың. «Менің тапсырмам осымен бітеді», – деп біреулері тіркемені
ағыта сала келген ізімен кері бұрылады (Қ. Жиенбаев).
◊ Сүйіліштің ашуының басылмай тұрғанын байқаған бай, бір жағы
Сүйілішпен ерегісiп не опа табамын депті де, батырдың арқасынан
қағып. – Менен қате кетті, не тілегің болса да айт деді (С. Ысқақов).
ОР ҚАЗУ – біреуге зияндық, қастандық жасау:
◊ Директорға ор қазылып, домалақ хаттар қарша жауып жатса да, за-
уыттың күнделікті тіршілігі қалыпты еңбек тынысымен жалғасуда («ЕҚ»
12.11.1998).
◊ Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген нысап, құр өзімшілдік һәм
әр өзімшілдік – адам баласын бұзатын фиғыл (Абай).
◊ Біреулер біреулерге ор қазып жүр,
Біреулер біреулерге көр қазып жүр.
Біреу жүр біреулерді бірге соғып,
Біреу жүр өмір бақи түрме соғып (Ө. Қожамұратов).
ОРАМДЫ ТІЛ – шешен, шебер сөйлеу:
◊ Орамды тілмен Ербол баппен, жақсы айтады (М. Əуезов).
◊ Мағыналы сөз, ұшқыр қиял мен орамды тіл жымдаса шыққанда ғана
көрерменнің жүрегіне жол табады (К. Қабылғазы).
◊ Əуелі білім керек, ұғым керек, өткір жүрек, орамды тіл керек (Ə. Ке-
кілбаев).
ОСПАҚ СӨЗ – әзіл, қалжың, қағытпа сөз:
◊ Сұлтанның оспақ сөзі шындықтың төбесінен түскен болу керек
(Б. Соқпақбаев.)
◊ Шұнақ Құдай – налу, күйінуде тәңірге тіл тигізе айтылатын кейiс сөз.
Көбіне қыз-келіншекке айтар оспақ сөз (Ғ. Есім).
◊ Ал сөйтсе де, көңілін бекітіп алмаққа, оспақ сөзге, әзілге өзі жүгірді
(С. Шүкір).
ОТ ЖҮРЕКТІ – ержүрек, батыл жігіт:
◊ Уайс хан өзі секілді кілең от жүрек жігіттерді жинап алып, моғол-
станның шетінде, Қашқарияда біраз уақыт анамалдық құрып жүрді де,
Түркістанға келген (І. Есенберлин).
◊ Қызыл туды көтеріп шықты қалың қол бастап, қырандар, от жүрек-
ті өрендер. Шықты айбынды ұранмен «Отан үшін!» «Ел үшін!» Тайсалған
жоқ өлімнен туып-өскен жер үшін (Қ. Сүйенішов).
274
◊ Tыңды игеруге баратын әрбір жас біздің заманның бүгінгі геройы,
Отанның от жүректі ұлы (М. Иманжанов).
ОТҚА МАЙ ҚҰЮ – істі, оқиғаны жандандыру, шалқыту:
◊ Отырғандар Тұралы мен Жақыптың араларына сөз тастап, айтыс
отына май құйып шыдатпайды (Тұралы шешен).
◊ Əскери шен-шекпен төңірегіндегі әңгіме отқа май құйып, тіптен
шалқыта түсті (Н. Қабанбаев).
◊ Сауап болған екен, бізді оятпай кетуші едіңдер, – деп бұлар отқа
май құйып, сөздері мен күдіктерін жандандыра түседі (Т. Мыңжасар).
ОТҚА ДА, СУҒА ДА ТҮСУ – өзін аямай, жан-тәнімен біреу үшін
жүгіру:
◊ Балажан, байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап
(Б. Соқпақбаев).
◊ Ол марқұм әйелі мен баласы үшін отқа да, суға да түсіп, сөйтіп жү-
ріп көз жұмды (Д. Исабеков).
◊ Қазір, міне, боркемік туған бозбастарын қорғап біздей кәрі-құртаңдар
отқа да, суға да жалпылдап түсіп жататын бопты (Р. Ниязбеков).
ОТПЕН ОЙНАУ – қатерлі, қауіпті жағдайда жүру:
◊ От-адам отпен ойнап сынар бағын,
◊ Жүйрік жан қажу білмес, қуар сағым.
Тағы боп, күңіреніп кезіп кетті,
Қорқыт та шешпек болды жан жұмбағын (М. Жұмабаев).
◊ Отпен ойнап біреудің жүрегіне жазылмас дерт салғанымды, ешқан-
дай жақсылықпен ақтап ала алмас ағаттық жасағанымды енді түсіндім
(Ғ. Қаллемов).
◊ Қандай сұлу отпен ойнап,
◊ Құрыш құйған болатшы!
◊ Қандай сұлу ұста жігіт талдай иген болатты! (Т. Əбдірахманова).
ОТЫМЕН КІРІП, КҮЛІМЕН ШЫҒУ – ертеден қара кешке дейін
бел жазбай, дем алмай жұмыс сітеу:
◊ Не жаздық сонша, жазығым отымен кіріп, күлімен шыққаным ба?
(Ш. Құмарова).
◊ Мен осылардың отымен кіріп, күлімен шығып жүріп таптым осы
сырқатты. Қарғамаймын ешқайсысын да. Тағдыр өзі-ақ туралайды бәрін
(Ө. Жәнібек).
◊ Мен ондайдың отпен кіріп, күлмен шығатын күң болғанның жүзін
атай аламын (Ғ. Мүсірепов).
275
ОТЫНА КҮЮ // ӨРТЕНУ – жан-тәнімен бір нәрсеге қатты берілу:
◊ Басы аман, малы түгел, Жақыптың отына бірге күйетін жақыны деп
бізді ұстайды (М. Əуезов).
◊ Ойыма намыс отына өртеніп жүріп таэквандо тарихында қазаққа
тұңғыш жүлде әперген атыраулық оғылан орала берді (Ə. Асылбеков).
◊ Намыс отына өртеніп тұрып жылағанға не жетсін! (У. Қалижанов).
276
– Ө –
ӨЗЕГІ ТАЛУ – қатты ашығу, өлместің күнін кешу:
◊ Ол да мен сияқты өзегі талып, Сібір тайгасының арасында да аң ау-
лап, ашығып жүрген шығар, мына мен сияқты (Ш. Мұртаза).
◊ Аңқасы кепті ме, өзегі талды ма, әйтеуір өңеші өртеніп, талғажау
етер бірдеңе дәметкен сыңай байқатты (М. Қаниев).
◊ Осы екі жолды өлмешінің күнін кешкен, өзегі талып бұрлыққан бей-
шара жанның сұрқы сурет болып көз алдыңа елестемей ме?! Елестейді!
(«С. Мұқанов тағылымы»).
ӨЗЕКТІ ӨРТЕУ – қатты өкіну, налу, іштей өртену:
◊ Бір ғана өзекті өртеп, жаныңды шырқыратып, сыздататыны соңын-
да қалып бара жатқан ата-ана, бауыр-іні, апа-қарындас (Р. Мұқанова).
◊ – Жә, ез немелер! Əжібек төсегіне барып шалқасынан құлай кетті,
өзегім өртеніп барады…Уһ.. не істесем екен? (С. Мұратбеков).
◊ Тактиканың тауқыметінен қолдағы алтынды алақанынан сусытып ал-
ған қыздың өкініші өзек өртеп тұр (Қ. Əуесбай).
ӨЗ КӨЗІНЕ ӨЗІ СЕНБЕУ – қатты таңқалу, таңырқау деген мағы-
нада:
◊ Нұрлан алғашында өз көзіне өзі сенбеді, алпамсадай ожар мінезді,
намысқай, тәкаппар жігітке осыншалық егіліп, еңкілдеп жылау оған жат
сықылданды (О. Бөкей).
◊ Жоғарыда өлеңмен өріліп, көркем тілмен кестеленіп жазылған хат-
тарды оқып, өз көзіне өзі сене алмады (А. Жұбаныш).
◊ Алыстан қараңдаған кісі дегені жақындаған сайын ұсқынсыз жүндес
біреу. Өз көзіне өзі сенбейді (Қ. Айтбаев).
ӨЗ ОБАЛЫҢ ӨЗІҢЕ // -де ОБАЛ ЖОҚ – тыңдамай, дегенінен қайт-
паған адамға айтылады:
◊ Шын жақсы болсаң, саған айтылған сөз емес. Ал жаман болсаң, жаңа-
ғы сөзден өзіңді танысаң, өз обалың өзіңе!.. Мүрдем қат! – деп, Оспан
сақылдай күлген (М. Əуезов).
◊ Бір көрген қыз бір ауыз жылы сөз айтты деп, желпеңдей келіп жөнеліп
едім, өзіме де обал жоқ (Ə. Нұршайықов).
◊ Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Бір күні ғайып болсам егер де мен (М. Мақатаев).
ӨКПЕСІ АУЗЫНА ТЫҒЫЛУ – жүгіре алмау, ентігу, алқыну:
◊ Жұман екі-үш шақырымдай жүрген соң, өкпесі аузына тығылып,
дымы құрып, жүре алмады, отырды (Ж. Аймауытов).
◊ Абайдың екі өкпесі аузына тығылғандай боп, тынысы бітіп, жүрегі
қатты соғып кетті (М. Əуезов).
277
◊ Кеудесі сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсін-әлсін тоқтап дем
алды (Қ. Жұмаділов).
ӨКПЕСІ ҚАРА ҚАЗАНДАЙ – өте өкпелі, көңілі қапалы, ренішті
жағдайда айтылады:
◊ Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады дегендей, дәстүрлі
өнердің бүгінге өкпесі қара қазандай (Ж. Сабыржанұлы).
◊ Əрине, мұның да Əбілқайыр ханға өкпесі қара қазандай (Қ. Жұма-
ділов).
◊ Ал енді бұған не дейсің, өзі өткен көпірін өртеп кеткен қатыбас аға-
лар, мейрамханаға мың долларды ойланбай тастап, жыртық иін жамағайы-
нын көргенде жиырыла қалатын безбүйрек бизнесмен бауырлар, сайлау
десе, сақалын саудалап, өңешін созып өзеурейтін, сайлаудан кейін өкпесі
қара қазандай боп, теріс қарап тоңқайып жататын партиялар?…(«ҚƏ»
28.05.2016).
ӨКПЕСІ ӨШУ // КҮЮ – қатты жүгіру, алқыну, демі жетпеу деген
мағынада:
◊ Мен өкпем өшіп қастарына келдім (С. Мыңжасарова).
◊ Осымен әлде не заманға демігіп, өкпесі күйген Жамал қайта жетті
(М. Əуезов).
◊ Иса әбден өкпесі күйген кезде ыққан қойды қуып жетті (З. Жәкенов).
ӨЛЕ ЖАЗДАУ – бір нәрсеге жан-тәнімен ұмтылу, ашуға берілу:
◊ Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,
Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда жел де азынап (Абай).
◊ He керек, ала алмады, азаптанды, Ашудан өле жаздап аз-ақ қалды
(М. Жұмабаев).
◊ Содан қойшы, бұл қазаққа бәсеке деген баласынан да артық нәрсе
екен, әншейінде қара нанға ақша таппай отырған жұрт жарнаманың жо-
лында өле жаздады («ҚƏ» 11.12.2009).
ӨЛЕРІН БІЛМЕС – аңқау, білместік, өркөкірек деген мағынада:
◊ Жеңеше-ау, қайнағаң не деген өлерін білмес аңқау еді. Мұрттай ұш-
қанын көрдің бе? (М. Əуезов).
◊ Білмеген жан өлерін.
Қайтып сүйер өмірді (Қ. Аманжолов).
◊ Соның бәрі өлерін білмейтін өр көкірек менмендіктен бастау ала-
тыны қаншалықты өкінішті десеңізші (М. Көпеев).
ӨЛІМ АУЗЫНАН ҚАЛУ – өлімнен аман қалу:
◊ Демек, үміт сөнбеді: Амантай өлім аузынан аман қалды (С. Мұқанов).
278
◊ Бет аузы оқ жұлып кеткендей пырым-пырым, түрі адам қарағысыз уа-
ғында қасқырмен де, қабанмен де жеме-жем айқасқа шығып, талай өлім
аузынан аман қалған (Қ. Қайсенов).
◊ Расында да сол жолы Қабекең суыққа қатты тоңып, өлім аузынан қа-
лыпты (Ə. Асқаров).
ӨЛІМ САРҚЫТЫ – жалғыз қалған перзент, бала:
◊ Қанша бала тапса да тәңірі тұрғызбады ғой, өлі туған жылбасқылар-
дың соңынан аман қалған «өлім сарқыты» осы жалғыз ұл еді (А. Алтай).
◊ Құсайын ұста Өтешқалидың «өліп-өліп, өлім сарқыты болған» бір-
неше баладан жалғыз қалған тұяғы еді (Л. Қаражанова).
◊ Паң да тәкаппар кемпір қазір қартайған, әсіресе маңдайына
Біткен өлім сарқыты – жалғыз қызының ерден қайтып келуі – қатты
жүдетіп кеткен-ді (Ə. Сарай).
ӨЛІП-ТАЛЫП ЖЕТУ – әзер, ұзақ уақыттан кейін қолы жеткен іс
деген мағынада:
◊ Өліп-талып жеткен күнім, қадірлім, Сені күтіп қаншама жыл са-
рылдым?! («ЖА» 30.07.1999).
◊ Елдікке ерте қанат қаққан қазақ,
Сол жолда талай азап тартқан қазақ,
Арманға өліп-талып жеттің зорға,
Айырыла жаздап тіл мен салттан қазақ (О. Асқар).
◊ Бүгін күн жексенбі ғой, әйтпесе, құлқын сәріде тұрып алып, екі бала-
ны сүйрей-мүйрей жер түбіндегі аялдамаға жүгірер едің, бірінші вокзалға
баратын автобуста ылғи адам көп, өліп-талып күтесің, өлдім-талдым деп
мінесің, шынтақтасып-шатақтасып орын тосасың, ойдым-ойдым жолдар-
мен мөңкіп-мөңкіп жөнелген алқа-салқа автобусқа шыбын жаныңды тапсы-
рып, аударылып-төңкеріліп, діттеген тұсыңа өліп-талып жетесің әйтеуір
(Ə. Тарази).
ӨЛІСПЕЙ (ТІРІ) БЕРІСПЕУ – соңына дейін жүру, күресу:
◊… Өліспей беріспек емес, тастай қатып, халықтың барша дәулеті құ-
йылған қазанның құлағынан айырылар сыңай танытпайды («ҚƏ» 10.10.1995).
◊ Қуат берер тылсым бір күш жыласам:
«Өліспей сен ешқашанда беріспе».
Тұра алмастай мен орнымнан құласам,
Лезде келгін, тұрғызатын Періште (Н. Өмірханов).
◊ Серен келсе сестеніп,
Аттана шабар еренім.
Өліспей тірі беріспес,
Артықша туған өренім (Бұхар жырау).
279
ӨН БОЙЫН ШЫМЫРЛАТУ – жан-дүниесіне әсер ету деген мағы-
нада:
◊ Көкірегімде сағыныш пен қуаныш сезімі тасып, өн бойымды шы-
мырлата жөнелді (Д. Исабеков).
◊ Тыңдағанның аруағын қоздырар, айбынын оятар аталы сөзді Мұрат
ақын тегін айтпаса керек. Сан ғасырлық езгіден жүдеген жұрттың еңсесін
көтерер, рухын оятар асылзат тарихты өлеңге айналдырып, өн бойын шы-
мырлата толғаған ақынның миссиясының өзі сол шығар (Ə. Дәулетбаева).
◊ Жаңғырығып жеткен өсиеттей өн бойын түгел шымырлата толты-
рып, үздік-үздік түртпектеп кететін тәрізді. Бұл не? Зарығу ма? Aңсау ма?
Нені аңсайды сонда? (С. Сматаев).
ӨҢ МЕН ТҮСТІҢ АРАСЫ – түсініксіз, әрі-сәрі болып жүру деген
мағынада:
◊ Тіпті, осы кездесуіміздің өзі өң мен түстің арасындағы әлденедей
(Б. Нұржекеев).
◊ Сыпыра тауды жиектей батысқа жылыстар күн сәулесі қызусыз болса
да сүйек балқытар қуаты бар – өз-өзінен маужырап, өң мен түстің ара-
сында есеңгіреп жүресің (О. Бөкей).
◊ Жазы көшер жапырақтар жылады. Өң мен түстің арасында сендел-
ген, Жүрегімді уақыт ермек қылады (А. Табаракқызы).
ӨҢІ ЖЫЛЫ – жүзі мейірімді, жылы:
◊ Өзім Қазақ мемлекеттік университетінде оқып жүрген кезімде бұйра
шашты, өңі жылы, жүзінен ылғи мейірім шуағы төгіліп тұратын әлі де
балаң қалыптағы Мәкеңді жиі көруші едім (М. Барманқұлов).
◊ Өңі жылы, келбетті, толықшалау келген, қара торы, жасы ұлғайған
сайын түземдіктердің өңі қоңырқай тарта береді, басы аппақ қудай қартаң
әйел (М. Мағауин).
◊ Бақыт тәтені консерваторияның «Ғылыми кеңесіне», «Алтын Сали-
мовнаға бар» деп кеңес берген Алма тәте болатын. Алтын Салимовна бидай
өңді, толықша келген сүйкімді, өңі жылы кісі екен (Б. Мәдімқызы).
ӨҢІ СЫНЫҚ – ренішпен, көңілсіз, мұңды отыру:
◊ Ойпырым-ай, ең болмаса бізбен бірге оразаңды ашпайсың ба, – деді
Ұлтуған өңі сынық, қабағы қатыңқы отырған еріне.
◊ Бүгін кешегіге қарағанда Əлібектің өңі сынық көрінді (Ж. Ахмади).
◊ – Бауырым, өңің неге сынық, бір жағдай болды ма? Қайғың болса ме-
німен бөліс, бәріміз бір мұсылман, қаны бір қазақпыз ғой! Не жағдай, қы-
сылмай айт, – деді (Ж. Нұрдәулет).
ӨҢІ ҚАШУ – қорқыныштан, үрейден, шошығаннан деген мағынада:
◊ Ойлағанындай енді аз уақытта Абайдың үстіне дауыстап сәлем беріп,
өңі қашқан Дәрмен кірді (М. Əуезов).
280
◊ Беті күннің суығына қарамай тершіген, екі көзі ежірейіп, өңі қашқан,
түрi есi шыққан адам сияқты (Ғ. Ахметов).
◊ Дәл осы сәтте, артынан жау қуғандай зырғып, төменге қалай жеткенін
Айымның өзі де аңғармай қалды. Кіре берісте, полиция қызметкері өз әкесін
тұтқындап жатқанын көрген байғұс қыздың жүзінен өңі қашқан (С. Бай-
дәулетов).
ӨҢІНЕ ҚАН ЖҮГІРУ – қуанып қалу деген мағынада:
◊ Аманды қоршай алқа-қотан жайғаса бастаған жігіттер мәз-мейрам,
өңдеріне қан жүгіріп, қарық болды (О. Бөкей).
◊ Қабағын қарс түйіп, қаһар шашудың орнына, директордың жанары
жайнап, өңіне қан жүгіріп, істеп отырған ісін тастай-мастай: – Не дейді?
Қателесіп тұрған жоқпысыз? – деді де, жүгіре басып күзетшінің қасына же-
тіп келді (Б. Садыр).
◊ Екі көзі шоқтай жайнап, сұрланған өңіне қан жүгірді. Бұл менің өмі-
рімде бірінші рет пара беруім… Бара бергенше пара бер… (М. Шерім).
ӨҢМЕНІНЕН ӨТУ – жер-жебіріне жеткізе айту, тесіліп қарау:
◊ Маржан жай сабырлы сөйлесе де, өңменінен өтердей етіп жеткізді
(Б. Иманғазина).
◊ Күйеуінің аядай бөлмеде сораң-сораң етіп, әрлі-берлі жүріп алғанына
жыны ұстап, өңменінен өтер оқты жанармен ішіп-жей қадалады (Т. Сәуке-
таев).
◊ Өңменінен ине өткендей болып, үш-төрт кесе шайды әрең тауысты.
(Б. Нұржекеев).
ӨРІМДЕЙ ЖАС – тым жас, жеткіншек деген мағынада:
◊ Көзін ашып қараса, қасында өрімдей жас жігіт тұр («Ертегілер»).
◊ Қайдан, қалай құлақтанып үлгергені белгісіз, алаңға өрімдей жас жі-
гіттер мен қыздар жиналып қалыпты. Қолдарында орталыққа талап қоя жа-
зып, көтеріп алған ұрандары бар (Ж. Тәліпұлы).
◊ – Кінәсіз, өрімдей жас балаларды іске араластырғанша, бізді өлтіре
берсеңіздер рұқсат, – деп сот залында ашуланған адамға сот төрағасы
ескерту жасады («ЖА» 10.02.20013).
ӨРІСІ ТАРЫЛУ – аумағы, аясы, құлашы тарылу:
◊ Орның биіктеген сайын өрісің тарылып соған белгілі мөлшерде те-
жеу салып отырады (Қ. Жұмаділов).
◊ Əлемнің геосаяси кеңістігіндегі державалық елдердің арасалмағы
ауысты. Өтпелі кезең ұлттардың рухани өрісін тарылтып, қуаттылардың
қуатсыздарға күш көрсетуін өрістетті («ЕQ» 06.11.2018).
◊ ҚР Конституциясы мен заңдарында тайға таңба басқандай жазылған
осы баптар шын мәнінде қазақ тілінің өрісін тарылтып, құлашын кең
жаюына кедергісін келтіріп-ақ тұр (Е. Матжанов).
281
ӨТІ ЖАРЫЛУ – ұнамау, көре алмау, жақтырмау:
◊ Бетіне айтсаң, өті жарылып кете ме оның (Б. Нұржекеев).
◊ Коммунистердің белбаласы – комсомолдың 100 жылдығын тойлаған-
ға, бұ қазақтың неғып өті жарылды деп жатқандар бар. Ағаларыңызды,
бастықтарыңызды қалай ақтасаңыздар да, бұл жолы көптің өкпесі орынды
(Д. Елгезек).
◊ Тұманда адасып жүргендей күй кешкенде, күндей жарқ еткен «жаң-
ғыру» біреудің өтін жарып жібере жаздаса, сол жарықты көптен күткен
енді бір жанға үміт сыйлады (К. Сегізбаев).
ӨТІРІКТІ ШЫНДАЙ, ШЫНДЫ ҚҰДАЙ ҰРҒАНДАЙ – жалған әң-
гімені сендіре айту, иландыру:
◊ Есіркептің төңірегінде жаңа әңгімелер өрбітіп, өтірікті шындай,
шынды құдай ұрғандай ғып айтатын болды (Д. Исабеков).
◊ Əрине, Украинаға жасырын әскерін айдап салып, қитұрқы соғыс жүр-
гізіп, талай адамды ажал құштырғанымен қоймай, өтірікті шындай, шын-
ды құдай ұрғандай етіп ақпараттық соғыс та жүргізіп отырған Путинге
ешбір украинның алғыс айта қоюы екіталай (Б. Асанов).
◊ Таяуда ғана «Самұрықтың» сауырына саусағы тиген ол өзінің ежелгі
кәсіби шаруасын мүлтіксіз атқарып, «өтірікті шындай, шынды Құдай
ұрғандай» қылып құрастырып, өсек-аяңның отын үрлеп, жер астынан жік
шығарғанға ұқсайды (Қ. Ғабдолла).
282
– П –
ПАЙҒАМБАР ЖАСЫ д і н и – адамдардың 63 жасқа келген кезі:
◊ О, Пайғамбар! Зейнеткер дейді мені, Мұсылманша, Мен сенің жа-
сыңдамын (Қ. Мырза Əли).
◊ Сен шоқынды, былшылдады екен деп, мен пайғамбар жасынан ас-
қанда, қажы басыммен өтірік айта алмаймын («Қамар сұлу»).
◊ Ең үлкені болсаң да ұйымдағы,
Ақылыңды сарқып бер миыңдағы
Пайғамбардың жасына өтпей жатып,
Болу енді зейнеткер қиындады («ЕҚ» 30.07.2018).
ПАЙҒАМБАР ШАРИҒАТЫ – құран мен сүннеттер арқылы пы-
сықталған нұсқаулар жиынтығы:
◊ «Не Алланың бұйрығы емес, не пайғамбар шариғаты емес, болмаса
орыс законы емес, әшейін көрінер көзге адасқан бір жүрісіміз» деген жол-
дарды оқимыз (Ү. Субханбердина).
◊ Сонда қайыны: «бидің билігіне бересің бе, әлде пайғамбар шариға-
тына бересің бе», – деп талғау салады (Ə. Молдаханов).
◊ Қабыл ет, тәубем көпке жүз ұятым. Жоқ қылып өзім-өзім пышақ
ұрып, Тұтпадым пайғамбардың шариғатын (М. Сералин).
ПАТША КӨҢІЛ – адамның ішкі көңіл кеңдігі:
◊ Сол пенденің ғана патша көңіл иелігінде иіліп өтеді екен (А. Алтай)
◊ Ол үшін «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барсаңыз болады.
Ал қанша айға жазылам десеңіз де өз еркіңіз, оны сіздің патша көңіліңіз
біледі (Н. Ақыш).
◊ Қай жаққа ап қашпайды патша-көңіл,
Астында табаныңның жатса көгің?
Aяқты аңдап, оңдап басар ма едің,
Аурудың асқындырмай тапсаң емін (И. Сапарбаев).
ПАШ ҚЫЛУ // ЕТУ – оқиғаны, істі жариялау, елді хабардар ету:
◊ Оразбайлар болса, әулігіп бастаған, батырсып, жуансынған дарақы-
лығын енді бар елге паш қылып ап, масқара болған күйде, мазақ болып
қалып отыр (М. Əуезов).
◊ Сөз реті келген соң айта кетелікші, «Сабындының» тағы бір қызы Ақ-
моланың атын күллі әлемге паш етті (А. Смаилов).
◊ Тұңғыш рет ұйымдастырылатын бұл форум Азия континентінде ор-
наласқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайту, одан әрі да-
мыту һәм егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебие-
тін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты
Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көз-
дейді («ҚƏ» 5.08.2019).
283
ПЕШЕНЕГЕ ІЛІНУ // ЖАЗУ – маңдайына жазылған өмірді сүру
деген мағынада:
◊ Хан ісіне көнсеңіз,
Қолыңызды беріңіз.
Жаманды-жақсы болсақ та,
Пешенеңе іліндік
Талайыңнан көріңіз (Хан Кене).
◊ Дегенмен алпыс – сырлы жас. Пешенеге жазған біраз нәрсені көрдің.
Жақсымен де, жаманмен де араластың. Қуандың, ренжідің. Қайғы да шек-
тің. Бірақ, бәріне тәубе дейсің (Қ. Қарасаева).
◊ Бүгінгі таңда пешенеге жазған 8 бала мен 28 немеренің ата-әжесі
(Ф. Арыстанбек).
ПОРА-ПОРА БОЛУ – жылау, қатты терлеу:
◊ Кебежені төртеуміз төрт бұрышынан ұстап алып шығып, ортадағы
кілемнің үстіне қойғанда қарасам төртеуміз де пора-пора болып жылап,
көзімізден жас бұршақтап төгіліп тұр. Бізді көріп бүкіл ел көздеріне жас
алды («ҚƏ» 21.09.1995).
◊ Ол болса сүт қатқан шәйді сораптап үнсіз жұтуда. Бір-екі кеседен соң
маңдайы шып-шып, сосын пора-пора болып терлегені (Ш. Құмарова)
◊ Хамзаның жасы олардың алқым тұсында.Тақтаға шықса пора-пора
болып терлеп кетеді (Ғ. Жұматов).
ПІДИЕ АЛУ к ө н е. – баланы оқытқаны үшін алатын ақысы деген
мағынада:
◊ Оқуға ынтық емес қазақ халқы, Атадан қалған қате бұл бір қалып.
«Бай кісі бала оқытып, підие ала ма» дейтұғын Тасболаттай байлар салты
(С. Торайғыров).
◊ Сөзіңді естімеймін кетші, молда!
Өлемін оған бармай осы жолда.
Қасық қаным берейін өз қолымнан,
Підиемді алып мақсатқа жетші молда («Қамар сұлу»).
◊ Ж. Аймауытұлы өзі туралы айтқанда: «Қартқожадағы» підие алатын
бала молданы оқысақ, ол – өзім. Қартқожаның әкесін көрсек, ол – өз әке-
шешем» деген екен (Ө. Əбдиманұлы).
ПІР ТҰТУ – үлгі тұту, сүйеніш көру:
◊ Осыдан соң трибунаға шығушылар бірінен соң бірі әлгі жазушыны
пір тұтып, тез арада ескерткіш салу керек деген пікір айтты (Д. Исабеков).
◊ Біз батыстық талғамды пір тұтатын қазаққа айналдық (Б. Тұрыс).
◊ Үйретері мол мықтылардан ұзтаздарың болсын. Бірақ ешкімді пір тұт-
па! (Б. Момышұлы).
284
ПЫШАҒЫН ҚАЙРАУ – өштесу, өш алу, ерегісу деген мағынада:
◊ Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр (А. Байтұрсынұлы).
◊ Əшейін, Арыстанның біздің үйге пышағын қайрап жүргенін айтайын
деп едім саған… – деді Айбала (Ғ. Мүсірепов).
◊ Өліспей беріспеймін деп, пышағын қайрап, сайманын сайлап отыр-
ған шығар кек қуған пәле!... (Н. Ақыш).
ПЫШАҚ КЕСТІ – бірден тиып тастау, біржолата кесім айту:
◊ Бәріне де дизель сынып қалған, орталықтан запчасть әкелгенше ток
болмайды деген пышақ кесті жауап қайтарылды (Д. Исабеков).
◊ Əйел үй иесі болып саналмайды деп қорқытып, әменгерлікпен қоса
салу пышақ кесті тоқтатылатын болсын ( Ғ. Мүсірепов).
◊ Пышақ кесті үкімін шығара алмай қиналуы да содан туған (І. Есен-
берлин).
ПЫШАҚ ҮСТІНЕН БӨЛІСУ – дүниені, мүлікті жан-жаққа тарату,
бөліп алу:
◊ Қазақ даласы қайсыбіреулердің назарындағыдай пышақ үстінен бө-
лісіп ала салатын иен-тегін жатқан иесіз топырақ емес (Д. Мәсімханұлы).
◊ Бұл көрініс маған қатты әсер етті. Колхоз-совхоз тарап, жұрт мемле-
кет мүлкін пышақ үстінен бөліп алып жатқан кез ғой (Т. Райымбердиев).
◊ Рудный қаласындағы банктердің бірінен 8 млн теңгеден астам ақша
шешіліп, қос тарап пышақ үстінен бөліске түскен (Ж. Жүсіпбек).
285
– Р –
РАЗЫ ҚЫЛУ – ел-жұрттың көңілінен шығу деген мағынада:
◊ Ойнап-күліп разы қыл, – дедім. Бүгін береріңді сонда неге бермедің? –
деді Шалматай. – Бұл менің екі атымның бірін сұрады ғой (І. Жансүгіров).
◊ Қазынаға салдырды дұшпан малын,
Құдайы қып, мал беріп, разы қылып,
Үйіне қоя берді кемпір-шалын (Батырлық дастандар).
◊ Күзде де көз тартады дала сәні,
Биыл да разы қылып Жер ананы (А. Шамкенов).
РАЙ БЕРМЕУ – көнбей, айтқанына қосылмау, өз пікірінде, ойында
қалу:
Əлгіндегі өрескел қылықтарын жуып-шайып жалпылдаған казактарға
да рай бермеді (Ə. Сараев).
◊ Жақында барып көр-жер әңгіме қозғап, сыр тартып көріп ем, рай бер-
меді (Д. Нұрмұханбетов).
◊ Алайда Стаcик бұл тартуға да рай бермеді. – Өзім де ұшқышпын, –
деді (М. Рәш).
РАЙДАН ҚАЙТУ – мақсатынан, ойынан қайту, бас тарту:
◊ Қой райдан енді қайт! Екеуің де... Пышағыңды кейін тарт! Тыңда,
артыңды байымдап! (І. Жансүгіров).
◊ Əбунасыр райдан қайтып, қабырға қағыстырар күйде емес-ті. Бір
қисайса құлап түсетін, бір түңілсе қарайып кететін жан еді (Д. Досжан).
◊ Жарайды, бүгінше тоқтасам тоқтайын, – Күреңбай райдан қайтып
Нұртайға бет бұрды (С. Омаров).
РӘСУА ҚЫЛУ // БОЛУ – обалына қалу, төгіп-шашу деген мағынада:
◊ Қанын шашып өлтіріп кетсе де, қатын-қызын рәсуа ғып, таласа да –
еркінде (І. Жансүгров).
◊ Тұқымдық бидайды топыраққа сіңірудің орнына, ит жемi рәсуа қы-
лып жатыр екен ғой (М. Гумеров).
◊ Əзірге ауыл-ауылды аралап, құлақ түре жүріңдер, байлар жағы мал-
дарын жасырып, босқа рәсуа қылып жүрмесін (Б. Тілегенов).
РУХЫН КӨТЕРУ – дем беру, патриоттық сезімді ояту:
◊ Аз күнде жеңіс тойын тойлаймыз, – деп ол отырғандардың рухын
көтеріп тастады (М. Абдрахманов).
◊ Бұл көтерілістердің бәрі жеңіліске ұшырады, бірақ халықтың рухын
көтеріп, ұлттық сананың қалыптасуына ықпал етті, этностық құрылым-
дарды нығайта түсті («Қазақ даласының ойшылдары»).
◊ Қазақ өнері деп отқа да, суға да түсіп, ұлт рухын көтеріп, өзгеге сес
болып келе жатқан Асекеңнің, сол өнердегі болмысымды жаңғыртады, жал-
ғастырады деген бауыр етінен айырылған Асағаңның қайғысы – Халқының
қайғысы (А. Əшімов).
286
– С –
САБЫНДАЙ БҰЗЫЛУ – айну, өзгеру, бұрынғыдай болмау:
◊ Үш тілді түгіл кеңес заманында тәрбиеленген қостілділердің көбі,
орысша өлең жазып атақты ақын атанғандардың қазақ тілі, қазақы тәрбие,
қазақы салт-дәстүр мәселесіне келгенде не сабындай бұзылып, не қазаққа
қарсы жаққа тайқып шыға келіп, соларға қосыла шапқанын да көріп жүрміз
(М. Кенжебай).
◊ Міне, сол той өте салысымен-ақ, Мәуленнің көңіл күйі сабындай бұ-
зылып, отыз жастан баяғыда асып кетсе де, тал шыбықтай бұралып тұратын
келіншегі Зылихаға да, анасы мен баласына да суық тартып, олар тілдесе
қалса, танауының астынан міңгірлеп сөйлейтін мінез шығарған (Ə. Қайран).
◊ Алыс жолдың жүрісінен де қажыған, барған елінен құрмет көрген Ба-
луан Шолақ жаңағы айтқан сөздерге кейде елігіп те қалғанмен, ықтиярынан
тысқары, бұзылған сабындай ыдырайып та кетеді (С. Мұқанов).
САБЫР СУЫ САРҚЫЛУ – ары қарай төзбеу, шыдамау:
◊ Гауһар! Сені тура бүгінгідей ешқашан да аңсап, сабыр суы сарқыла
күтпеген едім (Н. Келімбетов).
◊ Қоғамдық пікір деген өзі қызық қой: осы күндері погонды құқық
қорғаушыларды қолдап, өзінің оң көзқарасын танытып жатқан адам некен-
саяқ. Неге?! Сабыр суы сарқылған болса керек (Ə. Қосанов).
◊ Бұған іле-шала жауап қайтарған Қытай екіжақты территориялық дау-
ға үшінші жақ араласуы өзінің сабыр суын сарқып жіберетінін жасырмай
жеткізді («ЕҚ» 25.09.2002).
САҒАТЫ САНАУЛЫ – уақыты аз, жетпеу деген мағынада:
◊ Өйткені ол бастарсыз сауысқанның да сағаты санаулы (А. Алтай).
◊ Əйеліне күйеуінің жағдайын айттым. Сағаты санаулы екенін де ес-
керттім. Бірақ әйелдің жүзінен қайғының табы байқалмады (Н. Қапалбек-
ұлы).
◊ Əр сағаты санаулы жауапты науқанда бұрынғыша, облыс орталы-
ғында дүрілдетіп мәжіліс құрудың қажеті де жоқ еді («ЕҚ» 12.08.2006).
САҒЫ СЫНУ *ТАУЫ ШАҒЫЛУ – көңілі түсу, ренжу, беті қайту:
◊ Қайсысын қолдамақ керек? Біреуін ашық жақтаса, екіншісінің сағы
сынады (Қ. Жұмаділов).
◊ Қоразданып қоқиып жүрген Бектемірдің бір-ақ күнде сағы сынып,
досы Нұрпейіспен құдалыққа амалсыз келіседі (Ə. Асқаров).
◊ Қоқабай, Қорабайлардың жұрт алдында масқара болып, сағы сын-
ды.... (Ə. Тарази).
◊ Жағдайын айтты, жұмыс беруін өтінді. Бірақ оған елең еткен адам
болмады. Əр хатты апарған сайын Мәдинаның тауы шағылып, сағы сы-
нып, мұңайып қайтатын («ЕҚ» 24.11.2000).
287
◊ Есесіне біздің ағаларымыз қанша мәрте сағы сынып, тауы шағылған
тұста да қазақ үшін арайлы бір таңның атарын сезінді (К. Жұмағали).
САҒЫЗДАЙ СОЗУ // СОЗБАУ – бір нәрсені ұзақ созып айту, мә-
селені шешпеу, сөз қылу деген мағынада:
◊ Сөйтіп, біз ұлттық мүдде ұтатын жерде арқаны кеңге салып, мәсе-
ленің шешілуін сағыздай созып, тәуелсіз елдің топонимикасы да тәуелсіз
болуы керек дегенді ескермей келеміз (Т. Төлебаев).
◊ ...сағыздай созбай айтар сөзіңді айтсаңшы! – десті оң қатарда отырған
қорғаушылар жағының төзімі таусылып (Ə. Асқаров).
◊ Сараң сөйле,
Сағыздай созба, жаным,
Опа бермес –
Іздеме сөз базарын (Ғ. Жандыбаев).
САДАҒА (-сы) БОЛУ – құрбандық беру, бір нәрсеге құрбан болу:
◊ Əдейі сойдырдым, бір қой тұрмақ бар қой сенің садағаң (Б. Нұрже-
кеев).
◊ Дауасыз жалғыз себепке айналып,
Тек ажал бізді бөлектей ме анық?
Садағаң болсын Сәпенің онда,
Өтейін сені бөбектей бағып! (Ж. Ерман).
◊ Тәуелсіздік – Айналайын құныңнан,
Түсе көрме тұғырдан,
Отаныма мәңгілігің үшін де,
Садағаң болсын шыбын жан (Қ. Əбілдәқызы).
САЗАЙЫН БЕРУ // ТАРТТЫРУ– жазалау, ұрсу деген мағынада:
◊ Сабыл – Бөлек пен Намеку-Жырғалдың сазайын мықтап тұрып бер-
ген екенсіздер (Қ. Жұмаділов).
◊ Амал не, табиғаттың сыйы өлшеулі ғой, жаздың сол жайма-шуақ бей-
біт күндерінде еркелеген жұрттың сазайын тарттырайын-ақ деп тұр
(О. Бөкей).
◊ Ұлпан келіннің амандығын тілейік сазайын талай тартқызар әлі!
(Ғ. Мүсірепов).
САЗҒА ОТЫРУ – 1. Істің, жұмыстың орайы келмеу: 2. Алданып қа-
лу, алдап кету:
◊…толып жатқан почта қызметтерін көрсететін байланыс бөлімшеле-
рінің сазға отырып, күйлері қаша бастағанына куә болдық (Т. Құсайын).
◊ Күнге күйіп, жаңбырға жанын төсеп, күшті жойған тыңайтқыштар-
дың саны орнында болғанымен, сапасы ше? Сан соқтырып, сазға отыр-
ғызарлық (К. Əмірбек).
288
◊ Салдарынан жылыжаймен айналысатын шаруа қожалықтары сазға
отырып, күрделілік шыр айналдырғаны бар (Ш. Оразова).
◊ Сазға отырғызды-ау мына. Əй, өзіме де сол керек (Б. Шаханов).
САЙ СҮЙЕГІ БОСАУ // СЫРҚЫРАУ – қатты егіліп жылау:
◊ Жылаған Байдалы, Байсалдарды көргенде, Абайдың сай сүйегі босап
кетті. Аттан түсе бере, шын аяныш жас төгіп, еңіреп жіберді (М. Əуезов).
◊ Қара жамылған дауыс салып көрісіп, сай-сүйегіңді сырқыратып зар-
лап жүрген (Р. Мұқанова).
◊ Сорлы ана мен жас жардың жоқтау зарын естігенде кісінің сай сүйегі
сырқырайды (К. Тоқаев).
САЛҚЫН ҚАБАҚПЕН ҚАРСЫ АЛУ – жақтырмау, менсінбеу де-
ген мағынада:
◊ Сармолла бұларды тыңдап болып, салқын қабақпен қысқа, қатаң жа-
уап берді (М. Əуезов).
◊ Келген қонақтарды Күнке салқын қабақпен қарсы алды (Ж. Аймауы-
тов).
◊ Бірде Асқарды тәрбиеші салқын қабақпен қарсы алды: Сіздің қызы-
ңыз мұнда мүлде тамақ ішпейді («АА» 26.11.2001).
САЛҚЫН ҚАНДЫ – сабырлы, мінезі жақсы, салмақты деген ма-
ғынада:
◊ Өйткені ешкімге емірене қоймайтын салқын қанды, сабырлы адам
өзіне жараспайтын бір мінездер көрсеткендей болды (Қ. Жұмаділов).
◊ Шапшаң ашу, қызу мінез болмайды, салқын қанды болады (М. Жұ-
мабаев).
◊ Ыстанбұлда тұратын атасы Ғани Одұнжының үйіне барып көңіл айттым.
Құрметті ата, өте байыпты, салмақты да салқын қанды жан екен (Ə. Қара).
САЛҚЫН СӨЗ – жанына ауыр тиетін сөз айту деген мағынада:
◊ Ұлжанның жай, салқын айтқан сөзі бұған ұрысқаннан да, ұрғаннан
да, жеңіл тиген жоқ (М. Əуезов).
◊ Мұның талай қытымырлығы мен қазымырлығына шамасының келге-
нінше төзіп, артық сөйлемеске тырысатын-ды, сөйлей қалса да мұншалық-
ты менмендік, кісінің жанын бір-екі ауыз асқақ та темірдей салқын сөзбен
таптамайтын (Д. Исабеков).
◊ Салқын сөзбен санасын бұрғылама,
Шәй-пәйіңді күліп бер, тұнжырама.
Тұнжырама көз жібер келешекке,
Ойламағын тек бүгінгі күнді ғана! (Е. Ібітанов).
289
САЛЫ СУҒА КЕТУ – көңіл-күйі түсу, мұңаю:
◊ Салым суға кетіп тұрғанда, «Берген перде бұзар» деген сөз есіме
сап ете түскені (М. Рәш).
◊ Жүрегім сыздап, ауырып кетті. Салым суға кетіп, сыммен қоршалған
биік дуалға қарадым (Қ. Жұмаділов).
◊ Сәлкен бүк түсіп, теріс қарап, салы суға кеткендей ойдан шаршап,
ұйқылы-ойдан шаршап, ұйқылы-ояу жатыр еді (Б. Соқпақбаев).
САМАЙЫ АҒАРУ – шашы ағару:
◊ Санаулы жыл санап жүріп, самайлар ағарды кіл (М. Мақатаев).
◊ Жас әйел самайы ағарып, қартайып бара жатқандай сезінді (Р. Мұқа-
нова)
◊ Самайына ақ түсе бастапты-ау өзінің! (Ə. Тарази).
САМСАҒАН САРЫ ҚОЛ – қалың топ, әскер:
◊ Жүргіншілер жер астынан шыққандай болып, самсаған сары қол
қаптап қоя берген соң, есі шығып кетті (М. Əуезов).
◊ – Ойбай, бізде не қауқар? Біз екеу-ақ. Олар самсаған сары қол (Н. Ақыш).
◊ – Мұны сүйеп жүр, қызмет істей алатын жігіт екен! – деп, Итбай гу-
бернаторға самсаған сары қолдың көзінше Бүркітбайды тапсырды
(С. Мұқанов).
САНЫН СОҒУ – қатты өкіну:
◊ Жігіттер, мені қай сайтан түртті екен? – деп санын соғады (Қ. Жұма-
ділов).
◊ Қанша қазақ санын соқты сонда залға сыймай қап (К. Ахат).
◊ Бұл жолмен жүре берсем өмір өтіп,
Сан соғып, айтатыным: «құры қаппын.
Идеалист болғансып, әуреленіп,
Жар сүйген қызығынан жастық шақтың» (С.Торайғыров).
САП ЕТЕ ТҮСУ – аяқ астынан пайда болу:
◊ Игіліктің Көкдауылы мен Сұрперендері де әлдеқайдан сап ете түсіп,
қара ала мен сары аланы қабат талап кетті (Ғ. Мүсірепов).
◊ Кенет «Қайткен күнде де біреу көріп тұрады!» деген әлгі сөз есіне сап
ете түсті (Р. Мұсабаева).
◊ Ойыма сөмкемде жүрген америкалық досыма арнайы алдыртқан қа-
ламым сап ете түсті (Ж. Орынбай).
САПТЫАЯҚҚА АС ҚҰЙЫП, САБЫНАН ҚАРАУЫЛ ҚАРАУ –
еркіндік бар болғанымен оны шектеп, үнемі назарда, бақылауда ұстау
деген мағынада:
◊ Шүкірлік, біз қазір саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарай-
тын аңдушы-аулаушылары көп тар заманнан құтылдық (Ə. Жұмабай).
290
◊ Саптыаяққа ас құйып, интеллигенция өкілдерін басынан сипап ер-
келеткендей болғанымен, сабындағы қырағы қарауыл бір сәтке де қалғы-
майды («Жұлдыз» №12. 2019. 37-б).
◊ Кешегі «саптыаяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған» қыспағы
күшті Кеңес Одағының қапасында оттегі сыйлаған аздаған кеңістік – Жазу-
шылар одағының ғимараты болатын (Ы. Дәбей).
САРҚЫТЫН ІШУ – бұрын бірге жүрген адамның өнегесін алған,
оны жалғастыратын ізбасар деген мағынада:
◊ Біле білсе мен кешегі Нұрбайдың сарқытын ішкен жолдасы емес пе
едім? («АТ»).
◊ Бұл жағынан келгенде Сағи бізге қарағанда бақытты, өйткені ол ке-
шегі қасиетті қара шалдардың қолына су құйып, сарқытын ішкен аяулы
азаматтың отбасында дүниеге келген ғой (А. Əшімов).
◊ Оң жағында отырып, сарқытын ішкен ұлы едім, сол кісінің қамымен
таққа жеттім, түледім (І. Есенберлин).
САСЫҚ ҚУЛЫҚ – ішінен арамдық ойлайтын пасық адам туралы:
◊ Мұның арғы жағында: «Үшеуін үшке бөліп тастап, икемге келгенін
бауырға басып, баяғыдай билей бермейміз бе» деген сасық қулықтың
қасқыр құлағы қылтиып тұр (М. Қабанбаев).
◊ Таптық мүддені түсінбей, саяси сауаты жетілмесе де, пенделік пасық
та сасық қулық-сұмдықтардың ауылда да ойран салып, ойына келгенін
істеп баққанын артынан естіп бiлдiк қой (О. Бөкей).
◊ Дүйсембайдың ондағысы: «Қазақы адам ғой, ашуы тарап, жайылып
түсіп қалар» деген сасық қулық еді (Б. Майлин).
САУ БАСЫНА САҚИНА ТІЛЕУ – өз басына өзі әуре тілеу, ұрынып
қалу:
◊ Қиқар жігіттің басын қырқып тынатын жерде сау бастарына сақина
тілеп алғандарын қарашы! (Ə. Кекілбаев).
◊ Мынау елдің береке-бірлігінің үстінде сау басымызға сақина тілейік
деген ниетіміз жоқ (М. Əуезов).
◊ Сұрап алып сақина сау басына,
Телміреді әйнектен ауласына (Қ. Мырза Əлі).
САУ СИЫРДЫҢ БОҒЫ ЕМЕС // БОЛМАУ – күдікті, күмәнді,
тегін адам емес деген мағынада:
◊ Біраздан соң жұрт: «Əй, өзі де де сау сиырдың боғы емес екен ғой»,
– деп күдіктене бастаған (Т. Сәукетаев).
◊ Осы әрқайсысының орны бар таудай тұлғалардың көрігімен балқып,
теңізінде тәрбиеленген біз де «сау сиырдың боғы емеспіз-ау» деп оңаша
отырғанда ойға түсіріп, шүкіршілік ететінім рас (М. Рәш).
291
◊ Екі жыл бойы елеусіз, ескерусіз жүруі не деген шыдамдылық. Жо-
жоқ, бұл сау сиырдың боғы болмай шықты (О. Бөкей).
САУДАСЫН БІТІРУ – бір нәрсені тындыру, жою:
◊ Біреулер ТМД-ның саудасын бітіруге асық, енді біреулер оның тір-
лігінен үміт үзеді. («ЕҚ» 25.11.2000).
◊ Осының саудасын бітіру керек еді, – деп менің бетіме шүйіле қарады.
Жансыз адамдай қыбыр етпей жатырмын (Б. Нұржекеев).
◊ Сонымен, ол жазудың да саудасы біткен (Ə. Дайырбаев).
САУЫРЫН СИПАТПАУ – сырын, құпиясын ешкім біле алмайды
деген мағынада:
◊ Көкшетау төңірегінен қамал салып, қала орнатпақ болған кездері,
Уәлихан бұған ырзашылық білдіріп, бас игенде, Қасымхан ытырынып, са-
уырын да сипатпайды (Хан Кене).
◊ Сырын білмеген адамға сауырын сипата қоймайтын бизнес бәсеке-
сінде бағы өрлеген жігіттің шым-шытырық оқиғаға толы өмірі оқырманды
бей-жай қалдырмайды (Ғ. Əбілда).
САЯТ ҚҰРУ – құспен аңға шығу, аулау:
◊ Ал ала мойнақ, құба құйрық сауысқан өлі-тіріге саят құрғалы қай
заман?! (А. Алтай).
◊ «Содан саят құрып, ерігіп келе жатқан бір топ жігіттер түнделетіп әлгі
қыстауды бетке алдық», – деп әңгіме тиегін ағытушы еді әкем (А. Қасым).
◊ Содан маған бүркітті ұстап, саят құруға еркін жол ашылды (Ж. Ақы-
биұлы).
СЕНЕН АЯҒАНДЫ ИТ ЖЕСІН – ешнәрсені аямадым деп қарғана
сөйлеу:
◊ Жаман ағаң сенен ештеңесін де аямайды ғой. Сенен аяғанды ит
жесін! ( Ə. Нұрпейісов).
◊ – Оны несін айтасың. Екеуіңнен аяғанымды ит жесе болмай ма! – деп
еді Аман, Таймас құшақтай сала қысып-қысып, сүйіп-сүйіп алды (Ғ. Мұста-
фин).
◊ Ата-анасы сенен аяғанды ит жесін деп, байғұс итке ештеңе қалдыр-
мады (А. Есімбай).
СЕНІМДІ СЕРІКТЕС – істе бірге жүру, мақсат жолында мүдделес
болу:
◊ «Өте білікті мамандарды жинақтаған біздің сенімді серіктесіміз
деген болатын» («ЕҚ» 23.10.2013).
292
◊ Менің жұбайым моральдық жағынан да, іскерлік жағынан да ең се-
німді серіктесім (Р. Каршалова).
◊ Қазақстан – сенімді серіктес, стратегиялық әріптес (Н. Солтанұлы).
СЕҢ СОҚҚАН БАЛЫҚТАЙ – мең-зең, не істерін білмеу, сенделіп
қалу:
◊ Бағанадан бері сең соққан балықтай мең-зең отырған Құмырай, ал-
ғаш рет тұмсығы тасқа тиген Құмырай, неге екені белгісіз, қолына мылты-
ғын алып, атойлап жауға аттанғысы келді (О. Бөкей).
◊ Көшеге шыққан соң, Раушан сең соққан балықтай қайда барарын
білмей сенделді (Б. Иманғазина).
◊ Шолпанның улы құшағында сең соққан балықтай соқтығып, у ішіп
айныған адамдай елжіреп жатып Сәрсенбай: «Ой, сен кәрі боз, қартайғанда
жорға шығарайын деп жүрсің-ау!» – деп мырс-мырс күлді (М. Жұмабаев).
СЕРТ БЕРУ – бір нәрсені орындау үшін, ойларынан шығу үшін уә-
де ету:
◊ Сол күні,
Əли серт берді,
Досының кегін алуға.
Ызамен күнді өткерді,
Кеудеде ұшқын жануда!
Таң атты.
Тағы аттаныс,
Басталды ерен шабуыл (А. Мұсаев).
◊ Жас Отан қорғаушылар елі мен халқына адал қызмет етуге серт берді
(Н. Ақыш).
◊ Ендеше, Қасым-Жомарт Кемелұлының «халқы үшін берген сертіне»
елінің сенімі серік болсын! («ЕQ» 15.04.2019).
СОЙЫЛ СОҒАР – сөзін сөйлейтін, жұмысын тындыратын, бірге
жүретін деген мағынада:
◊ Ал бірақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тізе мен ызғарды
керек қылған жер болса, бұл қауымның іркілетін бірі жоқ (М. Əуезов).
◊... Барымташы сойыл соғар етіп баулиын десе оның да ретін таба ал-
мады (Д. Исабеков).
◊ Баймырза жалғыз жүрмейді, ылғи да сойыл соғар нөкер жиып жүреді
(Б. Соқпақбаев).
СОЙЫП ҚАПТАҒАНДАЙ – өте ұқсас, аузынан түскендей:
◊ Қарашы, жүрісіне дейін аумайды, сойып қаптағандай, тартпай кет-
кір, тұқымыңа деуші еді, атам қазақ (Б. Шаханов).
293
◊ Ыбыштың мінез-құлқы, кескін-келбеті, аузындағы сөзі мен күлкісіне
шейін әкемнен аумай қалған, сойып қаптағандай дерсің (Д. Исабеков).
◊ Егер Медведев сақал-мұрт қойса, ақ патшаға сойып қаптағандай
ұқсас екен («Айқын» 23.11.2009).
СОЙЫП САЛУ – жәбірлеу, ұру, сөзбен мұқату, кемшілігін айту:
◊ – Əй, бригадир болмақ түгілі, құдай болсаң да, әлгі сөзіңді қайталап
айтсаң, айтпады деме, сойып саламын, – дейді Шойекең (Д. Исабеков).
◊ Мұса жігіттің көйлегін түріп қойып, келісім бойынша оны қамшымен
сойып салды, бұдан кейін бір тиын да бермей үйіне қуып жіберді (З. Жәке-
нов).
◊ Осы айтыстан азулы небір билер айтуға тайсақтаған шындықты
Шыңғыс ханға жеткізген Кетбұға жырауды, Абылайды астамшылықтан
сақтандырып, кемшілігін бетіне басып «Сен кешегі Төле бидің малын бақ-
қан құлы едің» деп сынаған Бұхар жырауды, «Хан емессің қасқырсың» деп
Жәңгір ханды «сойып салған» Махамбеттерді көргендей болдым (Қ. Мұха-
меткәрім).
СОҚА БАСЫ – жалғыздық, жалғыз қалу деген мағынада:
◊ Қасіретке белшеден батып, туғанды қарайламай соқа басымызды
сүйреп, соған жетуді көкседік (Р. Мұқанова).
◊ Қызын жерлеп, бір қауым әулеттен соқа басы сопиып жалғыз қалған
Əбікен қамығып-түнеріп, түрме үйінің алдынан қамығып өтіп бара жатады
(Ə. Хасенов).
◊ Қалқалап тәтесін де, көкесін де,
Сотталып кете барған соқа басы (Б. Əлімжанов).
СОҚҚЫ ЖЕУ – таяқ жеу, қорлық көру, зиян шегу:
◊ Бола ма, адам болмай ма? Соққы жеген қаншама? (Н. Ақыш).
◊ Соры қалың соққы жеген пышанамыз.
Қайтып суып, жалғаннан күсе аламыз.
Құр дәрімен атқанға өлмейді екен,
Өмірі мақтаншаққа нысанамыз (Абай).
◊ Соққы жепті аяусыз – көпшіліктен!
Сертті бұзған,
Ант татқан,
Ар аттаған.
Кіл шибөрі маңайың жалақтаған (Жиембет жырау).
СОҚЫР ҮМІТ // ДӘМЕ – үміттену, дәмелену, медеу қылу:
◊ Қара қағазы қолына тимеген соң, соқыр үмітті де медеу қылған-ау
тегі (Б. Нұржекеев).
◊ Теңдік іздеп, теңескісі келіп жүрген соқыр дәме жігіттерді сол ізімен
қайта қайтарғысы келген (Ж. Ахмади).
◊ Ал бізде «өзара тығыз байланысқан әлемде өмір сүреміз, бізге бұл
індет келмейді» деген соқыр дәме болған шығар (С. Тасболатова).
294
СОҚЫРҒА ТАЯҚ ҰСТАТҚАНДАЙ – анық, нақ, дәл айту деген ма-
ғынада:
◊ Сондықтан соқырға таяқ ұстатқандай малдан басқа да тіршілік
барын әркім білгенінше дәлелдей бергені артық емес (А. Жүнісұлы).
◊ Əлі күнге дейін бір мәмілеге келе алмай жүрген түйінді Абай атамыз
осы қара сөзінде соқырға таяқ ұстатқандай шешіп берген (М. Сембай).
◊ Сол үшін де Президентіміз арнайы «7-20-25» бағдарламасын мұқият
тәптіштеп, жан-жақты ойластырып, шенеуніктерге соқырға таяқ ұстат-
қандай етіп қатаң тапсырды (Ж. Болатов).
СОҢЫНАН ШЫРАҚ // ШАМ АЛЫП ТҮСУ – ізіне түсу, аңду, қал-
мау деген мағынада:
◊ Қасқырбай көзі ашық, сауатты болғандықтан укомға қызметке орна-
ласқаны сол еді, соңынан шырақ алып түсушілер табыла кетті (Б. Тоғыс-
баев).
◊ Ұсақ-түйек күңкілге Маржан да елеңдеп тұратын болып, енесінің сон-
шалықты өзінің соңынан шырақ алып түскеніне төзімі таусылып, кейде
қасарысатынды шығарыпты (Б. Иманғазина).
◊ Тыныш өмір сүре алмайтыныны, соңынан шам алып түсетінін бі-
летін (О. Бөкей).
СОРПАҒА ШЫҒАРЫ – ел-жұрты алдында беделі бар, бетке ұстар
адамы:
◊ Шәмшилерді аңдып тұрғандай-ақ ауылдың сорпаға шығар бозбала-
лары да, жас құдалар да лек-легімен келіп, төрді толтыра бастады (Ж. Айма-
уытов).
◊ Өлже ертең таңертең осы төңіректің сорпаға шығар біраз қалмағын
ертіп, арғы Бұратала жақтағы құдасына жүретін болыпты (Қ. Жұмаділов).
◊ Ол келген қонақтардың ішіндегі сорпаға шығары: Иманбай би, Əлдеш,
Мүсірәлі екен (Б. Нұржекеев).
СОРЫ ҚАЙНАУ – қиналу, азап шегу:
◊ – Иә, соның дауысы! Сорлы Мөңкенің соры қайнап қалды-ау!
(Ə. Нұрпейісов).
◊ Маймұрынның әйелі Күләштің қаһарына іліктім. Сорымды қай-
натып бір түн картоп тазалатты (Қ. Ысқақов).
◊ Егер де сұғынбаса соры қайнап,
Жұрт түгел дұспандыққа жұмыла ма?
Жұмылса жұрт «жазықты» атанғандар
Біздей тауға бас қорғап тығыла ма? (С. Мұқанов).
СӨЗ БОЛУ – айту, талқылау, әңгімелеу, баяндау:
◊ Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге (Шалкиіз жырау)
295
◊ Бүгінгі ұзақ болған жиналыста тіл мәртебесі сөз болды («АТ» 04.10.2015).
◊ Қарыз сөзі де қара сөзінің осы оңды мағыналарының бірінен өрбіп
шыққан сөз болуы тиіс (К. Сейітов).
СӨЗІ ДАЛАДА ҚАЛУ – ешкім тыңдамау, бостан-босқа сөйлеу:
◊ Тыңдаушысын таппаған сөз жетім, талабың мол екен, сөзім далада
қалмас деп, соған орай айттым (М. Мағауин).
◊ Атаның сөзі заң, әкенің сөзі пәрменді болатын. Қазір екеуінікі де
далада қалды («ҚƏ» 26.07.2009).
◊ Солардың қайсысына барып Сыбанның сөзі далада қалды екен?
(М. Əуезов).
СӨЗІ ҚИТЫҒЫНА ТИЮ – көңіліне, ашуына тию:
◊ Хатшының сөзі қитығына тиіп кетті (Б. Мұқаев).
◊ – Е, Мұхтар айтса біліп айтады, көңіліңдегіні сұрай бер, тарқататын
адам табылады, – деді Əрхам Сәбеңнің сөзі қитығына тисе де сабыр сақ-
тап (С. Оразалинов).
◊ Отандасымыздың осы сөзі қитығына тисе керек, өз кезегінде: – Мен
сегізбұрышта шайқасып жүргенде мына «Қуаттар» қайда жүрген еді? – деді
(Қ. Қаппас).
СӨЗІН ЖЕРГЕ ТАСТАМАУ – айтқанын орындау, уәдесінде тұру:
◊ «Сәрсенбай шалдың сөзін жерге тастамайды... тастамайды», – дей-
ді сварщик әкесінің дауысына салып (Д. Досжан).
◊ Əкім сөзін жерге тастамайды (А. Аумадиева).
◊ Досының сөзін жерге тастамай, Қайрат менің тойыма келуін келді-
ау (Н. Исабаев).
СӨЗІН ӨТКІЗЕ АЛМАУ – айтқанын істете алмау, ешкім тыңда-
мау:
◊ Бұндай бітімге қарсы болған ол, сөзін өткізе алмауына көзі жетеді
(С. Мұқанов).
◊ Дәл қазіргі таңда үйдегі әйеліне сөзін өткізе алмайтын әкенің жігер-
сіздігінен балалары жасқаншақ, қорқақ, қоғамға пайдасы жоқ болып өсіп
келеді (Л. Əубәкірова).
◊ Көбі тұрмыстың қыспағына қысылып, әкім-қараларға сөзін өткізе
алмай, морт кететіні жасырын емес (А. Мұқибек).
СӨЗІНІҢ ЖАНЫ БАР – айтқан ойында керекті дерек бар деген
мағынада:
◊ Шынында, ойлап қарасаң, Шәмшияның сөзінің жаны бар (Б. Нұрже-
кеев).
◊ Біреулер осының сөзінің жаны бар деп өзара шүңкілдесе бастағанда,
оларға қарамай сөйлеп кетті (Ғ. Мүсірепов).
296
◊ Қоғамдастық төрайымының сөзінің жаны бар екенін дөңгелек үстел-
ге қатысушы барлық басқарма төрағалары бір ауыздан қостады (М. Байғұт).
СУ ЖҮРЕК – қорқақ, үркек, қорғаншақ, сақ:
◊ Ой, жаным-ай, анаңның су жүрек боп жаратылғанына жазықты сен
емессің ғой! (Е. Мырзахметов).
◊ Кісі дегенің жол ұлғайған сайын су жүрек қорқақ, әрі қорғаншақ, сақ
тарта берері несі екен (О. Бөкей).
◊ Бір қорқыныш бар жүрегімде,
Су жүрек қылған өмірім бе?
Ата-анамнан айырылып қаламын деп,
Телміре қараймын бұл өмірге (Н. Абылайұлы).
СУ ЖҰҚПАС – қу, сөзінде тұрмайтын айлакер деген мағынада:
◊ Ана жылғы көңілсіз оқиғадан кейін, үй иесi тiлi жұмсақ, жүрісі май-
мақ Əлімқұлды, су жұқпас Сартайды суқаны сүймеуші еді (Т. Рахымжа-
нов).
◊ Қабырғасынан күн көрінген осы жігіт, әйтсе де, көңіліне қонатын. Өз
басы саудагер десе қарадай жиренуші еді, шеттерінен құлан айлас, су жұқ-
пас біреулер шығар деп ойлайтын (Ə. Асқаров).
◊ Ех, өзің бір үйректей су жұқпас қу боларсың? (Ш. Смаханұлы).
СУ МҰРЫН – қолынан түк келмейтін, әлжуаз, бос деген мағынада
◊ Сендер секілді су мұрындарға байлық қайдан келсін (О. Бөкей)
◊ Су мұрын, дұрыс айтасың, мен барлық жан-жануарлармен сөйлесе
аламын (А. Мантай).
◊ Ал мынау – су мұрын сұмның өзі ғой. Басқаны қойғанда, ордада қалай
отыруды білмейді. Садақ тартып, қылыш шапқан қайда. Аштан келгендей,
тұқырып алып, тамаққа төнеді де жатады (М. Мағауин).
СУ СЕПКЕНДЕЙ БАСЫЛУ – аяқ астынан басылу, сөну:
◊ Жаңағы шарқ ұрып, көтеріліп, лаулап келе жатқан сезім лезде су
сепкендей басылып қалды (Р. Мұқанова).
◊ Арқа жақтан жеткен жайсыз хабар қолбасының тасыған көңілін су
сепкендей басып тастады (Қ. Жұмаділов).
◊ Мұнысы жаңағы ақырысқан айқайларды су сепкендей сөндіре берді
(М. Əуезов).
СУЫҒЫНА ТОҢЫП, ЫСТЫҒЫНА КҮЮ – бар қиындығына
көну, азабына шыдау деген мағынада:
◊ Алт-жеті жүз қойды қысы-жазы өзі бағып, өзі қағып, суығына тоңып,
ыстығына күйіп жүрсе де, өзінде бір қой болмау деген не деген сұмдық
(Ж. Аймауытов).
297
◊ Манадан бері айтқан жаңа ағымның иесі де солар. Қазақ әдебиетінің
әлемдік әдебиеттегі орнын күреп, отын жағу, керегесін қалап, уығын шан-
шу, оның суығына тоңып, ыстығына күю осы буынның мойнында тұрған
ауыр жүк (Ж. Шәкенұлы).
◊ Еуропаның даңғаза музыкасы уытын кең жайып, ұрпақ санасын улап,
дағдылы, дәстүрлі халық өнерінің даңғыл жолынан аздыруға шақ қалдырып
тұрған бүгінгі күнде ұлттық құндылығымызды сақтап, күйшілік өнердің
ыстығына күйіп, суығына тоңып, атадан қалған қасиетті күй өнерінің
дамуына тер төккен азаматтар саусақпен санарлық (Қ. Ғалым).
СУЫҚ ЖҮРІС – күдікті, секем алдыртатын жайт деген мағынада:
◊ Бұл суық жүріс әрбіреудің көңіліне көмескі түйін байлады (М. Əуезов).
◊ Суық жүрісін байқап жүрмін, бір күні масқара қыла ма деп қорқамын
(Н. Ақыш).
◊ Бірақ Ақаннан ондай тәйтік мінез, суық жүріс сезілген емес. Кейде
қатындар, қалжың-шыны аралас: – Алма, сенің сиқырың бар ғой деймін.
Күйеу-қайның дуалап тастағандай сенен шырғалап шықпайды (О. Бөкей).
СУЫТ ЖҮРІС – аяқ астынан, күтпеген жерден жол жүру:
◊ Жанына әжемнің төркініне баратын жолды жақсы білетін бірер жігіт
ерткен әкем, жолшыбайға сирек елдің біріне соқпастан, суыт жүріспен
тартып отырады (С. Мұқанов).
◊ Апыр-ай, Батыр, жеті түн ішінде елдің зәресін ұшырып, бұл не суыт
жүріс? (Е. Мырзахметов).
◊ Əншейіндегі құдықты жағалаған баспақ қуар қайыс қамшы емес, он
екі өрме дойырдың өзі ат көзін ойнатқандай жирен қасқа бірден суыт
жүріс, желіске түсті (Ж. Амантурлин).
СУЫҚ СӨЗ // ХАБАР – жағымсыз, жайсыз сыбыс деген мағынада:
◊ Осы елдің бәрінің аузында Оразбайдан тараған бір ғана желік пен
пәле тілеген суық сөз жүр (М. Əуезов).
◊ «Соғыс» деген суық сөз ешкімнің қаперіне кірмеген шақта. Барлық
сарбаз шырт ұйқыда жатқанда, әлдеқандай ауыр дүрілден шошып оянады.
Аспан айналып жерге түскендей зілзала болып кетті (Ғ. Жұматов).
◊ Заманның суық хабарын хат арқылы сен жеткіздің (Ə. Нұршайықов).
СУЫРЫП САЛМА – табан астында ойдан құрастып айтысу, ән
айту:
◊ Айша болса, табанда суырып салар еді-ау деймін (Ш. Мұртаза).
◊ Əжелер, жарықтықтар, шетінен суырып-салма ақындар, ел ішінде
айтып жүрген той бастарды да, өз жандарынан суырып салып та шырқатты-
ай кеп. Тіптен тоқтамайды (Б. Мадимова).
298
◊ Сурып салма ақындардың бірі – Иса Байзақов. Иса Байзақов өзінің
шығармашылығында суырып салма өнерін және жазбаша әдебиеттің дәстү-
рін ұштастыра отырып, қаламды да, домбыраны да бірдей қолданды (Г. Иса).
СҰЛЫҚ ЖАТУ – қимылсыз қалу деген мағынада:
◊ Қоян жырық қамшы сілтеуге шалқая берген бойы шалқасынан түсті.
Өліп жүре бергендей сұлық жатыр (Ғ. Мүсірепов).
◊ Əйтеуір сұлық жатқан екі баланың аяқтарын жоғары қаратып сіл-
кілеп жатқанымыз ғана есімде (Т. Мәмесейіт).
◊ Өлген адамдай сұлық жатыр (М. Жұмабаев).
СҮЙЕККЕ ТАҢБА САЛУ – қорлық көрсету, намысына тию:
◊ Менікі тек еркектік намыс. «Тимей кетіптің деген сүйегіме таңба
ғой, содан қашам (Б. Нұржекеев).
◊ «Бүйтіп көрген күн құрысын! – деді ол назаланып, – Сүйекке таңба
түсті, өлім болдың!... (С. Мұқанов).
◊ Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба, Намысына сызат түсті
мына сенің арқаңда (М. Шаханов).
СҮЛІКТЕЙ ҚАДАЛУ – айтқанынан, ойлағанынан қайтпау, деге-
ніне жету:
◊ Келіншектің сүліктей қадалып бірден келісе кететіндей алып-ұшып
тұрған көңілі де жоқ-ты (Т. Нұрмағамбетов).
◊ Құлқыны құрғырдың өңешегі үзіліп, сүліктей жабысуын қарашы...
(Қ. Жұмаділов).
◊ Қасқа жолды үлкен канал кесіп жатыр. Күздің дымқыл шаңы көте-
рілген тастақ жолмен канал басына бет түзеген. Насос станциясының піл
тұмсығына ұқсаған тұрбалары өзгенге сүліктей қадалып, суды солқылдата
сорып жатыр (Б. Тоғысбаев).
СҮР БОЙДАҚ – үйленбей жүрген еркек туралы:
◊ Ұзақ жылдар бойы үйленбей, ауылдың әйгілі сүр бойдағы атанған
Мелекеңнің көзі күндердің күнінде осы Сәлимаға түссе керек (Ə. Асқаров).
◊ Ағасы әлі күнге қатын алмаған сүр бойдақ (Ғ. Мүсірепов).
◊ «Көзінің қарасын да, аласын да»,
Есіл қарт бағалайтын бар асылға.
Қырыққа жасы келген сүр бойдаққа,
Көк етікті ұрғашы қарасын ба! (Ғ. Қалибекұлы).
СҮТ БЕТІНДЕГІ ҚАЙМАҒЫ – беделді, абыройлы, танымал деген
мағынада:
◊ Ендеше, еріксіз ес шығу басталған кезеңде халқымыздың сүт бетін-
дегі қаймағы – қаламгерлер ес жиюға, ес жиғызуға ұмтылмасақ… көгере
қоюымыз неғайбыл-ау! (С. Сматаев).
299
◊ Бұл сонау Алашордасы құрылған күннен бастап қазақтың болашағы
мен тағдыры үшін алаңдаған сүт бетіндегі қаймақтардың ерен еңбекте-
рінің, төккен терлері мен аққан қандарының жемісі (М. Ақан).
◊ «Сүт бетіне шығар қаймақтар» өз ой-пікірлерін ұсынып, тықпала-
ғаны да есте қалыпты (Н. Қабылбек).
СҮТ ПІСІРІМДЕЙ УАҚЫТ – халықтық өлшем бойынша өте аз уақыт:
◊ Арада сүт пісірімдей уақыт өткенде, біраз адам атқа қонып, аламан
ойыны өтетін алаңға қарай келе жатты (Қ. Жұмаділов).
◊ Ол кеткелі сүт пісірім уақыт өтті, Крегейль бірақ әлі оралған жоқ
(А. Сүлейменов).
◊ Кейбірі жұмыр, кейбірі айырылған шақпақ-шақпақ тасты мейлінше
тегістеп жинап, Омар байдың бейітін қалпына келтіргенде сүт пісірім уа-
қыт өтті (О. Бөкей.)
СҮТКЕ ТИГЕН МЫСЫҚТАЙ – кінәлі, бір нәрсеге айыпты болу:
◊ Кінәлі екендігі, апырмай көзінен де көрініп тұр екен, сүтке тиген
мысықтай жанары тоқтамай тайқи берді (Қ. Қайсенов).
◊ Сүтке тиген мысықтай сүйкімім кеткен соң, ... іштей ерегісіп, жай-
дақ төсектердің біріне жайғасқам (А. Қонарова).
◊ Анау Сайлаубай жынды суға тойып алып, Тұмар келінді сүтке тиген
мысықтай етіп, отырса опақ, тұрса сопақ қып, ұрып-соғып тыныштық
бермейтін (Б. Болатханова).
CҮТТЕЙ ҰЮ // ҰЙЫП ОТЫРУ – тату, тыныштықта, беркелі өмір
сүру:
◊ Содан кейін сүттей ұйып жүрген жеңгесі араз боп, Күнікей жайынан
өсек таратуға кірісті (Ж. Аймауытов.)
◊ Қайбір берекесі тасып, тосып отырған үйі бар ма мұның? Сүттей
ұйыған татулықты көрген түстей жоққа сайдырған Айгүлдің тынымсыз
ызыңы ма? (А. Нүсіп).
◊ Осының бәрі ежелгі атамекенде сүттей ұйып отырған қазақ ауыл-
дарын зорлық-зомбылықпен туған жерінен айыру ісімен тынды (Хан Кене).
СҮТТЕН АҚ, СУДАН ТАЗА БОЛУ – адал, ниеті таза деген мағынада:
◊ Бәрі де сүттен ақ, судан таза болып көрінуге тырысады қазір
(Б. Мұқаев).
◊ Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай,
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Əлдеқандай күн кешіп жүр екенсің,
Сүттен ақ, судан таза адалым-ай (М. Мақатаев).
◊ Өзіңше сүттен ақ, судан таза, әулие көрінгің келді, ә? (М. Айымбетов).
300
СЫНАПТАЙ СЫРҒУ – уақыттың, өмірдің тез өтуі:
◊ Сынаптай сырғыған осы уақыт аралығында үш баланың анасы
атанды (Н. Ақыш).
◊ «Уh» деп күрсінеді сонан соң әжем. – Əй, құлыным, мына сынаптай
сырғыған дүниеге қарашы (Ш. Күмісбаев).
◊ Тұлпары сынаптай сырғыды, екі мәрте бүгіліп түсті, екі мәртесіне
ырғай саптыны толғап үлгірді (Д. Досжан).
СЫНЫҚ ЖҮЗДІ – КӨҢІЛСІЗ, МҰҢДЫ КЕЙІПТЕ ЖҮРГЕН АДАМ:
◊ Есбол кәрия Мөңкенің сынық жүзіне көз салып отырып: Пұсырдан
қалған бұ да жалғыз із, соңғы зуриясы! (Ə. Нұрпейісов).
◊ Баланың сынық жүзінен мана кеңсеге кіргенде-ақ кеуілінде бір
кейістік барын сезген (Қ. Ысқақов).
◊ Кімдікі? Азаматтың көз алдына әлгі біразда ғана дәлізде өзіне қарсы
ұшырасқан сынық жүзді Қапан бейнесі келді. Оның өтінішіне қайырған өз
жауабы ойына түсті. Сосын еш нәрсеге алаңдамастан: – Менікі, – деді
мүдiрiссiз (А. Мекебаев).
СЫНЫҚҚА СЫЛТАУ ІЗДЕУ – тиісе алмау, ызаланып жүру:
◊ Ақын жанын кім түсінген, кім ұққан.
Ығып кеткен ықыластан.
Көкейсіз деп сылтау ізде сынықтан,
Кедейсің деп кездескенде күліп қал! (И. Сапарбай).
◊ Сыныққа сылтау іздеп келе жатқан Сәмеке енді жалт берді
(І. Есенберлин).
◊ Сыныққа сылтау, соған іштей әбден ызаланып жүрген Бұрындық
«бұл қай қорлаулары!» деп бұлқан-талқан болған да қалған (І. Есенберлин).
СЫР АЛДЫРМАУ – көптің көзіне ішкі болмысын байқатпау:
◊ Кетіп бара жатып жас жігітке тағы бір көзі түсіп еді, ішінен тым
сұңғақтау екенсің, белдескенде сыр алдырып алмасаң жарар едің деп кетті
(Ə. Кекілбаев).
◊ Дос алдында сыр алдырма, сүрінбе! (И. Омар).
◊ Сырт көзге сыр алдырма, сыр алдырма,
Сенің де бір бақытың тұр алдыңда.
Басыңа мұң әкеліп сені шаққан,
Зәр уы қайтар бір күн жыланның да (М. Мақатаев).
СЫРДЫҢ СУЫ СИРАҒЫНАН // ЖҰЛЫҒЫНАН КЕЛМЕУ – қам-
сыз, уайымсыз, қаперсіз жүру:
◊ Сәт сайын мың құбылған жүзі әртүрлі кейіпке еніп, Сырдың суы си-
рағынан келмей отырған Асанға түңіле қараған қыз... (Б. Иманғазина).
301
◊ Бүгінде өзіңіз де шетелдік мәшиненің бірінен екіншісіне сырғып мі-
ніп, Сырдың суы сирағынан келмей жүрген мырзалардың бірісіз (А. Қона-
рова).
◊ Шекер Сырдың суын жұлығынан келтірмей жүрсе де, енді ойлан-
басқа болмады (Ə. Асқаров).
СЫРТ КӨЗ – бөгде, бөтен адамдар туралы:
◊ Тіпті бұтақтың басында тұрғандарын да ертең ауыл арасы өсек етер
сырт көз барын да мүлде ұмытқан өздері (С. Мұратбеков).
◊ Сырт көзге сыр алдырма, сыр алдырма,
Сенің де бір бақытың тұр алдыңда.
Басыңа мұң әкеліп сені шаққан
Зәр уы қайтар бір күн жыланның да (М. Мақатаев).
◊ Сырт көз – сыншы (Мақал).
СЫРТЫНАН ТОН ПІШУ- көзі жетпеген, анық емес нәрсені сөз
ету:
◊ Тіпті, Білім және Ғылым Министрлігі бұл шешімге келер алдында
жоғарыдағы ұжымдармен кездесу өткізіп, ақылдасып, олардың пікірімен
санасу былай тұрсын, бір ауыз ескеру де жасамай, бәрінің сыртынан тон
пішкен («ҚƏ» 9.4.2017).
◊ Ол қашан ауылға жеткенше үйге отыра алмай бір шығып, бір кіріп,
сыртынан тон пішіп, әбден мазасы кетеді (Ə. Кекілбаев).
◊ Тарихшылар осы сыртқы құрылымның сыртынан тон пішіп, өзде-
рінше эра, кезең, заман, ғасыр т.б. ұғымдарды қолдана отырып кезеңдес-
тіреді, яғни сыртқы құрылымның сыртынан тағы бір шартты және абстрак-
циялы құрылым жасайды (Ж. Артықбаев).
СЫРЫН БҮГУ – іштей ойын, пікірін іркіп қалу:
◊ Осыны ойлаған Базаралы ішіне көп сырын бүкті де, шешілген жоқ
(М. Əуезов).
◊ Нүрилә көршіге де айтайық, немересімен бірге бізге қосылсын, – деп,
ақсақал жұмбақтай сөйлеп ішіндегі айтылмай қалған сырын бүгіп қалды
(Б. Мадимова).
◊ Көрші ел патшасының көңілін бір қылқұйрыққа бола қалдыру жара-
мас, – дейді Оғыз хан ішкі сырын бүгіп (О. Нақып).
СІЛЕКЕЙІ АҒУ // ШҰБЫРУ – дәм ету, қызығу, құмарту:
◊ Сәлемдеме дегенге қақтаған балық жіберген екен деп сілекейлерің
шұбырмай-ақ қойсын (Ə. Сарай).
◊ Əдемі келіншектен көзін алмай сілейіп тұрған еркектің сілекейі ағып
барады (С. Қасымбек).
◊ Алтыншашты көргенім бар... Сонда аузымнан сілекейім ағып құмар
боп кеткем (І. Есенберлин).
302
СІЛЕСІ ҚАТУ – әбден, қатты шаршау деген мағынада:
◊ Осы түні патшаның қазынасына ұрлыққа кіріп, там тесіп қазынаға
енді қолы жеткенде, шаршап сілесі қатып, дем алуға отырған беті ұйықтап
қалған екен («Ертегілер»).
◊ Шаршап, сіле қатып, балмұздаққа қарынды нығап үйге келсек,
Сұңғат жездем гастрольден оралыпты (М. Əбдірахманов).
◊ Тіпті, кейде Үрия терезеге қадалған қалпы отырып алып жылайтын,
сосын әбден сілесі қатып, шаршап сол жерде ұйықтап кететін (Р. Мұқа-
нова).
СІЛТІДЕЙ ТЫНУ – жым-жырт бола қалу, тып-тыныш деген ма-
ғынада:
◊ Хадиша шектен асып кеткенін енді ұғып, жан-жағына қарады да, сіл-
тідей тынып отырған жұртты көріп, солқылдап жылап жіберді (Д. Исабе-
ков).
◊ Төңіректе тырс еткен дыбыс жоқ. Екі жақта сілтідей тынып қалған
(Қ. Жұмаділов).
◊ Шатырдың іші сілтідей тынды (Ə. Кекілбаев).
СІҢІРІ ШЫҚҚАН КЕДЕЙ – тұрмысы өте төмен, жағдайы өте
нашар:
◊ Кеше Əзімбай мен Жігітектің ана бір өңшең сіңірі шыққан көп кедейі
неғып тілге келіп тіресетін болды деп те таңғалып едім (М. Əуезов).
◊ – Есбике күңнің, Бәшібек құлдың сіңірі шыққан қызы жаман түйенің
жабуылдай, жалбыраған қайыршы киімімен ақ үйлер жаққа келмесін
(Ж. Аймауытов)
◊ Мынау аз аталы Малдыкөлдің ішінде сілкіп салар сырмағы, шек деп
қайырар лағы жоқ сіңірі шыққан кедей Дарханның әкесі еді (О. Бөкей).
СІРКЕСІ СУ КӨТЕРМЕУ – көңіл күйі болмау, мазасы кету деген
мағынада:
◊ Сіркесі су көтермей түнеріп номеріне кірсе, қасындағы екінші тө-
секке жаңа адам келіпті (Қ. Жұмаділов).
◊ Сіркесі су көтермеген Қанқажы әйелін тыйып тастады. Қабағынан
қан жауған Қанқажы шынында бүгін аса қырбай. Көзі шүңірек тартып
ортайған. Қырыс қабағы түйілген (Е. Езиев).
◊ Осы кезде сіркесі су көтермей жоқ нәрсеге шырт ете қалатын бір
бөтен мінез тапқан (С. Омаров).
303
– Т –
ТАБАН АҚЫ, МАҢДАЙ ТЕР – өзінің сіңірген адал еңбегі:
◊ Ол аз болса, өз табан ақы маңдай терінің өтеуін талап етіп жатқан-
дары, әсіресе комбинат әкімшілігі прокуратура қатыгездігі қатты батады
(«АТ» 26.02.2006).
◊ Обал ғой, адал ақы ғой, табан ақы маңдай тері, бұларды жылатпау
керек (М. Əуезов).
◊ Шынында да, табан ақы маңдай термен келген байлыққа ешкім мас
та бола бермейді (Н. Ақыш).
ТАБАН АСТЫНДА // АУЗЫНДА – аяқ астынан, кенеттен, күтпе-
ген жерден:
◊ Табан астынан қатерге кезіккен дұшпандар, үріккен қойдай ұйлы-
ғысып, ақыры кейін толқиды (А. Бек).
◊ Жүз жастағы жыр алыбының табан астында шығарып айтқан ұтым-
ды шумағына әрі қабілет-қарымы мен намысына риза болған Соболев:
«Міне, нағыз Гомер, нағыз ақық жырдың алыбы», – деп, Жамбылдың
сақалынан сүйген екен (У. Қалижанов).
◊ – Е, әлгінде сау деп еді ғой, оған не боп қалды, табан аузында?
(С. Мұқанов).
◊ Шешендердің сөз таластыруы, ақындардың өлең айтысы және оның
барлығы да табан аузында суырып салып шығарылатыны халық әдебие-
тінің өзіндік бір ерекшелігі (Б. Адамбаев).
ТАБАН // ТҰМСЫҚ ТІРЕУ – діттеген жеріне жету, келу:
◊ Күн өткен сайын сол сұмдық бүкіл тірлік тауқыметін баса жаншып ең
алға шықты. Əрида да оны қуана қабылдап, соған табан тіреді (Е. Дом-
баев).
◊ Мақсат етіп келген негізгі жұмыстары біткесін кооператив кері қайт-
пастан сонда қалып, Тарбағатай ауданының бүгінгі Қабанбай (Крупская)
совхозына табан тіреді (Т. Мыңжасар).
◊ Жақында ғана салынған, терең ор, жал топырақ, қарағай дуалмен
қоршалған орыс бекінісі Самараға тұмсық тірей тоқтаған (М. Мағауин).
◊ Машина кеңсеге тұмсық тіреді де, тоқтады. Сыртқа шыққан Сейсен
бұған таңдана қарады. – Əй, сен әлі тұрмысың? – Тұрмын ғой (Д. Əшім-
ханұлы).
ТАБАНЫНАН ТАУСЫЛУ – бармаған жері қалмау, бір нәрсені
ұзақ іздеу:
◊ Жем де өзінен өзі келе қалмайды. Табаныңнан таусылып кезіп жүріп
табу керек (Н. Мұраталиев).
304
◊ Сегіз жыл бойы табанынан таусылып, ауыл-ауылды аралап, ескіден
қалған әнші-жыршыларды іздеп жүріп Райымқұл Темірбаев ағамыз жи-
наған інжу-маржан – асыл дүние (Н. Ораз).
◊ Табанынан таусылып, ең құрығанда бiр еден жуатын жұмыс iздеп
едi, соның өзi табылмады (С. Дүйсенбиев).
ТАҒАТЫ ҚАЛМАУ // ТАУСЫЛУ – шыдамау, сабыры таусылу:
◊ Бет-жүзіне бір қарағанымның өзі үлкен ләззәттай. Тағатым қалмай
мектепке кететін уақытты күтемін (Б. Нұржекеев).
◊ Күн батқалы тіпті тағаты қалмады. Сабыр-тағатынан айырылған-
дай елегізіп, мүлде үйде отырғысы келмей кетті. Ананы-мынаны сылтаурат-
қан болып далаға сан шықты (Ə. Мейірбеков).
◊ Ауызды аққа тигізетін жалғыз сиырдың бетіне қарағандай, Күлзипа
Ғалиевнаның да тағаты таусылып біткен (Қ. Жұмаділов).
ТАЗ ҚАЛПЫ – түк өзгермеген бұрынғы кейпі, көрінісі:
◊ Біздің Есекең не жолы осы бойы асқақтап қалар екен деп жүр едім,
бірте -бірте келе жатсың ғой таз қалпыңа… (Д. Исабеков).
◊ Баяғы бір таз қалпы екен ғой ?! – Осының наны болмай жүрмесін. –
Оны да күтуге болады, бұл иттен. – Жоқ, нан береді ғой. Бірақ қадақтан кем
болса әлек салыңдар (Ə. Сәрсенбаев).
◊ – Əлде сол баяғы таз қалпы ма? – Қазір бұрынғысынан бір мысқал
жақсы. Өйткені халық көбейді ғой. Елуінші жылдардың аяғында ауданның
халқы небәрі он бес мыңдай ғана болатын (Қ. Жұмаділов).
ТАЙ ШАПТЫРЫМ – халықтық өлшем бойынша тай бәйгесіне
қатысты қашықтық жер:
◊ Əр ауылдың арасы тай шаптырым жер. Ал Еділдің арғы беті бықы-
ған мал. Осы ауылдардың малдары. Аспан көкпеңбек, жер беті қызғалдағы,
сарғалдағы аралас жұпар анқыған қалың шалғын (І. Есенберлин).
◊ Бақанас өзені мен Жәнібек өзенінің екі арасы тай шаптырымдай-ақ
жер (М. Əуезов).
◊ Бұл күні бір шетімен бір шеті тай шаптырым төрт қабат ақ үйде
Омбының кадет корпусы ашылды (І. Есенберлин).
ТАЙҒА ТАҢБА БАСҚАНДАЙ – белгілі, таныс, анық деген мағы-
нада:
◊ Оның елден ерек тайға таңба басты бөлекшелігі және бар (Шалкиіз
жырау).
◊ Əрине, сенбесе болмайды. Бар дәлелімен тайға таңба басқандай көр-
сетіп отырған бұл кемшіліктерді еріксіз мойындауға тура келеді (Ə. Нұр-
шайықов).
◊ – Сен түбi өсесiң, – деп, менi келемеждей отырып, уақыттан алар өшi-
нiң мол екендiгiне ешкiмнiң дауы жоқтығын тайға таңба басқандай дә-
лелдедi (Қ. Түменбай).
305
ТАЙ-ҚҰЛЫНДАЙ ТЕБІСУ *ТЕЛ ҚОЗЫДАЙ – кішкентайынан,
бала кезінен айырылмай бірге өскен деген мағынада:
◊ Жүрген кез тай құлындай тепкілесіп,
Жылдардың құлашымен кетті ілесіп.
Бүгінде ошақ бөлек, үй де өзге,
Екеуміз екі жаққа кеттік өсіп (А. Шәлдибеков).
◊ Екеуміз Орағаңның тай-құлындай тебісіп өскен жан досы Нұр-
ланның жұмысына келдік (Қ. Түменбайұлы).
◊ Ақша ханның қызы едім. Қалай дегенде де қыз бала бөтен жұрттың
адамы, ата-анасының асыранды қазы сияқты, қанаты мен қауырсыны же-
тілген кезде қосағымды тауып, ақтылы қой ішінде уыз еміп, тел өскен бағ-
лан қозыдай, жайлы өріс таппақ болдым («Ер Тарғын»).
◊ Қозыдай менің егiзiм,
Тел қозыдай сезімім,
Бірге туған, бірге өскен,
Кіндігімді бір кескен,
Қарға жүнді қаттасым,
Үйрек жүнді оттасым,
Бірге туған тектесім,
Қысылған жерде демесім («Алпамыс батыр»).
ТАЙЛЫ-ТАЯҒЫ ҚАЛМАУ – үлкен-кіші, кәрі-жас бәрі деген мағы-
нада:
◊ Ауыл-аймақ, көрші-қолаңның бар-барлығы тайлы-таяғы қалмай
клубта өтетін мерекелік жиналысқа кеткен (О. Бөкей).
◊ Мұндайда балалар тұрғай үлкендердің өзі орындарында отыра ал-
майды. Тайлы-таяғы қалмай бүкіл ауыл боп қарсы жүгіреді (М. Мағауин).
◊ Пейіліңе қарай сені соңғы ақтық сапарға шығарып салуға жолдас-жора,
ағайын-жекжат алыс-жақыннан тайлы-таяғы қалмай келді (С. Ордабеков).
ТАҚИЯСЫН ТЕРІС АЙНАЛДЫРУ – біреудің айтқан билігіне көн-
беу, ілеспеу, өз дегенімен қалу:
◊ Өзінің командасымен келген жаңа бастықтың басқаруы жұртқа ұна-
май, мәжіліс құрып, тақиясын теріс айналдырып, келген жеріне қайтарып
жіберді («ЖА» 25.04.2013).
◊ Колхозшылар талайдың тақиясын теріс айналдырып жібергенін
көргенбіз (М. Сүндетов).
◊ Ал бүйтіп өзім білем деп тапыраңдай беретін болса, айтпады демең-
дер, тақиясын теріс айналдырып жібереміз (Қ. Найманбаев).
ТАҚИЯСЫНА ТАР КЕЛМЕУ – шамасына қарай, қалауына қарай
қомсынбау деген мағынада:
◊ Əзірге сол дайын технологияны меңгеріп кәдемізге жаратып алсақ та,
тақиямызға тарлық етпейтініне мен кепіл («ЕҚ» 30.01.2012).
306
◊ Текнікүмге түсем деп қағаздарын алып, Шымкент тақиясына тар
келгендей Алматы асып кетті (Д. Исабеков).
◊ Сен де «Жигули» мініп шалқып жүрсең, тақияңа тар келетін бе
еді!? (Ш. Смаханұлы).
ТАҚЫМДЫ ТАЛДЫРУ – атқа шабу, көкпар тартудың қызығы
деген мағынада:
◊ Тақымды талдырар, терлікті кептіртпес салт жүрістерге ат белі шы-
дамаса ауыстырып мініп, қу жанды құмар ойындай қызу сезімге билетіп,
құла түзде қара малтаны сілекейімен езіп, елсіз жонды сыр бермес жел-
маяша жортты (А. Алтай).
◊ Тақымын талдырып көкпар тартпаса құмары тарқамайды, айызы
қанбайды. Бұл не құдірет? («Көкпар»).
ТАЛ БОЙЫНДА БІР МІНІ ЖОҚ – өзі сұлу, тұла бойы көркем,
мінсіз жаратылған деген мағынада:
◊ Тал бойында бір міні жоқ, дәл он сегіздегі кезі (Ж. Аймауытов).
◊ Мінезді ешкімнен үйренуге болмайды, ол туа бітетін қасиет; Кәм-
шаттың тал бойында бір мін жоқ-ау, бір мін жоқ; аузын ашса, көмекейiнен
күн көрінер, бәлкім (Т. Қаупынбаев).
◊ Бұлақтың басында ту сыртымен тұрған бір қызды көреді. Тал бойын-
да бір мін жоқ. Мақпал иық. Қыпша бел. Тоқ қос бұрымы өкшесін соғады
(С. Оспанов).
ТАЛ ТҮСТІҢ АПТАБЫ – өте ыстық, күннің ең қызған шағы:
◊ Əлі тал түстің аптабы қайтпаса да, бірдеңеден құр қалғандай ел-
ден бұрын жетіп келіпті (Ш. Мұртаза).
◊ Аласұрам, алабұртам, қайтемін,
Жүрегімде аптабы бар тал түстің?!
Ақындық па, ақымақтық па, әйтеуір,
Кеп тұрады бар қырсықпен айтысқым!? (Қ. Күзембаев).
◊ Аптап күні тал түстен ауса да күші қайтпай, даланың апшысын
қуырып әлі күйіп тұр. Арыстан тiлi ayзына сыймай шөлдегенін сезді, ма-
надан бері әлгі қайшыласқан көкбет сөздің көңілдегі лаңы байқатпаған ба,
үй іші тына қалды (А. Смаиылов).
ТАЛАҒЫ ТАРС АЙЫРЫЛУ // ЖАРЫЛУ – ыза болу, долдану, қат-
ты ашулану:
◊ Бірақ тынысы ауырлап, әлсін-әлі күрсіне бергеніне қарағанда, тала-
ғы тарс айырылып, долданып жүргені белгілі (Қ. Жұмаділов).
◊ – Ақша керек емес маған! Тегін жүре беріңдер. Тек қана мені мазала-
масаңдар болды! – деп көліктегі «капитанның» талағы тарс айырылды
(Н. Құспанғали).
307
◊ Талағы тарс жарылды. «Райкомның машинасы жеткізіп салды!» –
деді сызданып. Қабылбек баланың көңіліне құрт түскенін бірден сезді
(Р. Ниязбеков).
ТАЛАҚ ЕТУ – 1. Неке бұзу, әйелін тастау. 2. Бәрінен бас тарту:
◊ Б. Майлиннің «Талақ» деген әңгімесінде күйеуі әйелінен ажырасу
үшін үш рет «талақ» деп қайталаса некесі бұзылады, яғни талақ етеді
(М. Қаратаев).
◊ Ол баяғының серілері іспеттес жігіт еді. Ғашығын қорлық пен мазақ-
тан құтқару жолында өзінің арман-тілегін, мақсат-мүддесін тегіс талақ
етті (М. Мағауин).
◊ Сол үшін талақ етіп бар ғаламды,
Сол үшін талақ еткен асыл бәрін (Е. Ибраһим).
ТАЛҚАНЫ ТАУСЫЛУ – дүниеден өтер алдында, жан алқымға
таяну:
◊ Талайды жұтқан құм тажал өзі-ақ қойнына алып, қылғыта салар. Сон-
да «шынымен-ақ талқанымның таусылған жері осы болғаны ма» деген
(«АА» 23.09.1992).
◊ Шындықты, пенде, мойында,
Болсын бұл әркез ойыңда.
Таусылған сәтте талқаның,
Қара жер тартар қойынға (С. Бекмұратұлы).
◊ Қызын шет тілдер институтын бітіргенше, жеткізем деп белшесінен
бейнетке батқан Шәлипа ақыры ауырды. Талқаны таусылар күн таяғанда,
шақыртып алды (Б. Ыбырайым).
ТАЛҚЫҒА ТҮСУ // САЛУ – пікірді, ойды ортаға салу, талқылау:
◊ Жаңада бір келелі жиылыс болып, менің қателерім талқыға түсті
(І. Жансүгіров).
◊ Демек, мұнда қазақтың – осы бір өзіндік өзгеше тарихы бар, қиын да
қызық тағдыры бар әсем халықтың жарты ғасырлық өмірі талқыға түсті
(З. Қабдолов).
◊ Зергүлді Еріктің «орынды ескертуі» емес, «түсініксіз мінезі» толған-
дырды. Жол-жөнекей серуен соңын қобалжи талқыға салды (Б. Қойшы-
баев).
◊ Су қайнады. Енді газды тыям. – Тыйсаң тыя ғой, ата. Қазір бастаймыз.
Кенбай екі операторды қасына шақырып алып, шығарған есебін талқыға
салды (Р. Өтесінов).
ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБУ – құрту, жою, түгін қалдырмау деген
мағынада:
◊ Көшпенді түріктердің түп тамырына балта шауып, жеңіске жеттім
деп ұқты (Р. Мұқанова).
308
◊ Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің
орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай
келе жатқанымыз сондықтан болу керек («ЕQ» 28.04.2018).
◊ Тегінде қазақ бірін-бірі жамандауға келгенде сонша шебер, сонша
рақымсыз, сонша жалақор, өз тамырына өзі балта шауып, өз жапырағын
өзі жұлады да отырады (Ғ. Мүсірепов).
ТАМЫРЫНАН БАСЫП // ТАРТЫП КӨРУ – құпиясын, сырын
білгісі келу деген мағынада:
◊ Оңаша бөлмеге кіргеннен кейін Асқар Сарыбасты кеңеске ұйытпақ
болып, тамырынан тартып көріп еді, ажары өте сырғақ екен (С. Мұқа-
нов).
◊ Зәкария тағы да алдап, арбап тамырын басып көрді де, тағдырдың
тәлкегіне ұшыраған сорлыны алған бетінен қайтаруға құдіреті жетпесін
түсініп еріксіз кері бұрылған (Т. Сәукетаев).
◊ Сондай-ақ, ол жоғарғы жақтың да тамырын басып көрді. Институт-
тағы жалақысы тәуір деген қызметтерге министрліктің басшы қызметкер-
лерінің оннан аса туыстарын орналастырды (Ғ. Қабышұлы).
ТАНАУЫНАН // МҰРНЫНАН ЕСЕКҚҰРТЫ ТҮСУ – байлық пен
молшылықтың арқасында емін-еркін шалқып өмір сүру деген мағы-
нада:
◊ Бұрын ел үстінде шолжаңдап, танауынан есекқұрты түсіп, үріп
ішіп, шайқап төгіп жүрген көп басшыларымыз мына нарық заманының пси-
хологиясына бейім болмай шықты («ЕҚ» 3.06.1995).
◊ Байқайды, мұрнынан есекқұрты түсіп, Қараманның әлі де бұл жал-
ғанда жер басып жүріп жатқанын тарс ұмытқан сияқты. Апырай десеңші,
мұнымен де ауылы аралас, қойы қоралас көрші болыпты-ау бұл!? (Ə. Асқаров).
◊ – Байып алғандардың төрт жағы құбыла, мұрнынан есекқұрты тү-
седі (Қ. Найманбаев).
ТАҢДЫ КӨЗІМЕН АТҚЫЗУ // АТЫРУ – түні бойы ұйықтамау,
көз ілмеу:
◊ «…Көр де тұр, әлі талай түн атар таңды көзімен атқызады»
(Қ. Найманбаев).
◊ Түнде де кірпігі ілінбей, көрер таңды көзімен атырып, аһылап-
уһілеп дөңбекшумен болды («ҚƏ»).
◊ Түн бойына ұйықтай алмай, көрер таңды көзімен атырып жүрді
(Б. Майлин).
ТАҢНЫҢ АТЫСЫ, КҮННІҢ БАТЫСЫ – күні бойы, таңнан қара
кешке дейін тынбай жұмыс істеу:
◊ Таңның атысынан күннің батысы қыбыр-қыбыр бір тыным көр-
мейді, – деді Қарекең кемпіріне аяушылықпен қарап (Д. Исабеков).
309
◊ Бәріміз таңның атысы, күннің батысы жұмыс істеп, қаражат табу-
ға тырысып жүрміз (А. Райысқызы).
◊ Несін айтайын, кемпірдің таңып берген осы секілді тағы да төрт-бес
«спорт түрін» арқалаймын деп, таңның атысы, күннің батысы тепең-те-
пеңмен кешке қарай кескен теректей құлаймын кеп (Б. Садыр).
ТАП БЕРУ – бір нәрсеге жылдам ұмтылып бас салу:
◊ «Сұңқы адам», «жүзіқара», «бетпақтардың» жаууы сондай, бір емес,
бірнеше қойма толатындай болған кезде Дәметкен айналасындағы қанын
ішіне тартқан «тоналған» әйелдерді арқа тұтты ма, тап берді (Д. Исабеков).
◊ Тап берді қара қабан capы мысыққа,
Байғұсқа болды тым-ақ жанашырлық.
Ышқынтып сыбызғыны, дабылды ұрып,
Екеуін қоя берді шабындырып (І. Жансүгіров).
◊... Ол тап беріп шелекке жетті де, білегін сыбана беріп, кiр-кір қолын
қолтығына шейін бойлата, қымыздың ішіне салып жіберді (М. Əуезов).
ТАР ЖОЛ ТАЙҒАҚ КЕШУ – қиын, күрделі өмір жолы:
◊ Көккөл – Өр Алтай тарихының үлкен бір беті, тар жол, тайғақ
кешті тағдыры (Ə. Асқар).
◊ Ол тар жол, тайғақ кешулермен арпалыса жүріп өңірдің өркен-
деуіне үлес қосқан азамат (Д.Əшімханұлы).
◊ Өмірдің «тар жол, тайғақ кешулерін» бастан өткізгендеріне қара-
мастан, өз бойында бекзаттық пен қарапайымдылықтың, асқақтық пен аза-
маттықтың, адамгершілік пен сырбаздықтың керемет үлгілерін сақтап қал-
ған, қазақи қонақжайлылық пен тектіліктің таразы басын тең ұстай білетін
осындай ортада жүріп, өзіме өмірлік тағылым алдым («АА» 12.09.2017).
ТАР ҚҰРСАҒЫН КЕҢІТІП, ТАС ОМЫРАУЫН/ЕМШЕГІН //
ИІТУ, ЖІБІТУ – бар ықыласымен аналық мейірім көрсетіп, қамқор-
лық таныту:
◊ Оның тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін иіткен Əкім ғой
(Ж. Аймауытов).
◊ Тар құрсағымды кеңітіп, тас омырауымды иітіп, кеудеме басқан
қос сәби ер жетіп, ел иесі атанғанда бір-бірімен неге бола, кімге бола
жауықты? (Р. Мұқанова).
◊ Тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен жалғыз еді, – деуі
қалай? (Ғ. Мүсірепов).
ТАРАЗЫНЫҢ БАСЫ ТЕҢ – екі жақтың, оқиғаның, жағдайдың
өзара ара салмағының тең келуі, келмеуі:
◊ Сіз маған, менің әкем бұл кісілерге айтып отырса, таразының басы
тең баспас па еді? (М. Əуезов).
310
◊ Тазы біреу, қасқыр төртеу. Тазы байлаулы, қасқырлар бос. Қасқырлар
күшi бойына сыймай жалақтап жүрсе, тазы күн ұзаққа күрестен әбден
қалжыраған. Таразы басы тең емес еді (М. Мағауин).
◊ Қалай болғанда да, таразы басы тең сияқты... (Н. Ораз).
ТАРПА БАС САЛУ – тұра ұмтылу, тап беру:
◊ Қызылдар сол ауылда бекініп жатқанда, Мұқаш ақтарды алдап, үстіне
алып келсе, қызылдар тарпа бас салады (Ə. Кекілбаев).
◊ Қасқырдың бөлтірігіне тарпа бас салудан бұрын бірнешеуі жабылып
та айбат көрсете алмаған (М. Қаназ).
◊ Кірпі көп ойланып тұрмай жыланға тарпа бас салды (Ж. Шыны-
беков).
ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫНА СЫЙҒЫЗУ – кеңдікті, еркіндікті, бар
дүниені тарылту деген мағынада:
◊ Медет үшін кең дүниені бір тарының қауызына сыйғызғандай қиын
азап екі сағатқа жуық созылды (Е. Мырзахметов).
◊ Аптап жан біткенді бір тарының қауызына сыйғызып жібергеннен
кейін жұрт жанға дертті сабат жерлерден, сулы өңірлерден тауып жатыр (Б.
Тайжан).
◊ Бірақ… Күллі дүниені бір тарының қауызына сыйғызған өтпелі ке-
зеңде қолжазбасын сандыққа салып, қызыл қарын жас бала мен қара қазан
қамы үшін не істемеді ол (З. Жұманова).
ТАС БАУЫР // ЖҮРЕК – мейірімсіз, суық, мінезі қатал:
◊ – Я, құдай, зар тілегім болсын. Осы қарашығыма әкесінің осы ит міне-
зін бере көрме! ... Тас бауырлығын бере көрме! – деп құрысқан әлсіз қол-
дарымен мейірімді жүзін сипап бата берді. Ұлжан да ішінен «аумин» деп
бата қылды (М. Əуезов).
◊ Өзінің осы өмірден мықтап түйген бір шындығы бар: қайта тілі тәтті
кісілер тас бауыр, қатал келеді (Ə. Нұрпейісов).
◊ Тас жүрек Сыбан Рабтан қызының Шәңгерек ноянды қаншалық жақ-
сы көріп келгенін енді ғана түсінді (І. Есенберлин).
◊ Кешіріммен көкжиегің кеңиді,
Кешірімнен тас жүрек те ериді.
Кешіріммен оятасың өмірді,
Кешіріммен байытасың сен үйді (И. Иса).
ТАС КЕРЕҢ – ештеңені естімеу, білмеу, саңырау болу:
◊ Сонда Төлен онсыз да айналып тұрған басы мең-зең болып, аузына
сөз түсіре алмай, құлағы тас керең болып бітіп, құзға құлап бара жатқандай
болған (Р. Мұқанова).
311
◊ Неге ел тізгінін ұстаған басшылар осынау қасиетті орынның мұң-за-
рын естімейді. Бәрі бірдей көр соқыр, бәрі бірдей тас керең емес шығар
(Қ. Түменбайұлы).
◊ Кештің соңында аудандық әкімшіліктен, «жаңа байлар» мен коммер-
санттар кезек-кезек шығып, шапан жауып, машина мінгізді…– Мұндай ақын-
ды естісем құлағым тас керең болсын! – дедім досыма («ҚƏ» 02.09.1998).
ТАС ҚАРАҢҒЫ – кеш батып кеткен, қою қараңғылық түскен мез-
гіл:
◊ Шаршап, үйге жете алмай қалған күйлері көз алдыма келді: түн тас
қараңғы, төңірек түн, көрінбейтін түнек, қозғалмақ бітті, құлап кететін
сияқтысың (Б. Нұржекеев).
◊ Тастай қараңғы айсыз түн тіршіліктің бәрін бауырына басып алып-
ты (М. Иманжанов).
◊ Тас қараңғыда телефонының жарығы жарқ-жұрқ етіп, аяғының ды-
бысы сырт-сырт естіліп аялдамадан ұзап барады… (Ж. Қазымұратұлы).
ТАС ТӨБЕДЕН ҰРУ – күтпеген жерден, аяқ астынан қолайсыз
жағдайға ұшырап қалу:
◊ …Мені құдай тас төбеден ұрған екен ғой… (Р. Мұқанова ).
◊ Əлгі қайтар кезді солдатша не деуші еді, и – и – й, ә, «дембілмін» деп
жүріп құдай тас төбесінен ұрып қалмасын (Қ. Түменбаев).
◊ «Осы мені құдай қос қолдап тас төбеден ұрмаса игі», – деп іштей
тәубалады. ... үйдегі шоқ боп жанып тұрған жанарға төндіргенін біледі,
салқын шүріппені басқаны есiне, сыртқы есікті дүммен ұрып бұзып кіргені
жадында жоқ (Д. Досжан).
ТАСАДАН ТАС ЛАҚТЫРУ // АТУ – сыртынан, білдіртпей, жасы-
рын зияндық жасау, аяғынан шалу, кедергі келтіру:
◊ Болашақтың игілігіне бар болмысымызбен үлес қосып жатқан кезде
тырнақ астынан кір іздеу, бір-бірінің аяғынан шалу, бір-біріне тасадан тас
лақтыру – әбден тозығы жеткен жаман әдет (Қ. Найманбаев).
◊ Айтпағым – сүрiнсе де, мүдiрсе де, өз ойын, өз бойын жасырып, жас-
қамай жүрген Максим Павловичтер емес, тасадан тас атып, біреулердің
арасындағы араздық отына май құйып, соған жылынып, жанын баққан
жарбақбайлар (О. Исмайлов).
◊ Биліктен, ең бастысы, халық қазынасынан ажырап қалған кейбіреу-
лері сыртқа барып, екіншілері тасада бұғып, туған халқына тасадан тас
лақтырып, оның тұтастығына, жігіне іріткі салуға тырысуда (М. Мейман-
құлов).
312
ТАСАТТЫҚ БЕРУ діни – қандай да бір тілектің орындалуы үшін
тәңірге арнап мал сою:
◊ Былтырғы қуаңшылық жылы ауданнан келген уәкілдің: Қуаңшылық-
қа қарсы қандай шара қолданып жатырсың? – деген сұрағына сасып қалып:
тасаттық бердік, – дегем (Д. Исабеков).
◊ Ақырында ауылдың ақсақалдары «тасаттық берейік» деген тоқ-
тамға келеді (О. Дәуіт).
◊ Осыдан бірнеше жыл бұрын қуаңшылыққа кезіккен бір ауылдың хал-
қы тасаттық беруге ниеттенді (Қ. Найманбаев).
ТАСҚА ШАПҚАН ТАҢБАДАЙ // БЕДЕРДЕЙ – өшпейтін, айқын
көрінетін таңба:
◊ Халқымыздың тарихында тасқа шапқан таңбадай етіп, айқын із
қалдырған әкелі-балалы қос сұлтан Кенесары мен Сыздықтың тағдыр-
талайын ойлап-толғанғанда, мен ұдайы осы бір еркекті еске аламын («Хан
Кене»).
◊ Онда оқығанымның бәрі тасқа түскен бедердей болып, ойымда
ұмытылмай сақталып қалатын (Ə. Нұршайықов).
ТАСЫ ӨРГЕ ДОМАЛАУ – жолы болу, ісінің реті келу деген мағы-
нада:
◊ Бүгінде Дәулетханның тасы өрге домалап-ақ тұр. Алайда көрінген
жерге тұмсық тығамын деп, бастықтардың алдында сүйкімін кетіріп, көзге
шыққан сүйелдей боп жүргені тағы бар (Ə. Асқаров).
◊ Осы жерде Шыңғыс ханмен және қуатты жаужуриттер бірлестігінің
көсемі Жамұхамен одақ құруға ақылы жеткен Таян ханның тасы өрге до-
малады (С. Ақатаев).
◊ Қандай ғана қазақтың тасы өрге домалап, үлде мен бүлдеге оранып
отырды (О. Бөкей).
ТАУАНЫ ҚАЙТУ – жолы болмау, меселі қайту:
◊ Ар жақтан тауаны қайтып, бар пәлені бастарынан атқарып келе
жатқан Дөндағұл мен бірнеше саудагерді ортаға алған (М. Əуезов).
◊ Қозыдайын толтыратын көгенді,
Тура сөздің туабітті тегі өлді.
«Тауанымыз қайтты», – деудің орнына,
Тауып алды «тауын шақты», – дегенді (А. Бөкен).
◊ Бір рет тауымыз шағылып, тауанымыз қайтқан соң, ол жаққа екінші
қайыра бармауды жөн көретіндейміз (Ə. Байбол).
ТАУДАЙ БОЛ – кішкене балаларға айтылатын «үлкен болып ер
жет» деген тілек:
◊ Қара домалақ бала жымиып, жастық әкеп басына жастап еді, Ләззат
сәл күлімсірей: – Ой, таудай бол, таудай болғыр! Атың кім, қарағым? – деді
(Ш. Құмарова).
313
◊ Қазақ қазып айтады: «Құдірет көрсең тауға бар!», риза болып бата
бергенде де: «Таудай бол!» дейді («АА» 31.05.2003).
◊ Биіктен барлығын көретін,
Ел-жұрты соңынан еретін.
Сиреді данагөй шалдар да,
«– Таудай бол!» – деп бата беретін (А. Исәділ).
ТАУЫ ШАҒЫЛУ – сағын сындырып, бетін қайтарды, үміт-тілегі
кесілді:
◊ Тауы шағылмаған, өмір жолында тұяғын тас қағып көрмеген, үнемі
өрлеп, өсіп келе жатқан жас («Жұлдыз»).
◊ Соның өзінде Дулаттың тауы шағылып, беті қайтқан шақтары да
болып тұрады (Т. Əлімқұлов).
◊ Осылай сергелдеңмен жүрген Оспан өлердей сүйген қызы, қазірде
өзгенің келіншегі Гүлияның жүкті екенін алғаш рет көргенде тауы оңбай
шағылды (О. Бөкей).
ТАУЫҚ ШАҚЫРМАСА ДА ТАҢ АТУ – болар іс болар, бәрібір бол-
май қоймайды деген мағынада:
◊ Ал тауық шақырмаса да, таң атып қалар деп өзіміздің қазақы
әдетімізге басатын болсақ, азаттық керуені біздің үстімізден аттап өтеді
(С. Ақатай).
◊ Бұдан бұрын ешбір жарық сәуле болмағандай... Тауық шақырмаса,
таң атпайды. Ғылымға сусағыш жас ұрпақ мына сөздерге имандай ұйып,
дұғадай жаттап алды (Қ. Жұмаділов).
ТАУЫҚТЫҢ МИЫНДАЙ // МИ // АҚЫЛ ЖОҚ – аз ғана, кішкене
деген мағынада:
◊ Соған бола жұртты жиып… Мына сенде бар ғой, Молдабай, тауық-
тың миындай ми жоқ! (Д. Исабеков).
◊ Бүгiнде адамның миы туралы әркiм әртүрлi нәрсе жаза беретiн болды.
Олардың сөзiне сенсек, бiзде қазiр тауықтың миындай ми жоқ көрiнедi,
көп болса, ми қабiлетiнiң бiр пайызын ғана пайдаланады екенбiз (Қ. Сәр-
сенбай).
◊ Төкең шарт кетті:
– Сенің анау кәуектей басыңда тауықтың миындай ақыл жоқ (Д. Тұр-
лыбек).
ТАЯҚ БОЙЫ – халықтық өлшем бойынша күннің бату немесе
шығу кезеңі:
◊ Біз айдаудың арасын қосып, шымдауыттау жаңа жерге түскенімізде
күн таяқ бойы көтеріліп қалған екен (Е. Бейсенбек).
◊ Ай таяқ бойы көтеріліпті, маңдай алда дөп-дөңгелек болып толық-
сып тұр (Ғ. Мұстафин).
314
◊ Асқар қайтып қала шетіне кіре берген кезде, күн еңкейіп барып, Көк-
шенің төбесіне таяқ бойы келген кезі еді (С. Мұқанов).
ТАЯҚ ЖЕУ – соққы жеу, сабау, ұру:
◊ – Осы да күлкі ме? Таяқ жемей тынбауға бекінгенің ғой сенің
(Д. Исабеков).
◊ Ойда қоқан, қырда орыс,
Хакім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей,
Біздің қазақ баласы (« Хан Кене»).
◊ Мен үшін таяқ жеген Жұмашты аяп кетіп, қасына келіп, басын
көтеріп едім, аузы-мұрны даладай қан екен (Т. Ахтанов).
ТАЯҚ ТАСТАМ ЖЕР – халықтық өлшем бойынша өте жақын жер
◊ Таяқ тастам жерде тұрсақ та, бір-бірімізді көрмейміз (Ш. Мұртаза).
◊ Атып шыққан бойы жүгіре басып таяқ тастам жердей кеңсеге
жетіп барды (Қ. Найманбаев).
◊ Бұл тұста таяқ тастам отыратын ел де жоқ (Ғ. Мүсірепов).
ТАЯҚПЕН САЛЫП // КЕТКЕНДЕЙ // ҚАЛҒАНДАЙ БОЛУ – ке-
неттен есеңгіретіп, селт еткізе айту:
◊ Шаңырақ түйеге мініп келген күң сен емес пе ең? Құлақ кесті құлым
– сенің байың Бәшібек емес пе еді? дегенде басыма таяқпен салып кет-
кендей болды (М. Əуезов).
◊ Сөз – өмір ғой. Сөз – адамзаттың ұлы құралы. Əуелде қолы бос көрші
апайға «Сөзі көп» деп, қабақ шыта қарасам да, мынау томырық дүние, тақуа
үйдің суық хабары суыт көрінгенмен, етіміз үйрене бастады. Хабарлауы да
таяқпен бастан салып қалғандай (Қ. Түменбай).
◊ Николай біреу таяқпен басына салып қалғандай селк ете түсті.
Үрпиіп, Светаға шошына қарады. – Мен саған өтірік айта алмаймын, – деді
де, безеріп отырған Света іштегі пружинасы босап кеткендей сұлық түсті
(Т. Сәукетаев).
ТӘЖІМ ЕТУ // ҚЫЛУ – құрметпен басын иіп, ізет көрсету:
◊ Басқарушы жариялап болып, ысқырып қойып еді, тежеп қаңтарылып
тасталған ақбоз ат шығып, халыққа қарап тәжім етіп, басын шұлғып тұра
қалды (І. Жансүгіров).
◊ Жол ашты шық басқан жасыл шөптер,
Майысып басын иіп, тәжім қылып.
Шуылдап өзен үсті әнге толды,
Бүгінгі шат көңілді құс та білді (С. Мұқанов).
◊ Бұ не болды? Не екен? Əлде ерге шапқалы тұр ма жолбарыс? Сол ме-
зетте қамыс ақырын ашылды, Əлдекімге тәжім қылып (М. Жұмабаев).
315
ТӘУБЕСІНЕ КЕЛУ // ЕСІНЕ ТҮСІРУ – құдайға шүкіршілік ету,
риза болу, есін жию:
◊ Маңғал өз қазасынан Пірәлінің қайғысын ауыр санап, құдайына шү-
кіршілік етіп, тәубесіне келді. – Солай, шырағым, – деді назалана Пірәлі. –
Аты ер-тоқымсыз бос келді ауылға. Қайғы деп осыны айт (Т. Дәуренбеков).
◊ Көрпе астында жатып тәубесіне келді, қатарға қоспай босағада ұстап
жүрген Құмарға шын риза болды. Өзі де оны алғаш рет дұрыстап таныды:
Құмар бұл ойлағандай жарымжан емес екен (Ə. Сарай).
◊ Осылайша, тәубесін есіне түсіріп, ықтырып алмасаң, әркімнің басы-
на әңгіртаяқ ойнатып аз күндік дәулет, аз жылдық дәуреннің буына пісіп,
кекейіп сөйлеп, кедіреңдеп жүретін, атақаз бастық болып кетер деген қаупі
– Аспан шалдың тек өзіндік тәрбиесі-тін (О. Бөкей).
◊ Осы сәт Андрей әкесін есіне алды. Анасының айтуына қарағанда, мұ-
ның Федор әкесі Пригоданың талай рет аузына құм құйып, талай рет
тәубесін есіне түсірген екен. Осы Пригоданың шошқа қорасын өртепті
(Ш. Күмісбаев).
ТӘУБЕ ҚЫЛУ – шүкіршілік ету, қанағат қылу:
◊ Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың қол астына қарағанына
казақ тәубе қылу керек қой (Ж. Аймауытов).
◊ Тарғындай батыры барын медеу тұтып, тәңірге тәубе етті («Ер
Тарғын»).
◊ Сегіз құл жаны қалғанына тәубе қылса, Қодар құл намыстанып, өзіне
қол жұмсауға даяр еді («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»).
ТӘУЕКЕЛ ДЕП ТАС ЖҰТУ – бір іске батыл, бел шешіп кірісу
деген мағынада:
◊ Сонда Үкібала екеуі тәуекел деп тас жұтты (Ш. Айтматов).
◊ Уығын өздері қадап, шаңырағын өздері көтерген шаруашылықтың
мұқтажы үшін бұлардың қай-қайсысы да тәуекел етіп, тас жұтуға дайын
(Б. Мұқаев).
◊ Рысқұлов тәуекел деп тас жұтып, Сталинмен тікелей байланыс-
тыратын қара телефонға қол соза бергенде, кабинет есігі ашылды да,
көмекші жігіт: – Тұрар Рысқұлович, қалалық телефонды алыңызшы, – деді
(Ш. Мұртаза).
ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БАЙЛАУ – тәуекел деп іске кірісу, қандай болса
да қиындыққа бел буу:
◊ Не де болса, тәуекелге бел байлаған жөн шығар (Ə. Тарази).
◊ Бұл ретте тәуекелге бел байлауға асықпайтын инвесторлардың
дамыған елдердің бас банктері жасап жатқан осындай қадамнан кейін
алтынға деген сенімдері нығая түсті («ЕҚ» 15.09.2011).
◊ Ғылым мен техника күн санап қарыштап дамыған заманда әр мемле-
кеттің тәуекелге бел байлап тарихи шешім қабылдайтын сәті болады
(«АА» 28.11.2007).
316
ТӘУЕКЕЛІ ЖЕТПЕУ – батылы бармау, қорқақтау:
◊ Бірақ үнемі тәуекелі жетпейді (Б. Мұқаев).
◊ Əйел басы тәуекелден тайып, болмаса қорқып шыға алмай отыр ма?
(Ғ. Мүсірепов).
◊ Математиканың аса күрделі ғылым екендігі ықылым заманда-ақ дә-
лелденген. Оған кез келгеннің тісі бата бермейді, кез келгеннің тәуекелі
жете бермейді (Қ. Əлмұрат).
ТЕМІР ЖАҚ – сөзге шебер, өткір тілді, шешен сөйлеу деген мағы-
нада:
◊ – Ай, үнің өшпейтін темір жақ едің, қане, көрсет исі сол өнеріңді...
(Д. Исабеков).
◊ Кіші жүз сылдыр көмей, темір жақ шешенді бас қылып, Орта
жүзден құн сұрай келеді («Шешендік сөздер»).
◊ Ердің құнын екі ауыз сөзбен тындыратын от ауызды, орақ тілді, күміс
көмей, темір жақ шешендердің жүйрік ойлау, жүйелі сөйлеу мәнері мен
шеберліктері үгітшілер мен насихатшыларға ана тілінің байлығын сыйлай-
тын (Б. Адамбаев).
ТЕМІР ЕТІК ТЕҢГЕДЕЙ, ТЕМІР ТАЯҚ ТЕБЕН ИНЕДЕЙ – әбден
шаршап-шалдығу, арып-ашып тозу:
◊ Темір етік теңгедей болуға көңіл жетер ме? Темір таяқ тебен инедей
болуға өмір жетер ме? – деп келіпті де, қобызымен тағы да былай деп
жөнелген екен (Н. Төреқұлов).
◊ Ашық боламын деп, шашық болып, оңбай таяқ жейді-ау дәу де болса.
... жау мен жауыз, жалмауыздарды жер жастандырған соң темір етігі
теңгедей, темір таяғы тебендей болып, шаршап-шалдығып жаман лашы-
ғына оралады (М. Қабанбай).
◊ Үйге келіп кешке темірден етік соқтырдым, темірден таяқ соқтырдым
Темір етіктен теңгедей қалғанша, темір таяқтан тебендей қалғанша
жүрдім («Ертегілер»).
ТЕМІРДІ ҚЫЗҒАНДА СОҒУ – кез келген істі өз уақытында, дер
шағында орындау:
◊ Істің бәрін біліп жатса да, алдыңғы ұятынан жасқанып, темірді қызу
үстінде соға алмай қалды («Қамар сұлу»).
◊ Кейбір жандардың көздеген мақсатты «темірді қызғанда соқ» деген-
дей a дегенде орындап тастамаса, артынан оған қайырылып соға алмайтын
әдеттері болады (Қ. Исабаев).
◊ Темірді қызғанда соқ дегендей, жігіттердің осы бір ереуілдеп тұрған
сәтін суытып алмайыншы деген мақсатпен Олжеке: – Тарт! – деп өзі алға
түсе берді. Көшім жігіттері нысанаға тез жетті де, адырға тасаланып тоқ-
тады (Ж. Сәмитұлы).
317
ТЕПСЕ ТЕМІР ҮЗУ – қайраты мол, күш-қуаты тасып тұрған деген
мағынада:
◊ Олай болмапты, енді Шәрік міне, тепсе темір үзерлік атпал азамат
болыпты, болғанда және қандай (М. Əуезов).
◊ Тепсе темір үзерлік, қайран қайрат! (Ш. Құдайбердиев).
◊ Қарашаның қары түсе тепсінген баяғы екпін, темір үзгендей болған
тегеурін қайда кеткені белгісіз, қойдан жуас, жылқыдан торы боп қапты
(Ə. Асқаров).
ТЕПСІНЕ СӨЙЛЕУ – ызаланып, долданып сөйлеу, ұрсу:
◊ Ауылдың орта тұсында тұрған қоңыр төбел үйден бір әйел асыға
келіп, тепсіне сөйлей жөнелді (Ғ. Мүсірепов).
◊ – Не дейді? Мазаңды алатындай мен не қылыппын? – деп екі бүйірін
таянып, тепсініп шыға келді (Ə. Нұрпейісов).
◊ Шегініп барып тепсіне сөйледі. – Ой, әкеңнің... қақпас! Біреудің
құлағында нең бар-ей, сенің а? (Б. Мұқай).
ТЕР ТӨГУ – өмір бойы талмай еңбек ету, еңбек сіңіру:
◊ Жалпы, Темкеңнің осы сатира жанрына жарты ғасырға жуық тер
төккенін білуші едік... («АТ» 12.08.2015).
◊ Бұлар ұзақ бәйгеге шабатын жүйрікше жаратылмай, суын алып,
терін төкпей сөйлемейді («Жамбыл Жабаев туралы естеліктер»).
◊ Туған әдебиетіміз бен мәдениетімізге жарты ғасырдай уақыт тер
төккен белгілі журналист, жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым Сапар Бай-
жановтың шығармашылық жолы – қолына қалам ұстаған жастарға үлгі бо-
ларлықтай жемісті, тәлімді жол (Б. Бодаубай).
ТЕРЕЗЕСІ ТЕҢ – жағдайы, беделі, абыройы, атағы тең келу:
◊ Сандыбайдың Ердені өзіммен терезесі тең шонжар ( І. Есенберлин).
◊ Тобықтының шаңырақ түйесіне мініп келген құлы емес найман,
терезем тең елмін (М. Əуезов).
◊ Есенеймен терезесі тең адамның қызы болса Еменалысымен бірге
Есенейдің өзін де айдап тастайтын дөрекілік қой (С. Мұқанов).
ТЕРІСІНЕ СЫЙМАУ – қатты ашулану, ызаға булығу, қаһарына
міну деген мағынада:
◊ … Көк бұйра насыбайдың бір шымшымын тілінің астына ызалана
тастап жіберді де, ауызғы үйге шықты. Терісіне сыймай барады (Д. Исабе-
ков).
◊ Терісіне сыймай жолдасының істеп кеткен иттігіне ыза болып, егер
жер бетіне шығатын болса, қайда болса да іздеп тауып, от қойып өртеп
жіберуді шарт қылды (М. Қабанбай).
◊ Онсыз да терісіне сыймай отырған шал жауар бұлттай кеп түнерсін
(Қ. Найманбаев).
318
ТЕСІК ӨКПЕ // ӨКПЕСІН СҮЙРЕП ЖҮРУ– өмірде көп азап шегу,
қиыншылық көру:
◊ ... Төлебай да тесік өкпе боп бізге қосылды, одан не шықты?..Күн
тырбанайық, түн тырбанайық, бәрібір – баяғы жоқшылық!.. (С. Мұқанов).
◊ Мал түлігі болған соң-ақ, әкем Қайрақбайды біздің үйде ұстап, тесік
өкпе ғып жұмысқа салмай, атарман-шабарманы ғып үйреткен (С. Мұқанов).
◊ – Тесік өкпе ғой! Өзін тек бала мұқатып жүр. Жылына бір баласы
өледі (Ə. Нұрпейісов).
◊ Тесік өкпесін сүйреп әрең жүр, аясаңшы жазғанды (О. Бөкей).
ТИЫННАН ТИЫН ТУҒЫЗУ – бірді екі ететін, пайдакүнем, пысық
деген мағынада:
◊ Жәрмеңкеге қойды көп әкелетін көпестің бірі – осы Шалматай. Тиын-
нан тиын туғызған қу тұяқ саудагер. Бай сөздің соқасын өзі түзеді. Бай
сынық инесін қалдырмай есепке салды (І. Жансүгіров).
◊ Қораңдағы қойды қоздату қиын емес, мықты болсаң тиыннан тиын
туғызып көр! (Қ. Жұмаділов).
◊ Зейнептің базарға шыққалы бері киімі бүтінделіп, балалары тойып та-
мақ ішіп жүруі, ол пысықтың тиыннан тиын туғызған әрекеті ғой
(«Жұлдыз» №5.2013.95-б).
ТОЙҒАН ҚОЗЫДАЙ – момын, жуас, ешкімге зияны жоқ деген ма-
ғынада:
◊ Боз шәпкелі балаға қарағыштап отырып Шынар кемпір: «Өзің бір
тойған қозыдай екенсің», – деп іштей риза болып қалды (Т. Нұрмағам-
бетов).
◊ Ақшаң барда тойған қозыдай томпайып үнсіз жататын моп-момақан,
қарның қалтаң қағылса ішіне қоралы қасқыр кіріп кеткендей боп, ұлып
шыға келетіні бар емес пе (Ə. Нұршайықов).
◊ Бірақ бәрі де атың өшкір, Құрымбайдың кесірінен болды емес пе?
Күні кеше ғана өз жұмыс орнымда тойған қозыдай томпиып отырғанмын
(О. Көмеков).
ТОҚТАУ АЙТУ – жұбату, қолдау, демеу беру:
◊ Оларға Молдабек хатшы тоқтау айтып: – Сендер тапжылмаңдар:
мен сырттарыңнан кілттеп қоямын! – деп түпкі үйдің есігін жауып жіберді
де, өзі келушілерді қарсы алуға үйдегі үстеліне отырды (І. Жансүгіров).
◊ Нақып қожаға ауылдастары тоқтау айтып, Қаңлы Жүсіптің бесінші
жазған айтыс хатына жауап жаздырмай қояды (Т. Нұрмағамбетов).
◊ Бекболат қысылған, сасқан, кейіген жерде Ақберен ақыл тауып, тоқ-
тау айтып, демесін болушы еді, жазаласа, Бекболат оның тілін көбірек
алушы еді (Ж. Аймауытов).
319
ТОҚ ЕТЕРІ – қандай да бір ойдың қорытындысы, тұжырымы де-
ген мағынада:
◊ Тоқ етері – біз етіміз үйреніп қалған кеңес патриоты деген мента-
литетті іштей әлі де қимайтын секілдіміз («АТ» 09.02.2011).
◊ Тоқ етерін айт! Сал тізімді ортаға (Ғ. Мұстафин).
◊ Тоқ етерін айтқанда, өзі құралпы әріптестері атжалман, жұлымыр
журналист деп айтатын Сейдахмет Бердіқұловтың әлемдегі алты құрлық-
тың – Азия, Америка, Австралия, Африка және Еуропа сияқты бесеуіне та-
баны тиген Əнуар Əлімжановтан кейінгі қазақ қаламгері екенін қазір осы
бәріміз түгел дерлік біле береміз бе? Əй, қайдам… (Ж. Аупбаев).
ТОҚАЛДАН ТУУ – басқалардан кем санау, шеттету деген мағы-
нада:
◊ Ақсақал көңіліңізге келсе де айтайын, сізге пенсия болмайды, – деді.
– Ау, неге, немене мен тоқалдан туыппын ба? (Т. Нұрмағамбетов).
◊ Бұрын шалдар тоқалдан туған кенжесін жақсы көруші еді, мен сол
шалдарға ұқсамай тұрмын (Е. Букетов).
◊ Бәйбішеден туған тоғыз тоқалдан туған жалғыз ұлды шырылдатып,
зорлық қыла беретін болған соң, оны жұрт: «Шіңкілдек» деп атапты
(Р. Бердібаев).
ТОҚСАН ЖЕРДЕН ТОССАҢ ДА, ТОБЫҒЫНАН ҚАҚТЫРМАУ –
ешқашан өз кінәсін мойындамау, қашан да өзінікін дұрыс етіп шығару:
◊ Тоқсан жерден тоссаң да, тобығынан қақтырмайтындар екенін
сырттай білуші едім, енді сізге түйістіре отырып тыңдайтын болдым деп
қуандым-ау! («ҚƏ» 25.01.1995).
◊ Қазіргі жемқорлардың ішінде тоқсан жерден тоссаң да, тобы-
ғынан қақтырмайтын, жылпос, ертеңгі күн есебін білетін қулар көп, олар
ұстатпайды да (А. Жақсыбаев).
ТОҚЫМ ҚАҒАР э т н о г р. – салт бойынша сапарға кеткен
жолаушының аман-есен оралуын тілеп жасалатын ырым:
◊ Бүгін күйеу жігіттің тоқым қағар тойы. Осы кеш қалайда қимылдап
қалу керек (Қ. Жұмаділов).
◊ Баласын күй аулына шығарып салып, Қанапамның тоқым қағар
тойын жасатармыз әлі, – деп бала күйшіні бауырына басқан Құрманғазы
оған бата болмағанмен, бағасын бергендей сүйсіне қарады (Р. Отарбаев).
◊ Алпамыс сегіз жасқа келгенде жылқысынан Байшұбарды ұстап мініп,
тоқым қағар жасап, нағашы жұртына аттанып кетеді («Батырлар жыры»).
ТОМАҒАНЫ СЫПЫРУ – босату, ерік, еркіндік беру деген мағы-
нада:
◊ Бұл қыранның қызбаланбай жайбарақат отыруы және қауіпсіздік
үшін жасалады. Аңшы қыранды аңға да томағамен алып шығады. Тек ең
320
соңында, аңмен көздестіріп, қыранды жіберер сәтте ғана томағаны сы-
пырады (Ғ. Жандыбаев).
◊ Баруға көңілің тілесе,
Ханнан жарлық алыңыз.
Томағамды сыпырып,
Қамау тасқа салыңыз («Хан Кене»).
◊ Осы кезде Ахмет оң қолына қондырған лашынның көзіндегі тома-
ғаны сыпырады да, астындағы жарау атты шоқыта, бытырай ұшып бара
жатқан үйректерге қарай лашынды сілтеп жібереді (С. Мұқанов).
ТОННЫҢ ІШКІ БАУЫНДАЙ – өте жақын, сыйласып, бір-біріне
сенген адамдар:
◊ …Бастық өзінің төңірегіне тонның ішкі бауындай жанашыр доста-
рын іріктеп алып, жұмысына беріле кіріседі («ҚƏ» 24.05.2009).
◊ Тонның ішкі бауындай араласып кетпегенімен, «кемедегінің жаны
бір деп», көмектесе алмай тұрмайтын (О. Бөкей).
◊ Тонның ішкі бауындай жақсы, ыстық ниетпен келіпті (Ж. Жабаев).
ТОҢ МОЙЫН – бір беткей, қыңыр, қырсық адам деген мағынада:
◊ Қайткен күнде де Күмістен ажырату әдісін табу қажет, нағашысы
секілді тоң мойын ит айтқанға көнбесе (І. Есенберлин).
◊ Темір айыр, ақ балта қолдарында,
Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп.
Іштен келген тоң мойын, надан халық,
Бұл жұртты ойран қылмай ма төбеленіп! (М. Жұмабаев).
◊ Ұяң мінезді, үлбіреген жас келін әуелгі күндерден бастап-ақ тоң мо-
йын, дойыр күйеуінен қатты жасқанатын (С. Мұратбеков).
ТОПАН СУ ҚАПТАУ // БАСУ – асырып айту, ақырзаман орнату:
◊ «Тасып алған өнімді сақтайтын қойма болмаса, сататын базар қайда»,
– деп, топан суды қаптатып қарап отырады (Ж. Боранбаев).
◊ Қайсыбірін айтайын, осындай-осындай оспадарлығына бола аз күнде
топан су қаптап, тіршілік атаулы тып-типыл болатын көрінеді… (Б. Садыр).
◊ Екі күннен бері төңіректеп жүрген күйтолғақтың уақыты келген, енді
жаңбыр жаумақ түгіл топан су басса да күйші үшін бәрібір, толғағы жеткен
күй туу керек! Тумаса күй өледі немесе күйшіні өлтіреді (Е. Айдабосын).
ТОПСАСЫ БОСАУ – көңілі жібу, ойы өзгеру:
◊ Осыдан соң ақша сандығының аузы ашылып, Майырдың топсасы да
босай бастаған (М. Əуезов).
◊ Жоқ, – деді топсасы босап қалған Күлдәрі әлі де көне қоймай. – Сіз-
бен кездесетінімді білмей, бүгін былай нелеу, ескі костюммен шыға салып
едім (М. Мағауин).
321
◊ Жаңа ауданнан бір жәшік арақ әкепті, ішіп жатыр, бар әктіп сонда, –
дедім. – Шөпті түсір, түсір, – деді. Байқаймын топсасы босаған, ауыл жақ-
қа алақтап қарай береді (А. Нұрманов).
ТОПЫРАҚ БҰЙЫРМАУ – өз туған жеріне емес, бөтен жерге жер-
лену:
◊ Зейнептің оқуымды бітірейін дегеніне де қарамапты қайран боздақ,
соғыстың алғашқы күні-ақ аттанып кетерін, өзіне туған жерден топырақ
бұйырмай, түу Белоруссия жерінде мәңгілікке қаларын күні бұрын сезген-
дей (Ш. Құмарова).
◊ Біз қалмақ жерінде ұзақ тұрдық. Əкеме ақыры сол жақтан топырақ
бұйырды (Қ. Жұмаділов).
◊ Осылай шеттен топырақ бұйырған тағдыр иесінің бірі – халқының
жарқын болашағы үшін күрескен қайсар тұлға Мұстафа Шоқай (Б. Қайратұлы).
ТОПЫРАҚ ШАШУ – қаралау, жала жабу, көре алмау:
◊ Сөйтіп, Кенесары аруағына қырық жыл бойы топырақ шаштық
(«Хан Кене»).
◊ «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, кейбір полиция
қызметкерлерінің ағат істерінен кейде көпке топырақ шашу көрінісі кез-
десіп қалады («ЕҚ» 29.08.2009).
◊ – Бұған сен де, мен де, әкем де кiнәлi емес. Əкем 37 жасында бәрiн
жолға қойып берiп, жөнеп кеттi, – деп өткенге топырақ шашпауға тырыс-
тым (Қ. Түменбай).
ТОРҒАЙДАЙ ТОЗУ – азып-тозған, жүдеп-жадаған кісі туралы:
◊ Атамекеннен ауып, торғайдай тозып жүрген елді осылай тозған
күйінде қалдырмаудың қамын жасап оралар бәлкім (Ж. Тұрлыбаев).
◊ Жаудың күшін келе санамаңдар жігіттер. Өз күшіңді егіз десең, жау-
дың күшін сегіз де. Күні кеше соларды осал санаймыз деп жүріп «е, тәйірі,
жаман қара қалмақтың қолынан не келеді деп жүріп, опық жеген жоқ па
едік? Қалмақ осал болса, қазақ осы күнге дейін торғайдай тозып, тарыдай
шашылып жүрер ме еді?!» – деп сәл аял жасаған (І. Есенберлин).
◊ Ұясына жылан жұмыртқалаған торғайдай тозып, отағасынан айы-
рылған сорлылар Аягөз жақтағы туыстарын паналап кетiптi (Т. Рыскел-
диев).
ТӨБЕ КӨРСЕТУ – келгенін, бар екенін білдіру, көрсету:
◊ Дәрібаев манадан бері сырттай сыр бермегенімен, ауыл басшылары-
ның ел қатарлы төбе көрсетіп, алдарынан шықпағанына іштей қатты ши-
рығып, ызаланып отырған-ды («Жұлдыз» №6.2001. 39-б).
◊ Ақырғы рет бұдан екі жыл бұрын май мерекесінің тұсында төбе көр-
сеткенімде, шөгіп кеткен шешем байғұс әзер шыдап жүр екен, әңгімені тө-
тесінен бір-ақ қайырған (Л. Егембердиева).
322
◊ Арқаның жазы да құралайдың салқынымен дүниеге өлеңдей сұлу жа-
ратылыс – бөкен лақтарының өруінен кейін төбе көрсетеді (А. Смаилов).
ТӨБЕСІ КӨРІНУ – басқа, тосын бір нәрсенің байқалуы, анықталуы:
◊ Бірін есіне алса елес болып екіншісінің төбесі көрінеді (Р. Мұқанова).
◊ Өзі де таңға жуық жатып еді, ұйқысы келер емес, енді қайтсін, кешегі
оқиғаның төбесі көрініп, мазасын алды («Жұлдыз» №2. 1998. 69-б).
◊ Мына шашылған қоймадағы заттарды қалай жинаймын деп қорқып
еді. Көз қорқақ, қол батыр емес пе? Түске дейін-ақ біразы жиналып, төбесі
көрінгеннен кейін-ақ іс оңға басты (Б. Мұқай).
ТӨБЕ ҚҰЙҚАСЫ ШЫМЫРЛАУ – оқыстан қатты шошыну, зәресі
ұшып кету:
◊ Қайтып келгенде төбе құйқасын шымырлатқан хабарды естісімен
ауруханаға жетті (Б. Иманғазина).
◊ Төрткөз Пират дейтін итіміз бар еді, сол ұлып, моланың басында қал-
ғандай, естіген жанның төбе құйқасын шымырлатыпты (Ш. Құмарова).
◊ Бір төбенің ығында тігерге тұяқ қалмай, баудай түсіп қырылып қала
ма? Өз қамың деген айналайын екен, әйтеуір деп ойлады да, өз ойынан өзі
үркіп, төбе құйқасы шымырлады (Ə. Сарай).
ТӨБЕ ШАШЫ ТІК ТҰРУ – қорқу, шошу, үрейлену:
◊ … Жылаған бала, жоқтау айтқан әйел, қайғы-қасіреттен адамның
төбе шашы тік тұрарлық (І. Есенберлин).
◊ Екеулеп жүріп наубайханаға ауыстырды, мен дегенде төбе шашы
тік тұратын бастықты көндіріпті (О. Бөкей).
◊ – Апырай, Тұрарбек десе төбе шашыңыз тік тұратыны несі осы?
– деп хатшы езу тартқандай сыңай танытты (Қ. Haйманбаев).
ТӨБЕГЕ ҰРҒАНДАЙ – кенеттен, аяқ астынан жайсыз хабарды ес-
ту деген мағынада:
◊ Ақбала қарсы алдынан өзіне қадалған көзді сезіп, жабырқау жүзін жо-
ғары көтере берді де, төбеге ұрғандай тоқтай қалды (Ə. Нұрпейісов).
◊ Дәптердің дәл ортасына қарындашпен «Сын есім» деген екі сөзді бат-
титып қойдым да, төбеден ұрғандай боп тұрып қалдым (Ə. Нұршайықов).
◊ «Бұл елде атам заманнан келе жатқан ғадет солай, қазір бірден төбеге
ұрғандай жарлық шығарсақ, халық қозғалып кетеді, сабыр сақталық, ақы-
рындап оған да жетерміз» деген баласының бипаздығына шарт ашуланған
Үлкен ханым көк шатырлы күміс арбасын жектіріп, сол күні Аралға қайта
көшіп кетеді (Е. Раушанов).
ТӨБЕСІ ЖАЙЛАУ, ТӨСІ ҚЫСТАУ – көңілі жайлану, босаңсу, өзі-
мен өзі болу:
◊ Шылқамайға кірдім ғой деп мұртынан күліп, тіпті бұрынғы бұрынғы ма,
төбесі жайлау, төсі қыстау болып, есі шығып еліріп кетті («Қамар сұлу»).
323
◊ Айдала, тойған қойшының төсі жайлау, төбесі қыстау болғандай.
Еділ мен Ертіс болып кекіріп қойды (І. Жансүгіов).
◊ Бар болғаны, айналасына жиналғандарға ыржия күліп, ілтипат біл-
діріп, өзімен өзі мәз болып отырған, төсі жайлау, төбесі қыстау бір жан-
тұғын (Қ. Кереева).
ТӨБЕСІ КӨККЕ ЖЕТКЕНДЕЙ – қатты қуану, шаттану, риза болу:
◊ …Осында оқып жатқан қандас бауырларымыз – білім қуған қазақ
жастары төбелері көкке жеткендей қуанды (Н. Оразалин).
◊ Арттарынан Қабанбай бастаған қалың қол келіп ошарылғанда, Жәні-
бектің төбесі көкке жеткендей қатты қуанды (Қ. Жұмаділов).
◊ Кешкісін Дауыл жұмыстан қайтқанда шүйіркелесіп отырған әйелі
мен шешесін көріп, төбесі көкке жеткендей қуанып… (Б. Иманғазина).
ТӨБЕСІН ОЮ – ұрсу, күш көрсету:
◊ Жылқыдан шығармай-ақ төлете салсақ, біреу төбеңді оятын ба еді?
(Б. Нұржекеев).
◊ Қолына титтей билік тиіп еді, жұрттың төбесін ойып жібере жаздады
(Т. Ахтанов).
◊ Сол жауыңның төбесін ою үшін әскери өнерге жетіле бер, керілдес-
пей кезегіңді күт (А. Мейірбеков).
ТӨБЕСІНЕ ҚОБЫЗ ОЙНАТУ – қоқаң-лоқы көрсету, басыну:
◊ «Осы бастан айтып қояйын, төбеңе қобыз ойнатам», – депті (Б. Нұр-
жекеев).
◊ Кәлен оларға ес жиғызбай, жуан дойырды үйіріп, төбесінде ойнатып:
– Өлгілерің келмесе, жолымнан кет былай! – деп ақырғанда, ана екеуі
жалт етіп, босағаға жабысып тұра қалды (Ə. Нұрпейісов).
ТӨБЕСІНЕН ЖАЙ ТҮСКЕНДЕЙ – кенеттен, ойламаған жерден,
ыңғайсыз жайға ұшырағанда айтылады:
◊ Нағашыбайдың тас төбесінен жай түскендей болды (Т. Нұрмағам-
бетов).
◊ Содан бері ол осы өңірдегі бөрілерді төбесінен жай оты түскендей
бөріктіріп, басына ақыр заман орнатудан айылын жиған емес (М. Қаниев).
◊ Қоршауда қалған алдыңғы ойраттар бастабында төбелерінен жай
түскендей ұйлығып біраз тұрды да, тез ес жинап, қорғанысқа көшті. Олар
да қылыш суырып найза сілтеп, өліспей беріспеудің қамына кіріскен
(Қ. Жұмаділов).
ТӨРІНЕН КӨРІ ЖУЫҚ – әбден қартайып, жасы жеткен деген ма-
ғынада:
◊ – Енді қартайып, төрімнен көрім жуық болғанда құдайдан ертеңді-
кеш тілейтінім: «Жақыбымның жаманатын естіртпе, осының алдында ал!»
– деуші едім (М. Əуезов).
324
◊ Бұрынғы бір заманда бір хан халқын жинап алып, жарлық еткен екен:
– «Менің жасым болса ұлғайды, төрімнен көрім жуық, менің орныма хан
сайлап алыңдар», – дейді («Қазақ ертегілері»).
◊ Бір күні Қайыр шал: – Балам, мен болсам қартайдым, төрімнен көрім
жуық, мына керуендерге ілесіп, екі түйемен осы сапарға барып кел, – депті
(М.Сүндетов).
ТӨРТ КӨЗІ ТҮГЕЛ – бәрі тегіс жиналу, түгел бас қосу деген ма-
ғынада:
◊ Төле би ендігі бір сөзін төрде отырған Ханбаба сұлтанға арнап айтып
еді.
– Бүгін бар да, ертең жоқ, буынып-түйінген жолаушыдай біз де бір қо-
нақпыз ғой. Төрт көздерің түгел отырғанда айтып қояйын, – деді жұртты
тағы да аузына қаратып (Қ. Жұмаділов).
◊ – Енді қандай мәселе болмасын өстіп төрт көзіміз түгел отырып
шешеміз (Қ. Найманбаев).
◊ Төрт көз түгел, төрт құбыла сай еді,
Сарқылмайтын сөздің сүбе мәйегі,
Майтөбеде кәрі жілік, ескі көз,
Бас қосқаны – кішігірім той еді (Н. Байоралова).
ТӨРТ ҚҰБЫЛАСЫ ТЕҢ – байлығы жетерлік, көл-көсір, молшы-
лық күнде өмір сүру:
◊ Біз үшін Нұралының ешқандай арманы жоқ, төрт құбыласы тең,
енді мына өмірден уайым-қайғысыз сақ-сақ күліп өтетіндей боп елестеді
(Д. Исабеков).
◊ Олардың төрт құбыласы тең, сауысқаннан сақ, сақадай сайланып
жүруі үшін керек (О. Бөкей).
◊ Бойында осы үш қасиет тегіс бар әйелді төрт құбыласы түгел әйел
деп бағалау абзал (Ə. Нұршайықов).
ТӨРТ МҮШЕСІ ТҮГЕЛ – аяқ-қолы бүтін, дені сау:
◊ Төрт мүшесі түгел ауыл азаматтары майданға аттанып жатыр
(А. Ұсқабаев).
◊ Төрт мүшесі түгел, айыбы қызға қырындауға ебі жоқ демесең
(К. Жүнісов).
◊ Серейіп қатып қалыпты дейтін төрт мүшесі түгел емес, кескен дөң-
бектей домаланыпты да қапты (Д. Исабеков).
ТӨРТ ТҮЛІГІ САЙ БОЛУ – бай, дүниесі түгел, ерекше молшылық-
та өмір сүру:
◊ Ертеде бір бай болған екен, төрт түлігі сай болған екен, бір пер-
зентке зар болған екен («Əлібек батыр»).
325
◊ Сезімсіз, жүрексіз қатыгез адамның төрт түлігі қашан да сай бола-
ды (Р. Мұқанова).
◊ Сөйтіп, бұрынғыдай қарабайыр жүдеу тіршілік емес, төрт түлігі
сай, сән салтанатты тұрмыстары басталған (А. Естенов).
ТӨРТ ТҮЛІК – түйе, жылқы, қой, сиыр сияқты үй малының
жиынтық атауы:
◊ Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай-
сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамыр-
ласып жатқаны (Ж. Аймауытов).
◊ Хан айтты: Төрт түлігімнен не тілесең, соны бердім, қалағаныңды
ал, – деді («Қазақ ертегілері»).
◊ Қайыршы айтты: Сен мұнда тұрма, төрт түліктен таңдаған атың
мен дүниеңді ал да, жайыңа бар, – дейді («Қазақ ертегілері»).
ТӨС ТҮЙІСТІРУ – бір-біріне төстерін тигізе табысу, көрісу, аман-
дасу:
◊ Қырық жылдан соң қайырылып өзіңді таппасына, қылыш үстінде
емес, қырмызы кілем үстінде төс түйістіре табыспасына кім кепіл?
(М. Мағауин).
◊ Үй иесінің ішкі үрейін, жан түйсігін Мұхтар қапысыз сезді, машинаға
жете бере кілт кідірді де, құшағын ашты. Үрмiзi шалмен төс түйістіріп
қоштасты (Д. Досжан).
◊ Бұдан былай екеуіміз дос болайық! деп орнымыздан тұрып, төс
түйістіріп таныстық, – дейді Жамбыл («Жамбыл Жабаев туралы естелік-
тер»).
ТӨСЕК ТАРТЫП ЖАТУ – қатты ауырып, жатып қалу:
◊ Өйткені дауылды күндерден үш күн өткенде Иса қатты науқастанып,
төсек тартып қалды (М. Əуезов).
◊ Артынан, немене, екі-үш күн өткен соң қатты жығылып, төсек тар-
тып жатып қалды (М. Əуезов).
◊ Төсек тартып жатқан ширек ғасыр ішінде қаламгерлік ерлік жаса-
дыңыз («ҚƏ» 12.09.2000).
ТӨСЕКТЕ БАСЫ, ТӨСКЕЙДЕ МАЛЫ ҚОСЫЛУ – ежелден ағайын-
туыс ретінде аралас-құралас болу, ынтымақ-бірлікте өмір сүру:
◊ Ел құлағы естімеген мұндай сұмдық атамзаманнан қырғыздармен тө-
секте басы, төскейде малы қосылған қазақтарды шошындырып, қатты
ашуландырды («Хан Кене»).
◊ Төскейде малы қосылған ағайын-туыс неге ғана бір-біріне алакөз
боп, қызғанышы тұтанып, қастық ойлайды екен («Қозы Көрпеш-Баян
сұлу»).
326
◊ Қатаған ақынның отына қарсы от ала жүгірмей, әріден толғап, «төс-
кейде малы, төсекте басы қосылған» екі ел арасын шабындыға жібермей,
сабыр дейтін биіктен көрінуге шақырады (М. Жолдасбеков).
ТУ-ТАЛАҚАЙ БОЛУ – елдің берекесі кету, ұрыс-жанжал туу:
◊ Арада екі-үш жыл өтер-өтпесте Еділдің бойын ен жайлаған он сан
ноғайлы ту-талақай болды (М. Мағауин).
◊ Ал екіншісінде ұрыс-керіс туындады да, ақырында ту-талақай бо-
лып дүние бөліске түсті (С. Қажыкен).
◊ Жұрт қалып ту-талақай бөлістен,
Беткейге ауыл ойысқан ба еңістен,
Құлазыған қалың қорым үстінде,
Ай аумайды ақжем ескі кебістен (Н. Байоралова).
ТОЛҒАН АЙДАЙ ТОЛЫҚСУ – өте сұлу, ажарлы, көрікті қыз:
◊ Адам баласы қарап тұрғандай, он төртінен туған айдай толықсыды
(Ертегілер).
◊ Оның «Туған айдай толықсыған қызы бар екен», – деп елге айтарын
қызы да, шешесі де, тіпті әкесі де сезді («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»).
◊ Сол жолы еді ғой, өзге батырларымның біреуіне де қимай он төртінде
туған айдай толықсыған, адамзаттың сұлуы, Махмед-Қожаның жесірі,
Арғынның қызы Ағанақ-Бикені өзім алып едім (І. Есенберлин).
ТУМАЙ КЕТКІР – қатты кейігенде бірге туғандарына айтылатын
қарғыс түрі:
◊ Тумай кеткірлер, ағайын боп, амандығымызды да білмейсіңдер
(Ə. Кекілбай).
◊ «Ит екеш ит те бірдемені біліп үреді. Əй, осының арғы жағында бір
шикілік бар-ау. Өй, тумай кеткір, – деп онан ары қарғана түсетін, – тумай
кеткір шикі өкпе, түсік боп түсіп қалсаң етті одан да…» (Д. Ахметұлы).
◊ Аты өшіп тумай кеткір Жұман деген мал беріп мені өзімсіп жат-
қанына ашуландым (Ш. Елеукенов).
ТҰҒЫРДАН ТАЮ // ТҮСУ – күші, қайраты кету, азаю:
◊ Мәкен ауыл-ауданға әмірі толық жүретін ақылды, еркек мінезді жуан
бәйбіше еді. Бұл кісі әлі күнге дейін тұғырдан тайған жоқ (М. Əуезов).
◊ Тұғырдан тая бастаған ақсақалдар ғана жоқ (А. Алтай).
◊ Бұл кезде Арғын руының көсемі Арғын би еді. Ал Қыпшақтың билігі
әлі тұғырынан түсе қоймаған Қара Қыпшақ Қобыланды батырда болатын
(І. Есенберлин).
ТҰЛАН ТҰТУ– бұлқан-талқан болу, қатты ашулану:
◊ Əй, Бағила-ай! От жақпасаң, шыр жұқпайды-ау бойыңа. Бағила аты
естілгенде Садық кейін сырғып сылқ шөкті. «Бәсе, аяқ астынан неге тұлан
тұтты десем. Жәмиланы бөрліктіріп қойған Бағила екен-ау» (С. Сматаев).
327
◊ Содан соң-ақ Сүгір айғайды салып, от басын сабап, басқаларын ша-
қырып, тұлан тұтып кетті (М. Əбдірахманов).
◊ Ағасы мен жеңгесін «ит» дегеннен артық қандай жаулық болушы еді?
– деп, Қаражан тұлан тұтты (М. Əуезов).
ТҰЛДЫР ЖЕТІМ – әкесі де, шешесі де жоқ:
◊ Тоштан біздерден біраз жас үлкен тұлдыр жетім қыз, шешесі жа-
ғынан ағайындас болған соң, Бүбітай оны қолына кіргізіп алған еді
(С. Мұратбеков).
◊ Əке-шешесі Мажанның есігінде жүріп ерте өліп, Рысбек тұлдыр
жетім қалған (С. Елубаев).
◊ Осылайша, бұғанасы қатпай жатып, тұлдыр жетім қалған Қараман
қайда барарын білмей, ақырында нағашысының қолына көшті (А. Асқаров).
ТҰЯҚ СЕРІППЕУ – қыбырсыз қатты ұйықтау, қимылсыз қалу:
◊ Үш күн бойы тыным көрмей әбден діңкелегендіктен тұяқ серіппей
ұйықтап, күн қызған кезде ғана бас көтерді (С. Сәукетаев).
◊ «Ұйқы арсыз» дегендей, күн ұзын қорадағы малды қарап, Ұлдайдың
көңілін сұрап келушілерді қарсы алып, шығарып салумен-ақ діңкелеген
сарбаздың тұяқ серіппей ұйықтап, кейде қорылдайтыны да бар (Б. Иман-
ғазина).
◊ Қыздарбек қанша күй тартқанын білген жоқ. Жүрекке шым-шым
сіңген әуеніне өз қайғысын, өз мұңын, өтіп кеткен аяулы сәттердің бейнесін
тапқан жұрт та тұяқ серіппеді («Жұлдыз» №5. 2001. 102-б.).
ТҰЯҚ ТИМЕГЕН – мал тұяғы тимеген жайылым жер:
◊ Көптен тұяқ тимеген ту бетегелер де ел жайламағалы көп болғанын
айтып тұр (Ғ. Мүсірепов).
◊ Əлі тұяқ тимеген, тұнып тұрған теңге гүл, иманжапырақ екен. Арғы
шетінде алқынып су ағып жатыр (Ш. Мұртаза).
◊ Қиялай жортқан тау соқпағы талай жылдан бері тұяқ тимеген соң
үзіліп, жоғалып қайта жалғасып, ащы шектей шұбатылады (С. Сматаев).
ТҮБІ ТҮСКЕН ШЕЛЕКТЕЙ – ашылып, аңқылдап ақтарылып
сөйлеу:
◊ Ауызыңа бірдеңе тисе болғаны шылбыр тізгінінен айырылып түбі
түскен шелектей салдырлайсың да кетесің (Қ. Жұмаділов).
◊ Онсыз да түбі түскен шелектей кең танауы әдеттегіден гөрі қатты-
рақ шуылдап, тойға жиналған кісілердің көзінше Федоровты бас салып
құшақтап сүйіп алды (Ə. Нұрпейісов).
◊ Бақтияр түбі түскен шелектей ақтарыла сөйлеген оған таңырқай
қарады (А. Смаилов).
328
ТҮГІ СЫРТЫНА ШЫҒУ – ашу шақыру, түтігу, түнеру, қаһар-
лану:
◊ Қабанбай да қатты ашуланған кездегі әдетінше түгі сыртына шы-
ғып, сұрланып кетіп еді (Қ. Жұмаділов).
◊ – Түу, бүгін түгіңді сыртыңа теуіп келген екенсің, жұрттың бәріне
де зәрленіп! (М. Əуезов).
◊ Келсе, түсі бұзылып, көзі ішіне қарай тартылып, түгі сыртына шы-
ғып кеткен («Қазақ ертегілері»).
ТҮЙДЕЙ ҚҰРДАС – бір жылда дүниеге келген, жасты, құрдас
адамдар:
◊ Мәселен, біздің ауылда Еркін Ержанов дейтін Текебаймен түйдей
құрдас бала жігіт болатын ол жылы, оның жасы дәл он алтыда («АА»
21.06.1998).
◊ «Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын» демек-
ші, қазақ сазының сайыпқыранына айналған азаматтар – Ахаттың жақын
достары. Нұрғиса түйдей құрдасы болса, Шәмшінің бес жас кішілігі бар
(«ЕҚ» 28.06.2002).
◊ Гүлбаршынның кішкене ұлымен түйдей құрдас. Жаз шығысымен
Гүлбаршын екі баласын да қаланың сыртындағы совхозда тұратын әке-
шешесіне апарып тастайтын (Р. Сейсенбаев).
ТҮЙЕДЕН ТҮСКЕНДЕЙ – құлаққа түрпідей тиетін, сөздері дөрекі:
◊ – Сөздерін көрдің бе, – деді Қарекең іштей. – Түйеден түскендей-ау,
түйеден (Д. Исабеков).
◊ У ішіпті! – дейді Нарша түйеден түскендей (Ə. Асқаров).
◊ Бірақ соны дәл мына сұқит тәрізді түйеден түскендей бетіне былш
еткізіп ешкім айтпаған. Сол себепті жүзі қатты сұрланып, ет жүрегі бүкіл
қан тамырлары дір-дір етіп, көзі ұясынан атылып шығардай (Т. Рахымжа-
нов).
ТҮЙЕНІ ТҮГІМЕН ЖҰТУ – жемқор, парақор деген мағынада:
◊ Олардың «іскерлігі» төрт түлікті түгімен, ары кетсе, кемені жүгі-
мен жұтуға ғана жетуші еді. Ол сіздердің жұмырларыңызға жұқ болмады
(Т. Қожакеев).
◊ – Ұрыны көрмеген екенсіздер: түйені түгімен, машинаны жүгімен
жұтқандар жүр ана жақта (Қ. Жұмаділов).
◊ Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды.
Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді (О. Бөкей).
ТҮЙМЕДЕЙДІ ТҮЙЕДЕЙ ЕТУ – болар болмас нәрсені өсіріп айту:
◊ Мүмкін емес, Инна, өзің қате түсініп, түймедейді түйедей етіп
жүрмесең, – Леван Иннаға ойлана қарады (С. Мыңжасарова).
329
◊ Жо-жоқ, әйелдік қызғаныш оты тұтанбаған, тіпті, солай болғанның
өзінде, ризамын ғой Ақаныма түймедей нәрсені түйедей етіп ел-жұртқа
дабырлаған Құмырай мен қатынына ызам келді (О. Бөкей).
ТҮКІРІГІ ЖЕРГЕ ТҮСПЕУ – билеп-төстеу, менменсу, ешкімді
менсінбеу деген мағынада:
◊ Түу десе түкірігі жерге түспеген, бір ауданды бір өзі билеген Бәкір
оңаша ойланып, тіршілікке самарқау көз жіберіп отыр (Т. Құмасов).
◊ Ал Марков... Арал өңірінде түкірігі жерге түспей тұрған атақты бай
(Ə. Нұрпейісов).
◊ Анау, түкірігі жерге түспей тұрған, көзіне шел біткен бастықтың
әйелі, шаптан түртіп, оны тулатып қою дұрыс, ондай адамның ер-тоқымын
бауырына алып шыға келері сөзсіз (Ə. Тарази).
ТҮЛЕН ТҮРТУ – соңы жамандыққа әкелетін іс-әрекет жасау, ой-
ланбай әрекет ету:
◊ Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке
дейін түсіне алмай қойды («Жұлдыз» №5. 2004. 95-б.).
◊ Тып-тыныш жатқан жерлерінен түлен түрткендей осынша шаба-
лаңдап желге не көрінгеніне аттар түсінбейді, тыныш дүниені осынша
бөрліктіріп аттарға не көрінгеніне жел түсіне алмайды (Ə. Кекілбаев).
◊ Орта мектептің ортаң қолдай тіл-әдебиет пәнінің оқытушысын түлен
түртті аяқ астынан (Ə. Асылбеков).
ТҮЛКІ БҰЛАҢ // БҰЛТАҚ // ҚУЛЫҚ – жалтартпа қулыққа басу:
◊ – Аға түсімді айтқанға да кінәлі болам ба ? – Сен өйтіп түлкі бұлаңға
салма! (Б. Кірісбаев).
◊ Ол – қазақ жерін жау қолынан азат ету, осы мақсат жолында ақырына
дейін алысатын адамдармен Қабанбай дос та, одан бас тартып түлкі
бұлтаққа салатындармен бітпес жау. Ол хан ба, қара ма бәрі бір тұрысатын
жерін айтсын, қылышын қанға малмай тынбайды (Қ. Жұмаділов).
◊ Мұның бәрінен жаманы ара ағайынның мінезі болады. Сол деген
жерден шықпайды ғой Абай. Осындайдың тұсында пәлені басам демей,
түлкі бұлтаққа салатындар көп шығады (М. Əуезов).
◊ Ұйқы азайды, күлкі азайды. Түлкі қулық көбейді. Сыбағамды найза-
ғайлы. Итке берсең жемейді (Т. Молдағалиев).
◊ Қашан көрсең де ұйқыдан жаңа оянғандай манayрап, ылғи кіртиіп,
кілкіріп тұратын көзі әдеттен тыс ойнақы, қиығында бұлыңдаған түлкі
қулық бар (З. Қабдолов).
ТҮЛКІ ҚҰРСАҚ – бірде аш, бірде тоқ болу, тойып тамақ ішпеу де-
ген мағынада:
◊ Айтқанындай-ақ, жұрттың етке сұғына бас қойған қарбалас шағы
екен. Ұрттары бұлтылдап, желкелері бүлкілдесіп кетіпті. Күні бойы түлкі
құрсақ боп жүретін көшпенділердің жүрек жалғап, қарбытып қалатын кезі
осы (Қ. Жұмаділов).
330
◊ «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деп ұран тастап еңбек еткен ел
суыққа да, түлкі құрсақ болуға дағдыланып кетті емес пе? (Ж. Еділбаев).
◊ Тіпті қызық емес-ау, соғыстың үшінші қысында көбіне түлкі құрсақ
боп жүретін бізге тамақ асыраудың да бір көзіне айналған (Е. Бейсенбек).
ТҮН ЖАМЫЛУ – түнделетіп, бейуақта жүру:
◊ Кешіріңіз, Асеке, түн жамылып келгенімді... Бірақ үйіңізге қайтып
келе ме, келмей ме, оны білмеймін (Қ. Руспаев).
◊ – Менің түн жамылып бекер келмегенімді түсінетін шығарсыз,
Евдокия Герасимовна, – деді қонақ, кемпірдің кекесінін елең қылмай, –
сізде үлкен шаруам бар (Т. Ахтанов).
◊ Арқасын қара орманы – қалың еліне тіреп қойып соғысатын майдан
емес, оңы мен солы, алды мен арты айнала жау, орман паналап, сай сағалап,
түн жамылып соғысып жүрген жандар (Т. Ахтанов).
ТҮН ҰЙҚЫСЫН ТӨРТ БӨЛУ – түні бойы көз ілмеу, таңды кө-
зімен атқызу:
◊ Қорқыт халық ұғымында – ел басына түсер ауыртпалықты күні бұрын
болжайтын сәуегей, оның тағдырын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген
философ, замана сыры мен шындығын қыл ішекті қобызында сөйлеткен
(Е. Тұрсынов).
◊ Шалдың айғайымен бірге секіріп тұрып түн ұйқыны төрт бөліп ,
қалғи-мүлги жүріп, сары ала етек боп сарп ұру (М. Əуезов).
◊ Түн ұйқысын төрт бөлген ананың ақ сүтін ақтамағаны несі? Менің
ата-анам мұны көрсе не дейді (М. Ғабдуллин).
ТҮРПІДЕЙ ТИЮ – жағымсыз әсер ету, қандай да бір сөз немесе іс
әрекет тұрпайы көріну, біреудің сөзі көңіліне қатты бату:
◊ Жанашыр мейір жоқ, суық жандар келген жерден-ақ Абай көңіліне
түрпідей тиген (М. Əуезов).
◊ Ұзынша сопақ беті төрт бұрышты, терең әжім тіліп өткен бет бедері-
нің де қыры сынбаған, толыспаған тарамыс тұлғасы да қатаң – қысқасы, бір
қарағанда түрі кісіге түрпідей тиетін адам екен (Т. Ахтанов).
◊ Олардың әдемі күлкісі түрпідей тиді. Терехинді мазақ етіп жатқан-
дай болды. Ғазиз Лидамен табысып кеткеннен бері Терехинге олар бір түр-
підей көрінетін (Б. Бұлқышев).
ТҮРІҢНЕН АЙНАЛАЙЫН – жақсы көріп, еркелеткенде айтыла-
тын сүйсіну:
◊ О-о, түріңнен айналайын, адам болған, – деп маңдайынан сүйді
(Қ. Жұмаділов).
◊ Қарт әже де қуанғандай: – Ой , түріңнен айналайын, ондай өнерің болса
жол алдымен сендердікі ғой, рұқсат, рұқсат! – деп қалды (Қ. Сегізбаев).
331
◊ Ақсерке ат үстінде жарқанаттай жарбиып отырған баласының піші-
ніне сырттай сүйсініп, ет жүрегі елжіреп: «И-и, түріңнен айналайын, сол»,
– деді іштей (Т. Рахымжанов).
ТҮС ШАЙЫСУ – бір-бірімен келіспей ұрсысып қалу:
◊ Мына жайлауда, бөлінбеген бір елдің кәдесі үшін түс шайысу, тіпті,
жол емес! – деп тоқтады (М. Əуезов).
◊ Ысқырды снарядтар сұмдық тілеп,
Дегендей одан сайын қағына түс!
Тағы да екі дүние түс шайысып,
Тепсініп шыға келді күш сайысып. – Жүсеке! – деген дауыс жалт қа-
ратты, – Келеді Рамазан құстай ұшып (Н. Айтов).
◊ Түс шайысып қайтеміз. Айтылды базына. Табылармын соған. Атам-
екен артып әкететін, теңдеп жеткізетін тең емес. Жетімсіреп қалады.
Ағайындығым ағайындық. Қыл өтпестей татулық бар жерде азамат ығыр
бола қоймас (С. Сматаев).
ТҮСКЕ КІРМЕУ – солай болуы мүмкін деп ойламаған нәрсеге тап
болу:
◊ … Небір дүниелерді жарыстыра жариялап кеп жібергенде, түсімізге
кірмеген байлыққа кенелдік те қалдық (М. Рәш).
◊ Өмірдің есігін әлі дұрыс ашып көрмеген жас сұлу, бұл жалғанда тек
өлі жандар ғана кездеспейтінін, өмір деген сұрқияда адамның түсіне
кірмейтін ғажайыптар болып жататынын қайдан білсін! (І. Есенберлин).
◊ Күні бір бүгін болғанда
Қу моланы үй қылып,
Мұны да кеңдік күй біліп,
Ұйықтаса түске кірмеген
Көрмеген затты мен көрдім (Р. Бердібаев).
ТҮСІ СУЫҚ – қатулы, ашулы, түрі қорқынышты деген мағынада:
◊ Не десе де, жарықтық, түсі суық (Ш. Мұртаза).
◊ Жасы 26-27-лер шамасында, еңгезердей, ұзын бойлы, екі иығына екі
кісі мінгендей, қақпақ жауырын, ат жақты, көзі өткір, түсі суық, қара сұр
жігіт екен («Қазақ ертегілері»).
◊ Ал енді, биыл ше? Сұраудың қабағы салыңқы, түсі суық, тиген же-
ріңді қарып жібергендей (Ғ. Мүсірепов).
ТҮТІНІ ӨШУ – шырағы сөнді, тұқымы қалмады, соңы, аяғы деген
мағынада:
◊ Бір үйдің түтіні өшті деген осы емес пе? – деп, Жабағы күрсінді де,
әңгімесін жалғады (К. Тоқаев).
332
◊ Сөйтіп, шығыс түркі қағанатының түтіні өшті. Тарихтың тәлкегі
ме, жоқ, кездейсоқтық па, кім білсін... (Т. Жұртбаев).
◊ Күйеу балалары Қажи да соғыс апатынан шаңырағының түтіні өш-
кен жалғыздың бірі еді (Е. Рахимов).
ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛУ – қиыншылыққа тап болу, амалсыз қалу:
◊ Жасы келгенмен патшалықты жалғыз ұлы Чжацзуньге қимай тепсініп
отырған кәрі қатынның билігін менсінбегені ме, әлде көшпенділерден
ығып, тығырыққа тірелген таң әскерінің әлсіздігін басына бастағаны ма,
Қапаған хан да жай кетпей қыр көрсетіп, зілдене аттанды (Р. Мұқанова ).
◊ Туған жерін қорғап, бар ғұмырын ат үстінде өткізген Алаштың соңғы
ханы Кенесарының заманында қара қылды қақ жарған әділдігімен, тәмам
ел тығырыққа тірелген шақта тапқырлығымен ерекшеленген Бөгенбай би
туралы Көкше бауырында естілердің есінде сақталған аңыз көп («ЕҚ»
16.03.2000).
◊ Өңір кәсіпкерлері ұн өнімдерін шетелге экспорттай алмаудың салда-
рынан тығырыққа тіреліп отырған жайы бар (Ө. Есқали).
ТЫҚЫР ТАЯЛУ – қауіп төну, жақындау, қиындық туу:
◊ Бұл маңайды қазақтар Секержан атап кеткен Шорс тайпасының тағы
бір шонжары билейтін-ді. Бұл да көп жылдан бері бетіне тек жел тимесе,
басқа ешкім қарсы келіп көрмеген, түбі қазақтардың бірі тықыр таялар-
ау деп ойламайтын, Шамалхан сияқты алкеуде алпауыт болатын (Қ. Жұма-
ділов).
◊ Көлігі жоқ, енді біздің Сәлимаға да тықыр таянбаса неғылсын?
(Ə. Асқаров).
◊ Ең жауапты жазғы сессия жақындап, тықыр таянып қалған кез
болса керек (Д. Тұрлыбек).
ТЫРНАҒЫНА ТАТЫМАУ // ТҰРМАУ – түкке жаратпау, менсін-
беу, көзге ілмеу:
◊ Анау Рысбектің Тәшкеннен оқу бітіріп келген баласының әйелі …
шешей-ау, несін айтасың мына келіннің тырнағына да тұрмайды
(Д. Исабеков).
◊ Мына жамандардың ішінде оның тырнағына татитыны бар ма?
(М. Əуезов).
◊ Сол класта оның тырнағына да тұрмайтын, тіпті үйінде көмек-
тесетін адамы жоқ, шала сауатты біреулердің баласы да тәп-тәуір оқып жүр
(Қ. Жұмаділов).
ТЫРНАҚ АСТЫНАН КІР ІЗДЕУ – бәле іздеу, жаманшылық қуу:
◊ Бәлкім, тырнақ астынан кір іздегіш біреулер бұл әңгімеден ілік
тауып, жабыса кетуі де ғажап емес («Хан Кене»).
333
◊ Енді мына көзі жәудіреген… үріп ауызға салғандай жап-жас әйеліне
қытымырлық танытып тырнақ астынан кір іздеп отыратынына түсінбейді
(Б. Иманғазина).
◊ Соның ішінде Айсолтан о баста-ақ: «Семьялық хроникаға» қатыстыр-
ғысы келмеді, тырнақ астынан кір іздеп, ілегештене, «сол кісіні қойшы,
кінәмшіл, бәрібір жақпайсың, одан да жас актерлердің бірін ойнаталық», –
деген (Ш. Құмарова).
ТЫШҚАН АҢДЫҒАН МЫСЫҚТАЙ – абай болу, өте сақ:
◊ Аяғын тышқан аңдыған мысықша басады (С. Мыңжасарова).
◊ Түрін тышқан аңдыған мысыққа ұқсатып, кішкене көзі ғана ызалы
жылтырайды (Т. Ахтанов).
◊ Көшеден ары-бері өтіп жатқан ел Мақсұттың мына тұрысына таң-
ғалып қараса, енді біреуі тышқан аңдыған мысықтай «қайда жүреді?
қайда кіреді?» дегендей мысқылдап тұр (Ə. Тарази).
ТЫШҚАН МҰРНЫН ҚАНАТПАУ – қиындық пен жоқшылыққа
байланысты мал сойып, жұртты шақыра алмау:
◊ Тым құрыса тышқан мұрнын да қаната алмадым (Ш. Мұртаза).
◊ Ал мына шал, елмен көрген ұлы тойға біз де тышқан мұрнын қана-
та алмадық деп отырды (О. Бөкей).
◊ Содан түс қайта киініп жатып кемпіріне күңк етті: – Той жасамасақ
та, тышқан мұрнын қанатпағанымыз ұят шығар (Б. Нұржекеев).
◊ Əкеме еріп келгеніме өзім қуанып та жүрмін, ана жылғы жұтаңшы-
лықтан кейін, мал басы құлдырап кетті де, тышқан мұрнын қанаттыр-
майтын, қара көжеден мезі болған басым, қазан басында жүргесін жас сор-
паға мықтап бір тоятыным анық (Т. Ахтанов).
ТІГІСІН ЖАТҚЫЗУ – болымсыз жайды жұмсартып айту, жеткізу:
◊ – Ұялып тұр ғой, ағасы, ұялып тұр, – деді Тайбек тігісін жатқызып
(Б. Нұржекеев).
◊ Қызметке араласып жүрген шығар деп, келмеу себебінің тігісін
жатқызып жүрді (Б. Қыдырбекұлы).
◊ Қол жұмсағанын құптай алмаймыз, бірақ басынған қожайын бұға бер-
се, сұға береді», – деп тігісін жатқызуға тырысты (М. Қабанбай).
ТІЗГІНІН ТАРТА ҰСТАУ – билеп-төстеп, айтқанын істетіп үйрен-
гендердің кейінгі жай күйінің сипаты:
◊ Бастарын көтермей, бұғып жүре берген соң, бұрынғы партократтар
әлі де мойындарынан түспей, тізгіндерін тарта ұстап, желдіріп келеді
(«ҚƏ» 23.12.2000).
◊ Көп жыл ел басқарып тізгін ұстап қалған машығы ма, әлде өзгеден
қашан да бір демі артық, пысы басым жаратылған өктем жан ба, түр-түсін
334
көрмесем де, маған ол шақпақ тастай шымыр, шақар адам боп елестейді
(Т. Ахтанов).
◊ – Дүниеден түңілгенің көрініп тұр-ау сенің, – деді Темірбек ыза тіз-
гінін тарта алмай. – Пай-пой. Ашуыңды бас. Онан да жөн сұрайық. Иә,
жол болсын. – Қабағы түйіліп қам-көңіл отырған Темірбек тырс үндемеді
(Ш. Күмісбаев).
ТІЗЕ БҮГУ – мойындау, біреуден жеңілу:
◊ 9 майда неміс фашистері тізе бүкті (Ə. Нұршайықов).
◊ Қанды мойын айыпкер түгел жігітек боп тізе бүгетін боп отыр
(М. Əуезов).
◊ Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесуде жерлес-
теріміз ФИФА рейтингінде 40-орында тұрған Шотландия құрамасын 3:0
есебімен тізе бүктірді («ЕҚ» 25.03.2019).
ТІЗЕ ҚОСУ – бірігу, бірлесу, ұйымдасу:
◊ Жылқының шетіне бұлар іліне бергенде-ақ, алдарынан дәл өздерінше
тізе қосып сайланған қалың шоғыр, қайсар топ «қайт-қайттап» айқаса кетті
(М. Əуезов).
◊ Бірі Жағатай, Моғол хандарына қазақтың Үйсін, Жалайыр, Найман,
Керей, Қаңлы секілді басты руларымен тізе қосып үнемі Қытай, Ойрат
секілді көршілерін тонауды мақсат еткен сырт жаумен көбірек алысуға тура
келген (І. Есенберлин).
◊ Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос. Қызыл ту – шылауың, қорғаның,
Тізе қос, тізе қос, тізе қос! (С. Сейфуллин).
ТІЗЕСІ ШЫҚҚАН СӨЗ // ӘҢГІМЕ – ұзақ уақыт қайталанып ай-
тыла беретін әңгіме, пікір:
◊ Анаған айтып ем кезінде, қияли неме махаббат, сезім деп қайдағы бір
тізесі шыққан сөздерді тантып, өзіме уағыз оқыды (А. Нүсіп).
◊ Бұл сөздер үш жылдан бері айтылып келеді. Тізесі шыққан әңгіме
болып барады (Stan.kz).
◊ Негізгі менің айтпағым, айта-айта әбден тізесі шыққан әңгіме. Бірақ
тағы қайталап айтпасқа болмайтын сияқты. Өйткені интернетті шулатқан
мұғалімді мазақтаған бейнекөрініс шыққалы балалардың болашағына
күмәнмен қарайтын болдым («Ұлан» 09.09.2004).
ТІЗЕСІН БАТЫРУ – қысым көрсету, қысастық жасау, басыну:
◊ Тіпті бойжеткенмен уәде де байласпаған. Бұл әрекетті қыз жағы ба-
сыну, тізе батыру деп ұқса керек («ЕҚ» 12.06.2000).
◊ Тізесін батырған залымнан
Күн туды – біз теңдік алайық!
Азамат, сестеніп көзіңді аш, жүрме бос (С. Сейфуллин).
335
◊ «Кәленді құртқаннан іс бітпейді, сәті түсіп, орайы кеп тұрғанда онан
да мына іргеңде отырған балықшылар аулына тізе батырып алайын?» –
деп күнде-күнде қыңқылдап, құлағының құртын жеп болды (Ə. Нұрпейі-
сов).
ТІЛ АЛМАУ – айтқанын тыңдамау, істемеу:
◊ Оқығанның тілін алмаған өзге ел әлі күнге жігіт бермей отыр
(М. Əуезов).
◊ Кенжекейдің аяулы екенін Ерназар сол арада біледі. «Келінім ақылды
екен, тілін бекер алмаған екем», – деп өкінді («Қазақ ертегілері»).
◊ Патша жылап қоя берді: Мен ақымақ болған екенмін, сенің тіліңді
алмап едім, тақсыр, енді бұл залымнан құтқара гөр, маған керегі жоқ, өмі-
рімді өзіме әпере гөр, – деп (Қазақ ертегілері).
ТІЛ-АУЗЫ ТАСҚА – тілі, сұғы өтпеу үшін жағымды мағынада
айтылатын ырым-сөз:
◊ – Военкомның тіл-аузы тасқа, – деді Айша (Ш. Мұртаза).
◊ Пай-пай... Тіл-аузым тасқа?.. Жаңа жұртқа қонғалы қарға аунаған
түлкідей құлпырып барасың-ау жеңеше! (Қ. Жұмаділов).
◊ – Тфә, тфә, тілім тасқа, – деп Айбас жерге түкірді («Қозы Көрпеш-
Баян сұлу»).
ТІЛ БІТУ – лезде, аяқ астынан, тез сөйлеп қоя беру:
◊ Содан әлгі сабақ білмейтін мылқау қара қызға лезде тіл бітеді
(Ш. Мұртаза).
◊ Əлден уақытта тіл біткендей шешіліп, үні өзіне жеті қат жердің ас-
тынан шыққандай естіледі (А. Естенов).
◊ Құдайдың құдіреті, мұндай да ғажап болады екен-ау, ағаш тездей
сығымданған екі аяғына тіл бітіп, сайрап қоя бергені… (О. Бөкей).
ТІЛ ҚАЙЫРУ // ҚАТУ – жауап қайыру, қайтару, сөйлеу:
◊ Алла разы болсын, балам! – деп, қара сұр шал жылдам тіл қайырды
да, кейкиіп жүріп кетті (Р. Мұқанова).
◊ Көке, еш уайымдамаңыз, әрине, қараймыз, қолымыздан келгенін ая-
нып қалмаймыз, – деп, Аймен тәтенің келіндері жарыса тіл қатты
(Б. Мәдімқызы).
◊ Бұл оның Ажарға бірінші рет тіл қатқаны еді. Тұтқындарды бір
көріп, тіл қатысып қалуға жиналғандар (Ш. Мұртаза).
ТІЛ ТАБЫСУ – араласып, сөйлесіп кету:
◊ Жұмысшылармен тез тіл табысты. Етене араласып, олардың аңғал
батырға тән бүкпесіз мінезінің, жасампаз күшінің сырын ұқты (Б. Қойшы-
баев).
336
◊ Əбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса болғаны (І. Есенбер-
лин).
◊ Байдың мырзасындай жақсы киіндіріп қойған кескінді жас жігіт қыз-
бен тіл табысып қала ма деп қызғанды (Ғ. Мүсірепов).
*ТІЛГЕ КЕЛМЕУ – 1. Сөйлемеу, ештеңе айтпау. 2. О дүниеге ат-
тану:
◊ Есіркеп тілге келмей далаға шығып кетті (Д. Исабеков).
◊ Сонан артық тілге келмей, суық қапқан киімі сықырлап, есік
алдында теріс қарап тұрып шешіне бастады (Ə. Нұрпейісов).
◊ Сәлімбай тілге келмеді. Біраз қорылдап жатты да, жан тәсілім етті.
Жолдың жағасындағы арыққа Сәлімбайдың денесін сүйреп әкеп тастады да,
Райымқұл атына мініп жүріп кетті (А. Жылқышиев).
◊ Бұдан кейін тілге келмеді. Түн жарымында көршілер әкесінің
денесін үйге әкелді. Əбден шаршаған, көңілінде қорқыныш ұялаған Азамат
әлгінде ғана төсекке жатып еді. Шешесі дауыс қойғанда бұл жылай алмады
(Қ. Жойқынбеков).
ТІЛЕУІН БЕРУ – риза болғанда айтатын алғыс сөз:
◊ Тілеуің бергір… Əй, саған еткен еңбегім жанды-ау, қарағым, – деп,
біреуге бар бейілімен алғыс айтып дән ырза болып келеді (М. Əуезов).
◊ Тек құдай тілеуіңді бергір Қарлығаштың екі сөзге келместен елпіл-
деп жетіп келгені. «Ой, апай, осы да сөз бе? Қазір-ақ тындырамыз, – дейді,
тап бір ештеңе болмағандай-ақ. Өзі сол баяғысынша жайдары, баяғысынша
аңғал (Н. Ақыш).
◊ – Құдай тілеуіңді бергір, ұлым, менің тыныштығымды бұзбашы. –
Сонда сіз бізден не тілейсіз? – деді Қайсар кемпірдің соңғы сөзінің астарын
онша ұғыныңқырамай (М. Қаниев).
ТІЛІ АУЗЫНА СЫЙМАУ – қатты шөлдеу, тамағы кебу:
◊ Əлгі жолы тілім ауызға сыймай қаталап өліп қала жаздағаным да
күні кешегідей жадымда екен (Н. Ақыш).
◊ Таңдайы кеуіп қалды. Тілі аузына сыймай ісініп бара жатты. – Өл-
дім!..– деді ол, бірақ даусы шықпай, аузынан ақ көбік ағып қыр-қыр етті
(Ə. Нұрпейісов).
◊ Тілі аузына сыймай, таңдайы кермек татып, шөлдегенін сезді.
Қасындағы көршілері елгезек, мың болғыр балалар екен (М. Сыздықов).
ТІЛІ БАЙЛАНУ – таңғалудан, қорыққаннан, шошығаннан сөйлей
алмай, үндемей қалу:
◊ Мұндай нұрлы әйел затын бұрын көрмеген хан тілі байланғандай есі
кетіп, мелшиіп отырады да қалады (Ш. Мұртаза).
◊ Дастан Қыпшақович тілі байланғандай сөзге араласпайды, тек үнсіз
күлімсіреп қана қызының сөзін құптаған сыңай танытады (Б. Иманғазина).
337
◊ Маржан енесіне бақырайып қараған күйі селт етер емес… Тілі байла-
нып қалғандай (Б. Иманғазина).
◊ – Əй, неге үндемейсің? Тілің байланып қалған ба, ей! Не айтып тұр-
мын мен саған?! (Н. Мұраталиев).
ТІЛІ КҮРМЕЛУ – айтайын дегенін айта алмау, сөйлей алмау:
◊ Ықыластың көз ұшында жезкиік тым алыстағы түнгі оттай жылтыл-
дады. Бұл ел екеуімізді, – деп тілі күрмелді Ықыластың (І. Жақанов).
◊ Көзіне жас толып, аузына құм құйылғандай тілі күрмеліп қалды
(Р. Мұқанова).
◊ Жақтары қарысқандай, тілдері күрмелгендей, ақылдары айнығандай
болып қатты да қалды (Ғ. Мүсірепов).
ТІЛІ МЕН ЖАҒЫНА СҮЙЕНУ – әр нәрсені бір айтып, көп сөйлей
беру:
◊ – Сөйлессең, тілің мен жағыңа сүйенбей отыр мына араға, – деп
бұрышта тұрған орындықты нұсқады (Б. Шаханов).
◊ – Бар, тілің мен жағыңа сүйенбей, аттардың ерін ал! – деді Аман
намыстанып (О. Бөкеев).
◊ Дәриға деген әнші апайымыз бар екен, кәне апа, өз тілегіңізді айтып,
артынан тамаша дауысыңызды естіртіңіз мына тойшыл қауымға – деп, аса-
ба жігіт, тіл мен жағына сүйенген жігіт Дәриға апайға сөз берді (Б. Ма-
димова).
ТІЛІ ШЕШІЛУ – сөзге ерік беру, еркін, көсіліп сөйлей бастау:
◊ Содан қайта жаңағы жасаулы үйге келіп, асқа-дәмге кіріскен шақта
ғана кейбір саудагер мен бірен-саран дінбасылардың тілі шешілді
(М. Əуезов).
◊ Тілі шешіліп, ағынан жарылып отырған шалды қатулы қабақпен,
бөлмесінен итергендей етіп шығарды (Б. Қойшыбаев).
◊ Екеуі оқшау қалғанда барып жігіттің тілі шешіліп еді (Н. Ақышев).
*ТІЛІ ШЫҒУ – 1. Қарсы сөйлеу, жасқанбай сөйлей бастау. 2. Жас
баланың алғаш былдырлап сөйлей бастауы:
◊ Бұрын бұйығы, жаман Алтынайдың тілі шығуға айналды (Ж. Айма-
уытов).
◊ Tic жарып сөйлемеуші еді, тілі шықты ма екен, қалай шықты екен?
(С. Оспанов).
◊ Кәдімгідей тілі де шығып қалды, орысша-қазақшаны араластырып
сөйлейді (Т. Ахтанов).
ТІЛІН ТАПҚЫШ – сөзге шебер, жатық сөйлейтін пысық деген ма-
ғынада:
◊ Əлгіндей ділмарлығы мен сауыққойлығы қосылып басқалардың ті-
лін тапқыш, пысық, тұрмыс жағдайы жақсы деп еститінмін (К. Сегізбаев).
338
◊ Тілін тауып жұмсар болса, көмекшілікке кісі табылады (Ə. Асқаров).
◊ Ноғай, Қазан, Қырым, Астрахань хандары мен сұлтандары таламасын
десең, арғы жағыңдағы ұлы жұрт – орыс елімен тіл тауып, одақтасқан жөн
(І. Есенберлин).
ТІЛІН ТАРТПАУ – сөйлегенін тоқтатпау, қарсы сөйлеу
◊ Шешемді әкем мен туғанға дейін сабады дегенмен, үздіксіз таяқ жей
берген соң тілі шығады да, әкем қалай сабаса да, шапылдаған тілін тарт-
пайды (С. Мұқанов).
◊ Орақбай, міне, осылай, үнемі жетім-жесірді, кем-кетікті қорғаған, сол
үшін талай сойылға да жығылған, бірақ қайсар ақын жалынды, кекті тілін
тартпаған (М. Жолдасбеков).
◊ Беті қан, омырауы мен сырты қан болған Қараша, Дәркембайлар ті-
лін тартпай, барлық қарғыстың бәрін Құнанбайдың дәл өзіне арнап,
айғайлап айтып жатыр (М. Əуезов).
ТІЛІН ТІСТЕУ – ойындағысын айтпай, үнсіз қалу:
◊ …В. Канның баласы да сол рэкетшілердің қатарында болған соң, қо-
лы қырқылып, тілін тістей қояды екен («ЕҚ» 08.07.2002).
◊ Өзіне тігілген сан көзді жасқап ештеңе демеді, тілін тістеген күйі
отырды («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»).
◊ Қарадөң тілін тістеп, тырс үнсіз қалған (Қ. Мұханбетқали).
ТІЛІНІҢ ОРАМЫ КЕЛУ // ЖЕТУ – қисынды, қажетті сөздерді
айтуға тырысу:
◊ Нәзипа қасындағылармен жиі ұрсысып, тілінің орамы келгенше
жеңіп шығады (Б. Мұқай).
◊ Бұдан басқа сөзге тілінің орамы келмей мүдірді (Б. Мұқаев).
◊ Сержант тілінің орамы жеткенше қиыстырып тағы бірдемелерді
айтты (Н. Ақышев).
ТІРІ ЖАНҒА ТІС ЖАРМАУ // ШЫҒАРМАУ – ешкімге айтпау, құ-
пия сақтау:
◊ Оның нағыз зымиян, қулық сауған сұмпайы мүскін, адамзаттың қас
жауы екенін тірі жанға тіс жарып айтқан емес (О. Бөкей).
◊ Сен өлген балаңа жылап жатырсың, менің, тым құрыса, молада да
тілекшім жоқ екенін неге ойламайсың, – деп, өмір бақи тірі жанға тісінен
шығармай, өзегін өртеп жатқан ащы сырды – өзінің баласыз, жалғыз, қу
бастығын айтты да, тоқтады (Ə. Нұрпейісов).
◊ Саймасай бүгін оған көптен көкейінде жүрген, тірі жанға тіс жар-
маған бір құпия сырын айтты: – Біздің класқа келгенің жаңа, сен әлі көп
нәрсені білмейсің (М. Гумеров).
339
ТІРІДЕЙ ЖҰТУ – әбден, өлімші етіп қинау, азаптау деген мағы-
нада:
◊ Қап-қара болып үңірейген шахтының аузы қу тамақ үшін дамыл
көрмей аласұрған халықты тірідей жұтып жалмауыздың аузы тәрізді
(С. Сейфуллин).
◊ Мұнда байқамасаң тірідей жұтып жіберетін ұйыққа да батып кету
түк те емес. Жол бастап келе жатқан Сердюк қолындағы күрекпен қалың
жынысты оңды-солды шауып жол ашады (М. Сыздықов).
◊ Тархан бектей алғыр қолбасшыға тұзақ құрып жүрген перілердің өзін
әлі күнге дейін тірідей жұтып қоймағаны да таң қаларлық (Х. Əдібаев).
ТІРІ ЖАН – пенде, адам баласы, бір нәрсеге талпынатын, алға ұм-
тылатын адам:
◊ Балта көтерілгенше, ағаш жол табады дегенде, сен де тірі жансың
ғой, оған дейін сенімге кірерсің (І. Есенберлин).
◊ Көтерілісшілердің тек қана қарусыз кісі санынан артықшылығы бол-
ғаны ғана белгілі, басқа ешқандай басымдылығы болған жоқ, ол адамдар
кеудесін оққа тосқан тірі жандар еді (И. Сариев).
◊ Ауыл-үй отырып, тірі жанмен араласпаймын дегенге кім сенеді. Қа-
тын деген халық өзара шүйкілдескенде, қанша сақ болам десе де, бір сыбыс
шықпай қалмайды (Т. Ахтанов).
ТІРІДЕЙ ӨЛУ – өлердей қатты ұялу, жерге кіру:
◊ Сол моншаға кіріп шыққан сайын біз, қалаға сіңісіңкіреп қалған
көзқарасты қазақтар, тірідей өліп шығамыз (М. Қабанбаев).
◊ Осы сөзді естігенде Зейнел тірідей өліп, жердің үстімен келіп, асты-
мен кері кеткен адамша бір уыс боп бүрісіп, жылыстап шегініп жоғалды
(Д. Досжан).
◊ Болмаса, – Нәдір жымиып, қолын қысып қойды, – тірідей өліп жүре
бересіз. Кәміл ақсақал ойлап қараса, өмірден көргені көп, тәжірибесі мол
сұқбаттасының кеңесі дұрыс (З. Жәкенов).
ТІРШІЛІКТЕН ҚОЛ ҮЗУ – айналасынан, адамдардан алыстау,
дүниеден безу:
◊ Құдіретіңді мойындап, монастырьдан шықпауға ант етіп, тіршілікті
тәрк еттім. Бірақ тірі адамның тіршіліктен қол үзуі – көңілге мұң, жанға
дерт екенін мен күнәһар білмеппін (Р. Мұқанова).
◊ Пәңгілер апиынды тартып, күні бойы тіршіліктен қол үзіп, есең-
гіреп жүретін көрінеді. Онымен тұрмай кейбір жастарды өз қауымына тар-
тады екен. Бұлардан қалай құтылуымыз керек? (Қ. Əміров).
◊ Тым-тырыс дүние бейне теңіздің терең түбінде сүңгуір қайықтың
ішінде отырған кісідей өзге тіршіліктен қол үзіп жападан-жалғыз мөлиді,
о дүниеге аттанған адамның тәні жансызданып жаны рухқа айналып жоқ-
тыққа жұтылады (Д. Досжан).
340
ТІС ЖАРУ // ЖАРМАУ – үн-түнсіз қалды, үндемеді, ләм-лим де-
меді:
◊ Басқалар осының сөзі жөн-ау дегендей үнсіз бас шұлғыды. Қарсы бір
нәрсе деп әділін, ақиқатын айтсақ, әлдекім Жарасовқа жеткізіп, бұл күніміз-
ге де зар болып жүреміз бе дейтін болу керек, ешқайсысы «ләм-мим» деп
тіс жармады (Р. Мұқанова).
◊ Соғыста мерейің қанша үстем болып, қарымта қайтарсаң да басқа
жердегі жеңістер көзге көрінбей жай ұсақ-түйек ұтыс болып қала береді.
Сонан соң әзірше ешкімге тіс жарып ештеңе айтпаса да, Қабанбайды түс-
тікке тарта беретін тағы бір жайт бар ( Қ. Жұмаділов).
◊ Жанкүйер жер болмағанда, олар осы соңғы мінезді көп қолданатын.
Екеуі жарытып тіс жарып сөйлемейтін (М. Əуезов).
ТІСІ ТІСІНЕ ТИМЕУ – қатты тоңу, дірілдеу, қалшылдау:
◊ Тісің тісіңе тимей қалшылдап тұрсың ғой (Д. Исабеков).
◊ Тісіне тісі тимей тұрып Шәйза езу тартты (Ғ. Мүсірепов).
◊ .... мұзда жол жағасында жау танкісін тосып, зеңбіректі құрып қойып,
шұңқырдың төбесіне плащпалатка тұтып, түбінде тісім-тісіме тимей
сақылдап тоңып отырғанда да сендер жүрегімде жатқансыңдар, қыздар
(Ə. Нұршайықов).
ТІСІН ҚАЙРАУ – ыза болу, кектену:
◊ Або әлденеге кіжінді, әлдекімге өшігіп тісін қайрады (Ə. Тарази).
◊ «Қап, бәлем Кенжекей, саған қылармын!», – деп Бекторы тісін қай-
рап қала берді («Ер Төстік»).
◊ Өз арасынан шыққан опасызды өле жек көретін жұрт, Арыстанға әб-
ден тісін қайрауда еді (І. Есенберлин).
341
– Ұ –
ҰЗАҚ СОНАР ӘҢГІМЕ – жайланып отырып айтатын ұзақ әңгіме:
◊ Бұзаубастың ұзақ сонар әңгімесін тыңдап отырып соны бір ойдың
көзін ашты (Ə. Тарази).
◊ Əйтеуір, «Құдай салды, мен көндім» деген ұзақ сонар, қара жортуыл-
ға тәуір едік, – дейді, Ербол қалжың айтып Абайға (М. Əуезов).
◊ Ду-ду күлкі қайта басталды. ... Сол күні қонақтардың ұзақ сонар әң-
гімесі біраз жерге барды (І. Жақанов).
ҰЗЫН АРҚАУ, КЕҢ ТҰСАУ – асықпау, уақытты кеңге салып жү-
ріп алу:
◊ Қазақ хандығы қанша ықылас білдіріп, құшақ жая қарсы алғанымен
ұзын арқау, кең тұсау, мырза тұтқынға айналған жайымыз бар (Қ. Жұма-
ділов).
◊ Қанша айтқанымен Шыңғыс ханның салып кеткен жолы бар емес пе,
бүкіл қалмақ қауымының тұтасымен көшіп жүрген әскер десе болады… ал
қазақтікі – ұзын арқау, кең тұсау. Мұнда жасақтың нақты санын белгілеген
де ешкім жоқ. Жалпы жоба бойынша, түтін басы бір сарбаз деп мөлшер-
ленеді (Қ. Жұмаділов).
◊ Ұзын арқау, кең тұсаумен жүріп, талай-талай қапы қалып, сан соққа-
ны есінде… (О. Бөкей).
ҰЗЫН ҚҰЛАҚ – әр жерден естілетін, дерегі аз сөздер:
◊ Осы әңгіме ұзын құлақ арқылы бүткіл Тобықтыны шарлады (М. Əуезов).
◊ Шапқыншы көбейген сайын атақты «ұзын құлағымыз» да ұзара бе-
реді (Ғ. Мүсірепов).
◊ Жағдайымыз қалпынша, пәлендей өзгеріс бола қойған жоқ. Майдан-
нан ұзын құлақтан ғана хабар естиміз (О. Бөкей).
ҰЗЫНДА ӨШІ, ҚЫСҚАДА КЕГІ – біреуде кегі, өші бар деген ма-
ғынада:
◊ Есенейдің Қожықта кеткен ұзында өші, қысқада кегі жоқ еді ғой
(Ғ. Мүсірепов).
◊ Ау, ағайын неге үндемейсің? Ұзында өшті, қысқада кекті емес едік
қой (Ғ. Мұстафин).
◊ Ұзында өші, қысқада кегі болмаса «ішім ауырып барады»,– деп қи-
налғанда, есі дұрыс адам арақ ішкізуші ме еді? Осы сияқты талай-талай
алыпқашпа сөз үй-үйден кіріп, ауыл-ауылға тарап жатты (Т. Əлпейісов).
ҰЙҚЫСЫ ҚАШУ – мазасыздану, ұйықтай алмау:
◊ Шайдан соң шешелі-балалы екеуі қуанғаннан ұйқылары қашып,
қаңғыр-күңгір әңгімемен шұрқ тесік қараша үйдің ішін базар қып жіберді
(Т. Əбдіков).
342
◊ Нәсіптің ұйқысы қашып, көзін ашып жатады. Аспандағы жұлдыздар
бірінен соң бірі жана бастайды (А. Ақтаева).
◊ Қалдан Сереннің ұйқысы қашып шатырдан шығып, біразырақ аяң-
дапты, ай астында тас түйін болып сырғып келе жатқан қосүрей қолды көріп
қатты шошынады (Д. Досжан).
ҰЛАРДАЙ ШУЛАУ – қатты шулау, жұрттың мазасын алу:
◊ Ал енді бізді ұлардай шулатып, қара жерді құшақтап, оның суық
бауырынан жылылық іздеп, тып-тыныш жатысың мынау (Р. Мұқанова).
◊ Бойында жарасымды жасқаншақтық, нәзік үрейден туған діріл бар,
өзінің бай қызы болып жаратылғанына қорсына ма, мынау ұлардай шулап,
отты айналып шамандарша секіріп, бақсыдай билеп жүрген жастарды
жатырқау бар (О. Бөкей).
◊ Жау істейтін істі істеп, қыруар аштарды ұлардай шулатып не болды?
(М. Əуезов).
ҰЛЫН ҰЯҒА, ҚЫЗЫН ҚИЯҒА ҚОНДЫРУ – ұлын, қызын үйлен-
діру:
◊ Қабанбайдың бәйбішесі, керей қызы Ханбибі бұл күнде жасы елуге
келіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, бір елдің анасындай білікті адам
еді (Қ. Жұмаділов).
◊ Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді. Ұлын ұяға, қызын
қияға қондырды (О. Бөкей).
◊ Витя ұлын ұяға қондырып, қызын қияға баяғыда ұшырып, той-тома-
лақты сағынып қалған ба, әке-шешелік кәдемізді қашан жасаймыз деп,
құлағымның құрышын жеп қойды (М. Қабанбай).
ҰНЖЫРҒАСЫ ТҮСУ – көңілсіздену, мазасы кету:
◊ Менің сөзімнің әсер еткені сонша, ноянның кенет ұнжырғасы түсіп,
сілейіп тұрып қалды (Қ. Жұмаділов).
◊ Амал жоқ, бөлмеден ұнжырғам түсіп, салым суға кетіп шығып
кеттім (Н. Ақыш).
◊ Бұл жай Əлібайға ептеп тосындау әсер етті. Дегенмен ұнжырғасы
түсе қойған жоқ (Т. Нұрмағамбетов).
ҰРШЫҚТАЙ ҮЙІРУ // ИІРУ – билеу, икемдеп алу деген мағынада:
◊ Бір көргеніне қарамастан балықшы ауылдың қыздарын билеп-төстеп
ұршықтай үйіріп әкетті (Ə. Нұрпейісов).
◊ Меңтай сызыла аяңдап партаға жеткенше ұршықша иіріліп Зәйкүл
оның алдына бір шығып, артына бір шығып қарап үлгерді де «Жарасымды
екен» деп өз бағасын айтты (Ə. Нұршайықов).
◊ Лизаның талдырмаш денесін ұршықтай иіріп, Асқар топтың орта-
сында біраз биледі (С. Мұқанов).
343
ҰСТАҒАННЫҢ ҚОЛЫНДА, ТІСТЕГЕННІҢ АУЗЫНДА – ауыз-
біршілігі жоқ, бар дүниесі кім көрінгеннің қолында кету:
◊ Əркім өз отының басын, ауыл-аймағының амандығын ғана күйттесе,
бұл қазақ ауызбірліктен айырылып, ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кетті деген сол емес пе? (Қ. Жұмаділов).
◊ Кеше ғана сүттей ұйып отырған ұжымшар, кеңшарлар тас-талқан боп
бүлініп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Онда да жі-
ліктің майлы басы баяғы сол ұжымдарды бір шыбықпен айдап, аузына
қаратқан… күпиіп семіргендердің уысына түсті («АТ» 12.08.1998).
◊ Біледі ғой, ақымақ емес, біледі, енді жұрттың бар тапқаны ұстаған-
ның қолында, тістегеннің аузында кететін күндердің алыста қалғанын
біледі. Біліп тұрып неге ғана қасарысады? (Қ. Найманбаев).
ҰШТЫ-КҮЙЛІ ЖОҚ – аяқ астынан жоқ, жоғалып кету:
◊ Қасқыр ұлыған түні Палмантай ұшты-күйлі жоқ болып шықты.
Жеңіл машинасын жүргізіп, ойға-қырға сандалып қарап келген Есәлі
үшінші күннің түс әлетінде бөлімшеге бозарып, сазарып, салы суға кетіп
қайтып оралды (Д. Досжан).
◊ Мен білсем, Қуаныңыз да сондай бір себептермен өздеріңізге хабар
сала алмай жатқан болар, әйтпесе оның із-түссіз, үшті-күйлі жоқ болып
кетуі мүмкін емес (М. Айымбетов).
◊ Жайлауға шығарда көшке мінеміз деп, ауыл маңында ұстап отырған
сәйгүлік аттары бір түнде ұшты-күйлі жоқ болып шыққан (Қ. Жұмаділов).
ҰШЫ-ҚИЫРЫ ЖОҚ – шеті жоқ, шегі жоқ, кең дала
◊ Əсіресе крестяндарды, ұшы-қиыры жоқ еңбек елін қарсылыққа бас-
тап кететін революцияның күштері де кернеп келеді (М. Əуезов).
◊ Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасында аралдай
көгерген Көкшетау, Абылайдың ордасы құрылған Кенесары, Наурызбайға
отан болған Көкшетау алаштың ақындығының да ордасындай жер еді
(М. Жұмабаев).
◊ Түйгеніміз, қазақтың ру-тайпалық «жүздері» – сол көне «йоздерден»
бастау алатын бірлестіктер емес, өз дәуірінде қазақ хандары мен билерінің
ұшы-қиыры жоқ ұлан-ғайыр сағымдай созылған сары даланы мекендеген
сансыз көп халық (Т. Мыңжасаров).
ҰЯТ ОТЫНА ӨРТЕНУ – ыңғайсыз іс-әрекетіне қатты ұялу:
◊ Ол шақта кәрі болсын, жас болсын қол қусырып қарап отырған
немесе екі қолын қалтасына салып салақтап бос жүрген кісі көрінбейтін еді,
зәуде көрінсе, көзге шыққан сүйелдей оғаш сезілетін де, адам өз-өзінен ұят
отына өртеніп, кірерге жердің тесігін таба алмаушы еді-ау (О. Бөкей).
◊ Уылжыған әдемі келіншек ұят пен намыс‚ отына өртеніп, өрттей
қызарды. – Қасқыр жеп кеткен жоқ, келдім ғой, міне, қазір барамын! –
Қасқырың отыр ғой әне, қасыңда! («Жұлдыз» №5. 2001. 89-б).
344
– Ү –
ҮЗЕҢГІЛЕС СЕРІКТЕС // ДОС – көптен бері, ұзақ уақыт бастары
қосылып, бірге жүрген жолдас, серік болу:
◊ … Бәтеш ауылына жеткен кезде алдарынан Алтайдың жүрек жұтқан
батыры, аталары Сеңгірбай, Жанұзақ Абылайдың үзеңгілес серіктері шық-
ты (І. Есенберлин).
◊ АҚШ әкімшілігі Ирактың территориясын толығымен өз бақылауына
алған соң С. Хусейн мен оның үзеңгілес серіктеріне іздеу салды (Р. Мыр-
забекова).
◊ Өзім де онымен көптен бері үзеңгілес доспын (Ə. Нұрпейісов).
ҮЗЕҢГІ ҚАҒЫСУ – атты адамдардың бірге, қатарласып келе жат-
қан көрінісі:
◊ Олар маған, неге екенін білмеймін, бір-бірімен үзеңгі қағысып, танау-
лап келе жатқан үш сәйгүліктің жолдарына бұл құпия жабысып, әрқайсысы
өз атына үш шабондозға ұқсап кетті (Ə. Нұршайықов).
◊ Алғашқы қуғыннан кейін өткен бір апта қауіпті ұмыттырды ма, екеуі
үзеңгі қағысып, әзілдесіп, бейқам келе жатыр еді, әлденеден селк еткен
Тұрар сырт айналып, осылай қарай андыздап келе жатқан төрт салт аттыны
көрді (Қ. Исабаев).
◊ Қарақшыға жарты шақырымдай қалғанда Қубас Eлікпен үзеңгі қа-
ғысты, келер сәтте созылып, алға түсе берді (М. Мағауин).
ҮЗІЛІП КЕТУ – жанын беру, дүние салу:
◊ Əбіштің қаралы отауының сыртына кеп, жаңа аттан түскенде, Мағыш
үзіліп кетті (М. Əуезов).
◊ Анау қамыстың ішінде келінім жатыр, оны осында әкеліп, тым бол-
маса, бір уыс талқан беріңдер, – дегенге тілі келді де, кемпір қисайып, үзіліп
кетті («Қызылдар қырғыны»).
◊ Сержан онсыз да шатысқан ой жібін үзіп алды – бір қолда екі ұршық
айналғандай. ...Сержан іргеге қарап жатып алды, дабыр-дұбыр созылып
барып, үзіліп кетті (А. Сүлейменов).
ҮДЕРЕ КӨШУ – ешнәрсеге қарамай, жиылып-теріліп көшіп кету:
◊ «Сарықападан» көктемде қар жіби бастаған соң сөгіле көшкен біздің
ауыл, айлар бойына үдере көшіп кейде Сырға, кейде Жайыққа жететін еді,
күз жақындай кейін оралып қыстауға қар бекіген шақта әрең жететін еді.
(С. Мұқанов).
◊ Сонымен, өмір бойы дұшпан ниетімен келген ескі жәрмеңке үлкен
өрттің құшағына кіріп, қара түтіннің астында тұншығып, бықсып, жоғалып
бара жатқан шақта қалың Албанның елі де үдере көшті (М. Əуезов).
◊ Ұлының ақылы Қойлықтың көңіліне қона кетті де, он оқ тайпасының
басын қосып, батысқа – ата мекенге қарай үдере көшті (Т. Жұртбай).
345
ҮЛДЕ МЕН БҮЛДЕГЕ ОРАНУ – ішкені алдында, ішпегені артын-
да, көңілі тоқ, байлыққа кенелу:
◊ Босағаға әлі де мұңая сүйеніп тұрған әйелі: «Құдай-ай, қой соңында
сандалтып қойған. Қандай ғана қазақтың тасы өрге домалап үлде мен бүл-
деге оранып отырады» (О. Бөкей).
◊ Үлде мен бүлдеге оранған, ай мен күндей бір сұлу қыз! (Ж. Айма-
уытов).
◊ Қыз бала қаны толып бойжеткен соң қақпандап ұстасаң да қолда тұр-
майды, құрып тынады, шіркіннің маңдайының жұлдызы жарқырап туып-
ты, мынау деген жігіттің шалғайынан ұстады, үлде мен бүлдеге оранды
(Д. Досжан).
ҮЛКЕН ТАРТЫС – арадағы дау-дамай, кикілжіңнің үлкен мәсе-
леге айналуы:
◊ Биылғы өткен қыстан бері ұлы дүбір, үлкен тартыс боп келген –
«Салиқа қыз дауы» (М. Əуезов).
◊ Үлкен тартыстың аяғы дұрыс болса деп тіледі (М. Жолдасбеков).
◊ Олар Шербаков пен Мейрам арасында үлкен тартыс тудырған. Өз-
ара тежесіп, айтыса келе мәселе қалалық, облыстық партия комитеттерінен
бастап орталыққа дейін жеткен (М. Қасенов).
ҮЛКЕН ҮЙ – әке-шешенің, үлкен ата-ананың отырған үйі:
◊ Ақылбайдың үлкен үйінде неше күннен бері сауық құрып, мәре-сәре
болып жатқан (Ж. Кәрменов).
◊ Тоғжан жатқан үйді ойша іздеді. Сүйіндіктің үлкен үйіне жақын тұр-
ған кішілеу ақ үй бар (М. Əуезов).
◊ Керімбек аулында «үлкен үй» – «қара шаңырақ» аталатын сол үй.
Айтбай, Əнекежаннан қалған босағаны бәйбішенің кенжесі – Мұхамәди
басып отыр (Ж. Ахмадиев).
ҮМІТ ОТЫ ҰЯЛАУ // ЖАҒУ – белгісіз кезде бірдеңеден үміт ету:
◊ Көкесін, жан көкесін, өмірі көрмесе де жақын бір іздеушісі бардай,
жүрегі елжіреп, сәби жанарына жасырын бір үміт оты ұялайды (Р. Мұқа-
нова).
◊ Дәрігердің айтқан сөзі Құмарбектің көңіліне үміт отын ұялатқан-
дай болды (Қ. Түменбаев).
◊ Демек, бұл жақтан адам баласы өткен деп үміт отын жақты. Егер
ол жақта су болса, Хамза тымағын бұлғап, белгі беретін болған еді (Х. Орал-
тай).
◊ Əлде жақындап келе жатқан майдан, алыстан естілген зеңбірек
гүрсілі – көңілге үміт отын жақты ма? Əйтеуір қарадан-қарап отырып,
ауыздарының құлпы ашылды. Жаңылды әңгімелей отырып, Алисаны да
еске алысты (Ə. Сарай).
346
ҮМІТІ ҮЗІЛУ – ешнәрседен дәмеленбеу, үміт етпеу:
◊ Мейманханада артық-кемі жоқ бір сағат күттім. Енді үмітті үзіп
кетіп бара жатқам (Қ. Жұмаділов).
◊ Балбаланың соңғы үміті үзілді: Маринаны үйге алып кетемін десе,
мыналар шоқ басып алғандай ыршып түсер деп, енді соны айтпақ еді, қыз
әкесі алдын орап кетті, мұндай қасірет-қиянаты жоқ, романтикасы жоқ
үйлену тарихына тап болармын деп ойлап па? (Ə. Тарази).
◊ Домбыраның қатты бұралған шегінің шарт етіп үзілгеніндей үміті
үзілді (М. Жұмабаев).
ҮМІТСІЗ ШАЙТАН // САЙТАН – үмітті үзбеу, сену деген мағы-
нада:
◊ – Үмітсіз шайтан-дағы! – деп қария ертегін жалғай берді (Хан
Кене).
◊ Үмітсіз тек шайтан ғана… Əлі де болса Орынбормен тіл табысу
керек (І. Есенберлин).
◊ Дегенмен үмітсіз сайтан, ел бар, жұрт бар, біреу болмаса біреу іздеп
шықпас деймісің? (О. Бөкей).
ҮМІТТІҢ КҮЛІ КӨККЕ ҰШУ – ойлап, күтіп жүргенінің тас-талқа-
ны шығып, жоқ болуы:
◊ А. Жұбанов мектебі ұлы композитордың 100 жылдығына орай мем-
лекеттік мәртебе алмақ ниеттері бар еді, ол үміттің де күлі көкке ұш-
қандай («ҚƏ»).
◊ Мектеп бітіріп Алматыға білім қуып, жоғарғы оқу орнына түсемін
деген Қанаттың үмітінің күлі көкке ұшты (Қ. Түменбаев).
◊ Сөйтіп, үмітінің күлі бір күнде көкке ұшты. Анненковтан да, басқа-
сынан да күдерін үзді. Тіпті оның жер басып, тірі жүргеніне күмәнді. Tipi
болса қайда жүр? Міне, жетінші жылға айналып барады, әлі хабар жоқ
(Б. Мұқай).
ҮМІТ ҚЫЛУ // ЕТУ – күдер үзбеу, күту деген мағынада:
◊ Одан үміт кім қылар, Жол табар деп сасқанда (Абай).
◊ Жаңа ғана өмірмен қош айтысып, өлімге басын байлаған Ержан енді
сол қара түнектің ішінен үміт етті (Ə. Əбішев).
◊ Кенеxан шығарып сап шүкір етті,
Иншалла, жолы болар ахуалды.
Ер Науан тәуекел деп жүріп кетті,
Жылқыны бір алсақ деп үміт етті (Хан Кене).
ҮН ҚАТПАЙ САЗАРУ – түк үндемей, бедірейіп отыру:
◊ «Неге жібердiң деп Омар ренжиді ғой» деген Баян. Абылай үн қат-
пай сазарып тұрып алып еді. Баланың неге өкпелегенін, неге қайырылмас
өкпе артқанын әйел жаны сезген, сезген де қазбаламаған (Р. Сейсенбаев).
347
◊ Өз кінәсін мойындағандай үн қатпай сазарып тұрып қалды (Д. Иса-
беков).
◊ Құнанбай әуелі үн қатпай сазарып отырып барып, аздан соң екі
атшабардың бетіне нұсқап отырып Байсалға: – Miне, көрдің бе? Қайтіп
ағайын болайын? (М. Əуезов).
ҮРЕРГЕ ИТІ, СЫҒАРҒА БИТІ ЖОҚ – дымы жоқ, тақыр кедей:
◊ 70 жылдан астам капитализмнің шаңдағын қағып, үрерге итін, сы-
ғарға битін қалдырған жоқпыз (Ғ. Қабышұлы).
◊ Үрерге иті жоқ, сығарға биті жоқ кедей еді аталары, заман жетілтті
ғой, шырағым, бұған шүкір (Ел аузынан).
◊ Үрерге иті, сығарға биті жоқ кедей болса керек. Ол қонақтарға бе-
ретін басқа ештеңе таппай атала пісіреді (О. Бодықов).
ҮРІП АУЫЗҒА САЛҒАНДАЙ – әп-әдемі, сүп-сүйкімді:
◊ Бұлар үш кісі құс салып жүріп алғаш барып көргендегі оның түрі
қандай еді! Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп,
үріп ауызға салғандай жұтынып тұрып еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ,
жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді (Ж. Аймауытов).
◊ Əрине, бай мен үріп ауызға салғандай қойнындағы сұлу жары оны
ешқайда жібермесін кәміл біледі. Бірақ күндердің күнінде ол қызға бәрібір
жанын жегідей жеген сырын ашып, ұрланып бірге кетуді ұсынады
(Т. Мыңжасар).
◊ Қазір үлкен ұлының қолында. Үріп ауызға салғандай немерелері бар
екен (Н. Ақыш).
ҮРІП ІШУ, ШАЙҚАП ТӨГУ – асқан байлық, мол тоқшылықтың
көрінісі:
◊ Бұрын ел үстінде шолжаңдап, танауынан есекқұрты түсіп, үріп ішіп,
шайқап төгіп жүрген көп басшыларымыз мына нарық заманының пси-
хологиясына бейім болмай шықты («ЕҚ» 05.08.2000).
◊ Əзима сауда техникумында оқиды, бір үйдің үріп ішіп, шайқап төк-
кен үкілі қызы (М. Найманбаев).
◊ Қалған өмірін он екі мың жылқының қызығын көріп, үріп ішіп,
шайқап төгіп өтпек. Бірақ сонша байлықтың қызығын өз басы ғана көріп
келеді. Өзі теңдес адам болмаса үйіне түсіріп, саумал ауыз тигізген жан
емес (З. Ақышев).
ҮШ ҚАЙНАСА СОРПАСЫ ҚОСЫЛМАУ – арасы алшақ, мүлде
қосылмайтын, ұқсамайтын деген мағынада:
◊ Өзіне үш қайнаса сорпасы қосылмайды, аппақ, құдды Ләззат шеше-
сінің аузынан түскендей (Ш. Құмарова).
348
◊ – Жоқ, мен айттым, жарықтығым, енді басымды отқа салма, сенімен
менің енді үш қайнатса сорпам қосылмайтын болған, – деп Айша таймай
қасарып тұрып алды (М. Əуезов).
◊ Қазақша айтуға ұят, – дей келіп, – және де поэзиямен үш қайнаса
сорпасы қосылмайтын нағыз дөрекілік. Он екіде бір гүлі жаңа ашылмаған
жастың және де ақын жастың мұншама әбестікке барғанына таңданбасқа
болмайды (А. Мұсаев).
ҮШ ТОҒЫЗ – салт бойынша айып құнның төлемі, түрі:
◊ Қарекеңдердің алып келген үш тоғызы қыз ауылының адамдарын
риза етіп тастады (Д. Исабеков).
◊ Байболатқа берген қалың малына үш тоғыз айыбын қосып алды…
(І. Есенберлин)
◊ Билер сөзіне орай, шығармада Абылай Ботақан өлімі үшін үш тоғыз
төлейді (Ж. Дәдебаев).
ҮШ ҰЙЫҚТАСА ТҮСІНЕ КІРМЕУ – мүлде есіне келмейтін, ойла-
маған нәрсе:
◊ – Ондай нағылет ой менің үш ұйықтасам түсіме кірер ме екен?
(Ш. Құмарова).
◊ Николай Трофимовичтің үш ұйықтаса түсіне кірмейтін әуре-сар-
саңы осылай басталды (С. Мыңжасарова).
◊ Мектепте тақпақ айтқаным болмаса, өзім өлең шығарамын деп үш
ұйықтасам түсіме кірген емес… (Ш. Мұртаза).
349
– Х –
ХАБАР БЕРУ // САЛУ – жағдайды, оқиғаны алдын ала ескерту,
айту, құлақтандыру:
◊ Үш Жүзге хабар берілді. Ел жақсылары, ақсақалдары мен атқамінер-
лері тегіс құлақтанды (Т. Жұртбай).
◊ Қобыландының қысылғанын білген Торыша ат та өз құйрығын өзіне
қамшы қылып, Шорманның еліне хабар беру үшін шауып кетеді (Қобы-
ланды батыр).
◊ Военкоматқа барып, тағы бір он бес күн қостырып аламыз деп, Нұр-
қан Мырзағаңа бұрылды. – Тәшенге хабар салу керек (С. Шаймерденов).
ХАБАРДАР БОЛУ – беймәлім өткен оқиғаларды біліп отыру керек
деген мағынада:
◊ Өз уағында түрлі пікірлер тудырған осы мақала тарихынан
толығырақ хабардар болу үшін оқырман назарын С. Сәдуақасов жазған
арыздың түп нұсқасын толық күйінде ұсынып отырмыз (М. Қойгелдиев).
◊ Сол дәуірдегі тарихи жағдайдан хабардар болу үшін біраз отыру қа-
жет (М. Мағауин).
◊ Осы себептен өз басым поэзиялық шығармаларды сын жазу үшін
емес, көбіне-көп хабардар болу үшін оқитынмын (М. Қаратаев).
ХАН БОЛСЫН, ҚАРА БОЛСЫН – кез келген адам, кім болса о
болсын:
◊ Басшы болсын, қосшы болсын, хан болсын, қара болсын әркім өз
шамасын білмегі ләзім (Ғ. Жандыбаев).
◊ «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген принципті ұстанып, хан
болсын, қара болсын әділдігін, шындығын адамның бетіне айтып отырған
(Д. Жамбылов).
◊ Патша болсын, бай болсын, қара болсын, хан болсын, дәм таусылып,
дем бітсе, ғұмырдың шамы сөнілген (М. Əкім).
*ХАН КӨТЕРУ э т н о г р. – 1. Хан сайлау. 2. Құрмет көрсету,
сыйлау:
◊ Өкілдер жиналысы хан болатын адам туралы жан-жақты мәмілелесіп,
келіскеннен кейін сол адамды хан деп танып, төрт қабат ақкиізге отырғы-
зып, үш рет бастан асыра көтереді екен. Мұны «хан көтеру» деп атаған
(Қазақтың ата заңдары).
◊ Яғни 1771 жылғы хан көтеру рәсіміне Оңтүстік Қазақстан мен Таш-
кент өңірлеріндегі қала халқының беделді басшылары қатысты деуге негіз
бар (Түркістан тарихы).
◊ Жоқ, Күлжәмила жөндеуден кеткен. Сөзінің түрін. Бұл директор бол-
маса, апасы хан көтеріп қарсы алмайды. Қайдағы бір бригадирді қайтсін
(Қ. Найманбаев).
350
◊ ... Теңге қуған алдамшы саудагер ме – онда қараша жұрттың шаруасы
жоқ, ел шетіне ілінісімен-ақ, хан көтеріп, қарсы алады баяғы Тайбұғаның
әулеті (Қ. Жұмаділов).
ХАН ТАЛАПАЙ э т н о г р. – ойын түрі:
◊ Ойын жүргізуші қолындағы асықты хан талапай деп ортаға қарай
шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып
алса, сол жеңілген болып есептеледі (А. Бекнұр e-history.kz).
◊ Мұндай сөздерге не түрткі болып жүргені есімде. Қазақ қолы бірде
қазақтың шет ұлысын шауып, Түркістан базарын талаудың хан талапай
малына толтырды да жіберді. Əскерінің олжалы оралғанына мәз болған үш
арыстың екі езулері құлақтарында (І. Есенберлин).
ХАТ ТАНУ – алғаш рет әріп тану, оқи бастау:
◊ Бұл – мұсылманша хат тану кезінің халыққа таман бейімделген
бірінші адымы (С. Мұқанов).
◊ Ол аңсағаным – хат тану, қағаз-қарындаш ұстау еді (Əбілхан аға).
◊ Ескі арабша оқып, хат тану екінің бірінің қолынан келе бермейді
(Ə. Қасенов).
351
– Ш –
ШАБЫНА ШОҚ // ОТ ТИЮ – намысына, ашуына тию:
◊ Бұл сұраққа одан әрі құтырған кемпір тіпті шабалаңдап, шабына шоқ
тигендей ұшып барып күйеу баласының тамағынан алып, сіресіп қатып
қалды (Р. Мұқанова).
◊ Сол екен, Абырайының шабына от түсіп шала бүлінді (Н. Қабан-
баев).
◊ Онсыз да сазарып отырған билердің шаптарына шоқ тастап шор-
шытып алмайын деп ойлады (Ə. Кекілбаев).
ШАЙ ҚАЙНАТЫМ – халықтық өлшем бойынша аз ғана уақыт
деген мағынада:
◊ Құнанбайдың тығыз берген бұйрығы бойынша, бір шай қайнатым
арасында, жүз елудей жігіт атқа мінді (М. Əуезов).
◊ Жігіт шай қайнатым уақыт сөйледі (Н. Қабанбаев).
◊ Мына тұрған үйден әкеле қой дегеніме дәл бір шай қайнатым уақыт
болған шығар (С. Мұратбеков).
ШАҚШАДАЙ БАСЫ ШАРАДАЙ БОЛУ – басы қату, есеңгіреп,
шаршап жүру:
◊ Қалай десек те, шақшадай басы шарадай болып жүрер Қойшыға
сыйымды еді (О. Бөкей).
◊ Тілмен айналысатын маман біресе мәдениеттің, біресе спорттың шара-
ларын өткізуге жұмсалып шақшадай басы шарадай болуда (С. Серікбаев).
◊ Шерменде болып, басмашыларға қосылып, шатасып, шақшадай
басы шарадай болып, шым-шытырық шырғалаңға түскен (Ш. Мұртаза).
ШАЛА БҮЛІНУ – әбігерлену, ашулану:
◊ Шынымды айтсам, сенің неменеге шала бүлініп жиналысты тастай
қашқаныңа түсініп те отырғаным жоқ (Б. Нұржекеев).
◊ Күлшебай әкем шала бүлінді. – Интернаттың қара нанын жеп, көр-
мегенді көріп өстік. Біздің әулетіміздің маңдайына жазып қойып па. Балам
интернатта оқымайды. Сарқаннан оқиды (Ш. Күмісбаев).
◊ Балаларыңыздың қорыққанын көрмедіңіз ғой. Əсіресе аққұба қы-
зыңыз шала бүлінді (М. Иманжанов).
ШАМЫНА ТИЮ – намысына тию, ашуын келтіру:
◊ – Əзірге ашып ештеме демей-ақ қой, құрбақасын шамына тиіп
өршітіп алармын (Б. Нұржекеев).
◊ Қария шамына тиіп кетпейін деп сөзін астарлап айтуға бел буды
(«Ертегілер»).
◊ Тұтқынның бұл такәппар қылығы бас тергеушінің шамына тиді
(Е. Бейсенбек).
352
ШАНШУДАЙ ҚАДАЛУ – айтылған сөз ұнамай, шамына тию:
◊ Аңшы Мүсірептің «Иесіз жатқан жерді бір қыс жайласаң, болды, ба-
лаңның баласына дейін сенікі болып кете береді» дегені шаншудай қа-
далатын себебі де осыдан еді (Ғ. Мүсірепов).
◊ Оның сөзі Есенбекке шаншудай қадалды білем: – Əкел, алайын, –
деді ол қыңырланып (М. Иманжанов).
◊ Осы сөз атшы маманға шаншудай қадалды. Ол бірауық өзімен өзі
боп, томcарылып қалды (Т. Əлімқұлов).
ШАҢ ЖҰҚТЫРМАУ // ЖУЫТПАУ, ТИГІЗБЕУ – жақтау, қорғау,
қадірлеу деген мағынада:
◊ Айналайын, Сибанның елі өзіңді шаң жұқтырмай қадірлейді екен
(Ғ. Мүсірепов).
◊ Қайтсін енді, құдайдан сұрап алған жалғызын ұстап береме, «көрме-
дік, білмедік» деп шешесі шаң жуытпай қорғап әлек (А. Жүнісұлы).
◊ Серікбайды Тәкежан біздің көзімізге көрсететін емес. Шаң тигізе-
тін емес (М. Əуезов).
ШАҢ ҚАПТЫРУ – озып, алдына түсіп кету:
◊ Оларға айтқаннан не түседі? Біреуіне айтсаң, біреуіне сілтейді. Аяғы
ақ тас пен көк тастың арасына барып ізі жоғалады. Сөз – тек бос шығасы.
Бірін-бірі жебеп-демеп, неше саққа ұрады да, шаң қаптырады. Аяғы ауыл
итінің құйрығы қайқы дейсің де, түңілесің де тоқтайсың – дейтін («Жұл-
дыз» №5. 2003. 96-б).
◊ Иесін шаң қаптырып, әлдеқашан көңілден де, көзден де ғайып болса
керек (А. Асқаров).
◊ Шаң қаптырып тастап кетеді. Əзірге дiңкесін құртып, тырбаңдатып
қойған қақпақыл адыр еді (Д. Досжан).
ШАҢҚАЙ ТҮС – түс мезгілі, тал түс:
◊ Сонымен амалсыздан асығып, өлікті шаңқай түс бола бере қазақ
зиратына апарып, көміп қайтысты (М. Əуезов).
◊ Күн мол шуағын төккен шаңқай түс. Ауа қыза бастағанда Айтбай
қойын Шыңбұлаққа құлатты (Л. Құрманаева).
◊ Түгендеп жиғанша, одан үдере айдап ауылға жеткенше, шаңқай түс
болды (М. Сарсекеев).
ШАҢЫРАҒЫ ОРТАСЫНА ТҮСУ – құрту, тас талқанын шығару,
ойрандау:
◊ «Елінің ойраны шығып, шаңырағы ортасына түссін…» фашист
болса да адам ғой, түсінді білем, самолетін кілт құлдырата бұлтқа сіңіп
жоғалды (Б. Бұлқышев).
◊ Кешегі тұрысатын жерін айтсын, болмаса, ауылының үстіне барып,
шаңырағын ортасына түсіреміз (М. Əуезов).
353
◊ Шаңырағы ортасына түсіп, бала-шағасымен қаңғып кеткен байлар
мен билер, жақсы мен жайсаңдар аз ба екен? (С. Елубаев).
ШАҢЫРАҚ КӨТЕРУ – қыз бен жігіттің үйленіп, үй болуы:
◊ Өйткені өзінің шаңырақ көтермесіне, тұрмысқа шықпасына көзі
жеткендей (Ш. Құмарова).
◊ Əлжаны Сайыпжамалға үйленіп, шаңырақ көтерді. Сонымен аққой-
лы болғанымен, бұл кісінің Фатима жеңешемізбен туыстығы шешесінен
туған Оразымбет арқылы ғана жүрді (Т. Мыңжасар).
◊ 1952 жылы қаңтар айында шаңырақ көтердік (Ж. Жұмақанов).
ШАРТ ЕТЕ ҚАЛУ – аяқ астынан ұрса жөнелу:
◊ Не де болса, сары шал шарт ете қалмай тұрып бірдеме деуі керек
(Б. Нұржекеев).
◊ – Мәссаған боқмұрын! Нұртілектің алақаны бетіме шарт ете қалды
(Ж. Мусин).
◊ Қаттырақ айтып жіберді ме, даяшы шарт ете қалды. – Көршіңізден
сұрап алуға ерініп отырсыз ба? (О. Бөкеей).
ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНУ – қуану, көңілі көтерілу, шаттану:
◊ Бүгінгі таңда Əйгерім мен Абай үйі шаттыққа бөленді (М. Əуезов).
◊ Ұлан-байтақ еліміздің ойы мен қыры, қалалары мен далалары шексіз
шаттыққа бөленді (С. Омаров).
◊ Ақтай мен Кәмиланың, жас семьяның қуанышына қарап басқа жұрт
та керемет шаттыққа бөленді (Ш. Құмарова).
ШАУ ТАРТУ – қартаю, егде тарту, жасы келіп қалған:
◊ Сонан кейін сағынысып көріскен бір адамы – Шанышқылы батыры
Бердіқожа. Бұл күнде жасы ұлғайып, шау тартқанымен әлі де қайраты
қайтып, тұғырдан тая қоймапты (Қ. Жұмаділов).
◊ Жатқандар жас емес, шау тартқан кісілер (М. Əуезов).
◊ Оған қарағанда көптен көлікке мінбей шау тартып қалған Ақжан
қия беттерге қорғаншақтап, соңынан зорға ілесіп келеді («Жұлдыз» №9.
2012. 123-б).
ШАШ АЛ ДЕСЕ, БАС АЛУ – әлімжеттік жасау, басыну, ойына
келгенін істеу:
◊ «Шаш ал десе, бас алатын» сақшылар жұмысқа шығарар кезде, не
қайта әкеліп қамарда ауыр есікті аяусыз тарсылдата жауып, зілдей шойын
құлыпты саларда да, айқұш-ұйқыш бел темірлерін қасақана салдырлатып
тұрғанда, соның бәрі байғұстардың жүрегіне соғылып жатқандай болушы
еді (Ж. Ахмади).
◊ Шаш ал десе, бас алған, Талай сұмдық жасалған (І. Жансүгіров).
354
◊ Бұдан былай асыра сілтеп, шаш ал десе, бас алатын әпербақан
болмауын қатаң ескертіп, сөгіс беріпті (О. Бөкей).
ШАШАУ СӨЗ – айтылмауға тиіс құпияның жария болуы:
◊ Қазір шашау сөз шығаратын орын емес (М. Əуезов).
◊ Егер бір ауыз шашау сөз шықса сізден көремін (С. Адамбеков).
◊ Сыртқа шашау сөз шығармайды, етінен ет кессең де ішіндегісін айт-
пайды (С. Сарқасқаев).
*ШАШ ЕТЕКТЕН – 1. Мол, көп, қалың. 2. Байлық, олжа:
◊ Жарлыққа құлақтанған бір жұмадан бері ылғи да қараңғы жамылып
үздік-создық көшкен қолдың Қыземшектің тар қолтығына жай тептік дегені
болмаса, істер ісі, ойланар қамы әлі шаш етектен (А. Сүлейменов).
◊ Əсіресе жаңа жылдың алдындағы үш күн, үш түнде бас көтертпей
жауған қар, сол шаш етектен жауған қарға мелдеген ел мен жер – ұлы
тыныштықтың құшағына тұншығып, мәңгілікке бой суытқандай жым-жырт
(О. Бөкей).
◊ Ойбай-ау, шаш етектен байып кетпеймін бе? Мың жарым теңге
алты жылқы, болмаса он сиыр, яки алпыс қой (А. Жылқышиев).
◊ Басқалар шаш етектен батқан олжаға да, басқалар ұмтылған атақ-
абыройға да қызықпады. Өзін құлдық кебінде көрген Қырымға да қайтып
оралмаған (М. Мағауин).
ШАШБАУЫН КӨТЕРУ – жағымпаздану, сөзін сөйлеу, қолпаштау:
◊ Бетіңізден жарылқасын, хан-төренің кілеміне түсіп, адыра қалған
дәуреннің шашпауын көтермек болыпсыз (М. Əуезов).
◊ Бәрі де мұның шашбауын көтеріп, қолпаштап, көтермелеп марапат-
тайды. ... Осы кезде астындағы қара шолақ ат пысқырып қалып, қызыл-жа-
сылды, қызығы көп қиял дүниесіне тереңдей еніп кеткен Сартай еңсесін
көтерді (Т. Рахымжанов).
◊ Əсілбек Əкбарға қарады, ол стакандарға арақ құйып, біреуін оң қолы-
мен жоғары көтерді де: – Қамбарбектің денсаулығы үшін, – деп арақты
алып жіберді. Оның шашбауын көтеріп біз де алып тастадық (А. Жылқы-
шиев).
ШАШЫП ТАСТАУ – тапсырманы, бір істі аяғына дейін басқа-
лардан ерекше сәтті аяқтау:
◊ Голландия және әлем чемпионы Испания құрамасын шашып тас-
тады (inform.kz).бар
◊ Оның командасы қазір зор, қорғаныс біткенді айналып өтіп жатыр.
«Сампдорияны» осы екі жігіт шашып тастады. Мен бұларға сенемін
(Aladop.kz). бар
◊ – Асеке, бұл тірлік қолыңыздан келуші ме еді? – О-о-ой, шашып
тастаймын ғой, әрине, келеді! («el.kz»). бар
355
ШЕГІРТКЕНІҢ АЙҒЫРЫНДАЙ – ұшып-қонып, жеңілтектеніп
сөйлейтін адамның сипаты:
◊ Ой, шегірткенің айғырындай болған неме, үлкен адаммен қалай сөй-
лесесің өзің? (Д. Исабеков).
◊ Дауысың шегірткенің айғырындай шiңкiлдейді екен, бірдеңе шықса
шығар сенен. Жирен сақалды жігіт тағы бір шымшып өтті сөзбен (Ж. Тұр-
лыбаев).
◊ Шегірткенің айғырындай дiкеңдеп тұратын оспадар байларды ит
етінен жек көреді (С. Омаров).
ШЕКЕСІ ҚЫЗУ – жағдайы мәз емес, көңіл-күйі жоқ болу
◊ Əкеңнің өлі-тірісіне сене алмай отырғанымызда, сенің ауырғаныңды
көріп, шекеміз қай қызды дейсің (Б. Нұржекеев).
◊ Бірер жыл асырып, шекесі қызған жұрттың ашуын ұмыттырып барып
оралмасақ... Əй, сен сол күні бәрімізге жағалай тиісіп, көп нәрсені бүлдiрдiң
(М. Сәрсекеев).
◊ Жарастың мына түріне қарағанда шекесі қызып жүрмеген-ау деп
ойлады (Ш. Мұртаза).
ШЕКТЕН ШЫҒУ – қалыптан, дағдыдан шығып кету, жәбірлеу:
◊ – Сіз – шектен шыққан патриотсыз, қыл аяғы… (Қ. Жұмаділов).
◊ Шектен шыққан мейірімсіздік пен қатыгездік көп кешікпей-ақ өзінің
«жемісін» бере бастады. ... асыра сілтеулер мен қателіктер, дөрекі әкім-
шілік, заңсыз негізде жаппай тұтқындау, тұтқындарды аяусыз ұрып-соғу
шектен шықты (Т. Омарбеков).
◊ Бір күні шектен шығып, зәбірлік көрсеткен соң жұмыс орнына –
заводқа барып, басшыларына жолықтым (М. Асылғазин).
ШЕРІН АҒЫТУ – ішіндегі айтылмаған мұңын сыртқа шығару:
◊ …Маржан да армансыз ішіндегі шерін ағытты (Б. Иманғазина).
◊ Өткен заманның түгесілмес шерін ағытып, сыр тиегін қағып жатыр.
«Аһ!» ұрған арман, өксіген үн, өзек өртеген мұң-зар төгіледі (Т. Тоқберге-
нов).
◊ Жүректі жеп жүрген ескі шерді ағыта бастады (Б. Майлин).
ШЕРМЕНДЕ БОЛУ – уайымға тап болу, көңілі толмау, қолы жет-
пеу:
◊ Ойбай, тақсыр-ай, таза шерменде болдым. Ой, құдай-ай мұндайды
кім көрген… («Ертегілер жинағы»).
◊ Бірақ салтақ тымақтың құлағын қалай түрсе де, сыр ала алмай, шер-
менде болып қалысты (Ғ. Мүсірепов).
◊ Өмір бойы атаққа қолы жете алмай шерменде болып жүрген адамның
даусы қайбір оңған дейсің (О. Əубәкіров).
356
ШЕТ ЖАЙЛАП – бөлектеніп, алыс, қашық жерде тұру:
◊ Сонымен, кәрі әженің ықтиярынан бір күн шет жайлап көрмеген
Жәмеш алдыңғы күнін өз бетімен ойлаған да жоқ-ты (М. Əуезов).
◊ Шет жайлап, қиыр қонған жалғыз үйге дүркіретіп той өткізудің
машақатын күн ілгері-ақ сезінген (М. Қаниев).
◊ Бақытжан әкесінен шет жайлап, бөлек қыстауға жасынан үйреніп
кеткен бе, тойда болмағанына онша ренжімейтін сияқты (З. Ахметова).
ШЕШЕСІ ҰЛ ТАПҚАНДАЙ ҚУАНУ – қатты қуану, масайрау:
◊ Лондондағы халықаралық сұлулар конкурсында «Мисс Азия» атан-
ған Салтанат Камалиеваны «өзіміздікі» деп иемдене қойды. Соған қарамас-
тан, Қазақстанда да шешесі ұл тапқандай қуанғандар аз болған жоқ
(«ЖА» 04.11.2001).
◊ Биік көкпекпен, кейде жуан шағыр бойшаң сағызбен тайталаса, ақ сұр-
лау алашабыр сабағын жан-жағына тармақтай еркiн жайып жіберген дала
көсігiн көргенде қыр баласы шешесі ұл тапқандай қуанады (Ө. Қанахин).
◊ Он екінші съезд ұлттар правосын түзеп берді деп, шешең ұл тапқан-
дай айқайлай берме! (Ш. Мұртаза).
ШОШҚА ТАҒАЛАУ – күні бойы ештеңемен ісі жоқ, бостан-босқа
жүру:
◊ Е, басқамыз шошқа тағалап жүр деп пе едің? Сендегі жұмыс бізде
де бар (Н. Шакеев).
◊ Шошқа тағалап жүрген ешқайсысымыз жоқ, – деп, ол бұртыйя қал-
ды ( Н. Қапалбекұлы).
◊ Кобозев – революционер, ол Дутовпен шайқасып келді, – деді ол
қалтырай отырып, – Бiрақ біз шошқа тағалап жүріппіз бе? (Ш. Мұртаза).
ШҰНАҚ ҚҰДАЙ – бір нәрсеге риза болмағанда, көңілі кейігенде
айтылатын сөз:
◊ «Ойбай, шұнақ құдай, сен-ақ баланың үрейін ұшырып біттің. Жәй-
мен, сабырмен айтуға болмас па?» (Ш. Құмарова).
◊ Айдауға көнбейтін ешкімге ашуланып, әлгі қазақ, «алда шұнақ Құ-
дай-ай» деп жіберіпті (С. Төлешов).
◊ Шыдай алмаған Сыбанқұл: – Шұнақ, құдай, шұнақ құдай. Ең бол-
маса, осы жолы оны аясаң етті. Менің көзімді ағызғанша, оң қолымды неге
алмады (Т. Жұртбай)
ШҮҢІРЕК КӨЗ – көзі ішіне кірген, қаталдау қарайтын адамның
сипаты:
◊ Қараш қу басқа қадалған шүңірек көзін көтеріп, ақшулан қас астынан
оты қайтпаған жанарымен тесілді (А. Алтай).
◊ Мұның басқа достарынан өзгеше түрік түстес қара өңі мен қоңқақ
мұрын, шүңірек көз келбеті де қаталдығын растағандай (Н. Ораз).
357
◊ Ат жақты, шүңірек көз, орақ мұрын батырдың жарқабағы жабыла
түседі (А. Жылқышиев).
ШЫБЫН ЖАНЫ – өмірі, тірлігі деген мағынада:
◊ Есейе, ес кіре келе тағдырыңның анау шүйкедей көк көз кемпірге
телулі екенін, жылбысқы кезінде көп ауырып, шыбын жанын осы орыс
әйелі аман сақтап қалғанын біледі (О. Бөкей).
◊ Неге болса, шыбын жаны бекемдей,
Қыз қылығы бүгін тіпті бөтендей (Е. Ибраһим).
◊ Шыбын жаны кеудесіне сыймай жүргендер жетерлік сияқты. Мынау
сол жаннан безген біреудің ләмі (А. Нүсіп).
ШЫБЫН ЖАНЫ ШЫРҚЫРАУ – ауырудың жанына қатты ба-
туы:
◊ Қара саннан төменгі сирақтардың ақша қарды опырлата адымдап
тұра жүгіргенде шыбын жаны шырқырап тұмсығына сүңгі қатып сүлкиген
торы биесін сауырлап еді (О. Бөкей).
◊ Нартай дегенде өзінің де шыбын жаны шырқырап, уайым етері есіне
түскен (У. Шойбеков).
◊ Осы мезет нәзік жанның шыбын жаны шырқырап ұшып кеткендей
көрінді (Д. Досжан).
ШЫБЫН ҚҰРЛЫ КӨРМЕУ – ешкімді менсінбеу, көзіне ілмеу:
◊ Өзін де, өзгені де шыбын құрлы көрмейтін, шектен шыққан өзімшіл
қатыгездік (Қ. Жұмаділов).
◊ Күйеуінің сөзін шыбын құрлы көрмеді (Л. Құрманаева).
◊ Ілезде жаңағы қырсық әңгімені шыбын құрлы көрмей қағып тастаған
хатшының көңілі өсіп кетті (Қ. Найманбаев).
ШЫҒАРҒА ЖАНЫ ЖОҚ // БАСҚА – жаны ашу, қамқор, сүйеу
болу:
◊ Өзі дегенде шығарға жаны жоқ Еркеш жеңгесі де қашанғы әдеті
бойынша бұл жолы да жанынан табылған (Б. Иманғазина).
◊ Ол босаудың орнына бекіне түседі. Сөйте тұра шығарда жаны басқа
Аманнан (Ғ. Мұстафин).
◊ Обалы не керек, Марпа шешеміздің мен дегенде шығарға жаны
басқа еді. Сондағы әкеміздің айтқаны: – Ей, Марпа...Маша. Сенің кейде сәл
нәрсеге тарылып қалатының-ай (Қ. Кереева).
ШЫҒАРЫП САЛМА СӨЗ – уәде ету, орындалмайтын сөз:
◊ Шығарып салма сөзім емес, ақ шыным бұл (Д. Исабеков).
◊ Шығарып салма сөз бе деп, Қарт отыр әлі ұғынбай (Ш. Мұхаметжанов).
◊ Мұның бәрі шығарып салма сөз еді. Көтерілісшілерді ұстауға саусақ
қыбырлатқан жоқ (Ə. Сараев).
358
ШЫНЫДАЙ ШЫРТ ЕТУ – аяқ астынан, кенеттен ашулана қалу:
◊ Əрине, кейбір шыныдай шырт ете қалатындар шыдай алмай әлде-
нені айтып салады (Д. Исабеков).
◊ Əп-сәтте тас тиген шыныдай шырт етті. – Бұның маған жұлдызы
қарсы, – деді дүңкілдеп (Ш. Күмісбаев).
◊ Інісінің соңғы сөзін көңіліне кіді алған Адырбек ішіне су қатқан шы-
ныдай шырт ете қалды (Т. Рахымжанов).
ШЫП-ШЫРҒАСЫН ШЫҒАРМАУ – шашпай, ұқыпты ұстау,
тапқанын қолына алып келіп беру:
◊ Ал тапқан-таянғанын, мал сатып ақшасын, шып-шырғасын шығар-
май кассаға сала берер (О. Бөкей).
◊ Айтса айтқандай болып, қара аланың соңынан бір қара қасқа ат құй-
рық тістесіп келіп, екі аттың бәйгесін шып-шырғасын шығармай Алда-
жұман аулында жатқан Шоңға айдап келіп берді (М. Көпеев).
◊ Ал ойраттар болса Шеріктердің жинап бергенін өгізге артып, шып-шыр-
ғасын шығармай тиісті жерге апарып өткізуге міндетті (Ж. Тұрлыбаев).
ШЫР БІТПЕУ – өте арық, әлжуаз:
◊ Ұлпанның өз ауылы да шыр бітпеген кедей болатын (Ғ. Мүсрепов).
◊ Арық сұр жаздай жайлап шыр бітпеген,
Кісідей өрт сөндіріп түр бітпеген (Ə. Тәңірбергенов).
◊ Денесі жапырайған, жүк басты болған жапырақ өркеш, ақ қаптал,
өмірінде шыр бітпеген оқпақ қоңыр түйе тәрізді (Б. Шалабаев).
ШЫР КӨБЕЛЕК АЙНАЛУ – бір орнында айнала беру:
◊ Басын бос қапша сілкілеп, бей-берекет ырылдай жүгіріп, алдыңғы
сирақтарымен жатар орнын қорғаштай сипалап, шыр көбелек айналған
аңды иесі мырс-мырс күліп, ат үстінен еш қимылсыз қақ сойылмен ұрып
алып еді-ау... (А. Алтай).
◊ Көз алдымдағы көріністің барлығы бұлдырап, аспан шыр көбелек
айналып жүре берді. Бұқтырма өзені ағысын өзгертіп жоғары қарай сар-
қырап ағатындай (О. Бөкей).
◊ Осы сәттің ұзаққа созылғанын, мына тіршілікте осылайша бір-бірінен
ажыраспай, шыр көбелек айналып жүре бергенін іштей тіледі (Б. Алдам-
жаров).
ШЫРҚЫН БҰЗУ – кедергі келтіру, орынсыз араласу, мазалау:
◊ Бүйтіп Абай қонағының шырқын бұзып жатқандарын Майбасар мен
Айғыз Абайдың өзіне сездірген жоқ-ты (М. Əуезов).
◊ Сен мұрындықсыз өгіз құсап кимелеп келдің де, мәжілісіміздің шыр-
қын бұздың (Е. Мырзахметов).
359
◊ Ол жөн жүріп жұмыс жасаудың орнына, бұрыннан келе жатқан тәр-
тіпті жаңғыртып, қайта құрам деп әлекке түсті. Басқаның да мазасын алды.
Азғантай шаруаның шырқын бұзды (Р. Өтесінов).
ШЫРАҚ ӨШУ // СӨНУ– үміттің өшуі, сөнуі:
◊ Біреулердің шырағы өшті мүлде,
Қаңбақ бақыт өмірден көшті күнде (Қ. Мырза Əли).
◊ Өзі сүйіп, өзгеден сүю іздеп,
Таппаған сорлы адамнан сөнер шырақ (Абай).
◊ Бірақ өте ерте соқты сағатын,
Дана қалам құлап түсті қолынан.
Қандай ақыл шам-шырағы өшті әне!
Қандай жүрек қалды тоқтап соғудан! (Ғ. Қайырбеков).
ШЫРПЫ БАСЫН СЫНДЫРЫП КӨРМЕУ – ештеңе істемей, бос-
қа жүру:
◊ Шырпы басын сындырмайтын кер жалқау жан, атасына нәлет со-
ғыста бір сирағын тізеден төмен садақалады да, пенсияны алып, аман қал-
ған жанын күйттеп жатып алды (О. Бөкей).
◊ Шыр етіп жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін
шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген аты-
мен жоқ-ты (О. Бөкей).
ШЫРТ ҰЙҚЫ – қалың, қатты ұйқыда жату:
◊ Қай уақыт екені белгісіз, шырт ұйқыда жатқан кезінде, әлденеден
шошып оянды (Қ. Жұмаділов).
◊ Бұл кезде үй іші шырт ұйқыда жатқан-ды. Дос шошып оянып, басын
үрейлене жұлып алды (Ə. Нұрпейісов).
◊ Жанындағы төсектегі шешесі қалың көрпені жамылып шырт ұйқыда
(М. Жұмабаев).
360
– Ы –
ЫЗА-АШУ КЕРНЕУ // ЫЗА ҚЫСУ – ашулану, ызалану, қыстығу:
◊ Қызыл Мұрынның шойын денесін кернеп кеткен ыза-ашу (Ə. Та-
рази).
◊ Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен (Абай).
◊ Табанының тарсылы бұны төбеден ұрып жатқандай боп қатты естіліп
тұрды. Бұның да бойын ыза қысты (А. Жақсыбаев).
ЫЗҒАР ШАШУ – қаһарлану, айбат шегу:
◊ Директор онсыз да суық өңінен ызғар шашып, Мараттың досына
шүйілген (Б. Иманғазина).
◊ Ызғарын шаша ұмтылды да, жауына төне түсті (Т. Ахтанов).
◊ Ықыластың түсі суық, күй ызғар шашты (І. Жақанов).
ЫМ ҚАТУ – бет әлпетімен белгі беру:
◊ Қисайып тыңдап отырған менен именіп, қатын солдатты түртіп қа-
лып, «байқа» дегендей ым қақты (С. Сейфулин).
◊ Осыған келгенде Сәтбек қайта жауап қатпастан өз жолдастарына
қарап шетке қарай ым қақты (М. Əуезов).
◊ Кәуке Күлжекейге иегімен ым қатты. Күлжекей зәресі ұшып,
Бойковтарға жалтақтай қарап, аз ғана кідірді де, зып беріп үйге кіріп
кетті. Есіктің саңылауынан сығалап қарап тұр (С. Омаров).
ЫМЫРТ ҮЙІРІЛЕ // ЖАБЫЛА – кеш бату, қараңғы түсу:
◊ Кеше доп қуудың қызығымен кештің қалай түскенін білмей, ымырт
үйіріле қайтып келе жатып, дәл өзіміздің сиыр қораның іргесіне жете бер-
генімде бұрышта сөйлесіп тұрған екеудің үстіне түскенім («Жұлдыз» №5.
2011. 231-б).
◊ Қалада түстен бері жарыс бәсеке боп жатса да, ымырт жабылып, түн
бола бере, бар көше тұнжырап, қап-қараңғы меңіреу күйге ауысты (М. Əуезов).
◊ Одан кейін ымырт жабыла бергенде алтыбақан құрғызып, серкеқұ-
лақ, ақсүйек ойындарын, жас қыздар, жас жігіттерді шақыртып алып ойын-
ды өзі басқарып көңілді өткізетін (Б. Мұқай).
ЫНДЫНЫ ҚҰРУ – шөлдеу, сусау, қаталау:
◊ Аңызақ аптаптан әбден ындыны құрып, еріндері тобарсыған адамдар
ауыз су шығар жер іздеп әлекке түседі. Ата-бабалары айтқан алуан белгі-
лерге қарап, айдаладан шыңырау құдық қазады (Қ. Əміров).
◊ Қолдарына қызыл қыш аяқ келгенше бірін-бірі оқты көздерімен атып,
ындыны құрып, өзді-өзін жеп жібере жаздайды. Iштерінен жылан өріп,
ысқырған бастарын өңештен көрсетіп тұр (Ж. Бектұров).
361
◊ Бірде айдын көлдің жағасына жығылып, суға мойнын қанша созса да
жете алмай ындыны құрыды. Бірде топырақ тоғанның бір шеті жырылып
кетіп, содан қашқан суды бекіте алмай қарасорпа болады (Ш. Мұртаза).
ЫҢЫРШАҒЫ ШЫҒУ – әбден азап көрген, кедейленген деген ма-
ғынада:
◊ Бұл ауылда ыңыршағы шыққан кедейлер көп, байларға жалданып
жұмыс істеп күндерін әзер көреді («ЖА» 12.04.1996).
◊ Бірақ ыңыршағы шыққан жұпыны жұрттан сол жылы жиырма жыл-
қының басы құралмай-ақ қойды (Р. Мұқанова).
◊ Сондай тауқыметпен ыңыршағы шығып жүрген бір емес, бірнеше де
емес, ел ішінде Мұрыншақтай сансыз кедей шаруа бар (Ж. Ахмадиев).
ЫСТЫҒЫНА КҮЮ, СУЫҒЫНА ТОҢУ *ЫСТЫҚ-СУЫҒЫН
КӨРУ – ертеңді-кеш қол астында қиналып жұмыс істеу, күн көру:
◊ Досболдың тілеуіндегі жуан ауылдың көбі бұның ыстығына күйіп,
суығына тоңбақ болып, өзді-өзі ауқымындағы кедей-кепшіктерін де қол-
тығынан шығармай сойыл соғар ғылып, әзірлеп жүрген (М. Əуезов).
◊ – Е, сен қуып жібермегенде, он бес жыл ыстық-суығын көріп келе
жатқан жұмысынан өзі қашып кетіп пе? (Б. Нұржекеев).
◊ Осы Қаратаудың ыстық-суығын көріп, көрігінде шыңдалған инже-
нер (Ш. Мұртаза).
ЫСТЫҚ КӨРІНУ – ұнау, жақын көру:
◊ Бірақ бар жылқының ішінде маған Бердімбет торы ыстық көрінді
(Ш. Мұртаза).
◊ Жанайға «Уайдайдың» өзі ыстық көрінді (Т. Ахтанов).
◊ Мектептегі бейнесі елестеп, қазіргі түрі де ұнап, көзге ыстық көрінді
(А. Жақсыбаев).
362
– І –
ІЗДЕГЕНГЕ СҰРАҒАН – ойлағаны бола қою, іздегені тап келу:
◊ Іздегенге сұраған, қазақ қолбасыларына да керегі осы еді (Қ. Жұма-
ділов).
◊ Онсыз да тиісерге қара таппай келе жатқан, іздегенге сұраған: – Сүйін-
шіні ерте сұрап тұрсың, сен директор болмайсың. Ақкентті біз де таба ала-
мыз, – деді. – Болғанда қандай! (Қ. Найманбаев).
◊ Іздегенге сұраған, әкем екеуінің мінезі үйлесе кетті (С. Омаров).
ІЗІ СУЫМАУ – жоғалмай, ұмытылмай тұрғанда дер кезінде іске
кірісу:
◊ Оның ізі суымай жатып депутаттар сондай шаруаға және тап болды
(«ЕҚ» 31.05.2007).
◊ Бірақ алдыңғы қонақтың ізі суымай тұрып, тағы бір топтың дүрмек-
теліп келіп қалатыны сияқты... (Т. Ахтанов).
◊ Артын көре жатармын. Бірақ аса көп ұзатпай, осы бір түскірдің ізі
суымай тұрғанда жаныңызға бір-екі ғана атқосшы ертіп Күйгенжарға ба-
рып қайтсаңыз (З. Ақышев).
ІНІНЕ СУ ҚҰЮ – біржолата жою, құртып тыну:
◊ Түбі Жұматайдың ініне су құямыз, – деп өздеріне сенген көңілмен
жүре беруші еді (М. Əуезов).
◊ Соңғы кездерде өкімет басына қазақтан таза адамдар отырып еді,
бұлар бір-бірімен жақсы түсінісіп, пейiлi қара мырзалардың ініне су құйды
(«ЖА» 19.08.2012).
◊ Басшыға енді жарыдық деп отырғанымызда, ол байғұстың соңына шам
алып түскендер бірігіп, ініне қалайда су құюға белсене кірісті (Н. Ақыш).
ІРГЕ БЕРМЕУ – ығына жығылмай, басынып сөйлеу:
◊ Мен арқылы сізді де ұғады Ержан, Тым онша жалбақтамай, ірге бер-
мейтін кісідей сөйлес. Құдайменде: – Не айтып отырсың өзің? (Хан Кене).
◊ Бірақ ірге бермей іле сөйлейтін нығыз еді. Бұлардан басқа қонақтың
бірі – Абайдың ең жақсы көретін баласы Мағауия (М. Əуезов).
◊ Төңірегіндегілерге қарағанда әлі де оның мойны озық, еңсесі биік,
сөйлесе ірге бермей суырылып, бауыры жазылып сала береді (Р. Нұрғали).
ІРГЕСІН АЛЫС // АУЛАҚ САЛУ – бөлек, алыс жүру, тұру деген
мағынада:
◊ Іргеңді алыс салатын мезгілден өтіп кеттің, көке, шамаң келсе тіл
табуға тырыс (І. Есенберлин).
◊ Базаралы айдалып кеткелі өзге Тобықтыдан іргесін аулақ сала отыр-
ған адамдар тәрізді (М. Əуезов).
363
◊ Расында солай деп ұға ма, әлде жүре келе тұз-еңбегі жарасады ма,
оның басқа балаларымен әкем өмір бойы араз болып, іргесін олардан аулақ
салды, жаз да, қыс та бөлініп алысқа қоныстанды (С. Мұқанов).
ІРІТКІ САЛУ – араздастыру, арасына от жағу:
◊ Аға сұлтанның екі оқты мінезі басқарып отырған елінің ішіне іріткі
салып та болды (Ғ. Мүсірепов).
◊ Садуақас деген атқамінер қуымыз бар еді, сол кедейлердің арасына
іріткі салуға кірісті (Б. Момышұлы).
◊ Мұнымен тұрмай патша үкіметі көтерілісті басу үшін қазақ елінің өз
ішіне іріткі салды (М. Қозыбаев).
ІС НАСЫРҒА ШАБУ – істің, оқиғаның күрделенуі, қалыптан шы-
ғып кетуі:
◊ Əйтпесе... мен мылтық атсам, ана жақтағылар түгел оянады да іс на-
сырға шабады, – деген Ломов мылтығын көтере берді (Қ. Исабаев).
◊ Бірақ та тап мына жерде ... Сәкең сезіп қалса, іс насырға шабады
(Қ. Руспаев).
◊ Үйездік атқару комитетінің атына айтылған сыннан кейін С. Лапин
мен Грослинг арасындағы кикілжің шиеленісіп, іс насырға шабады (Қазақ
тарихы).
ІШ ҚҰСА БОЛУ – қайғыру, уайымдау, іштей өкіну
◊ Іш құсаға толып, жас жүрегі жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген
азабын тартты (М. Əуезов).
◊ Патша деген осы ма? Төмендеп, өзінен-өзі іш құса болып ұялып отыр
(Р. Мұқанова).
◊ Ішіме құса толып, өзіңе тіл тигізген кезім болса, кешіре гөр жа-
ратқан, қуратып қу басымды қалдырсаң қайтер едім (Д. Исабеков).
◊ Кейде, кейде іш құса болып, осы тәтті қылықтарды сағынатын, бір-
бірінен жасқана жасырып сағынатын (О. Бөкей).
ІШ ТАРТУ – өзіне жақын тарту:
◊ ... осы кісіні Сағат онша жақсы көре бермейтін, сөйлесіп, сырласып,
жанаспағандықтан ба, іш тарта қоймайтын (Ə. Тарази).
◊ Қазақтар Андрейдің ибалығын ұнатып, оны өздерінің бір адамындай
көріп, «біздің сары бала», – деп іш тартып тұратын (Ə. Нұрпейісов).
◊ Өте жақсы, – деп, режиссер сәл басын иді, – сірә, жасымыз да қатар
шығар, – деп бірден іш тартты (Ж. Түменбаев).
ІШ ТАСТАУ – биенің құлындамауы, малдың төлдемеуі:
◊ Екіншіден, буаз биелердің ішіне мұз түйірі түссе бітті, ол іш тастай-
ды. Демек, бие іш тастады дегеніңіз – бір құлын кем алынды деген сөз
(Ш. Мұртаза).
364
◊ Былтыр жылқымыздың қорасы болмай, биеміздің көбі іш тастап
кеткен жоқ па (І. Жансүгіров).
◊ Біраз мал іш тастады. – Осындай қиындықтан құтылу үшін сендерге
алдын ала қам жеу керек. Мақұлдасаң, қазір көктем өтіп болған жоқ, егін
салыңдар (Н. Ораз).
ІШЕГІ ҚАТЫП КҮЛУ, ІШЕК-СІЛЕСІ ҚАТУ – қатты, көзінен жас
аққанша күлу:
◊ Кілең бір күлдіргі жеңіл әңгімелерді айтып, ішегін қатыратын
көңілді жігіттерді ғана білетін (Қ. Жұмаділов).
◊ …Сондықтан да болар «Қақпас! Алжыған неме!» – деген тұрпайы сөз
қитығына тисе де бұрынғыдай күйзелмей, шал байғұс, ішегі қатып
күлетінді шығарды (Р. Мұқанова).
◊ Алдымен Төрежан екеуінің қылығына ішек-сілесі қатып, рақаттана
күліп алды (Қ. Жұмаділов).
◊ Шіркін мұндайда күлмегенде қашан күлесің, Жарқынның ішек-сілесі
қатты (Қ. Жұмаділов).
ІШЕРГЕ АСЫ, КИЕРГЕ КИІМІ ЖОҚ – түгі жоқ, тақыр кедей:
◊ Сондай-ақ ішерге асы, киерге киімі жоқ тақыр кедейлер дегенге де
сенбейміз. Ондай адам бір-ақ күнде аштан өліп қалмай ма деп ойлайтынбыз
(С. Мұратбеков).
◊ Кейбір жағдайда тіршілігінде жап-жақсы адамдар көмусiз де, ішерге
асы, киерге киімі жоқ болып өледі. Сорлыға қонақасы да бұйырмайды,
жерлеуiне он адам, жетісіне бес адам жиналады (А. Алыбаев).
◊ Қытай әскерінің шабуылына душарласып, ішерге асы, киерге киімі
және жатар орны жоқ қаңғырған бейшара халық ретінде, бір ауыз тілін
білмейтін мүлдем жат ел (Х. Оралтай).
ІШІ-БАУЫРЫ ЕЛЖІРЕУ // ЕЗІЛУ – қатты жаны ашу, жылау:
◊ – Ол кемпірді мен борышыма берді ғой дейсің бе? Неғып іші-бауы-
рың елжірей қалды? – деп әйелі ашу шақырып тұлан тұтты (Қ. Жұмаділов).
◊ Маржанның іші-бауыры елжіреп, өзі де еңіреп жылаудың аз-ақ
алдында (Б. Иманғазина).
◊ Ғайша бір ауыз сөз айтуға шамасы келмей, іші-бауыры езілгендей
болып, өксіп-өксіп жылап жатты (М. Əуезов).
ІШІ-БАУЫРЫНА КІРУ – жақын тартып, өзіне қаратып, жұғымды
болу:
◊ Жылы сөзіңмен алдап іші-бауырына кіріп ал да, ал өзің осы барған
сапарыңда қазақ жеріне кірген жау әскерлерінің күш-құрамы мен қару-
жарағын біліп қайт (Ə. Нұрпейісов).
◊ Мына Қарлығаш бойындағы жібектей есілген мақпал мінез, тірі жан
иесіне жанашырлықпен қарайтын мейір-шапағат, адамның іші-бауырына
365
енетін үйірсек жұғымдылық қала сұлуының бойынан табыла бермейтіндей
(Қ. Жұмаділов).
◊ Қамқаның іші-бауырына кіріп, мүлде өзіне қаратып алды («Жұл-
дыз»).
ІШІ ЖАНУ // ҚАЙНАУ – ішіндегісін айта алмау, жеткізе алмау:
◊ Өртендім, жанды ішім.
Ақыл жоқ бойымда,
Кетсең де, сәулешім,
Суретің ойымда («ҚƏ» 30.08.2016).
◊ Тағы да бірдеңені бүлдіріп алам ба деп іші қайнап отырғанмен оған
көрінеу ұрынбады (Ə. Сарай).
◊ Келіншектің бұл қылығы онсыз да ынтық боп жүрген жігіттің ішін
қыж-қыж қайнатты (Ə. Нұрпейісов).
ІШІ КҮЮ *ІШІНДЕ ИТ ҰЛУ – өкініш, қызғаныш деген мағынада:
◊ Күнтудың болыс болғанына Тәкежен, Оспандардың іші күйіп отыр
(М. Əуезов).
◊ Өткендегі опасыздығы үшін жер жастандыра салмағанына қатты өкі-
ніп, іші күйді (А. Естенов).
◊ Əйтеуір, кейде ішінде ит ұлып жатса да, Күлжәмилаға қарап күлген-
сиді (Қ. Найманбаев).
◊ Тілеуіш хатталған газеттің бір бағанасының тең жартысын жыртып
алып, құрықтай ғып шылым орады. Түбінде бір шөкiмдей темекі қалған
дорбасын қайтып бергенде, Жәпек ішінде ит ұлығандай болды (Ə. Сарай).
ІШІ МҰЗДАЙ БОЛУ – бір нәрседен қатты көңілі қалу:
◊ Бұл мінез өсіп, күшейіп ішіне мұздай болып қатқан сайын, Қасым
ашулы болып, қаны бұзыла бастады (М. Əуезов).
◊ Өсербайдың іші мұздай болды. «Енді сеялкаға кім тұрады? Абылай
ағаны милиция алып кетпес пе екен?!» Осы кезде сылтып басып Абылай
келе жатты. Жақын келгенде байқады – әшейіндегі, қоңырқай өңi түтігіп
кетіпті (Қ. Түменбай).
◊ Сол сәт дәл қазір қалайша есіне айна-қатесіз түсіп жатыр? Сондай-ақ
ойы болып жүргені ме? «Адамның аласы ішінде деген рас-ау...» деп іші
мұздай болды Қоңырқаздың (Н. Сералиев).
ІШІ ӨРТЕНУ – қатты қорлану, қызғану, күйіну:
◊ Қазір де ол қараңғылап қойған купеде сандырақтап жатыр: «Жаным,
жаным, жаным өртенді ғой, ішім өртенді, қайтейін енді, қайтейін!»
(Ə. Тарази).
◊ Осы суреттер көз алдынан ойқастап өткенде, көшеде келе жатқан
Жәнібектің іші тағы да өртеніп кетті («Жұлдыз» №12. 2001. 100-б.).
366
◊ Құлагер Көкшетаудан кеп қалған соң,
Қызғанып Батыраштың іші өртенген.
Елі шет, руы жат, жалғыз елден,
Асқа Ақан ат қосып тұр алыс жерден – (І. Жансүгіров).
ІШІ ПЫСУ – қолы бос, ерігу, не істерін білмеу:
◊ Əлденеге өрекпи елегізу, ұзақ сары күнді батыра алмай іші пысу
дегендер енді-енді байқалып жүр (Ə. Тарази).
◊ Əрі-беріден соң атамның іші пысты-ау деймін, бірауық жайына
қарап отырмай қатты-қатты дыбыстап қақырына бастады (С. Асылбеков).
◊ Енжар мүлгіп тұрған жабырқау далада іші пысқан бейтаныс салт ат-
тының көңілін сергіткісі келгендей жан-жақтан анталап құстар шықылық-
тайды (Ə. Кекілбаев).
ІШКЕН АСЫН ЖЕРГЕ ҚОЮ – бәйек болу, бір нәрсеге көңіл қою,
құмарту:
◊ Сыры маған мәлім, әлі күнге Сүгір десе ішкен асын жерге қояды
(М. Əуезов).
◊ Таңның атысы, күннің батысы жұмыстан қол тимейді. Ауыр кез болса
да өнер десе ішкен асын жерге қоятын астана жұртшылығы сыймай қалды
(Ж. Кәрменов).
◊ Мал десе ішкен асын жерге қоятын жігіт, амал не жолы бомай жүр
(О. Бөкей).
ІШКЕНІ АС БОЛМАУ – көңілі алаң болу:
◊ – Япырай! Бұл қызды енді қайтсе екен? Көзін қайтіп жойса екен?..
Осындай ауыр ойлар жанын жеп, жігері құм боп, ішкені ас болмай, бітеу
жара асқынып жүргенде бір… (Ж. Аймауытов).
◊ Іштен тынып уайымдағанның кесірі ме, әйтеуір ішкені ас болмады
(Ə. Асқаров).
◊ Жалғыз ұлдың моласына әр нені сылтауратып күніне екі рет барып
қайтпаса, бұның ішкені ас болмайтынын Ғазиза жақсы білетін (Д. Əшім-
ханұлы).
ІШКЕН ҚҰДЫҒЫНА ТҮКІРУ– жамандық жасау, жақсылығын
бағаламау:
◊ Ал ішкен құдығына түкірген, түбі шикі өзге ұлт өкілдерінің таяныш-
тірегі сыртта екен ғой деп, өзімізді-өзіміз жұбатып, қалғанына береке берсе,
мына пәле бастан құлақ садаға дегенмен тұра қашқан өз қандастарымызға
не жорық? Қолымен істегендерін мойнымен көтеруге ар-ождандарының
жетпегені ме? («ЕҚ» 05.10.2005).
◊ Кезі келсе, суын ішкен құдығына түкіре кету бұйым емес сияқты
болған. Малға келген індет арқылы қан-жынға семірген төбет тоқтығына
масайып иесін қаппас па? (М. Əуезов).
367
◊ Өмірге компас табу қиынырақ, оның ащысы мен кермегi де көбірек
болуы да мүмкін. Кейде біреулер су ішкен құдығына түкіреді, ал оны аршу
сенің міндетіңе қалады (Қ. Ысқақ).
ІШКІ ЕСЕП – ішіне қулық сақтау:
◊ Сондықтан саясаткер ішкі есепсіз қыдырмайды, Осындай ішкі есеп-
термен Шұбар қонақ еткен (М. Əуезов).
◊ Ішкі есебі бар екендігі оның әбден ойлап пісіріп алған жүйелі сөзінен
көрініп тұр (Ш. Елеукенов).
◊ Қиқар шалдың Сасан үйіндегі мәжіліске қатыспай, «шұғыл шаруа-
мен» ауданға аттануы да әншейін ішкі есеп, сылтау екен (М. Гумеров).
ІШТЕН ТЫНУ – іштей күту, ойлау:
◊ Сондықтан бүгін таңертеңнен бері ол оңашада жылайтын да, бөгде
адамдар маңайласа, жасын тыйып, іштен тынатын (М. Əуезов).
◊ Қатып қалған тіп-тік отырысынан бір іштен тыну, күтiну сезіледі
(М. Қабанбай).
◊ Оқта-текте іштен тына күрсінген, тұншыға тыныстаған ауыр ды-
быстар білінеді (Қ. Жұмаділов).
ІШТЕН ШЫҚҚАН ШҰБАР ЖЫЛАН – туған баласын жамандық-
қа қимағанда айтылатын сөз:
◊ Далада жатқан адам жоқ. «Іштен шыққан шұбар жылан» болса да
үйге алып келіңдер (А. Алтай).
◊ Қайтсін, іштен шыққан шұбар жылан ғой, қия ма (Т. Тілеуханов).
◊ Бірақ бала деген іштен шыққан шұбар жылан емес пе, көзін құрта
қоюға қимай, қызын нағашысының аулына апарттырып тастаған (І. Есен-
берлин).
ІШТІ БОСАТУ – әңгіме айту, сырын бөлісу:
◊ Əсіресе кешеден ішке түйілген шерді біреуге айтып ішті босату ке-
рек еді (Ғ. Мүсірепов).
◊ Бар сырын ақтарып, ішін босатар адамы қалмағаны ма? ... (Д. Досжан).
◊ Тірі жанмен сөйлесіп, сырласып, іш босата алмай қор боласың
(Д. Досжан).
ІШІНДЕ ИТ ӨЛІП ЖАТУ // ҰЛУ – көп сөйлемейтін, сырын ешкім-
ге ашпайтын, тұйық адам:
◊ Жаман десем, жігітке жала, жақсы дейін десем, жұмбақ-жұмбақ істері
бар ішіне ит өліп жатпасына көзің жете ме? (Б. Нұржекеев).
◊ Бұл жігіт өзімен өзі, томаға тұйық, көп сөйлемейтін, ішінде ит өліп
жатыр ма білмейсің, бірақ қайрат иесі, техника бапкері болып өсті
(Т. Төреханов).
368
◊ Əйтеуір, кейде ішінде ит ұлып жатса да Күлжәмилаға қарап күлген-
сиді (Қ. Найманбаев).
◊ Ішінде ит ұлып, дауыл соғып тұрса да, сарай мектебінен өткенде
үйренген жымысқы жымиған күйі келіншегіне сыр бiрдiрмей жылыстады
(Б. Əбілдаұлы).
ІШІНЕ ҚАН ҚАТУ // ҚҰЙЫЛУ – ішіне батқан, қатып қалған ыза, кек
◊ У сақылдап күлді… көшпенділердің ішіне қан қатқалы қай заман
(Р. Мұқанова).
◊ Содан бері оған Сатыбай аса қатты кектеніп, ішіне қан қатып, реті
келсе қырына да қойып жүретін (Е. Мырзахметов).
◊ Сол сәттегі қиын-қыстау кездер есіме түссе ішіме қан құйылғандай
болады (Р. Отарбаев).
◊ Ыза мен намыстан ішіме қан құйылып жатқандай «әй, енді бетіңді
көрмеспін!» – дедім тәтемді сұмдық жек көріп (Б. Нұржекеев).
ІШІНЕ ПЫШАҚ АЙНАЛМАУ – іші тар, қызғаншақ:
◊ Ішіне пышақ айналмайтын адамдар бар жерде финалдың осылай
аяқталуы заңды да шығар, ал Бекзат досынан айырылған Мұхтар дертін
уақыт емдей ала ма? («ЕҚ» 09.02.2001).
◊ Қаншама ішіне пышақ айналмайды дегенмен, ол да ет пен сүйектен
жаралған пенде емес пе – Жақаудың жалпаңына сеніп қалғандай (Ə. Сарай).
◊ Күйеуі өліп, әмеңгерлік жолымен қайнағасына қосылған Ұлтуардың
сіңілісі Айжан бақытсыздығы, ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақ,
дөрекі күйеуінің мінезі бірден көрініс береді (Т. Сыдықов).
Editor is loading...
Leave a Comment